Қолдану көрсеткіштері
әр түрлі этиологиядағы тұмау
мұрынның қосалқы қуыстарының қабынуы (секрецияның бөлінуін жеңілдету үшін)
ортаңғы отит (мұрын-жұтқыншақтың шырышты қабығының ісінуін азайту үшін)
науқасты мұрын жолдарында диагностикалық манипуляцияларға дайындау (риноскопия)
Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
ксилометазолинге немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
атрофиялық ринит
құрғақ ринит
жабық бұрышты глаукома
транссфеноидты гипофизэктомиядан кейінгі жағдай және ми қабығындағы басқа хирургиялық араласулар (анамнезінде)
12 жасқа дейінгі балалар
Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары
Пациенттерге сақтықпен қолдану керек:
қан қысымы жоғары
жүрек-қантамыр аурулары бар
гипертиреозы бар
қант диабеті бар
феохромоцитомамен
қуықасты безінің гипертрофиясы бар
МАО тежегіштерімен емделетін (сондай-ақ емдеу аяқталғаннан кейін 14 күн ішінде)
симпатомиметиктерге айқын реакциясы бар (ұйқысыздық, бас айналу және т.б.).
Ксилометазолин алатын QT аралығының ұзаруы синдромы бар пациенттер қарыншалық ауыр аритмиялардың даму қаупі жоғары болуы мүмкін.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Моноаминоксидаза тежегіштері: ксилометазолин МАО тежегіштерінің әсерін күшейтуі және гипертониялық кризді тудыруы мүмкін. Ксилометазолинді МАО тежегіштерін қабылдап жатқан немесе соңғы 14 күн ішінде қабылдаған пациенттерде қолдануға болмайды.
Үш және тетрациклді антидепрессанттар: үш немесе тетрациклді антидепрессанттар мен симпатомиметиктерді бір мезгілде қолданған кезде ксилометазолиннің симпатомиметикалық әсері күшеюі мүмкін, сондықтан мұндай дәрілерді бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.
Арнайы ескертулер
Фармазолин® Н, жергілікті қолдануға арналған басқа деконгестанттар сияқты, қатарынан 7 күннен артық қолдануға болмайды, өйткені бұл мұрынның шырышты қабығының ісінуімен қатар жүретін дәрілік риниттің туындауына әкелуі мүмкін.
Әсіресе балалар мен егде жастағы адамдарды емдеу кезінде препараттың ұсынылған дозасынан асырмау керек.
Қосымша заттар
Препараттың құрамында бензалконий хлориді бар, ол мұрынның шырышты қабығының тітіркенуін туғызуы мүмкін.
Педиатрияда қолданылуы
Фармазолин® Н, мұрынға арналған спрей, 12 жасқа дейінгі балаларда қолдануға болмайды, балаларға қолдануға арналған Фармазолин®, мұрынға тамызатын дәріні (0,05%) қолдану ұсынылады.