Құрамы
Ішекте еритін қабықпен қапталған Нольпаза® 40 мг препаратының бір таблеткасында 36 мг сорбитол бар, бұл дене салмағына 0,48 мг/кг тең (орташа дене салмағы 75 кг болғанда).
Препаратта таблеткаға шаққанда 1 ммоль аз натрий (23 мг) бар, яғни натрий жоқ деуге болады.
Педиатрияда қолдану
12 жасқа толмаған балаларға қауіпсіздік пен тиімділік бойынша деректердің жеткіліксіздігіне байланысты пантопразолды қолдану ұсынылмайды.
Асқазан мен он екі елі ішек ойықжарасы, Helicobacter pylori эрадикациясы, Золлингер-Эллисон синдромы кезінде 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде СЕҚҚП қабылдағаннан туындаған асқазан мен он екі елі ішектің эрозиялы-ойықжара зақымдануының алдын алу үшін пантопразол препаратын қолдану туралы деректер жоқ.
Жүктілік және лактация кезеңі
Жүктілік
Препаратты жүкті әйелдерде қолдану туралы деректердің орташа саны (жүктіліктің шамамен 300-1000 нәтижелері) Нольпаза® препаратының туа біткен немесе фето/неонаталдық уыттылығының жоқтығын көрсетеді. Егер анық қажеттілік болмаса, жүктілік кезінде Нольпаза® препаратын қолдануға болмайды.
Бала емізу
Препаратпен емдеу кезеңінде бала емізуді тоқтату керек. Зерттеулер пантопразолдың емшек сүтіне өтетінін көрсетті. Сондай-ақ пантопразолдың емшек сүтіне енуі туралы хабарламалар бар. Сондықтан, Нольпаза® препаратын ана үшін пайдасы ұрық үшін әлеуетті қауіптен артық жағдайда ғана қолдануға болады.
Фертильділік
Дәрілік заттың фертильділікке әсері анықталған жоқ.
Препараттың көлік құралын немесе әлеуетті қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Нольпаза® көлік құралдарын немесе әлеуетті қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді немесе шамалы әсер етеді.
Бас айналудың және көрудің бұзылу ықтималдығына байланысты аса назар аударуды қажет ететін басқа механизмдерді және автокөлік құралдарын басқарудан бас тарту керек.