Қолдану көрсеткіштері
Левемир® препараты ересектерде, жасөспірімдерде және 1 жастан асқан және одан үлкен балаларда қант диабетін емдеу үшін қолданылады.

белсенді затқа немесе кез келген қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық;
гипогликемия (қандағы қанттың төмен деңгейі);
инфузиялық инсулинді помпаларда қолдану.
Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары
Левемир® препаратын пайдаланбаңыз, егер
ФлексПен® құлатсаңыз, немесе ол зақымдалған немесе езілген болса;
инсулинді сақтау шарттары көрсетілгендерге сәйкес келмеген немесе препарат мұздатылған болса;
егер инсулин мөлдір және түссіз болудан қалса.
Левемир® препаратын қолданар алдында
Инсулиннің дұрыс түрінің таңдалғанына көз жеткізу үшін қаптаманы тексеру керек.
Жұқтыруды алдын алу үшін әр инъекция үшін әрқашан жаңа инені пайдаланыңыз.
Левемир® ФлексПен® инелері мен препараты тек жеке қолдануға арналған.
Левемир® препаратын қолдану кезіндегі ерекше сақтандыру шаралары:
Егер бүйрек, бауыр, бүйрек үсті, гипофиз немесе қалқанша безімен проблемалар болса.
Егер Сіз әдеттегіге қарағанда физикалық жүктемені арттырған болсаңыз немесе әдеттегі Сіз тамақтану режимін өзгерткіңіз келсе, бұл Сіздің қандағы қант деңгейіне әсер етуі мүмкін.
Егер Сіз ауырып қалсаңыз, инсулин қабылдауды жалғастырыңыз және дәрігермен кеңесіңіз.
Егер бірнеше сағат белдеулерін кесіп өтетін саяхатқа шықсаңыз, инсулинге немесе инсулинді енгізу режиміне қажеттілік өзгеруі мүмкін. Егер осындай саяхатты жоспарласаңыз, өзіңіздің емдеуші дәрігеріңізбен кеңесіңіз.
Инъекция орнында терінің өзгеруі
Терінің қалыңдауына немесе жұқаруына, тері астындағы тығызданулардың пайда болуына және басқа да бұзылуларға әкелетін тері астындағы май тінінің өзгеруін болдырмау үшін инъекция орнын мезгіл-мезгіл өзгерту керек. Тері асты тығызданулары бар, терісі жұқарған немесе қалыңдаған учаскелерде инсулинді енгізу препарат тиімділігінің төмендеуіне әкелуі мүмкін («Енгізу әдісі мен жолы» бөлімін қараңыз). Инъекция орнында терінің кез-келген өзгерістері үшін дәрігермен кеңесіңіз. Егер қазіргі уақытта препарат осындай зақымдалған жерлерге енгізілсе, инъекция орнын ауыстырмас бұрын дәрігерге хабарлаңыз. Дәрігер қандағы глюкоза деңгейін мұқият бақылауды және инсулин немесе басқа гипогликемиялық препараттың дозасын түзетуді тағайындай алады.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Кейбір дәрілік препараттар организмдегі глюкоза метаболизміне әсер етеді және бұл инсулин дозасына әсер етуі мүмкін. Инсулинмен емдеуге әсер ететін ең көп таралған препараттар төменде көрсетілген. Егер Сіз кез келген дәрілік препараттарды, соның ішінде Сіз рецептісіз сатып алған дәрілік препараттарды қабылдасаңыз немесе жақында қабылдаған болсаңыз, өзіңіздің емдеуші дәрігеріңізді хабардар етіңіз.
Атап айтқанда, егер Сіз қандағы қант деңгейіне әсер ететін дәрілік препараттарды қабылдасаңыз, өзіңіздің емдеуші дәрігеріңізге хабарлаңыз.
Егер Сіз төменде аталған препараттардың кез келгенін қабылдасаңыз, қандағы қант деңгейіңіз төмендеуі мүмкін (гипогликемия): диабетті емдеуге арналған басқа да препараттар; моноаминоксидаза тежегіштері (депрессияны емдеу үшін қолданылатын); бета-блокаторлар (жоғары қан қысымын емдеу үшін қолданылатын); ангиотензин өзгертетін ферменттің тежегіштері (жүректің белгілі бір ауруларын немесе жоғары қан қысымын емдеу үшін қолданылатын); салицилаттар (ауырсынуды жеңілдету және температураны төмендету үшін қолданылатын); анаболикалық стероидтар (тестостерон сияқты); сульфонамидтер (инфекцияларды емдеу үшін қолданылатын).
