daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Актобе қаласындағы Advagrave Капсулалары 1 Мг №50 | «Астеллас Ирланд. Ко. Лтд»

Актобе қаласындағы Advagrave Капсулалары 1 Мг №50 | «Астеллас Ирланд. Ко. Лтд»

Басқа сервистер немесе өзіңіз

disadvantage

Тауардың қолжетімділігі мен бағасын кепілдемейді

disadvantage

Тауар тез таусылып қалуы мүмкін

disadvantage

Daribar бонустары жоқ

disadvantage
Тегін

Daribar-дан тапсырыс бергенде

disadvantage

5–15 минут ішінде тауардың қолжетімділігі мен бағасын тексереміз

disadvantage

Жеткізу немесе 24 сағатқа брондау

disadvantage

Daribar-дың бонустары

disadvantage
Сипаттама:

Қатты желатинді капсулалар, өлшемі № 5, ақшыл сары түсті қақпағы және қызыл түсті «0.5 mg» жазуы бар, қызғылт сары түсті корпусы және қызыл түсті «647» жазуы бар (0,5 мг доза үшін). Қатты желатинді капсулалар, өлшемі № 4, ақ түсті қақпағы және қызыл түсті «1 mg» жазуы бар, қызғылт сары түсті корпусы және қызыл түсті «677» жазуы бар (1 мг доза үшін). Қатты желатинді капсулалар, өлшемі № 0, сұрғылт қызыл түсті қақпағы және қызыл түсті «5 mg» жазуы бар, қызғылт сары түсті корпусы және қызыл түсті «687» жазуы бар (5 мг доза үшін). Капсулалардың ішіндегісі – ақ түсті ұнтақ.

Халықаралық атауы:

Такролимус

Өндіруші:

«Астеллас Ирланд. Ко. Лтд»

Өндіруші ел:

Ирландия

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: гипромеллоза, этилцеллюлоза, лактоза моногидраты, магний стеараты; капсуланың қабығы: титанның қостотығы (Е171), темірдің сары тотығы (Е172), темірдің қызыл тотығы (Е172), желатин, натрий лаурилсульфаты Opaсode S-1-15083 сиясы: этанолдағы 45 % шеллак эмалі, лецитин (соя), симетикон, темірдің қызыл тотығы (E172), тазартылған су, гидроксипропилцеллюлоза, SDA3 спирті (этанол, метанол)*, н-бутанол*. * - өндіріс барысында ұшып кететін заттар Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Қатты желатинді капсулалар, өлшемі № 5, ақшыл сары түсті қақпағы және қызыл түсті «0.5 mg» жазуы бар, қызғылт сары түсті корпусы және қызыл түсті «647» жазуы бар (0,5 мг доза үшін). Қатты желатинді капсулалар, өлшемі № 4, ақ түсті қақпағы және қызыл түсті «1 mg» жазуы бар, қызғылт сары түсті корпусы және қызыл түсті «677» жазуы бар (1 мг доза үшін). Қатты желатинді капсулалар, өлшемі № 0, сұрғылт қызыл түсті қақпағы және қызыл түсті «5 mg» жазуы бар, қызғылт сары түсті корпусы және қызыл түсті «687» жазуы бар (5 мг доза үшін). Капсулалардың ішіндегісі – ақ түсті ұнтақ.

Белсенді заттың дозасы:

1 мг

Қаптамадағы саны:

50 шт
...loading

Нұсқаулық

Құрамы

Бір капсуланың құрамында:

белсенді зат - такролимус, 0,5 мг, 1 мг, 5 мг (0.51 мг, 1,02 мг, 5.10 мг такролимус моногидраты түрінде);

қосымша заттар: гипромеллоза, этилцеллюлоза, лактоза моногидраты, магний стеараты;

капсуланың қабығы: титанның қостотығы (Е171), темірдің сары тотығы (Е172), темірдің қызыл тотығы (Е172), желатин, натрий лаурилсульфаты

Opaсode S-1-15083 сиясы: этанолдағы 45 % шеллак эмалі, лецитин (соя), симетикон, темірдің қызыл тотығы (E172), тазартылған су, гидроксипропилцеллюлоза, SDA3 спирті (этанол, метанол)*, н-бутанол*.

* - өндіріс барысында ұшып кететін заттар

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Қатты желатинді капсулалар, өлшемі № 5, ақшыл сары түсті қақпағы және қызыл түсті «0.5 mg» жазуы бар, қызғылт сары түсті корпусы және қызыл түсті «647» жазуы бар (0,5 мг доза үшін).

Қатты желатинді капсулалар, өлшемі № 4, ақ түсті қақпағы және қызыл түсті «1 mg» жазуы бар, қызғылт сары түсті корпусы және қызыл түсті «677» жазуы бар (1 мг доза үшін).

Қатты желатинді капсулалар, өлшемі № 0, сұрғылт қызыл түсті қақпағы және қызыл түсті «5 mg» жазуы бар, қызғылт сары түсті корпусы және қызыл түсті «687» жазуы бар (5 мг доза үшін).

Капсулалардың ішіндегісі – ақ түсті ұнтақ.

