daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Актобе қаласындағы Медоклав Суспензия 156,25 Мг / 5 Мл 100 Мл | Медохеми Лтд

Актобе қаласындағы Медоклав Суспензия 156,25 Мг / 5 Мл 100 Мл | Медохеми Лтд

Басқа сервистер немесе өзіңіз

disadvantage

Тауардың қолжетімділігі мен бағасын кепілдемейді

disadvantage

Тауар тез таусылып қалуы мүмкін

disadvantage

Daribar бонустары жоқ

disadvantage
Тегін

Daribar-дан тапсырыс бергенде

disadvantage

5–15 минут ішінде тауардың қолжетімділігі мен бағасын тексереміз

disadvantage

Жеткізу немесе 24 сағатқа брондау

disadvantage

Daribar-дың бонустары

disadvantage
Сипаттама:

Ақтан ақ дерлік түске дейінгі сусымалы ұнтақ. Өзіне тән иісі бар ақтан ақ дерлік түске дейінгі дайындалған суспензия.

Өндіруші:

Медохеми Лтд

Өндіруші ел:

Республика Кипр

Белсенді ингредиент:

14.88 мг калий клавуланаты + кремнийдің қостотығы қоспасы (1:1) (6.25 мг клавулан қышқылына баламалы) қосымша заттар: ксантан шайыры, гидроксипропилметилцеллюлоза, натрий сахарині, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы (Аэросил), сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы (Силоид AL-1), құлпынай хош иістендіргіші, шабдалы хош иістендіргіші, лимон хош иістендіргіші, янтарь қышқылы

Белсенді заттың дозасы:

156.25 мг/5 мл

Қаптамадағы саны:

1 шт
...loading

Нұсқаулық

Құрамы

1 мл суспензия құрамында

белсенді заттар: 28.70 мг амоксициллин тригидраты (25.00 мг амоксициллинге баламалы)

14.88 мг калий клавуланаты + кремнийдің қостотығы қоспасы (1:1) (6.25 мг клавулан қышқылына баламалы)

қосымша заттар: ксантан шайыры, гидроксипропилметилцеллюлоза, натрий сахарині, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы (Аэросил), сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы (Силоид AL-1), құлпынай хош иістендіргіші, шабдалы хош иістендіргіші, лимон хош иістендіргіші, янтарь қышқылы

Қолдану көрсеткіштері

- жедел бактериялық синусит (диагноз расталғанда)

- жедел ортаңғы отит

- созылмалы бронхит өршуі (диагноз расталғанда)

- ауруханадан тыс пневмония

- цистит

- пиелонефрит

- терінің және жұмсақ тіндердің инфекциялары (атап айтқанда, тері асты шелінің қабынуы – целлюлит, жәндіктер шағуы, жедел абсцестер және жақсүйек-бет аумағының флегмоналары)

- сүйектер мен буындар инфекциялары (атап айтқанда, остеомиелит)

Бактерияға қарсы дәрілерді тиісті қолдану жөніндегі ресми ұсынымдарды назарға алу керек.

Қарсы көрсеткіштер

- пенициллиндерге немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- басқа бета-лактамды антибиотиктерге (цефалоспориндер, карбапенемдер, монобактамдарға) белгілі аса жоғары сезімталдық

- амоксициллин/клавулан қышқылының біріктірілімін қабылдау аясында дамыған сарғаю немесе бауыр функциясының бұзылуы

- фенилкетонурия (препарат құрамында аспартам болуына байланысты)

Өзара әрекеттесуі

Пероральді антикоагулянттар

Пероральді антикоагулянттар мен пенициллин антибиотиктері практикада кеңінен қолданылды, cоның нәтижесінде өзара әрекеттесу туралы қандай да бір хабарламалар алынбады. Дегенмен де, әдебиетте аценокумарол немесе варфаринде жүрген пациенттерде және амоксициллин курсы тағайындалғанда халықаралық қалыптасқан индекс жоғарылаған жағдайлар аталады. Егер бірге қолдану қажет болса, амоксициллин қатарлас тағайындалған немесе тоқтатылған жағдайларда протромбин уақытын немесе халықаралық қалыптасқан индексті мұқият бақылап отыру қажет. Бұдан бөлек, пероральді антикоагулянттар дозасын түзету қажет болуы мүмкін.

