Қолдану көрсеткіштері
- тыныс алу жолдарын зақымдаумен қатар жүретін суық тию
- бронхтың созылмалы қабыну ауруларын симптоматикалық емдеуде.
- тыныс алу жолдарын зақымдаумен қатар жүретін суық тию
- бронхтың созылмалы қабыну ауруларын симптоматикалық емдеуде.
- әсер етуші затқа, Аралия тұқымдас өсімдіктеріне немесе осы дәрілік заттың қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық.
- 2 жасқа дейінгі балалар
- бронх демікпесі немесе тыныс алу жолдарының айқын аса жоғары сезімталдығымен байланысты басқа респираторлық аурулары бар пациенттерге.
Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары
- тұрақты немесе қайталанатын жөтелі бар 2-4 жастағы балаларда препаратты қабылдауды бастар алдында медициналық диагноз қою талап етіледі.
- ентігу, қызба немесе іріңді қақырық пайда болған жағдайда емдеуші дәрігермен немесе фармацевтпен кеңесу қажет.
- гастрит немесе асқазанның ойық жарасы бар пациенттерде препаратты қабылдау аса сақтықпен жүргізілуі тиіс.
Қосымша заттар
- 5 жастан кіші балаларда препаратты және алкогольдегидрогеназаның кез келген субстраттарын, атап айтқанда этанолды бір уақытта қолдану жағымсыз құбылыстардың пайда болуын туындатуы мүмкін.
- пропиленгликольдің жануарларда немесе адамдарда репродуктивті функциясына және құрсақішілік дамуына уытты әсер етуі мүмкін екендігі туралы деректердің болмауына қарамастан, аталған зат ұрыққа жете алады және сүтте анықталды. Осының салдарынан әрбір нақты жағдайда құрамында пропиленгликоль бар дәрілерді жүктілік және лактация кезеңінде қабылдаудың орындылығы қаралады.
- бүйрек немесе бауыр функциясы бұзылған пациенттерде медициналық бақылау талап етіледі, өйткені пропиленгликольді қолданумен байланысты әртүрлі жағымсыз құбылыстардың пайда болу жағдайлары, атап айтқанда, бүйрек дисфункциясы (жедел тубулярлық некроз), жедел бүйрек жеткіліксіздігі және бауырдың дисфункциясы жағдайлары белгілі.
- Геделикс® s.a. құрамында левоментол, жалбыз (жалбыз хош иістендіргіші (табиғи)) және эвкалипт майы болғандықтан, оны нәрестелер мен 2 жасқа дейінгі балаларға пайдалануға болмайды. Осы компоненттердің құрамына байланысты Геделикс® s.a. бронх демікпесі немесе тыныс алу жолдарының айқын аса жоғары сезімталдығымен байланысты басқа респираторлық аурулары бар пациенттерде қолдануға болмайды. Левоментол, жалбыз және эвкалипт майларын қолдану бронх түйілуіне әкелуі мүмкін.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Дәрілік өзара әрекеттесу мәніне зерттеулер жүргізілген жоқ.
Арнайы ескертулер
Геделикс® s.a. препаратының құрамында пропиленгликоль бар
Осы препаратты 5 жастан кіші балаларда қолданар алдында, атап айтқанда, егер олар құрамында пропиленгликоль немесе спирт бар басқа дәрілік заттарды қабылдаса, емдеуші дәрігермен немесе фармацевтпен кеңесу талап етіледі.
Жүктілік немесе емшек емізу кезеңінде бұл препаратты қабылдауға тек емдеуші дәрігердің ұсынысы бойынша рұқсат етіледі. Осы препаратты қолдану барысында сіздің емдеуші дәрігеріңіз организмнің жай-күйіне қосымша мониторинг жүргізуі мүмкін.
Бауыр немесе бүйрек ауруларында бұл препаратты тек емдеуші дәрігердің ұсынысы бойынша қабылдауға рұқсат етіледі. Осы препаратты қолдану барысында сіздің емдеуші дәрігеріңіз организмнің жай-күйіне қосымша мониторинг жүргізуі мүмкін.
Педиатрияда қолданылуы
2-4 жастағы балаларда тұрақты немесе қайталанатын жөтел болған жағдайда емдеуші дәрігерге қаралу қажет. Емдеуші дәрігер осы препаратпен баланы емдеудің тиімділігіне бағалау жүргізеді.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Жүктілік және емшек емізу кезінде, сондай-ақ болжамды жүктілік немесе оны жоспарлау кезінде препаратты қолданар алдында емдеуші дәрігермен немесе фармацевпен кеңесу керек.
Кәдімгі шырмауық жапырақтары экстрактісін жүкті әйелдерде қолдану туралы ақпарат жоқ немесе аз мөлшерде ұсынылған. Препараттың жануарлардың репродуктивті функциясына уытты әсерін зерттеу аз мөлшерде ұсынылған. Геделикс® s.a. препаратын жүктілік кезінде қабылдау ұсынылмайды.
Лактация кезеңінде препаратты қауіпсіз қолдану мүмкіндігі дәлелденген жоқ. Деректер көлемі жеткілікті болмаған жағдайда лактация кезеңінде препаратты қабылдау ұсынылмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препараттың көлік құралдары мен механизмдерді басқару қабілетіне әсері зерттелмеген.

Дозалау режимі
Ересектер мен 10 жастан асқан балалар:
31 тамшы, тәулігіне үш рет (тәулігіне 120 мг кәдімгі шырмауық жапырақтары экстрактісіне шаққанда)
4-10 жас аралығындағы балалар:
21 тамшы, тәулігіне үш рет (тәулігіне 80 мг кәдімгі шырмауық жапырақтары экстрактісіне шаққанда)
2-4 жастағы балалар:
16 тамшы, тәулігіне үш рет (тәулігіне 60 мг кәдімгі шырмауық жапырақтары экстрактісіне шаққанда)
Препаратты бүйрек немесе бауыр функциялары бұзылған пациенттерде қолдану жөніндегі айрықша нұсқаулар емдік деректердің жеткіліксіздігіне байланысты жоқ.
Енгізу әдісі және жолы
Пероральді қолдану үшін
Геделикс® s.a. препаратын жеткілікті мөлшерде су іше отырып қабылдайды.
50 мл препараттан тамшылатқыш дозаторы және бұрандалы пластик қалпақшасы бар қоңыр шыныдан жасалған шыны құтыға құйылады.
1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.
25 С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
5 жыл.
Құтыны ашқаннан кейінгі қолдану кезеңі - 6 ай. Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.
-ден