Қолдану көрсеткіштері
- артериялық гипертензияда
- жүректің ишемиялық ауруында (стенокардия)
- артериялық гипертензияда
- жүректің ишемиялық ауруында (стенокардия)
әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
жедел жүрек жеткіліксіздігі немесе вена ішіне инотроптық ем жүргізуді қажет ететін декомпенсация сатысындағы жүрек жеткіліксіздігі
кардиогендік шок
II және III дәрежелі (электрокардиостимуляторсыз) атриовентрикулярлық блокада
синустық түйін әлсіздігі синдромы
синоатриальді блокада
симптоматикалық брадикардия
симптоматикалық гипотензия
ауыр бронх демікпесі
шеткері артериялардың обтурациялық ауруының кеш сатылары немесе Рейно ауруы
емделмеген феохромоцитома
метаболизмдік ацидоз
18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге (тиімділігі және қауіпсіздігі анықталған жоқ)
жүктілік және лактация кезеңі
тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдарға.
Басқа препараттарды бір мезгілде қолдану препараттың әсеріне және жағымдылығына ықпалын тигізуі мүмкін. Осындай өзара әрекеттесулер, егер басқа препаратты қабылдағаннан кейін тым аз уақыт өтсе де, болуы мүмкін. Егер сіз басқа дәрі-дәрмектерді қолдансаңыз, дәрігерге хабарлаңыз.
Келесі препараттармен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды:
Верапамил типті кальций антагонистері және аз дәрежеде дилтиаземді Бисопрололмен бір мезгілде қолданғанда жүрек бұлшықеттерінің жиырылғыштық қабілетінің төмендеуіне әкелуі және атриовентрикулярлы импульстердің жүруін кідіртуі мүмкін. Атап айтқанда, верапамилді бета-блокаторлармен ем қабылдап жүрген пациенттерге вена ішіне енгізу терең гипотензияға және атриовентрикулярлы блокадаға әкеп соғуы мүмкін.
Гипертензияға қарсы орталық әсері бар препараттар (мысалы, клонидин, метилдопа, моксонидин, резерпин сияқты) ЖЖЖ және жүрек лықсуының қысқаруына, сондай-ақ орталық симпатикалық тонустың нашарлауы салдарынан вазодилатацияға әкелуі мүмкін. Күрт тоқтату, әсіресе бета-блокаторларды тоқтатқанға дейін, «рикошетті» гипертензияның даму қаупін арттыруы мүмкін.
Келесі препартармен бірге сақтықпен қолдану керек:
Аритмияға қарсы І класс дәрілері (мысалы, хинидин, дизопирамид, лидокаин, фенитоин, флекаинид, пропафенон): атриовентрикулярлы өткізгіштік уақытына ықпалын тигізеді, сондай-ақ теріс инотроптық әсері артуы мүмкін.
Дигидропиридин типті кальций өзекшелерінің блокаторлары (мысалы, нифедипин): бірге қолдану гипотензия қаупін арттыруы мүмкін, сондай-ақ жүрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттерде қарыншаның айдау функциясының бұзылуы да жоққа шығарылмайды.
Аритмияға қарсы ІІІ класс дәрілері (мысалы, амиодарон): атриовентрикулярлы өткізгіштік уақытына ықпалы күшеюі мүмкін.
Парасимпатомиметиктер: біріктірілген ем атриовентрикулярлы өткізгіштік уақытын арттыруы және брадикардия қаупін ұлғайтуы мүмкін.
Бета-блокаторларды (мысалы, глаукоманы емдеуге арналған көзге тамызатын дәрілер) бисопрололдың жүйелік әсерін күшейтуі ықтимал.
Инсулиннің және диабетке қарсы дәрілердің қантты төмендететін әсері күшеюі мүмкін. β-адренорецепторлардың блокадасы гипогликемия симптомдарын жасыруы мүмкін.
Анестезиялайтын препараттар: рефлекторлы тахикардияны бәсеңдетеді және гипотензия қаупін арттырады.
Жүрек гликозидтері: жүректің жиырылу жиілігі төмендейді, атриовентрикулярлы өткізгіштік уақыты артады.
Қабынуға қарсы стероидты емес препараттар (ҚҚСП): Бисопрололдың гипотензиялық әсерін төмендетуі мүмкін.
β-симпатомиметиктер (мысалы, добутамин, орципреналин): бисопрололмен біріктіру екі агенттің де әсерін төмендетуі мүмкін. Аллергиялық реакцияларды емдеу үшін адреналиннің өте жоғары дозалары қажет болуы мүмкін.
α- және β-рецепторлары белсендіретін симпатомиметиктер (мысалы, адреналин, норадреналин): қан қысымы артуы және мезгіл-мезгіл ақсақтық өршуі мүмкін. Мұндай өзара әрекеттесулер селективтік емес бета-блокаторларды қолданған кезде көбірек болуы мүмкін.
Трициклді антидепрессанттар, барбитураттар, фенотиазиндер, сондай-ақ гипертензияға қарсы басқа да дәрілер: гипотензиялық әсер күшейеді.
Келесі препараттарды бірге қолданғанда келесі ескертулерге көңіл бөлінуі тиіс:
Мефлохин: брадикардия қаупі ұлғаяды.
Моноаминоксидаза тежегіштерін (МАО-В тежегіштерінен басқасы): бета-блокаторлардың жоғары гипотензиялық әсері, сондай-ақ гипертониялық криз қаупі бар.
10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.
3 пішінді ұяшықты қаптама медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Сақтау мерзімі
2 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
2 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.