Қолдану көрсеткіштері

ересек пациенттерде бауыр, бүйрек аллотрансплантатының қабылданбай ажырауының алдын алу;

иммуносупрессивті емнің стандартты режимдеріне резистентті аллотрансплантаттың қабылданбай ажырауын емдеу.

Қарсы көрсеткіштер

такролимусқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық

басқа макролидтерге аса жоғары сезімталдық

Сақтық шаралары

Дәрілік препаратты қолдану кезінде қателіктер анықталған, оның ішінде такролимустың жылдам босап шығатын дәрілік түрлерінен босап шығуы ұзаққа созылатын дәрілік түрлеріне кездейсоқ, байқаусызда немесе бақылаусыз ауысқанда. Бұл күрделі жағымсыз реакцияларға, соның ішінде трансплантаттың қабылданбай ажырауына немесе такролимустың жеткіліксіз немесе жоғары экспозициясынан туындауы мүмкін басқа да жағымсыз реакцияларға алып келді. Пациенттер күнделікті тиісті дозалау режимін пайдалана отырып, такролимустың бір дәрілік түрін қабылдауы тиіс; дәрілік түрін немесе дозалау режимін өзгерту трансплантология саласындағы маманның мұқият бақылауымен ғана жүруге тиіс.

Өзара әрекеттесуі

Метаболизмдік өзара әрекеттесулер

Жүйелік қан ағымда болатын такролимус бауырда CYP3A4 изоферменті арқылы метаболизденеді. Бұдан бөлек, CYP3A4 изоферментінің қатысуымен ішек қабырғасындағы метаболизм туралы деректер бар. Дәрілік препараттарды немесе CYP3A4 тежейтін немесе индукциялайтын әсері бар өсімдік тектес дәрілік заттарды бір мезгілде қабылдау қандағы такролимус концентрациясын тиісінше арттыруы немесе төмендетуі мүмкін. Осылайша, дәрілік препараттарды немесе осындай өсімдік тектес дәрілік заттарды қабылдауды тоқтату такролимус метаболизмінің жылдамдығына, демек, қандағы такролимус деңгейіне әсер етуі мүмкін.

Фармакокинетикалық зерттеулер CYP3A4 тежегіштерімен бір мезгілде қолданған кезде қандағы такролимус деңгейінің жоғарылауының негізгі себебі асқазан-ішек жолындағы метаболизмнің тежелуі салдарынан пероральды қабылдаған кезде такролимустың биожетімділігінің артуы болып табылатынын көрсетті. Бауыр клиренсіне әсерінің айқындығы төмен болып табылады.

Трансплантолог маманның бақылауымен қандағы такролимус деңгейін мұқият бақылау, сондай-ақ CYP3A4 қатысуымен метаболизмді өзгертуі мүмкін және қажет болған жағдайда такролимустың экспозициясын сол деңгейде демеу үшін такролимус дозасын түзететін немесе енгізуді тоқтататын заттар бір мезгілде пайдаланылатын әрбір жағдайда трансплантат функциясына, QT аралығының ұзаруына (ЭКГ арқылы), бүйрек функциясына және нейроуыттылықты қоса, басқа да жағымсыз әсерлерге мониторинг жүргізу ұсынылады. Пациенттерді такролимусты CYP3A4 әсер ететін бірнеше заттармен бір мезгілде тағайындау кезінде мұқият бақылау керек, өйткені такролимустың әсері күшеюі немесе бейтараптандырылуы мүмкін.

Арнайы нұсқаулар

Қауіпсіздігі және/немесе тиімділігі бойынша шектеулі деректер салдарынан Адваграф® препаратын 18 жасқа дейінгі балаларда қолдану үшін ұсынылмайды.

Ересек пациенттерде басқа иммуносупрессивті дәрілік препараттармен емдеуге резистентті аллотрансплантаттың қабылданбай ажырауын емдеу кезінде босап шығуы ұзаққа созылатын дәрілік түрдегі Адваграф® препараты бойынша клиникалық деректер жоқ.

Жүрек аллотрансплантатының ересек реципиенттерінде трансплантаттың қабылданбай ажырауының профилактикасы кезінде Адваграф® дәрілік препаратын қолдану бойынша клиникалық деректер жоқ.

Трансплантациядан кейінгі кезеңнің бастапқы кезінде келесі параметрлерге үнемі мониторинг жүргізу керек: артериялық қысым, ЭКГ, неврологиялық статус және көрудің жай-күйі, аш қарынға қандағы глюкоза концентрациясы, электролиттердің концентрациясы (әсіресе калий), бауыр мен бүйректің функционалдық сынамалары, гематологиялық көрсеткіштер, қан ұю көрсеткіштері, қан плазмасындағы ақуыз концентрациясы. Клиникалық елеулі өзгерістер болған жағдайда иммуносупрессивті ем режимін түзету туралы мәселені қарастыру керек.

Өзара әрекеттесу пайда болуы мүмкін заттар

CYP3A4 тежегіштерін немесе индукторларын такролимуспен бір мезгілде қабылданбай ажырауды немесе уытты әсерді қоса, күрделі жағымсыз реакцияларға әкелетін потенциалды дәрілік өзара әрекеттесулер салдарынан трансплантолог маманмен кеңескеннен кейін ғана тағайындаған жөн («Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі» тармағын қараңыз).

