Құрамы
Бір миллилитр препараттың құрамында
белсенді зат – ATG лиофилизацияланған фракциясы және/немесе ATG лиофилизацияланған фракциясы - өңделген, 50.0 мг,
қосымша заттар: глицин, натрий гидроксиді 10% ерітіндісі, хлорсутек қышқылы 10% ерітіндісі, инъекцияға арналған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Түссіз немесе қызғылт немесе қоңыр реңді мөлдір немесе сәл бозаңданатын ерітінді. Сақтаған кезде белсенділігіне әсер етпейтін, аздап түйіршікті немесе қауыз түріндегі шөгінді түзілуі мүмкін.