Метотрексат

Пенициллиндер оның уыттылығының ықтималды артуына ықпал ете отырып, метотрексат шығарылуын төмендетуі мүмкін.

Пробенецид

Пробенецидті бір мезгілде қабылдау ұсынылмайды. Пробенецид амоксициллиннің өзекшелік секрециясын азайтады. Пробенецидті қатарлас қабылдау қандағы амоксициллин деңгейлерінің ұлғаюына және ұзаққа созылуына әкелуі мүмкін.

Микофенолят мофетилі

Микофенолят мофетилін қабылдап жүрген пациенттерде амоксициллинге қоса клавулан қышқылын қабылдау басталған соң микофенол қышқылының (MPA) белсенді метаболитінің доза алдындағы концентрациясының 50% төмендеуі білінді. Доза алдындағы дәрежесінің өзгеруі МРА жалпы экспозициясының өзгерістерін мүлде дәл көріністемеуі мүмкін. Осылайша, трансплантат дисфункциясының белгілері болмаса, әдетте, микофенолат мофетилінің дозасын өзгерту міндетті емес. Дегенмен де, біріктіру кезінде және антибиотиктермен емдеуден кейін тез арада егжей-тегжейлі қадағалау жүргізген жөн.

Арнайы сақтандырулар

Медоклавпен емдеуді бастар алдында пенициллиндерге, цефалоспориндерге немесе басқа бета-лактамды антибиотиктерге оcының алдында болған аса жоғары сезімталдық реакцияларына қатысты толық анамнез жинау қажет.

Пенициллинмен ем алып жүрген пациенттерде күрделі және кейде өліммен аяқталған жағдайларға дейін (анафилаксиялық шок) апаратын аллергиялық реакциялар болды. Бұл реакциялар анамнезінде пенициллинге аллергиялық реакция болған адамдарда және атопиялық пациенттерде жиірек кездеседі. Егер аллергиялық реакция туындаса, Медоклавпен ем тоқтатылуы және тиісті баламалы ем тағайындалуы тиіс.

Егер инфекцияның амоксициллинге сезімтал организмдерден туындағанына растау алынған жағдайда амоксициллин/клавулан қышқылы біріктірілімінен бөлек амоксициллинге ауысу мүмкіндігін қарастыру керек.

Медоклав клавулан қышқылымен тежелуге сезімтал бета-лактамазаларға қатысы болмайтын бета-лактамды антибиотиктерге төзімділік қаупі жоғары болса, қолдануға сай келмейді. Медоклав пенициллинге төзімді пневмококты (S. pneumoniae) емдеу үшін қолданылмауы тиіс.

Бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде немесе жоғары дозаларды қабылдайтын пациенттерде құрысулар пайда болуы мүмкін.

Медоклавты инфекциялық мононуклеоз күмәні болса, тағайындауға болмайды, себебі осы ауруы бар пациенттерде амоксициллин тері бөртпесін тудыруы мүмкін, бұл ауруды диагностикалауды қиындатады.

Амоксициллинмен емдеу кезінде аллопуринолды қатарлас қабылдау аллергиялық тері реакцияларының даму ықтималдығын арттыруы мүмкін.

Ұзақ уақыт қабылдау төзімді микроорганизмдердің шамадан тыс көбеюімен қатар жүруі мүмкін.

Емдеудің басында пустуламен байланысты қызбамен жайылған эритеманың туындауы жедел жинақталған экзантемалық пустулез (AGEP) симптомы болуы мүмкін. Осы реакция Медоклавпен емді тоқтатуды талап етеді және одан әрі амоксициллин қабылдауға қарсы көрсетілім болады.

Амоксициллин/клавулан қышқылы біріктірілімін бауыр функциясының бұзылу белгілері бар пациенттерге сақтықпен қолдану керек.

Бауыр тарапынан жағымсыз оқиғалар көбінесе ерлер мен егде жастағы пациенттерде болды және ұзақ уақыт емдеу кезеңімен байланысты болуы мүмкін. Балаларда осы оқиғалар өте сирек болды. Барлық қауымдарда белгілер мен симптомдар, әдетте, емдеу кезінде немесе одан кейін тез арада пайда болады, бірақ кейбір жағдайларда емдеуді тоқтатудан кейін бірнеше апта бойы көрініс бермеуі мүмкін. Әдетте, олар қайтымды. Бауыр тарапынан қолайсыз оқиғалар ауыр дәрежеде болуы мүмкін, ал аса сирек жағдайларда өліммен аяқталған жағдайлар жөніндегі ақпарат хабарланды. Олар үнемі дерлік негізгі күрделі ауруы бар немесе бауырға ықтималды әсер етуші ретінде белгілі препараттарды бір мезгілде қабылдаған пациенттерде тіркелген.

Медоклав қабылдау аясында дәрежесі мардымсыздан өмірге қатерліге дейін болған антибиотикпен астасқан колит дамыған жағдайлар хабарланды. Осыған орай, антибиотиктерді қабылдау кезінде немесе одан кейін дамыған диарея болған пациенттерде колиттің даму мүмкіндігін қарастыру қажет. Колит диагнозы расталғанда Медоклав дереу тоқтатылуы тиіс; пациенттер қажетті ем жүргізу үшін дәрігермен кеңесуі тиіс. Осы жағдайда перистальтикаға қарсы дәрілік препараттарды қабылдау қарсы көрсетілімді.

Дәрілік индукцияланған энтероколит синдромы (DIES) бәрінен жиірек амоксициллин/клавуланат қабылдаған балаларда байқалды («Жағымсыз реакциялар» 4.8 бөлімін қараңыз). DIES – терінің аллергиялық немесе респираторлық симптомдары болмаған уақытта жетекші симптомы ұзақ уақыт құсу болатын аллергиялық реакция (препаратты қабылдаудан кейін 1-4 сағаттан соң). Қосымша симптомдар іштің ауыруын, диарея, гипотензия немесе нейтрофилиямен бірге лейкоцитозды қамтуы мүмкін. Шок күйіне дейін үдеуін қоса, ауыр жағдайлар болды.

Ұзаққа созылатын ем кезінде бүйрек, бауыр функциясын және қан түзу функцияларын қоса, ағзалар жүйесі функцияларына мезгіл-мезгіл талдау жасауға кеңес беріледі.

Протромбин уақытының ұзаруы туралы деректер сирек жағдайларда амоксициллин/клавулан қышқылын қабылдаған пациенттерде хабарланды. Антикоагулянттар бір мезгілде тағайындалғанда талапқа сай мониторинг өткізу керек. Антикоагуляция қажетті деңгейде сақталу үшін пероральді антикоагулянттар дозасын түзету қажет болуы мүмкін.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде доза бауыр функциясының бұзылу дәрежесіне қарай түзетілуі тиіс.

Диурез төмендеген пациенттерде көбінесе парентеральді ем кезіндегі кристаллурия (жедел бүйрек жеткіліксіздігін қоса) өте сирек байқалды. Амоксициллиннің жоғары дозаларын енгізу кезінде амоксициллин кристаллуриясының мүмкіндігін азайту үшін сұйықтық ішу мен диурездің талапқа сай болуы мақсатқа сай. Қуық катетері қойылған пациенттерде оның өткізгіштігін жүйелі тексеру керек.

Амоксициллинмен емдеу кезінде, ферменттік емес әдістер жалған-оң нәтижелер алуға әкелуі мүмкін екендіктен, несептегі глюкоза мөлшерін анықтау үшін глюкозаның ферменттік тотығу әдістерін пайдалану қажет.

Медоклавта клавулан қышқылының болуы IgG және альбуминдердің эритроциттер жарғақшасымен спецификалық емес байланысу себебі болуы мүмкін, бұл жалған-оң Кумбс реакциясына әкеледі.

Кейіннен Aspergillus инфекциялары табылмаған амоксициллин/клавулан қышқылын қабылдап жүрген пациенттерде Bio-Rad Laboratories Platelia Aspergillus EIA тестісінің жалған-оң нәтижелері туралы хабарламалар болды. Bio-Rad Laboratories Platelia Aspergillus EIA тестісінде Aspergillus емес полисахаридтермен және полифураноздармен айқаспалы реакциялар туралы хабарланды. Сондықтан, амоксициллин/клавулан қышқылын қабылдап жүрген пациенттерде талдаулардың оң нәтижелерін абайлап түсіндіру және басқа диагностикалық әдістермен растау керек.

Пенициллинмен ем алып жүрген пациенттерде аса жоғары сезімталдықтың күрделі, кейде өлімге әкелетін реакцияларының (анафилактоидты және терінің ауыр жағымсыз реакцияларын қоса) дамуы туралы хабарламалар алынды. Аса жоғары сезімталдық реакциялары миокард инфарктісіне әкелуі мүмкін күрделі аллергиялық реакция - Кунис синдромына дейін үдеуі де мүмкін (4.8 бөлімін қараңыз). Бұл реакциялардың анамнезінде пенициллинге аса жоғары сезімталдығы бар тұлғаларда және атопиясы бар тұлғаларда ықтималдығы зор. Аллергиялық реакция туындаған жағдайда амоксициллин/клавулан қышқылымен емді тоқтату және тиісті баламалы ем тағайындау керек.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Жүктілік кезінде пайда-қауіп арақатынасын мұқият бағалаудан кейін емдеуші дәрігердің көрсетілімінсіз дәрілік затты қабылдамау керек.

Белсенді заттың екеуі де ана сүтімен бөлінеді (клавулан қышқылының емізулі сәбиге әсері туралы ештеңе белгісіз). Демек, емізулі сәбиде диарея және шырышты қабықтардың зеңді инфекциясы дамуы мүмкін, осылайша, бала емізуді тоқтату қажеттілігі туындауы мүмкін. Бала емізу кезінде амоксициллин/клавулан қышқылын қабылдауға тек емдеуші дәрігердің пайда/қаупін бағалауынан кейін ғана рұқсат етіледі.

Препараттың көлік құралын және қауіптілігі зор мехнаизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Деректер жоқ; алайда, жағымсыз реакцияларының (аллергия, бас айналу, құрысулар) даму мүмкіндігіне байланысты сақтық шарасын қадағалау қажет.

Арнайы нұсқаулар

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Доза амоксициллин/клавулан қышқылы мөлшеріне қарай өрнектеледі, бұған доза жекелеген компонентке қайта есептеліп өрнектелген жағдайлар қосылмайды.

Медоклав дозасын анықтау кезінде ескеру қажет:

Күтілетін патогендер және олардың бактерияға қарсы агенттерге ықтималды сезімталдығы

Ауырлығы және жұқтыру орны

Төменде көрсетілгендей, пациенттің жасы, дене салмағы және бүйрек функциясы.

Медоклав дәрілік заты шығарылымының баламалы (мысалы, құрамында амоксициллиннің жоғарырақ дозалары және/немесе амоксициллиннің клавулан қышқылына әртүрлі арақатынасы бар) түрлерін қолдануды қажеттілігіне қарай қарастыру керек.

Салмағы 40 кг-ден төмен балалар үшін Медоклавтың осы құрамы төменде көрсетілген ұсынымдарға сәйкес қабылданған жағдайда 2400 мг амоксициллин/600 мг клавулан қышқылы түріндегі ең жоғары тәуліктік дозасын қамтамасыз етеді. Егер амоксициллиннің жоғарырақ тәуліктік дозасын қабылдау қажеттілігі туындаса, клавулан қышқылының шамадан тыс жоғары тәуліктік дозаларын қабылдап қоймас үшін басқа Медоклав құрамын таңдауға кеңес беріледі.

Ем жүргізу уақыты пациенттің жүргізілетін емдеуге жауабына байланысты. Кейбір патологияларда (атап айтқанда, остеомиелит) ұзағырақ курс қажет болуы мүмкін. Емдеуді науқастың жай-күйін қайталап бағалаусыз 14 күннен артық жалғастыруға болмайды.

Ересектер мен ≥ 40 кг балалар ересектерге арналған Медоклав дозасымен емделуі тиіс.

Пациенттердің ерекше топтары

Салмағы 40 кг-ден аз балалар

Төмен дозасы: 20 мг/5 мг/кг/күннен 40 мг/10 мг/кг/күнге дейін үшке бөлінген дозаларда.

Жоғары дозасы: 40 мг/10 мг/кг/күннен 60 мг/15 мг/кг/күнге дейін үшке бөлінген дозаларда.

ҰЖ – ұсыным жоқ. 2 жасқа толмаған балаларда 40 мг/10 мг/кг/тәуліктен жоғары Медоклав 156. 25 мг/5 мл қолданудың клиникалық деректері жоқ.

Дозалау жөніндегі тәжірибелік нұсқауларды қамтамасыз ету үшін Медоклав баламалы пероральді түрлерін қарастыру керек.

Балалар үшін Медоклавты таблеткалар немесе суспензия түрінде қабылдауға рұқсат етіледі. 6 жасқа дейінгі балаларға Медоклав суспензиясын тағайындаған дұрыс.

Артық дозалану

Симптомдар: асқазан-ішек бұзылыстары және су-электролит теңгерімінің бұзылулары болуы мүмкін. Кейбір жағдайларда бүйрек жеткіліксіздігіне әкелетін амоксициллин кристаллуриясы болды.

Препаратты бүйрек функциясы төмендеген пациенттерге тағайындағанда немесе жоғары дозаларын пайдаланғанда құрысулар дамуы мүмкін.

Амоксициллин қуық катетерлерінде, әсіресе, вена ішіне енгізу арқылы жоғары дозаларын тағайындаудан кейін тұнып қалуы мүмкін. Катетерлер өткізгіштігін жүйелі тексеріп отыру керек.

Емдеу: симптоматикалық ем жүргізу, су-электролит теңгерімін түзету. Медоклав қаннан гемодиализ көмегімен шығарылады.

Дәрілік препаратты қабылдамас бұрын дәрігер немесе фармацевт кеңесіне жүгініңіз.

Жанама әсерлері

Жиі

- терінің және шырышты жабындардың кандидозы

- жүрек айну, құсу, диарея

Жүрек айну препараттың жоғары дозаларын қолданғанда жиірек кездеседі. Көрініс беру дәрежесін төмендету үшін суспензияны ас ішудің басында қабылдауға кеңес беріледі.

Жиі емес

- бас айналу, бас ауыру

- ас қорыту бұзылуы

- бауырдың АЛТ/АСТ ферменттері деңгейінің орташа жоғарылауы

- тері бөртпесі, қышыну, есекжем

Сирек

- қайтымды лейкопения (нейтропенияны қоса), тромбоцитопения

- мультиформалы эритема

Белгісіз

- сезімтал емес организмдердің жылдам көбеюі

- қайтымды агранулоцитоз және гемолиздік анемия

- қан кету уақытының және протромбин уақыты индексінің ұзаруы

- ангионевроздық ісіну, анафилаксия; сарысу құю ауруына ұқсас синдром, аллергиялық васкулит

- дозаға тәуелді IgA дерматозы

- қайтымды жоғары белсенділік және құрысулар

- асептикалық менингит

- Коунис синдромы (аллергиялық коронарлық синдром)

- дәрілік препарат индукциялаған энтероколит синдромы, жедел панкреатит

- антибиотикпен астасқан колит

- қара «түкті» тіл

- тіс эмалі беткейінің боялуы

- гепатит, холестаздық сарғаю

- Стивенс-Джонсон синдромы

- уытты эпидермалық некролиз

- буллёзді эксфолиативті дерматит, жедел жайылған экзантематозды пустулёз. Осы симптомдар дамығанда препарат тоқтатылуы тиіс.

- эозинофилиямен және жүйелі симптомдармен (DRESS-синдром) болатын дәрілік реакция

- интерстициальді нефрит

- кристаллурия (бүйректің жедел зақымдануын қоса)

Шығарылу түрі

11.8 г препараттан бұралатын металл қақпақтармен тығындалған күңгірт шыныдан жасалған сыйымдылығы 100 мл құтыларға құйылады.

Құтыларға өздігінен желімденетін заттаңба жапсырылады.

1 құтыдан өлшегіш қасықпен және медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Дайындалған суспензияны тоңазытқышта 7 күн бойы сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Көлемі

100 мл

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыМедоклав суспензия 156,25 мг / 5 мл 100 мл дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube