Қолдану көрсеткіштері
шығу тегі әртүрлі бас ауыруы
шығу тегі әртүрлі бас ауыруы
- препарат компоненттеріне аса жоғары сезімталдық
- асқыну фазасындағы асқазан мен он екі елі ішектің ойық жара ауруы
- асқазан-ішектен қан кету (оның ішінде анамнезде)
- бауыр және/немесе бүйрек функциясының айқын бұзылуы, подагра
- геморрагиялық диатез, гипокоагуляция
- мол қан кетумен қатар жүретін хирургиялық араласулар
- глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы
- глаукома
- ацетилсалицил қышқылын, салицилаттар және басқа да қабынуға қарсы стероидты емес дәрілерді қабылдаумен индукцияланған демікпе
- жоғары қозғыштық, ұйқының бұзылуы
- жүрек-қантамыр жүйесінің органикалық аурулары (оның ішінде жедел миокард инфарктісі, атеросклероз)
- айқын артериялық гипертензия
- портальді гипертензия
- К авитаминозы
- гипопротеинемия
- 15 жасқа дейінгі балалар
- жүктілік және лактация кезеңі
Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары
Препаратты ауыруды басатын дәрі ретінде 5 күннен, ыстық түсіретін дәрі ретінде 3 күннен артық, дәрігердің кеңесі мен бақылауынсыз қолдануға болмайды.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Препарат гепарин және тікелей әсер етпейтін антикоагулянттар, гипогликемиялық дәрілер, сульфанилмочевина туындылары, инсулиндер, метотрексат, фенитонин, вальпрой қышқылының әсерін күшейтеді.
Диуретиктердің, урикозуриялық подаграға қарсы дәрілік заттардың әсерін азайтады.
Препарат қабынуға қарсы стероидты емес дәрілердің (метотрексатпен бірге жағымсыз әсерлердің даму қаупін арттырады), кальций антагонистерінің жағымсыз әсерін күшейтеді.
Гепатоуытты әсер ету қаупінің жоғарылауымен байланысты барбитураттармен, құрысуға қарсы заттармен, рифампицин салициламидпен және алкогольмен бір мезгілде қабылдауға болмайды.
Метоклопрамид парацетамолдың сіңуін жеделдетеді.
Парацетамолдың әсерімен хлорамфениколдың жартылай шығарылу кезеңі 5 есеге артады. Парацетамол қайта қабылданған кезде антикоагулянттардың (дикумарин туындылары) әсерін күшейтуі мүмкін.
Кофеин эрготамин сіңуін жеделдетеді.
Препаратты және құрамында спирт бар сұйықтықтарды бір мезгілде қабылдаған кезде бауырдың уытты зақымдану қаупі артады.
Арнайы ескертулер
Препаратты бронх демікпесіне және подаграға шалдыққан науқастарға сақтықпен тағайындаған жөн.
Препаратты 15 жасқа дейінгі балаларға, әсіресе желшешек және ЖРВИ аясындағы тұмауда Рейе синдромы даму қаупінің жоғары болуына байланысты тағайындауға болмайды.
Егде жаста және бауыр немесе бүйрек функциясы бұзылған кезде сақтықпен тағайындау керек.
Препарат қабылдап жүрген кезде алкоголь қабылдаудан тартына тұрған жөн.
Цитрамон П препаратын құрамында парацетамол бар басқа да препараттармен қабылдауға болмайды.
Цитрамон П препаратымен емдеу кезінде қан плазмасында глюкоза деңгейінің артуы және гликемиялық бейінді анықтау нәтижелерінің бұрмалануы мүмкін.
Ацетилсалицил қышқылы қанның ұюын баяулатады. Егер пациентке хирургиялық араласу жасау керек болса, препаратты қабылдағанын дәрігерге алдын ала ескерткен жөн.
Педиатрияда қолдану
15 жастан кіші балаларға қолдануға болмайды.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Жүктілік кезінде және лактация кезеңінде Цитрамон П препаратын қолданбаған жөн.
Дәрілік заттың көлік құралдарын жүргізу немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Цитрамон П емдік дозада автомобиль немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Дозалау режимі
Ересектер мен 15 жастан асқан балаларға күніне 3 рет 1-2 таблеткадан 3-5 күн бойы тағайындайды. Ең жоғары бір реттік доза - 2 таблетка, тәуліктік доза - 6 таблетка.
Бауыр немесе бүйрек функциясы бұзылуында қабылдау арасындағы аралық кем дегенде 8 сағат болуы тиіс.
Қолдану тәсілі мен жолы
Препаратты астан кейін көп мөлшердегі сұйықтықпен ішке (пероральді) қабылдау керек.
Артық дозаланған жағдайда қолданылуы қажет шаралар
Симптомдары: асқазанның ауыруы, жүрек айну, құсу, тершеңдік, тері жабынының бозаруы, бас айналу, құлақтағы шуыл.
Ауыр жағдайларда мәңгіру, ұйқышылдық, коллапс, құрысулар, бронх түйілуі, тахикардия, анурия, қан кету байқалады.
Емі: асқазанды белсендірілген көмір қосылған сумен шаю, симптоматикалық ем жүргізу, зат алмасу жағдайына байланысты – натрий гидрокарбонатын, натрий цитратын немесе натрий лактатын енгізу, бұл ацетилсалицил қышқылын несепті сілтілеу есебінен шығаруды күшейтеді.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алу үшін жүгіну бойынша ұсынымдар
Бүкіл қосымша парақты мұқият оқып шығыңыз. Егер Сізге дәрілік препаратты қолдану тәсілі түсініксіз болса, медицина қызметкерінің кеңесіне жүгінуді ұсынамыз.
жиі
– жүрек айну және іштегі жайсыздық;
– бас айналудың дамуы, күйгелектік.
жиі емес
– аритмияның өршуін, жүректің жиырылу жиілігінің (ЖЖЖ) артуы;
– ауыздың құрғауы, диарея, құсу, тәбеттің төмендеуі;
– бас ауыруының дамуы, парестезия, тремор, ұйқысыздық, құлақта шуылдың пайда болуы, жоғары қозғыштық немесе шаршағыштық туындауы.
сирек
– гиперемия, шеткері қан айналымы бұзылуы;
кекіру, метеоризм, сілекей бөлінісінің жоғарылауы, ауыз аймағындағы парестезия, дисфагия;
– гиповентиляция, ринорея, мұрыннан қан кету;
– дәм бұзылысы, гиперестезия, мұрын маңы қойнаулары ауруы;
– эйфориялық күй, үрейлену, ішкі ширығу;
– көздің бұзылулары;
– арқа және/немесе мойын ауыруы, бұлшықеттердің түйілуі, қаңқа-бұлшықет сіресулері;
– гипергидроз, есекжем, қышыну;
– кеудедегі ауырлық, астенияның дамуы.
10 таблеткадан екі жағынан полимер жабыны бар қаптамалық қағаздан жасалған пішінді ұяшықсыз қаптамада. 250 пішінді ұяшықсыз қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтармен бірге картон қорапқа (топтық қаптама) салынады.
10 таблеткадан екі жағынан полимер жабыны бар қаптамалық қағаздан жасалған пішінді ұяшықсыз қаптамада. 10 пішінді ұяшықсыз қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады. 24 картон қорапшадан картон қорапқа (топтық қаптама) салынады.
10 таблеткадан полиэтилен үлбірмен алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықсыз қаптамада. 200 полиэтилен үлбірмен алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықсыз қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтармен бірге картон қорапқа (топтық қаптама) салынады.
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде 25˚С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.