Егер Сіз төменде аталған препараттардың кез келгенін қабылдасаңыз, қандағы қант деңгейіңіз жоғарылауы мүмкін (гипергликемия): пероральді контрацептивтер (ұрықтандыруға қарсы дәрілер), тиазидтер (жоғары қан қысымын немесе организмдегі сұйықтықтың артық кідіруін емдеу үшін қолданылатын), глюкокортикостероидтер (қабынуды емдеу үшін қолданылатын “кортизон” сияқты), тиреоидты гормондар (қалқанша безінің бұзылуын емдеу үшін қолданылатын), симпатомиметиктер (эпинефрин (адреналин) немесе демікпені емдеу үшін қолданылатын сальбутамол, тербуталин сияқты), өсу гормоны (өсуді ынталандыруға және организмнің алмасу процестеріне айқын әсер етуге арналған препарат), даназол (овуляцияға әсер ететін препарат).
Октреотид және ланреотид (акромегалияны, әдетте орта жастағы ересек адамдарда кездесетін сирек гормоналдық бұзылуларды емдеу үшін қолданылатын) қандағы қант деңгейіңізді арттыруы да, төмендетуі де мүмкін.
Бета-адреноблокаторлар (жоғары қан қысымын емдеу үшін қолданылатын) гипогликемияны тануға көмектесетін гипогликемияның алғашқы белгілерін бүркей алады немесе баса алады.
Тиазолидиндиондар (2 типті қант диабетін емдеу үшін пайдаланылатын пероральді қантты азайтатын препараттар класы)
Пациенттерді инсулин препараттарымен біріктіріп, әсіресе мұндай пациенттерде жүрек жеткіліксіздігінің даму қаупі факторлары болған кезде тиазолидиндиондармен емдеу кезінде жүрек жеткіліксіздігінің даму жағдайлары туралы хабарланды. Емдеуші дәрігеріңізге жүрек жеткіліксіздігінің алғашқы белгілері, мысалы, ерекше ентігу немесе салмақ қосудың жылдам артуы немесе ісіну сияқты белгілерді хабарлаңыз.
Левемир® препаратын тамақпен және сусындармен қолдану
Алкогольді қолданған кезде, инсулинге қажеттілігіңіз өзгеруі мүмкін, өйткені қандағы қант деңгейі жоғарылауы немесе төмендеуі мүмкін. Мұқият мониторинг ұсынылады.
Арнайы ескертулер
Жүктілік немесе лактация кезінде
Кез келген дәрілік препараттарды қолданар алдында өзіңіздің емдеуші дәрігеріңізбен кеңесіңіз.
Егер жүкті болсаңыз немесе жүктілікті жоспарласаңыз, емдеуші дәрігеріңізбен кеңесіңіз. Жүктілік кезінде және босанғаннан кейін препараттың дозасын түзету қажет болуы мүмкін. Диабетті мұқият бақылау және әсіресе гипогликемия профилактикасы балаңыздың денсаулығы үшін маңызды.
Егер емшек емізсеңіз, өзіңіздің емдеуші дәрігеріңізбен кеңесіңіз, себебі дозаны түзету қажет болуы мүмкін.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Егер қандағы қант деңгейіңіз төмен немесе жоғары болса, бұл пациенттердің назарын шоғырландыру қабілетіне және реакция жылдамдығына әсер етуі мүмкін, бұл автомобильді басқару немесе механизмдермен жұмыс істеу кезінде қауіп төндіруі мүмкін. Өзіңізге немесе басқаларына қауіп төндіруіңіз мүмкін екендігіңізді ұмытпаңыз. Өз дәрігеріңізбен келесі жағдайларда автомобильді және механизмдерді басқару мүмкіндігі туралы кеңесіңіз:
егер жиі гипогликемия эпизодтары болса;
егер гипогликемияны анықтау қиын болса.
Қосымша заттар
Левемир® ФлексПен® препаратының құрамында натрий гидрофосфатының дигидраты және натрий хлориді бар.

Дозалау режимі
Пациентке инсулинге деген қажеттілік туралы емдеуші дәрігерімен кеңесу керек. Емдеуші дәрігеріңіздің рұқсатынсыз инсулинді өзгертпеңіз. Емдеуші дәрігеріңіз ұйғарғандай түстік коды бар Левемир® ФлексПен®, пайдаланатыныңызға көз жеткізіңіз және шприц-қаламның жұмысы жөніндегі нұсқауларды мұқият орындаңыз. Дозаңызды емдеуші дәрігеріңіз түзетуі мүмкін, егер:
емдеуші дәрігеріңіз Сізді инсулиннің бір түрінен екіншісіне ауыстырса, немесе
емдеуші дәрігеріңіз Левемир® препаратымен емге қосымша диабетті емдеуге арналған басқа препаратты тағайындаса.