CYP3A4 тежегіштері

CYP3A4 тежегіштерімен бір мезгілде қолдану қандағы такролимус деңгейін арттыруы мүмкін, бұл нефроуыттылық, нейроуыттылық және QT аралығының ұзаруын қоса, күрделі жағымсыз реакцияларға әкелуі мүмкін. CYP3A4 күшті тежегіштерін такролимуспен бір мезгілде (ритонавир, кобицистат, кетоконазол, итраконазол, позаконазол, вориконазол, телитромицин, кларитромицин немесе джозамицин сияқты) қолдану қажет болған жағдайларда такролимустың ұқсас экспозициясын демеу үшін қажет болған жағдайда такролимус дозасын түзету үшін трансплантолог маманның бақылауымен бір мезгілде енгізудің алғашқы бірнеше күнінен бастап қандағы такролимус концентрациясын жиі бақылау керек. Бүйрек функциясын, QT аралығын қоса, ЭКГ, пациенттің клиникалық жағдайын мұқият бақылау керек.

Дозаны түзету әрбір пациенттің жеке жағдайына негізделуге тиіс. Емдеудің басында дозаны дереу төмендету қажет болуы мүмкін («Басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі» тармағын қараңыз).

Сол сияқты CYP3A4 тежегіштерін қабылдауды тоқтату такролимустың метаболизмі жылдамдығына әсер етуі мүмкін, бұл қандағы такролимустың субтерапиялық деңгейіне әкеледі, және нәтижесінде трансплантация жөніндегі маманның тарапынан мұқият мониторинг және бақылауды қажет етеді.

CYP3A4 индукторлары

CYP3A4 индукциялайтын заттарды бір мезгілде қабылдау трансплантаттың қабылданбай ажырау қаупін потенциалды арттыра отырып, қан плазмасындағы такролимус концентрациясын төмендетуі мүмкін. CYP3A4 күшті индукторларын (рифампицин, фенитоин, карбамазепин сияқты) такролимуспен бір мезгілде қолдану қажет болған жағдайларда такролимустың ұқсас экспозициясын демеу үшін қажет болған жағдайда такролимустың дозасын түзету үшін трансплантация жөніндегі маманның бақылауымен бір мезгілде енгізудің алғашқы бірнеше күнінен бастап қандағы такролимус деңгейін жиі бақылау керек. Сондай-ақ трансплантат функциясын мұқият бақылау керек («Басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі» тармағын қараңыз).

Осылайша, CYP3A4 индукторларын қабылдауды тоқтату такролимустың метаболизмі жылдамдығына әсер етуі мүмкін, бұл қандағы такролимустың аса терапиялық деңгейіне әкеледі және нәтижесінде трансплантация жөніндегі маманның мұқият мониторингі мен бақылауы қажет.

Р-гликопротеин

Такролимусты P-гликопротеинді тежейтін препараттармен бір мезгілде тағайындаған кезде сақ болу керек, өйткені такролимус деңгейінің жоғарылауы байқалуы мүмкін. Жаңа алынған қандағы такролимус деңгейін және пациенттің клиникалық жағдайын мұқият бақылау керек. Такролимус дозасын түзету қажет болуы мүмкін («Басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі» тармағын қараңыз).

Өсімдік тектес препараттар

Адваграф® препаратын қолданған кезде қандағы такролимус концентрациясының азаюына және такролимустың емдік әсерінің төмендеуіне немесе қандағы такролимус концентрациясының ұлғаюына және оның уыттылығының арту қаупіне әкелетін өзара әрекеттесулердің пайда болу қаупі салдарынан құрамында шілтер жапырақты шайқурай (Hypericum perforatum) бар өсімдік препараттарын, сондай-ақ басқа да өсімдік тектес дәрілік заттарды тағайындаудан аулақ болу керек.

Өзара әрекеттесудің басқа түрлері

Циклоспорин мен такролимусты бір уақытта қолданудан аулақ болған жөн, сондай-ақ бұрын циклоспорин қабылдаған пациенттерге такролимусты тағайындағанда сақ болу керек.

Калийді көп мөлшерде қабылдаудан, сондай-ақ калий сақтайтын диуретиктерді қолданудан аулақ болу керек.

Такролимусты нефроуытты немесе нейроуытты әсерімен белгілі болғандай белгілі дәрілік препараттармен бір мезгілде қолдану осы әсерлердің пайда болу қаупін арттыруы мүмкін.

Вакцинация

Иммунодепрессанттар вакцинацияға жауапқа әсер етуі мүмкін және такролимуспен емдеу кезінде вакцинацияның тиімділігі төмен болуы мүмкін. Тірі әлсіретілген вакциналарды қолданудан аулақ болу керек.

