daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Актобе қаласындағы Беневрон Б Бұлшықет Ішіне Енгізуге Арналған Ерітінді 3 Мл №5 | «Мефар Илач Санайии А.Ш.»

Басқа сервистер немесе өзіңіз

disadvantage

Тауардың қолжетімділігі мен бағасын кепілдемейді

disadvantage

Тауар тез таусылып қалуы мүмкін

disadvantage

Daribar бонустары жоқ

disadvantage
Тегін

Daribar-дан тапсырыс бергенде

disadvantage

5–15 минут ішінде тауардың қолжетімділігі мен бағасын тексереміз

disadvantage

Жеткізу немесе 24 сағатқа брондау

disadvantage

Daribar-дың бонустары

disadvantage
Сипаттама:

Қою қызыл немесе қоңыр түсті мөлдір ерітінді.

Өндіруші:

«Мефар Илач Санайии А.Ш.»

Өндіруші ел:

Турецкая Республика

Белсенді ингредиент:

тиамин гидрохлориді (В1 дәрумені) 250 мг, рибофлавин (рибофлавин натрий фосфаты түрінде) (В2 дәрумені) 4 мг, пиридоксин гидрохлориді (В6 дәрумені) 250 мг, цианокобаламин (В12 дәрумені) 1500 мкг, қосымша заттар: бензил спирті 60 мг, натрий гидрокарбонаты, монотиоглицерол, динатрий эдетаты, инъекцияға арналған су.

Қаптамадағы саны:

5 шт.
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

B1, B2, B6 және B12 дәрумендерінің гипо- және авитаминозы

шеткері невриттер және полиневриттер, невралгиялар, шеткері парездер және салданулар, радикулиттер, ретробульбарлы невриттер, белдемелі герпес, люмбаго, плекситтер, қабырғааралық невралгиялар, бет жүйкесінің парездері, үш тармақты және бет жүйкесінің невралгиясы, амиотрофиялық бүйірлік склероз, балалардың церебральді салдануы секілді жүйке жүйесінің ауруларын, орталық және шеткері жүйке жүйесінің жарақаттарын симптоматикалық емдеу;

энцефалопатия (диабеттік, алкогольдік, жарақаттан кейінгі)

әр түрлі генезді анемия

асқазан-ішек жолдарының аурулары: асқазан мен он екі елі ішектегі ойықжара ауруы, созылмалы гастрит, энтероколит, гепатит, бауыр циррозы

тері аурулары: экзема және шығу тегі неврогенді дерматоздар, дерматиттер және нейродермиттер, псориаз

буын аурулары: артрит, остеоартрит, ревматизм, ревматоидты артрит;

офтальмологиялық аурулар: гемералопия, конъюнктивит, кератит, иридоциклит, катаракта, мөлдір қабықтың ойықжарасы

жоғары дене жүктемесі

изониазидтік қатардағы туберкулезге қарсы дәрілердің, антибиотиктердің жағымсыз әсерлерінің профилактикасы және түзету

Қарсы көрсеткіштер

әсер етуші затқа (заттарға) немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

дәрілік препараттың құрамына кіретін қандай да бір дәруменнің гипервитаминозы

Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары

Түшкіру немесе демікпенің жеңіл түрлері Беневрон Б препаратына аллергиялық реакцияның бастапқы сақтандыру белгілері болып табылады және одан әрі емдеу кезінде бұл пациенттерде анафилаксиялық шоктың дамуы мүмкін екенін ескеру қажет.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Препаратты құрамында сульфиттер бар ерітінділермен араластыруға болмайды, өйткені оларда тиамин ыдырайды. Препаратты пенициллинмен немесе стрептомицинмен (тиаминнің әсерінен антибиотиктердің бұзылуы орын алады), никотин қышқылымен (тиаминнің бұзылуы орын алады) араластыруға болмайды. Препаратта тиаминнің болуына байланысты деполяризациялайтын бұлшықет релаксанттарының (дитилин және т.б.) кураре тәрізді әсерінің әлсіреуі байқалуы мүмкін.

Препарат құрамында рибофлавиннің болуы доксициклиннің, тетрациклиннің, окситетрациклиннің, эритромициннің және линкомициннің белсенділігін төмендетеді және стрептомицинмен үйлесімсіздікті тудырады. Флавинокиназа блокадасының есебінен хлорпромазин, имипрамин, амитриптилин рибофлавиннің флавинаденинмононуклеотидке және флавинадениндинуклеотидке қосылуын бұзады және оның несеппен шығарылуын арттырады. Тиреоидты гормондар рибофлавиннің метаболизмін тездетеді. В2 дәрумені хлорамфениколдың жағымсыз реакцияларын (гемопоэздің бұзылуы, көру жүйкесінің невриті) азайтады және алдын алады.