Балалар
Левемир® препараты 1 жастан асқан және одан үлкен балалар мен жасөспірімдерде қолданылады.
1 жасқа дейінгі балаларда Левемир® препаратымен емдеу тәжірибесі қазіргі уақытта анықталмаған.
Пациенттердің ерекше топтары
Бүйрек немесе бауыр функциясы бұзылған пациенттерде немесе 65 жастан асқан пациенттерде қандағы қант деңгейін аса мұқият бақылау және Өзіңіздің дәрігеріңіздің ұсыныстарына сәйкес инсулин детемир дозасын жеке түзету керек.
Енгізу әдісі мен жолы
Левемир® препараты теріасты (тері астына) инъекциясына арналған. Инсулинді ешқашан венаға (вена ішіне) немесе бұлшықетке (бұлшықет ішіне) тікелей енгізбеңіз.
Терінің домбығуын немесе ісінуін болдырмау үшін инъекция орындарын бір аймақ шегінде әрқашан ауыстырып отыру керек. Инъекцияға арналған ұсынылатын орындар: жамбастың алдыңғы беті, іштің алдыңғы беті немесе иық. Үнемі қандағы қант деңгейін өлшеп отыру керек.
Қабылдау уақытын көрсетумен қолдану жиілігі
Егер Левемир® препараты пероральді қантты төмендететін препараттармен біріктіріп қолданылса, сондай-ақ инъекциялық қантты төмендететін препараттармен емге қосымша қолданылса, Левемир® күніне бір рет қолданған жөн. Егер Левемир® препараты базальды-болюстік режимнің бөлігі ретінде қолданылса, оны пациенттің қажеттілігіне қарай күніне 1 немесе 2 рет тағайындау керек. Левемир® препаратының дозасы әрбір нақты жағдайда жеке анықталады. Инъекцияларды күннің кез келген уақытында жүргізуге болады, бірақ дұрысы күн сайын белгілі бір уақытта болғаны жөн. Препаратты күніне екі рет қолдануды талап ететін пациенттер қан глюкозасының деңгейін оңтайлы бақылау үшін кешкі дозаны не кешкі ас кезінде, не ұйықтар алдында енгізуі мүмкін.
Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар
Егер инсулин тым көп қабылданса, қандағы қант деңгейі тым төмен болады (бұл гипогликемия деп аталады).
Бұл сондай-ақ мынандай жағдайда болуы мүмкін:
порция көлемі азайған немесе тамақ қабылдауды өткізіп алған кезде;
физикалық жүктеме әдеттегіге қарағанда көп болған кезде.
Гипогликемияның хабаршы белгілері әдетте кенеттен байқалады және суық тер, тері жабынының бозаруы, бас ауыруы, жүрек соғуының жиілеуі, дімкәстік, айқын ашығу сезімі, көрудің уақытша бұзылуы, ұйқышылдық, әдеттен тыс шаршау немесе әлсіздік, күйгелектік немесе тремор, мазасыздық сезімі, бағдардың бұзылуы, зейін қоюдың төмендеуін қамтуы мүмкін.
Пайда болған гипогликемияны сезген кезде пациент қантты немесе көмірсуларға бай тамақ өнімдерін ішке қабылдай алады және қандағы қант деңгейін өлшей алады.
Егер Сіздің қандағы қант деңгейіңіз тым төмен болса, глюкоза таблеткаларын немесе басқа да қантқа бай тамақ өнімдерін (кәмпит, печенье, жеміс шырыны) қабылдаңыз, содан кейін демалыңыз. Сондықтан қант диабетімен ауыратын пациенттерге үнемі қант, тәттілер, печенье немесе құрамында қант бар сусындарды алып жүру ұсынылады.
Гипогликемия симптомдары қайтқан кезде немесе Сіздің қант деңгейіңіз тұрақтанғанда, инсулинмен емдеуді жалғастырыңыз.
Пациентке айналасындағы адамдарға қант диабетімен ауыратынын, және оның қандай зардаптары болуы мүмкін, соның ішінде гипогликемия салдарынан естен тану қаупі бар екенін хабарлауы керек, егер ол есінен танып қалса, айналасындағы адамдар оны бір бүйіріне аударып, дереу медициналық көмекке жүгінуі керек. Олар пациентке тамақ немесе сусындар бермеуі керек. Бұл тұншығуға әкелуі мүмкін. Бұл күйден шығару үшін арнайы дайындығы бар адам пациентке есін тез қалпына келтіруге көмектесетін глюкагон гормонының инъекциясын беруі керек. Пациентке глюкагон берілгеннен кейін глюкоза немесе тәтті дәмтатым қажет болады. Егер пациент глюкагонды енгізуге жауап бермесе, ауруханада емдеу қажет.
Глюкагон инъекциясынан кейін, кез келген жағдайда, гипогликемияның себебін анықтау және қайталану мен асқынулардың алдын алу үшін дәрігерге немесе шұғыл жәрдем бөліміне бару керек.
Ұзақ ауыр емделмеген гипогликемия мидың зақымдануына (уақытша немесе тұрақты) және тіпті өлімге әкелуі мүмкін.
Егер Сізде қысқа уақытқа естен тануды болдыратын гипогликемия кезінде, немесе гипогликемияның жиі эпизодтары болса, өзіңіздің дәрігеріңізбен кеңесу қажет. Мүмкін инсулин дозасын немесе енгізу режимін, тамақ қабылдау уақытын немесе физикалық жүктемелердің көлемін түзету қажет.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізу кезінде қажет болатын шаралар
Инсулиннің дозасын өткізіп алған кезде сіздің қандағы қант деңгейіңіз қатты жоғарылауы мүмкін (гипергликемия).
Гипергликемия болуы мүмкін, егер:
пациентке қажет болғанға қарағанда сіз үнемі инсулиннің аз мөлшерін енгізсеңіз;
сізде инфекция немесе қызба пайда болған кезде;
әдеттегі қарағанда көп мөлшерде тамақтану кезінде;
физикалық жүктемелердің саны мен қарқындылығы төмендеген кезде.
Гипергликемияның хабаршы симптомдары біртіндеп дамиды. Симптомдар несеп шығару жиілігінің артуы, шөлдеу сезімі, тәбеттің жоғалуы, жүректің айнуы, құсу, ұйқышылдық немесе шаршау сезімі, терінің қызаруы мен құрғауы, ауыз қуысының құрғауы, сондай-ақ тыныс алу кезіндегі тәтті иісті (ацетон) қамтиды.
Бұл диабеттік кетоацидоз деп аталатын өте ауыр жағдайдың белгілері болуы мүмкін (организм қант орнына майды ыдыратуы нәтижесінде қандағы қышқылдың жиналуы). Тиісті емдеусіз бұл диабеттік комаға және түпкілікті нәтижесінде өлімге әкелуі мүмкін. Егер осындай белгілер анықталса, қандағы қант деңгейін тексеру керек, егер мүмкін болса, несепте кетондардың бар болуын тексеріңіз, осыдан кейін дереу дәрігерге қаралу қажет.
Тоқтату симптомдары қаупінің болуын көрсету
Инсулинді қабылдауды тоқтату ауыр гипергликемияға (қандағы қанттың өте жоғары деңгейі) және кетоацидозға әкелуі мүмкін. Дәрігеріңізден кеңес алмайынша инсулин қабылдауды тоқтатпаңыз.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкердің кеңесіне жүгіну жөніндегі ұсыныстар
Егер препаратты қолдану бойынша бұдан әрі кез келген сұрақтар пайда болса, дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкердің кеңесіне жүгінуіңізді өтінеміз.

Бір жағынан бромбутилді резеңкеден жасалған дискімен тығындалған және көп реттік инъекцияға арналған пластикалық көпдозалық бір реттік шприц-қаламға дәнекерленген І класты гидролитикалық шыныдан жасалған картриджде 3 мл препараттан.
Көп реттік инъекцияға арналған 5 пластикалық көпдозалық бір реттік шприц-қалам медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қорапшаға салынады.
2 оС-ден 8 оС-ге дейінгі температурада (тоңазытқышта) сақтау керек, суытқыш элементке жақындатпай. Мұздатып қатыруға болмайды.
Бірінші ашылғаннан кейін: 6 апта ішінде пайдалану керек. 30°C-ден аспайтын температурада сақтау керек. Тоңазытқышта (2 С - 8 С) сақтауға болады. Мұздатып қатыруға болмайды.
Шприц-қаламды жарықтан қорғау үшін қалпақшамен жабу керек. Шамадан тыс жылудың және жарықтың әсер етуінен сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
30 ай
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
2 оС-ден 8 оС-ге дейінгі температурада (тоңазытқышта) сақтау керек, суытқыш элементке жақындатпай. Мұздатып қатыруға болмайды.
Бірінші ашылғаннан кейін: 6 апта ішінде пайдалану керек. 30°C-ден аспайтын температурада сақтау керек. Тоңазытқышта (2 С - 8 С) сақтауға болады. Мұздатып қатыруға болмайды.
Шприц-қаламды жарықтан қорғау үшін қалпақшамен жабу керек. Шамадан тыс жылудың және жарықтың әсер етуінен сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.