Нефроуыттылығы

Такролимус трансплантациядан кейінгі пациенттерде бүйрек функциясының бұзылуына әкелуі мүмкін. Белсенді араласусыз жедел бүйрек жеткіліксіздігі созылмалы бүйрек жеткіліксіздігіне ауысуы мүмкін. Бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттер мұқият бақылауда болуға тиіс, өйткені такролимус дозасын төмендету қажет болуы мүмкін. Нефроуыттылық қаупі такролимусты нефроуыттылыққа иеленген препараттармен бір мезгілде қолданғанда артуы мүмкін («Басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі» және «Жағымсыз әсер» бөлімін қараңыз). Такролимусты нефроуытты әсерге иеленген препараттармен бір мезгілде қолданудан аулақ болу керек. Егер бір мезгілде қолданудан аулақ болу мүмкін болмаса, қандағы такролимус деңгейін және бүйрек функциясын мұқият бақылау керек, ал нефроуыттылық пайда болған жағдайда дозаны азайту туралы мәселені қарастыру керек.

Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар

Такролимуспен ем қабылдап жүрген пациенттерде асқазан-ішек жолында тесілу тіркелді. Асқазан-ішек жолының тесілуі өмірге қауіп төндіретін немесе күрделі жай-күйге әкелуі мүмкін медициналық тұрғыдан маңызды құбылыс болып табылатындықтан, оның симптомдары немесе белгілері пайда болған кезде талапқа сай ем жүргізу мәселесін дереу шешу керек.

Қандағы такролимус концентрациясы диарея эпизодтары кезінде елеулі өзгеруі мүмкін болғандықтан, мұндай жағдайларда такролимус концентрациясын қосымша бақылау ұсынылады.

Жүрек тарапынан бұзылулар

Кардиомиопатия ретінде жіктелетін қарыншалық гипертрофия немесе қалқа гипертрофиясы Програф препаратын қабылдаған пациенттерде байқалды, сирек жағдайларда сондай-ақ олар Адваграф® дәрілік препаратымен емдеу кезінде дамуы мүмкін. Жағдайлардың көпшілігі қайтымды болды және қандағы такролимустың ұсынылатын ең жоғары деңгейінен едәуір жоғары концентрацияларда дамыды. Осы клиникалық жағдайлардың даму қаупін арттыратын басқа бақыланатын факторларға бұрыннан бар жүрек ауруы, кортикостероидтарды қолдану, артериялық гипертензия, бүйрек немесе бауыр функциясының бұзылуы, инфекциялар, гиперволемия және ісіну кірді. Осылайша, жаппай иммуносупрессивті ем қабылдайтын жоғары қаупі бар пациенттерге трансплантацияға дейін және одан кейін (мысалы, алдымен 3 айдан кейін, содан кейін 9-12 айдан кейін) эхокардиография немесе ЭКГ сияқты аспаптық тексеру әдістері кіретін мониторинг жүргізу керек. Қалыптан ауытқу пайда болған жағдайда Адваграф® дәрілік препаратының дозасын төмендету немесе оны басқа иммунодепрессантқа ауыстыру туралы мәселені қарастыру керек. Такролимусты қолдану QT аралығының ұзаруына және екі бағытты қарыншалық тахикардияның туындауына (Torsades de pointes) әкелуі мүмкін. QT аралығының ұзаруы қаупінің факторлары бар пациенттерді, оның ішінде жеке немесе отбасылық анамнезде QT аралығының ұзаруы бар, іркілісті жүрек жеткіліксіздігі, брадиаритмия және электролиттік тепе-теңдіктің бұзылуы бар пациенттерді емдеу кезінде сақ болу керек. Сондай-ақ диагностикаланған немесе күдікті туа біткен ұзарған QT аралығы синдромы бар немесе жүре пайда болған QT аралығының ұзаруы бар пациенттерді немесе QT аралығын ұзартатын, электролиттер концентрациясының қалыптан ауытқуын туындататын немесе такролимустың экспозициясын арттыратын препараттарды бір уақытта қабылдайтын пациенттерді емдеу кезінде сақ болу керек.

Лимфопролиферативті аурулар және қатерлі жаңа түзілімдер

Такролимус қабылдаған пациенттерде Эпштейн — Барр вирусымен (ЭБВ) байланысты лимфопролиферативті аурулар жағдайлары тіркелген. Бір мезгілде қолданылатын иммунодепрессанттардың, мысалы антилимфоциттік антиденелердің (базиликсимаб, даклизумаб) біріктірілімі ЭБВ байланысты лимфопролиферативті аурулардың қаупін арттырады. Эпштейн — Барр вирусының капсидті антигеніне (ЕВ-VCA) талдаудың теріс нәтижесі бар пациенттерде лимфопролиферативті аурулардың даму қаупі жоғары екендігі байқалды. Осылайша пациенттердің осы тобында Адваграф® дәрілік препаратымен емдеуді бастар алдында ЕВ-VCA серологиялық зерттеу жүргізу керек. Емдеу кезінде ЭБВ-ге ПТР мұқият мониторингілеу ұсынылады. ЭБВ-ге ПТР оң нәтижесі бірнеше ай бойы сақталуы мүмкін және өздігінен лимфопролиферативті аурудың немесе лимфоманың болуын көрсетпейді.

Басқа күшті иммунодепрессанттар жағдайындағыдай, салдарлы обырдың даму қаупі белгісіз.