Препараттың құрамына кіретін пиридоксин гидрохлориді диуретиктердің әсерін күшейтеді, леводопаның белсенділігін әлсіретеді. Изоникотин гидразиді, пеницилламин, циклосерин және эстрогені бар пероральді контрацептивтер пиридоксин гидрохлоридінің әсерін әлсіретеді.

Цианокобаламиннің бар болуына байланысты препарат аскорбин қышқылымен, ауыр металдардың тұздарымен (цианокобаламиннің белсенділігін жою) фармацевтикалық тұрғыдан үйлеспейді. Аминогликозидтер, салицилаттар, эпилепсияға қарсы дәрілік препараттар, колхицин, калий препараттары В12 дәруменінің сіңірілуін төмендетеді. Цианокобаламин тиамин тудыратын аллергиялық реакциялардың дамуын күшейтеді. Хлорамфеникол гемопоэздік реакцияны төмендетеді. Қанның коагуляциясын арттыратын препараттармен біріктіруге болмайды.

Арнайы ескертулер

Беневрон Б препаратын парентеральді енгізу кезінде немесе одан кейін бірден анафилаксиялық шок сияқты қауіптілігі елеулі жағымсыз аллергиялық реакциялар сирек кездеседі және бұл Беневрон Б препаратын парентеральді енгізу тәсілін қажет ететін пациенттерде, әсіресе тиаминді парентеральді қолдануды қажет ететін, Вернике энцефалопатиясының даму қаупі бар пациенттерде қолдануға кедергі келтірмеуі тиіс.

Түшкіру немесе демікпенің жеңіл түрлері Беневрон Б препаратына аллергиялық реакцияның бастапқы сақтандыру белгілері болып табылады және одан әрі емдеу кезінде бұл пациенттерде анафилаксиялық шоктың дамуы мүмкін екенін ескеру қажет.

Тиісті емдеуді қамтамасыз ету үшін пациенттің гематологиялық және неврологиялық жағдайын үнемі бақылау қажет. Емдеудің бастапқы кезеңінде гипокалиемия салдарынан жүрек аритмиясының дамуы туралы хабарланды. Осы кезеңде қан сарысуындағы калий деңгейін бақылау ұсынылады. Реактивті тромбоцитоздың пайда болу қаупіне байланысты мегалобластты анемияны емдеудің алғашқы апталарында тромбоциттер деңгейін бақылау керек.

Бензил спирті аллергиялық реакциялар тудыруы мүмкін.

Уытты әсерлердің дамуы мүмкін бензил спиртінің ең аз концентрациясы белгісіз болып табылады.

Жоғары дозаларды сақтықпен және тек қажет болған жағдайда, әсіресе бауыр немесе бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде, жинақталу және уыттылық (метаболизмдік ацидоз) қаупіне байланысты қолдану керек.

В6 дәруменінің гипервитаминозы және уыттылық реакциялары (шеткері нейропатия, еріксіз қозғалыстар) аптасына үш рет енгізілетін, құрамында 4 мг пиридоксин бар вена ішіне полидәрумен препараттарын алатын созылмалы гемодиализде жүрген пациенттерде байқалды.

Анестезиологиялық шараларды жүргізген кезде препараттағы тиаминнің құрамына байланысты деполяризациялайтын бұлшықет релаксанттарының (дитилин және т. б.) кураре тәріздес әсерінің әлсіреу мүмкіндігін ескеру және сақтық таныту керек.

Қосымша заттар

1 ампула ішіндегі препараттың құрамында 1 ммольден (23 мг) аз натрий бар, яғни іс жүзінде «құрамында натрий жоқ».

Жүктілік немесе лактация кезінде

Препаратты жүктілік кезінде және лактация кезеңінде қолдану, егер ана үшін күтілетін пайда шаранаға немесе емшектегі балаға ықтимал қауіптен асып кеткен жағдайда ғана мүмкін болады.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препарат көлік құралдарын басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етпейді.

Өзара әрекеттесуі

Шығарылу түрі

3 мл препараттан сындыруға арналған белгісі бар қара шыныдан жасалған ампулаларға құйылады.

5 ампуладан поливинилхлоридті үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салады.

1 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Көлемі

3 мл

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыБеневрон Б бұлшықет ішіне енгізуге арналған ерітінді 3 мл №5 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
3640

-ден

Сіздің үнемдеуіңіз: 224

i

Жақсы іздеудің арқасында пайда:

Орташа баға Актобе:

Daribar-дан тапсырыс бергенде:

Сіздің үнемдеуіңіз:

3864

3640

224

Себетке

Құрамы

Тауар туралы қысқашаНұсқаулықСатып алу мәліметтері

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube