Қолдану көрсеткіштері
- талап бойынша қысқа мерзімдік әсер ететін β-агонистермен және ингаляциялық кортикостероидтармен емдеуден клиникалық әсері жеткіліксіз болғанда, 6 айдан 5 жасқа дейінгі пациенттер үшін бронх демікпесін қосымша емдеуде
- пероральді кортикостероидтарды қабылдауды қажет ететін бронх демікпесінің күрделі ұстамаларынсыз жеңіл дәрежедегі персистерленетін демікпесі бар пациенттерде ингаляциялық кортикостероидтардың аз дозаларының орнына 2-5 жастағы пациенттер үшін демікпені емдеудің балама тәсілі ретінде, сондай-ақ, ингаляциялық кортикостероидтарды көтере алмаушылықта
- 2 жастағы және одан асқан пациенттер үшін дене жүктемелерімен байланысты бронх түйілуі ұстамаларының профилактикасы үшін.