Қолдану көрсеткіштері
ФУЦИС®ДТ ересектерде мынадай ауруларды емдеуге арналған:
- криптококкты менингит
- кокцидиоидомикоз
- инвазиялық кандидоз
- шырышты қабықтардың кандидозы (орофарингеальді кандидозды, өңеш кандидозын қоса, кандидурия, тері - шырышты қабықтардың созылмалы кандидозы)
- ауыз қуысының созылмалы атрофиялық кандидозы (тіс протездерін пайдаланудан туындаған), егер ауыз қуысының гигиенасы немесе жергілікті емдеу жеткіліксіз болса
- жедел немесе қайталанатын қынаптық кандидоз (жергілікті ем қолдану мүмкін болмағанда)
- кандидозды баланит (жергілікті ем қолдану мүмкін болмағанда)
- табан, кеуденің, шап аумағының микозын қоса, дерматомикозда; сондай-ақ түрлі-түсті (кебек тәрізді) теміреткі және тері кандидозы (жүйелі ем қажет болған жағдайда)
- тырнақ дерматофитиясы (онихомикоз) (басқа заттар қолдану мүмкін
болмаған жағдайда).