Басқа иммунодепрессанттарды қолданғандағыдай, терінің қатерлі ауруларының потенциалды қаупіне байланысты күн сәулесі мен УК сәулеленудің әсерін қорғаныс киімнің және жоғары қорғаныс факторы бар күннен қорғайтын кремді пайдалану көмегімен шектеу керек.

Оппортунистік инфекцияларды қоса, инфекциялар

Иммунодепрессанттарды, оның ішінде Адваграф® қабылдайтын пациенттерде инфекциялардың, ВК вирусымен (адам полиомасы вирусы) байланысты ЦВМ-инфекциясы және JC вирусымен (Джон Каннингем вирусы) байланысты үдемелі көп ошақты лейкоэнцефалопатия (ҮКЛ) сияқты оппортунистік инфекцияларды (бактериялық, зеңдік, вирустық және протозойлық) қоса, инфекциялардың пайда болу қаупі жоғары. Пациенттер вирустық гепатитті (мысалы, В және С гепатитінің және бастапқы инфекцияның, сондай-ақ созылмалы түрге айналуы мүмкін Е гепатитінің реактивациясы) жұқтырудың жоғары қаупіне ұшырайды. Бұл инфекциялар жоғары жалпы иммуносупрессивті жүктеме жиі байланысты және күрделі салдарға немесе өлімге әкелуі мүмкін, мұны дәрігерлер иммуносупрессиясы бар және бауыр, бүйрек функциясының нашарлауы немесе неврологиялық симптомдары бар пациенттерді емдеу кезінде ескеруге тиіс.

Профилактика және емдеу тиісті клиникалық басқарушылық нұсқауларға сәйкес жүргізілуге тиіс.

Қайтымды артқы энцефалопатия синдромы (ҚАЭС)

Такролимуспен ем қабылдаған пациенттерде қайтымды артқы энцефалопатия синдромының (ҚАЭС) дамуы тіркелді. Такролимус қабылдайтын пациенттерде бас ауруы, психикалық жай-күйдің өзгеруі, құрысулар және көрудің бұзылуы сияқты ҚАЭС туралы куәландыратын симптомдар болса, радиологиялық зерттеу (мысалы, МРТ) жүргізу керек. ҚАЭС диагностикаланған жағдайда артериялық қысымды және ұстамаларды талапқа сай бақылау жүргізу және такролимусты жүйелі қолдануды дереу тоқтату ұсынылады. Пациенттердің көпшілігі тиісті шараларды қабылдаған кезде толығымен сауығып кетеді.

Көз аурулары

Такролимус қабылдаған пациенттерде кейде көру қабілетінің жоғалуына дейін үдейтін көрудің бұзылулары байқалды. Кейбір жағдайларда баламалы иммуносупрессияға ауысу шешімі туралы хабарланды. Пациенттерге көру жітілігінің өзгеруі, түсті көрудің өзгеруі, көрудің бұлыңғырлануы немесе көру өрісінің ақаулары туралы хабарлауды ұсынған жөн, мұндай жағдайларда қажет болғанда офтальмологқа жолдаумен дереу тексерілу ұсынылады.

Тромбоздық микроангиопатия (TMA) (гемолиздік-уремиялық синдромды (ГУС) және тромбоздық тромбоцитопениялық пурпураны (ТТП) қоса)

Кейде бүйрек жеткіліксіздігіне немесе өлімге әкелетін тромбоздық тромбоцитопениялық пурпураны (ТТП) және гемолиздік-уремиялық синдромды (ГУС) қоса, ТМА диагнозын гемолиздік анемия, тромбоцитопения, шаршау, тұрақсыз неврологиялық көріністері, бүйрек жеткіліксіздігі және қызуы бар пациенттерде қарастыру керек. Егер ТМА диагностикаланған болса, дереу емдеу қажет, ал такролимусты тоқтату емдеуші дәрігердің қалауы бойынша қарастырылуы керек.

Сүтқоректілерде (мысалы, сиролимус, эверолимус) рапамицин нысаны тежегішімен (mTOR) такролимусты бір мезгілде қолдану тромбоздық микроангиопатия (гемолиздік-уремиялық синдром және тромбоздық тромбоцитопениялық пурпураны қоса) қаупін арттыруы мүмкін.

Парциальды қызыл жасушалы аплазия

Такролимуспен ем қабылдайтын пациенттерде парциальды қызыл жасушалы аплазия (ПҚА) жағдайлары тіркелген. Барлық пациенттер В19 парвовирусын жұқтыру, астарлас ауру немесе ПҚА дамуымен байланысты қатарлас дәрілік препараттар сияқты ПҚА қауіп факторлары туралы хабарлады.

Пациенттердің ерекше топтары

Еуропеоидтық емес нәсілді пациенттерде және иммунологиялық қаупі жоғары пациенттерде (трансплантация, панельді реактивті антиденелер (PRA)) препаратты қолдану туралы шектеулі мәліметтер бар.

Бауыр функциясының бұзылуы

Бауыр функциясының ауыр бұзылуы бар пациенттерде ұсынылатын мақсатты диапазон шеңберінде қандағы препараттың ең төмен концентрациясын демеу үшін дозаны төмендету қажет болуы мүмкін.

