Құрамы
1 мл препараттың құрамында
белсенді зат: 3 мг ципрофлоксацин,
қосымша заттар: бензалконий хлориді, сүт қышқылы, пропиленгликоль
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Түссізден ақшыл-сары түске дейінгі мөлдір ерітінді.

Ципромед дәрілік препараты ципрофлоксацинге сезімтал микроорганизмдерден туындаған құлақтың өткір немесе созылмалы инфекциялық ауруларын емдеу үшін қолданылады:
- сыртқы отитте (сыртқы есту жолының қабынуы)
- жедел және созылмалы ортаңғы отитте
- хирургиялық араласымға дейінгі және одан кейінгі инфекциялық отиттердің профилактикасы үшін, құлақ жарақаты кезінде, сыртқы есту жолынан құлақ тіндерінің зақымдануымен жүретін бөгде денені шығарып алу кезінде
Бактерияға қарсы дәрілерді дұрыс пайдалану туралы ресми нұсқауларды ескеру қажет.
- әсер етуші затқа, басқа хинолондарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
Дәрілік заттар мен құлаққа тамызатын дәрі түріндегі ципрофлоксацин ерітіндісінің өзара әрекеттесуі туралы деректер жоқ.
Ципрофлоксациннің жергілікті пайдаланғандағы жүйелі концентрациясының төмендігін ескерсек, дәрілермен өзара әрекеттесу ықтималдығы аз.
Кейбір хинолондарды жүйелі енгізу қан плазмасындағы теофилиннің концентрациясын жоғарылатады, антикоагулянттардың, варфарин мен оның туындыларының әсерін күшейтеді, кофеин метаболизміне кедергі келтіреді. Ципрофлоксацин мен құрамында циклоспорин бар дәрілік затты бір мезгілде қолданғанда, қан плазмасындағы креатинин концентрациясының қысқамерзімді өтпелі жоғарылауы байқалған.
Арнайы сақтандырулар
Педиатрияда қолдану
Ципрофлоксацин құлаққа тамызатын дәрісінің қауіпсіздігі мен тиімділігі бақыланатын клиникалық сынақтарда 1 жас және одан асқан балаларда анықталды. Жедел сыртқы отит кезінде 1 жасқа дейінгі балаларда қолданудың деректері өте шектеулі болғанымен, препаратты 1 жасқа дейінгі пациенттерде қолдану ұсынылмайды. Өте шектеулі деректерге негізделе отырып, емдеуші дәрігер 1 жасқа дейінгі балаларға препаратты тағайындаған кезде қолданудың клиникалық пайдасын белгілі және болжамды белгісіз қауіптермен салыстыруы тиіс.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Жүкті әйелдерде ципрофлоксацинді жергілікті қолдану қауіпсіздігінің деректері жоқ.
Сақтық шарасы ретінде, егер шарана үшін ықтимал қаупі емдік әсерінің пайдасынан асып түсетін болса, Ципромедті жүктілік кезінде пайдаланудан бас тартқан дұрыс.
Препараттың жергілікті қолданылғаннан кейін емшек сүтінде анықталғандығы туралы деректер жоқ. Препаратты бала емізетін әйелге жергілікті тағайындағанда сақтық таныту қажет.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Дозалау режимі
Ересектер мен 1 жастан бастап балаларға
Ересектер үшін препаратты бір құлаққа күніне 2 рет 4 тамшыдан тамызады.
Балалар үшін: бір құлаққа күніне 2 рет 3 тамшыдан.
Препаратты турундамен пайдалану қажет пациенттер үшін, алғашқы рет енгізуге арналған дозасын екі есе арттыруға болады (яғни балаларға 6 тамшы және ересектерге 8 тамшы).
Балалар
Бір жасқа дейінгі балалардағы қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Препараттың бір жасқа дейінгі балаларда жедел сыртқы отит кезінде қолданылуы жөніндегі клиникалық деректер тым шектеулі. Бір жасқа дейінгі және жастан асқан балалардағы ауру үдерісінде, аталған өнімнің 1 жасқа дейінгі балаларда қолданылуына кедергі келтіретіндей ешқандай айырмашалық жоқ.
Препаратты 1 жасқа толмаған балаларға тағайындаған кезде емдеуші дәрігер препараттың пайдаланылуының бұрыннан белгілі қауіптеріне қарсы барлық клиникалық артықшылықтарын салыстырып бағалауы тиіс.
Егде жастағы пациенттер
Дозаны түзету қажет емес.
Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер
Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде қауіпсіздік пен тиімділік туралы деректер жоқ, сондықтан препаратты пациенттердің осындай тобында қолдану ұсынылмайды.
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде қауіпсіздік пен тиімділік туралы деректер жоқ, сондықтан препаратты пациенттердің осындай тобында қолдану ұсынылмайды.
Енгізу әдісі және жолы
Жергілікті қолдануға арналған құлаққа тамызатын дәрі.
Құлаққа тамызатын дәріні қолданар алдында сыртқы есту жолын жуу және құрғату керек.
Салқын ерітіндінің сыртқы есту жолына тиюіне байланысты кез келген жағымсыз сезімді болдырмас үшін, тамшылар жылы болуы (дене температурасында болуы) тиіс. Құтыны алақанда бірнеше минут бойы ұстап тұру қажет. Қолданар алдында тамызуды оңайлату үшін бір бүйірге жату немесе басты қисайту керек. Сыртқы есту жолына көрсетілген тамшы санын тамызу керек. Құлақтың сырғалығын жоғары- төмен тартып қозғап, тамшыларды есту жолына ағуына мүмкіндік жасаңыз. Басты қисайған қалпында шамамен 2 минут ұстаңыз. Сыртқы есту жолына мақта тампонын салып қоюға болады.
Ауру симптомдары жойылғаннан кейін препаратты қолдануды алдағы 48 сағат бойына жалғастыру керек.
Тамшылатқыштың ұшы мен ерітіндінің ластануын болдырмау мақсатында, тамызған кезде тамшылатқыш құтының ұшы құлақ жарғағына, сыртқы есту жолына немесе басқа беткейлерге тимеуі үшін сақтық таныту қажет. Пайдаланылмайтын кезде бөтелкені тығыз жауып ұстаңыз.
Емнің ұзақтығын
Емнің ұзақтығын емдеуші дәрігер анықтайды.
Дозаланғанда қабылдау қажет шаралар
Ципрофлоксацинді жергілікті қолданғанда артық дозалану жағдайлары сипатталмаған.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша ұсынымдар
Егер сізде осы препаратты қолдану туралы қосымша сұрақтар туындаса, дәрігерге хабарласыңыз.
10 мл препараттан алғашқы ашылуы бақыланатын бұралатын пластик қалпақшасы бар пластик тамшылатқыш құтыға немесе бұралатын қалпақшасы бар пластик тамшылатқыш құтыға құйылған.
1 құты-тамшылатқыштан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Мұздатып-қатыруға болмайды!
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
3 жыл.
Құтыны ашқаннан кейін қолдану кезеңі 45 тәулік.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Мұздатып-қатыруға болмайды!
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.
-ден