Қолдану көрсеткіштері
қорғалмаған жыныстық қатынастан кейін 72 сағат ішінде шұғыл контрацепция немесе егер пайдаланылған контрацепция әдісінің дұрыстығына сенім жеткілікті болмағанда.
қорғалмаған жыныстық қатынастан кейін 72 сағат ішінде шұғыл контрацепция немесе егер пайдаланылған контрацепция әдісінің дұрыстығына сенім жеткілікті болмағанда.
- препарат компоненттеріне аса жоғары сезімталдық
- жыныстық жетілу кезеңіне дейінгі қыздар үшін
- галактоза жақпаушылығының сирек тұқым қуалайтын аурулары, Лапп лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы синдромы бар пациенттер
- жүктілік
- бауыр және бүйрек функциясының ауыр бұзылуы
Медициналық бақылаусыз 17 жасқа дейінгі жас әйелдерге БиШуа пайдалану ұсынылмайды.
Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары
Шұғыл контрацепция эпизодты түрде пайдаланатын әдіс болып табылады. Ол тұрақты контрацептивтік әдісті ауыстырмауы қажет.
Шұғыл контрацепция әрдайым жүкті болудан сақтандыра алмайды.
Егер қорғалмаған жыныстық қатынас уақытына қатысты күмән болса, немесе қорғалмаған қатынас осы етеккір оралымының ішінде 72 сағаттан аса уақыт ішінде орын алса, ұрықтану орын алуы мүмкін. Осыған орай екінші жыныстық қатынаста БиШуа препаратын қолдану жүкті болудан сақтандыруда тиімсіз болады. Егер етеккір оралымы 5 күннен аса кешіксе немесе етеккір күтілетін күні әдеттегіден тыс қан кету орын алса немесе жүкті болуды болжаудың басқа негіздері болса – жүктілікті жоққа шығару керек.
Егер БиШуа препаратын қолданғаннан кейін жүктілік орын алса эктопиялық жүктілік болуы ықтималдығын ескеру қажет. Эктопиялық жүктіліктің абсолютті қаупі төмен, себебі левоноргестрел овуляция мен ұрықтануға жол бермейді. Жатырдан қан кетуі көріністеріне қарамастан, эктопиялық жүктілік дамуы мүмкін. Осы себепті, эктопиялық жүктілік қаупінің факторлары (анамнезде сальпингит немесе эктопиялық жүктілік болса) орын алса левоноргестрелді сақтықпен қолданған жөн.
БиШуа препаратын бауыр функциясының күрделі бұзылулары бар пациенттерге қолдануға болмайды.
БиШуа препаратының тиімділігіне мальабсорбцияның мысалы, Крон ауруы сияқты ауыр синдромдарына теріс әсер етуі мүмкін. Мұндай аурулардан зардап шегетін әйелдер шұғыл контрацепция қажет болғанда дәрігерге қаралуы керек.
БиШуа препаратын қабылдағаннан кейін етеккір қалыпты өтіп, мерзімінде келеді. Кейде етеккір бірнеше күн бұрын немесе кейін басталуы мүмкін. Әйелдер тұрақты контрацепция әдістерінің бірін таңдап, қолдануы үшін дәрігерге қаралуы қажеттігін ұсыну қажет. Егер БиШуа препаратын және тұрақты гормоналды контрацепцияны қолданғаннан кейін келесі кезеңде таблеткасыз қан кетуі орын алмаса – жүкті емес екенін анықтау қажет.
Оралым бұзылуы ықтималдығына орай, етеккірдің бір оралымы ішінде препаратты қайта қолдануға болмайды.
Дене салмағының немесе дене салмағының индексі (ДСИ) артуынан БиШуа препаратының контрацептивтік тиімділігі төмендейтіні туралы бұдан әрі растауды талап ететін шектеулі деректер бар.
Барлық әйелдер дене салмағына немесе ДСИ қарамастан, қорғалмаған жыныстық қатынастан кейін шұғыл контрацепция құралдарын қолдануы қажет.
БиШуа стандартты тұрақты контрацепция әдісі ретінде тиімсіз және шұғыл шара түрінде ғана пайдаланыла алады. Әйелдер шұғыл контрацепцияның қайталанған курстары туралы хабарласқанда, контрацепцияның ұзақ мерзімді әдістерін пайдалануды ұсыну қажет.
Шұғыл контрацепцияны қолдану жыныстық жолмен берілетін аурулардан қорғаумен байланысты қажетті сақтық шараларын алмастырмайды.
Препараттың құрамында лактоза моногидраты бар. Туа біткен галактоза және лактоза жақпаушылығы бар не глюкоза және галактоза мальабсорбциясының синдромы бар пациенттерге препаратты қабылдауға болмайды.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
- Бауырдың микросомальді ферменттерінің индукторлары болып табылатын препараттарды, CYP3A4 ферменттік жүйесінің негізінен индукторларын бір мезгілде қабылдағанда левоноргестрел метаболизмі белсенденеді. Эфавирензбен бір мезгілде қабылдағанда қан плазмасындағы (AUC) левоноргестрел деңгейінің шамамен 50%-ға төмендеуі анықталды.
- қан плазмасындағы левоноргестрел деңгейін төмендету қабілеті бар дәрілік препараттарға барбитураттар (примидон), фенитоин, карбамазепин, құрамында шілтер жапырақты шайқурай (Hypericum perforatum), рифампицин, ритонавир, рифабутин және гризеофульвин бар өсімдік препараттары жатады.
- соңғы 4 апта ішінде бауырдың микросомальді ферменттерінің индукторлары болып табылатын препараттарды қабылдаған және шұғыл контрацепцияны қажет ететін әйелдер гормоналды емес шұғыл контрацептивтерді (мысалы, құрамында мыс бар жатыр ішілік спираль (ЖІС) пайдалануды қарастыруы қажет. Левоноргестрелдің қосарлы дозасын қабылдау (мысалы, 3000 мкг левоноргестрелді қорғалмаған жыныстық қатынастан кейін 72 сағат ішінде) құрамында мыс бар ЖІС пайдалану мүмкіндігі жоқ немесе пайдаланғысы келмейтін әйелдерге бір нұсқа бола алады, бұлардың арнайы бірігуі (бауырдың микросомальді ферменттерінің индукторларын қолдану кезіндегі левоноргестрелдің қосарлы дозасы) зерттелген жоқ.
- Құрамында левоноргестрел бар дәрілік препараттар циклоспорин метаболизмінің тежелу ықтималдығына орай, циклоспорин уыттылығының артуын туғызуы мүмкін.
Арнайы ескертулер
Педиатрияда қолдану
17 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге қолдануға болмайды.
Жүктілік немесе лактация кезінде препаратты қабылдауға болмайды.
Левоноргестрел емшек сүтіне өтеді. Емшек емізгенде таза прогестиндік контрацептивтердің баланың денсаулығына, бойы өсуіне және дамуына ешқандай негативті салдары болғаны анықталмаған. Алайда сүт келуінің төмендеген жағдайлары туралы тіркеуден кейінгі жеке-дара хабарламалары болған. Ұзақ уақыттық контрацепция үшін таза прогестиндік контрацептивтер қабылдайтын бала емізетін әйелдердің емшек сүтіне прогестиндердің аздаған мөлшері түседі, соның нәтижесінде бала плазмасында стероидтар деңгейі анықталады.
Левоноргестрелді бала емізуден кейін дереу қабылдау арқылы болмаса препаратты қабылдағаннан кейін кемінде 8 сағат бойы бала емізуден бас тарту арқылы балаға левоноргестрелдің әсерін төмендетуге болады.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препараттың көлік құралдарын және басқа механизмдерді басқару қабілетіне әсері зерттелмеген.

Дозалау режимі
2 таблетка қабылдау керек
Енгізу тәсілі және жолы
Препарат пероральді қолданылады.
Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі
Қорғалмаған жыныстық қатынастан алғашқы 12 сағат ішінде және одан кейін 72 сағат ішінде мүмкіндігінше екі таблетканы бірден қабылдау қажет.
Егер таблеткаларды қабылдағаннан кейін үш сағаттың ішінде құсу пайда болса, тез арада басқа 2 таблетканы қабылдау керек.
Бауырдың микросомальді ферменттерінің индукторлары болып табылатын препараттарды соңғы 4 апта бойы қабылдаған және шұғыл контрацепциясын қажет ететін әйелдерде, құрамында мыс болатын жатырішілік спираль (ЖІС) сияқты гормональді емес шұғыл контрацептивтерді пайдаланған жөн немесе құрамында мыс болатын ЖІС пайдалану мүмкіндігі жоқ немесе пайдаланғысы келмейтін әйелдерге левоноргестрелдің қосарлы дозасын (мысалы, бір рет 4 таблеткадан) қабылдаулары қажет. БиШуа препаратты етеккір қан кетуі іркілмеген жағдайда етеккір оралымының кез келген фазасында қолдануға болады.
Шұғыл контрацепцияны қолданғаннан кейін келесі етеккір басталғанға дейін жергілікті бөгет әдістерін (мүшеқаптар, диафрагма, спермицидтер, цервикальді қалпақшаны) пайдалану ұсынылады. БиШуа препаратын қолдану тұрақты гормоналды контрацепцияны жалғастыру үшін қарсы көрсетілім болып табылмайды.
Артық дозаланған жағдайда қабылдануы тиіс шаралар
Симптомдары: жүрек айнуы, етеккір оралымының бұзылуы.
Емі: симптоматикалық, арнайы антидоты жоқ
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алуға жүгіну бойынша ұсынымдар
Қабылдар алдында міндетті түрде емдеуші дәрігермен кеңесіңіз.
Емдеуші дәрігеріңізге қандай да бір басқа препараттарды қабылдап жүргеніңізді, жақында қабылдағаныңызды немесе қабылдай бастайтыныңыз туралы хабарлаңыз.
2 таблеткадан алюминий фольгадан және поливинилхлоридті үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.
1 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
25° С-ден аспайтын температурада сақтау керек
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
25° С-ден аспайтын температурада сақтау керек
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.