Бүйрек функциясының бұзылуы

Бүйрек функциясы такролимустың фармакокинетикасына әсер етпейтіндіктен, дозаны түзетудің қажеті жоқ. Алайда такролимустың нефроуытты әсерінің мүмкіндігіне байланысты бүйрек функциясын (оның ішінде сарысулық креатинин концентрациясын мерзімді анықтау, креатинин клиренсін есептеу және диурезді бақылау) мұқият бақылау жүргізу ұсынылады.

Нәсіл

Еуропеоидтық нәсілді пациенттермен салыстырғанда, негроидтық нәсілді пациенттерге ұқсас ең төмен деңгейге қол жеткізу үшін такролимустың неғұрлым жоғары дозалары қажет болуы мүмкін.

Қосымша заттар

Адваграф® капсулаларының құрамында лактоза бар. Галактоза жақпайшылығы, Лапп лактаза жеткіліксіздігі немесе глюкоза және галактоза сіңірілуінің бұзылуы сияқты сирек тұқым қуалайтын аурулары бар пациенттер бұл дәрілік препаратты қабылдамауға тиіс.

Адваграф® капсулаларын таңбалауға арналған баспа сияларының құрамында соя лецитині бар. Жержаңғаққа немесе сояға аса жоғары сезімталдығы бар пациенттерде аса жоғары сезімталдық қаупі мен ауырлық дәрежесін және Адваграф® дәрілік препаратын қолданудың пайдасын салыстыру керек.

Бұл препараттың бір капсуласының құрамында 1 ммольден кем натрий (23 мг) бар, яғни құрамында натрий жоқ дерлік.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Адваграф® тәулігіне бір рет қабылдау үшін құрамында такролимус бар ішке қабылдауға арналған дәрілік түрі болып табылады. Адваграф® дәрілік препаратымен ем жүргізу кезінде тиісті біліктілігі және иеліктегі қажетті жабдық бар персоналдың мұқият бақылауымен жүргізу керек. Иммуносупрессивті ем жүргізу және трансплантацияланған ағзалары бар пациенттерді жүргізу тәжірибесі бар дәрігерлер ғана осы дәрілік препаратты тағайындай алады және басталған иммуносупрессивті емді өзгерте алады.

Такролимустың жылдам босап шығатын немесе такролимустың босап шығуы ұзаққа созылатын дәрілік түрлерінен кездейсоқ, қарастырылмаған немесе бақылаусыз ауысу қауіпсіз емес болып табылады. Бұл трансплантаттың қабылданбай ажырауына немесе жағымсыз реакциялардың, соның ішінде такролимустың жүйелік экспозициясының клиникалық елеулі айырмашылығының пайда болу салдарынан гипо- немесе гипериммуносупрессияның даму жиілігінің артуына әкелуі мүмкін. Пациент тиісті күнделікті дозалау режимін сақтай отырып, такролимустың бір дәрілік түрін қабылдау керек; дәрілік түрін немесе дозалау режимін өзгерту трансплантология саласындағы маманның мұқият бақылауымен ғана орындалуы тиіс. Шығарудың кез келген баламалы түріне ауысқаннан кейін такролимустың жүйелі экспозициясын сақтау үшін дәрілік препараттың дозасын емдік дәрілік мониторингілеу және түзету жүргізу қажет.

Дозалау режимі

Төменде көрсетілген ұсынылатын бастапқы дозалар тек нұсқау ретінде қарастырылуы керек. Бастапқы операциядан кейінгі кезеңде Адваграф® дәрілік препаратын әдетте басқа иммунодепрессанттармен бірге қолданады. Такролимус дозасы иммуносупрессивті емнің таңдалған сызбасына байланысты ауытқуы мүмкін. Адваграф® дәрілік препаратының дозасын таңдау ең алдымен қабылданбай ажырауды жеке клиникалық бағалауға және әр пациентте препараттың жағушылығын оның қандағы концентрациясын мониторингілеу көмегімен негізделуі тиіс (төмендегі «Дәрілік препаратты бақылау» бөлімін қараңыз). Қабылданбай ажыраудың клиникалық белгілері пайда болған кезде, иммуносупрессивті емнің режимін өзгерту туралы мәселені қарастыру керек.

Бүйрек және бауырдың de novo трансплантациясы бар пациенттерде Адваграф® препаратындағы такролимустың AUC0-24 1 күні баламалы дозада босап шығуы жылдам (Програф®) капсулаларды қолданғаннан кейінге қарағанда тиісінше 30 % және 50 % болды. 4-ші күні ең төмен деңгей бойынша өлшенетін жүйелі экспозиция екі дәрілік түрді қолданған кезде бүйрек пен бауыр ауыстырып салған пациенттерде бірдей. Адваграф® дәрілік препаратымен емдеу аясында трансплантациядан кейінгі алғашқы екі аптада ерте трансплантациядан кейінгі кезеңде препараттың тиісті экспозициясын қамтамасыз ету үшін такролимус концентрациясына мұқият және жиі мониторинг жүргізу керек. Такролимус клиренсі төмен болғандықтан, Адваграф® дәрілік препаратының дозалау режимін түзету тепе-теңдік концентрациясына қол жеткізер алдында бірнеше күн қажет болуы мүмкін.

Трансплантаттың қабылданбай ажырауын бәсеңдету үшін иммуносупрессия жай-күйін демеу қажет; нәтижесінде дәрілік препаратты ішке қабылдаумен емдеу ұзақтығы бойынша шектеулерді келтіру мүмкін емес.

Бүйрек трансплантатының қабылданбай ажырауының профилактикасы

Адваграф® дәрілік препаратымен емдеуді тәулігіне бір рет таңертең қабылданатын тәулігіне 0,20–0,30 мг/кг дозадан бастаған жөн. Дәрілік препаратты қабылдауды хирургиялық араласу аяқталғаннан кейін 24 сағат ішінде бастау керек.

Трансплантациядан кейінгі кезеңде Адваграф® дәрілік препаратының дозаларын әдетте азайтады. Кейбір жағдайларда қатарлас иммуносупрессивті емді тоқтатуға және Адваграф® дәрілік препаратымен монотерапияға ауыстыруға болады. Трансплантациядан кейінгі кезеңде пациент жағдайының өзгеруі такролимустың фармакокинетикасын өзгертуі мүмкін және препарат дозасын қосымша түзету қажеттілігі пайда болуы мүмкін.

Бауыр трансплантатының қабылданбай ажырауының профилактикасы

Адваграф® дәрілік препаратымен емдеуді тәулігіне бір рет таңертең қабылданатын тәулігіне 0,10–0,20 мг/кг дозадан бастау керек. Дәрілік препаратты қабылдауды хирургиялық араласу аяқталғаннан кейін шамамен 12-18 сағаттан кейін бастаған жөн.

Адваграф® дәрілік препаратының дозаларын трансплантациядан кейінгі кезеңде әдетте азайтады. Кейбір жағдайларда қатарлас иммуносупрессивті емді тоқтатуға және Адваграф® дәрілік препаратымен монотерапияға ауыстыруға болады. Трансплантациядан кейінгі кезеңде пациент жағдайының жақсаруы такролимустың фармакокинетикасын өзгертуі мүмкін және дәрілік препараттың дозасын қосымша түзету қажеттілігі пайда болуы мүмкін.

Пациенттерді Програф® препаратынан Адваграф® ауыстыру

Тәулігіне бір рет қолданылатын Адваграф® дәрілік препаратына ауыстыруды қажет ететін тәулігіне екі рет капсула түріндегі Програф® дәрілік препаратын қабылдайтын басқа пациенттен мүше трансплантациясын бастан өткерген пациенттерде 1:1 (мг:мг) қатынаста жиынтық тәуліктік дозаға ауыстыру керек. Адваграф® дәрілік препаратын таңертең қабылдаған жөн.

Капсула түріндегі Програф® дәрілік препаратынан (тәулігіне 2 рет) жалпы тәуліктік доза негізінде Адваграф® препаратына (тәулігіне 1 рет) 1:1 (мг:мг) қатынаста ауыстырылған жағдайы тұрақты пациенттерде Адваграф® дәрілік препаратымен емдеу кезінде такролимустың (AUC0-24) жүйелік экспозициясы Програф® дәрілік препаратымен емдеу кезіндегіге қарағанда шамамен 10 % төмен болды. Адваграф® дәрілік препаратымен емдеу кезінде такролимустың ең төмен деңгейлері (C24) мен жүйелік экспозиция (AUC0-24) арасындағы өзара байланыс Програф® препаратымен емдеу кезіндегіге ұқсас. Капсула түріндегі Програф® дәрілік препаратынан Адваграф® дәрілік препаратына ауыстырған кезде оның ең төмен деңгейлерін конверсияға дейін және конверсиядан кейін екі апта бойы өлшеу қажет. Конверсиядан кейін такролимустың ең төмен деңгейлерін бақылау және қажет болған жағдайда ұқсас жүйелік экспозицияны демеу үшін дозаны түзету қажет. Ұқсас жүйелік экспозицияны демеуді қамтамасыз ету үшін дозаны түзету қажет.

Циклоспориннен такролимусқа конверсия

Пациенттерді циклоспорин негізіндегі емдеуден такролимус негізіндегі емдеуге ауыстырған кезде сақ болу қажет. Циклоспорин мен такролимусты біріктіріп қолдану ұсынылмайды. Адваграф® дәрілік препаратымен емдеуді қандағы циклоспорин концентрациясын және пациенттің клиникалық жағдайын бағалағаннан кейін бастау керек. Дәрілік препаратты енгізуді қандағы циклоспорин концентрациясы жоғары болғанда, кейінге қалдыру керек. Тәжірибеде такролимуспен емдеуді циклоспоринді қолдануды тоқтатқаннан кейін 12-24 сағаттан кейін бастайды. Пациентті ауыстырғаннан кейін циклоспорин клиренсінің өзгеру мүмкіндігіне байланысты қандағы циклоспорин концентрациясын мониторингілеуді жалғастыру қажет.

Аллотрансплантаттың қабылданбай ажырауын емдеу

Қабылданбай ажырау эпизодтарын емдеу кезінде такролимустың жоғары дозалары, кортикостероидтармен қосымша емдеу, моно-/поликлональді антиденелермен емдеудің қысқа курсы пайдаланылды. Уыттылық белгілері пайда болған кезде, Адваграф® дәрілік препаратының дозасын төмендету қажет болуы мүмкін.

Бүйрек немесе бауыр трансплантациясынан кейін аллотрансплантаттың қабылданбай ажырауын емдеу

Басқа иммунодепрессанттардан тәулігіне бір рет қолданылатын Адваграф® ауыстырған кезде трансплантаттың қабылданбай ажырауының профилактикасы үшін тиісінше бүйрек және бауыр трансплантациясы кезінде ұсынылатын ішке қабылдауға арналған бастапқы дозадан бастау керек.

Жүрек трансплантациясынан кейін аллотрансплантаттың қабылданбай ажырауын емдеу

Ересек пациенттерде Адваграф® дәрілік препаратына ауыстырған кезде препараттың тәулігіне 0,15 мг/кг ішке қабылдауға арналған бастапқы дозасын тәулігіне бір рет таңертең қабылдау керек.

Басқа аллотрансплантаттар трансплантациясынан кейін аллотрансплантаттың қабылданбай ажырауын емдеу

Өкпе, ұйқы безі немесе ішек трансплантациясынан кейін пациенттерде Адваграф® дәрілік препаратын қолданудың клиникалық тәжірибесінің болмауына қарамастан, өкпе, ұйқы безі немесе ішек трансплантациясынан кейінгі пациенттерде тәулігіне 0,10–0,15 мг/кг бастапқы дозада өкпе трансплантациясынан кейінгі пациенттерде, ұйқы безі трансплантациясынан кейінгі пациенттерде - тәулігіне 0,2 мг/кг бастапқы дозада, ішек трансплантациясынан кейінгі пациенттерде - тәулігіне 0,3 мг/кг бастапқы дозада ішке қабылдауға арналған Програф® қолданды.

Қандағы дәрілік препараттың концентрациясын мониторингілеу

Дозаны таңдау жаңа алынған қандағы такролимустың ең төмен концентрациясын мониторингілеуді жүргізу көмегімен, ең алдымен, қабылданбай ажырауды жеке клиникалық бағалау және әр пациенте препараттық жағымдылығына негізделуі тиіс.

Артық дозалану

Артық дозалану жағдайлары туралы мәліметтер шектеулі. Такролимустың кездейсоқ артық дозаланудың бірнеше жағдайы тіркелді; симптомдарға тремор, бас ауыруы, жүрек айну және құсу, инфекциялар, есекжем, мәңгіру және қандағы мочевина азоты концентрациясының жоғарылауы, сарысулық креатининнің концентрациясының жоғарылауы және аланинаминотрансфераза белсенділігінің жоғарылауы кірді.

Такролимус үшін спецификалық антидот жоқ. Артық дозалану жағдайында жалпы демеуші және симптоматикалық ем жүргізу керек.

Такролимустың жоғары молекулалық салмағын, суда нашар ерігіштігін және эритроциттермен және қан плазмасының ақуыздарымен елеулі байланысуын ескере отырып, диализ тиімсіз болады деп болжанады. Қан плазмасындағы дәрілік препараттың өте жоғары концентрациясы бар жекелеген пациенттерде гемофильтрация және гемодиафильтрация тиімді болған және дәрілік препараттың уытты концентрациясын төмендетті. Дәрілік препаратты ішке қабылдаған кезде уыттанған жағдайда асқазанды шаю және/немесе адсорбенттерді (мысалы, белсендірілген көмір) қолдану, бұл шаралар дәрілік препаратты қабылдағаннан кейін дереу қабылданса, пайдалы болуы мүмкін.

Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алу кезіндегі қажетті шаралар

Адваграф® дәрілік препаратының ең жоғары сіңірілуіне қол жеткізу үшін әдетте аш қарынға немесе тамақтанудан кемінде 1 сағат бұрын немесе 2-3 сағаттан кейін қабылдау керек. Таңертеңгі дозаны өткізіп алған жағдайда сол күні мүмкіндігінше тезірек қабылдау керек. Келесі күні таңертең қос дозаны қабылдамаған жөн.

Абстиненттік синдромның ықтимал қаупін көрсету

Деректер жоқ, препарат өмір бойы қабылданады.

Дәрілік препаратты қабылдамас бұрын дәрігер немесе фармацевт кеңесіне жүгініңіз.

Шығарылу түрі

10 капсуладан ПВХ/ПВДХ (поливинилхлорид/поливинилиденхлорид) үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады. 5 пішінді ұяшықты қаптамадан дәнекерленген алюминий пакетте силикагель пакетпен бірге. 1 дәнекерленген алюминий пакеттен қазақ және орыс тілдеріндегі медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, 25 °C-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау қажет!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл.

Дәнекерленген алюминий пакетті ашқаннан кейін капсуланы 1 жыл ішінде 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, 25 °C-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау қажет!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыAdvagrave капсулалары 1 мг №50 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube