daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Актобе қаласындағы Орнидазол Таблеткалары 500 Мг №10 | Белмедпрепараты РУП

Актобе қаласындағы Орнидазол Таблеткалары 500 Мг №10 | Белмедпрепараты РУП

Басқа сервистер немесе өзіңіз

disadvantage

Тауардың қолжетімділігі мен бағасын кепілдемейді

disadvantage

Тауар тез таусылып қалуы мүмкін

disadvantage

Daribar бонустары жоқ

disadvantage
Тегін

Daribar-дан тапсырыс бергенде

disadvantage

5–15 минут ішінде тауардың қолжетімділігі мен бағасын тексереміз

disadvantage

Жеткізу немесе 24 сағатқа брондау

disadvantage

Daribar-дың бонустары

disadvantage
Сипаттама:

Ақ немесе сарғыш реңді ақ түсті, дөңгелек, екі беті дөңес, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.

Халықаралық атауы:

Орнидазол

Өндіруші:

Белмедпрепараты РУП

Өндіруші ел:

Республика Беларусь

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: картоп крахмалы, натрий лаурилсульфаты, повидон, натрий крахмалгликоляты (А типі), сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, тальк, магний стеараты, микрокристалды целлюлоза, Опадрай II (85 G18490); Опадрай II қабығы (85 G18490) - поливинил спирті, титанның қостотығы (Е 171), тальк, макрогол/ПЭГ 3350, лецитин (соя). Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Ақ немесе сарғыш реңді ақ түсті, дөңгелек, екі беті дөңес, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.

Белсенді заттың дозасы:

500 мг

Дәрілік түрі:

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 500 мг

Қаптамадағы саны:

10 шт
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

- әйелдер мен ерлердегі трихомониаз (Trichomonas vaginalis туындатқан әйелдер мен ерлердегі несеп-жыныс инфекциялары);

- амебиаз (Entamoeba histolytica туындатқан барлық ішек инфекциялары, соның ішінде амебалық дизентерия, амебиаздың барлық ішектен тыс түрлері, әсіресе бауырдың амебалық абсцессі);

- лямблиоз

- тоқ ішекке жасалған операциялар мен гинекологиялық араласулар кезінде анаэробты инфекциялардың профилактикасы.

Қарсы көрсеткіштер

- ОЖЖ аурулары және жедел неврологиялық аурулар;

- жүктіліктің Ι триместрі;

- лактация кезеңі (емшек емізу);

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық (оның ішінде нитроимидазол туындыларына);

- 3 жасқа дейінгі балалар;

- қан жүйесінің патологиясы, гематологиялық көрсеткіштердің нормадан ауытқуы.

Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары

Препаратты ОЖЖ аурулары (эпилепсия, шашыранды склероз) бар пациенттерге сақтықпен қолдану керек. Ұсынылған дозаларды арттырған жағдайда балаларда, бауырдың зақымдануы бар пациенттерде, алкогольді шектен тыс пайдаланатын адамдарда жағымсыз реакциялардың даму қаупі артады.

Препараттың жоғары дозаларын қолданғанда және 10 күннен артық емделген жағдайда клиникалық және зертханалық мониторинг жүргізу ұсынылады.

Анамнезінде қан тарапынан бұзылулар болған кезде лейкоциттерді, әсіресе емдеудің қайталама курстарын жүргізген кезде бақылау ұсынылады.

Препаратпен емдеу жүргізу кезеңінде орталық немесе шеткері жүйке жүйесі тарапынан бұзылулардың күшеюі байқалуы мүмкін. Шеткері нейропатия, қозғалыс координациясының бұзылуы (атаксия), бас айналу немесе сананың көмескіленуі жағдайында препаратты қабылдауды тоқтату керек.

Тиісті емдеуді қажет ететін кандидомикоздың өршуі байқалуы мүмкін.

Гемодиализ жүргізілген жағдайда жартылай шығарылу кезеңінің азаюын ескеру және гемодиализге дейін және одан кейін препараттың қосымша дозаларын тағайындау қажет.

Литиймен емдеуді қолданған кезде литий тұздары, креатинин концентрациясын және электролиттердің концентрациясын бақылау қажет.

Емдеу кезінде басқа дәрілік заттардың әсері артуы немесе азаюы мүмкін.

Орнидазол препаратының құрамында соя лецитині (Е322) бар. Сояға аллергиясы бар пациенттерге бұл препаратты қабылдамаған жөн.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Кумарин қатары антикоагулянттарының әсерін күшейтеді, бұл дозаны тиісті түзетуді талап етеді, векуроний бромидінің миорелаксациялайтын әсерін ұзартады. Басқа имидазол туындыларына (метронидазол) қарағанда этанолмен үйлесімді (ацетальдегиддегидрогеназаны тежемейді).

Препаратты 5 нитроимидазолдың басқа туындыларымен бірге қолданғанда шеткері нейропатия, депрессия және эпилепсия тәрізді құрысулар байқалуы мүмкін. Микросомальді ферменттердің индукторлары болып табылатын фенобарбиталды немесе басқа препараттарды бір мезгілде қолдану орнидазолдың сарысудағы жартылай ыдырау кезеңін қысқартады.

Микросомальді фермент тежегіштері (мысалы, циметидин) плазмадағы орнидазолдың T1/2 арттырады.

Өзара әрекеттесуі

Кумарин қатары антикоагулянттарының әсерін күшейтеді, бұл дозаны тиісті түзетуді талап етеді, векуроний бромидінің миорелаксациялайтын әсерін ұзартады. Басқа имидазол туындыларына (метронидазол) қарағанда этанолмен үйлесімді (ацетальдегиддегидрогеназаны тежемейді).

Препаратты 5 нитроимидазолдың басқа туындыларымен бірге қолданғанда шеткері нейропатия, депрессия және эпилепсия тәрізді құрысулар байқалуы мүмкін. Микросомальді ферменттердің индукторлары болып табылатын фенобарбиталды немесе басқа препараттарды бір мезгілде қолдану орнидазолдың сарысудағы жартылай ыдырау кезеңін қысқартады.

Микросомальді фермент тежегіштері (мысалы, циметидин) плазмадағы орнидазолдың T1/2 арттырады.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Трихомониаз

Препараттың ұсынылатын дозалау сызбалары:

а) емдеу курсы - 1 күн:

- ересектер мен дене салмағы 35 кг-ден жоғары балалар - кешке қабылдауға 3 таблетка.

- дене салмағы 20 кг-ден жоғары балаларға арналған тәуліктік доза дене салмағының 25 мг/кг құрайды және 1 қабылдауға тағайындалады.

б) емдеу курсы 5 күн:

- ересектер мен дене салмағы 35 кг -ден жоғары балалар - 2 таблеткадан (таңертең және кешке 1 таблеткадан).

- дене салмағы 35 кг-ден төмен балаларға-ұсынылмайды.

Қайта жұқтыру мүмкіндігін болдырмау үшін жыныстық серіктес бірдей емдеу курсынан өтуі керек.

Амебиаз

Ықтимал емдеу сызбалары:

а) амебалық дизентериясы бар науқастарды 3 күндік емдеу курсы;

б) амебиаздың барлық түрлерінде 5-10 күндік емдеу курсы.

Шығарылу түрі

10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

1 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Ылғалдан және жарықтан қорғалған жерде 25 С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

2 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сақтау шарттары

Ылғалдан және жарықтан қорғалған жерде 25 С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыОрнидазол таблеткалары 500 мг №10 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube