Құрамы
1 дозаға құрамы:
белсенді зат:
сальбутамол сульфаты 0,1205 мг
(0,100 мг сальбутамолға шаққанда)
қосымша заттар:
этанол (абсолютті этанол) 1,9000 мг
норфлуран (1,1,1,2-тетрафторэтан, хладон 134а) 27,1600 мг
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Дозалау қақпағы және қорғаныш қақпағы бар ингалятор-қондырмалы алюминий баллондағы қысыммен тұрған ақ немесе ақ дерлік түсті суспензия; препарат баллоннан шыққан кезде әйнекте ақ дақ қалдыратын аэрозольдық ағын түрінде шашырайды.