Показания к применению
жеңілден орташа қарқындылыққа дейінгі ауыру және/немесе қызба жағдайларында симптоматикалық ем
жеңілден орташа қарқындылыққа дейінгі ауыру және/немесе қызба жағдайларында симптоматикалық ем
парацетамолға және препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық
ауыр бауырдың жеткіліксіздігі, белсенді сатыдағы бауырдың декомпенсацияланған аурулары
жуық арада болған проктит немесе ректальді қан кету (енгізу жолымен байланысты қарсы көрсетілімдер)
3 айға дейінгі балалар
К дәрумені антагонистері
К дәрумені антагонистері әсерінің және 4 күннен кем емес уақыт бойы ең жоғарғы дозада (күніне 4 г) парацетамолды қабылдаған кезде геморрагия қаупінің күшеюі.
Халықаралық қалыптасқан қатынасқа (ХҚҚ) мониторинг жүргізу керек. Парацетамолмен бір мезгілде қолданған кезде К дәрумені антагонистерінің дозасын түзету қажет болуы мүмкін.
Флуклоксациллин
Жоғары анион аралық метаболизмдік ацидоз (ЖААМА) қауіпінің жоғары болуына байланысты парацетамолды флуклоксациллинмен бір мезгілде тағайындаған кезде, әсіресе ауыр бүйрек жеткіліксіздігі, сепсис, тамақтану жеткіліксіздігі немесе созылмалы алкоголизм сияқты глутатион тапшылығы қаупінің факторы бар пациенттерде сақ болу ұсынылады. Жоғары анион аралық метаболизмдік ацидозды (ЖААМА) анықтау үшін несепте 5-оксопролинді анықтау жолымен мұқият мониторинг жүргізу ұсынылады.
Зертханалық зерттеулер
Парацетамолды өте жоғары дозада қабылдау глюкозооксидаза-пероксидаза әдісімен анықтағанда глюкоза деңгейінің бұрмалануына әкелуі мүмкін.
Парацетамолды қабылдау несеп қышқылын фосфорлывольфрам қышқылы әдісімен анықтау нәтижелеріне әсер етуі мүмкін.
Дозалау режимі
Препаратты 3 айлық баладан 10 жасқа дейінгі балаларға ректальді қолданады.
Парацетамолдың ұсынылған тәуліктік дозасы, баланың дене салмағына күніне 60 мг/кг байланысты есеппен 4 қабылдауға бөлінген.
Бір реттік доза – әр 6 сағат сайын 15 мг/кг, қабылдау, соның ішінде түнде бірдей аралықпен болуы тиіс.
Балаларда сәбидің дене салмағына сәйкес дозалануын сақтау қажет. Жасы және соған сәйкес дене салмағы болжамды келтірілген.
80 мг суппозиторийлер
Дене салмағы 4-тен 10 кг дейін балаларға (шамамен 3 айдан 12 айға дейін) 1 суппозиторийден (80 мг) тәулігіне 4 реттен асырмай әр 6 сағат сайын, тәулігіне 4 суппозиторийден (320 мг) асырмай енгізеді.
150 мг суппозиторийлер
Дене салмағы 10-нан 14 кг дейін балаларға (шамамен 12 айдан 4 жасқа дейін) 1 суппозиторийден (150 мг) тәулігіне 4 реттен асырмай әр 6 сағат сайын, тәулігіне 4 суппозиторийден (600 мг) асырмай енгізеді.
300 мг суппозиторийлер
Дене салмағы 14-тен 24 кг дейін балаларға (шамамен 4 жастан 10 жасқа дейін) 1 свечадан (300 мг) тәулігіне 4 реттен асырмай әр 6 сағат сайын, тәулігіне 4 суппозиторийден (1200 мг) асырмай енгізеді.
Балалар үшін ең жоғары доза 80 мг/кг/тәул. аспауы тиіс.
Диарея жағдайында суппозиторийлер тағайындау ұсынылмайды.
Тәулігіне 4 суппозиторийден артық қолдануға болмайды.
Пациенттердің ерекше топтары
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
Бүйрек жеткіліксіздігі жағдайында дозаны азайту және дозалар арасындағы аралықты мына кестеге сәйкес арттыру ұсынылады:
Парацетамолдың жалпы дозасы 60 мг/кг/тәул. аспауы тиіс.
Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер
Бауырдың созылмалы немесе компенсацияланған белсенді аурулары бар пациенттерде, әсіресе бауыр жеткіліксіздігімен қатар жүретін, созылмалы алкоголизм, созылмалы тамақтану жеткіліксіздігі (бауырдағы глутатион қорының жеткіліксіздігі), Жильбер синдромы (гемолитикалық емес отбасылық сарғаю) және дегидратациясы бар пациенттерде, парацетамол дозасы 60 мг/кг/тәул. аспауы тиіс.
Ерекше жағдайлар
Мына жағдайларда тәулігіне 60 мг/кг аспайтын ең аз ықтимал тиімді тәуліктік дозаны ескеру қажет:
жеңіл және орташа дәрежедегі бүйрек жеткіліксіздігі,
Жильбер синдромы (гемолитикалық емес отбасылық сарғаю),
созылмалы алкоголизм,
созылмалы тамақтану жеткіліксіздігі,
сусыздану.
Енгізу жолы және тәсілі
Енгізу жолы ректальді.
Емдеу ұзақтығы
Жергілікті уыттылық белгілерінің қаупіне байланысты ректальді емдеу ұзақтығы қысқа болуы, 3 күннен аспауы тиіс.
Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажетті шаралар
Егде жастағыларда, жасы кіші балаларда және бауыр зақымдануы бар пациенттерде, созылмалы алкоголизмнен зардап шегетіндер, созылмалы тамақтану жеткіліксіздігі бар пациенттерде ауыр улану қаупі бар. Бұл жағдайларда улану өмірге қауіпті болуы мүмкін. Бауыр зақымдануының клиникалық белгілері әдетте екі күннен кейін байқалады және 4-6 күннен кейін ең жоғарғысына жетеді.
Симптомдары: әдетте алғашқы 24 сағатта пайда болатын жүрек айнуы, құсу, анорексия, бозарыңқылық, дімкәстік, тершеңдік, іштің ауыруы.
Ересектерге 10 г-нан артық парацетамолды бір рет қабылдау және дене салмағына 150 мг/кг артық дозаны баланың бір рет қабылдауы бауырда цитолизді туындатады, ол бауыр жеткіліксіздігіне, метаболизмдік ацидозға, комамен немесе өліммен аяқталуы мүмкін энцефалопатияға әкеп соқтыратын толық және қайтымсыз некрозға әкелуі мүмкін.
Артық дозаланудан кейін 12-48 сағаттан кейін бауыр трансаминазаларының, лактатдегидрогеназа және билирубиннің деңгейінің артуы, сондай-ақ протромбин деңгейінің төмендеуі байқалады. Бауыр зақымдануының клиникалық белгілері әдетте 1-2 күннен кейін анықталады және 3-4 күннен кейін ең жоғарғысына жетеді.
Емі: улану симптомдары пайда болған жағдайда препаратты қабылдауды тоқтату және тез арада ауруханаға жатқызу ұсынылады. Қан плазмасындағы (препаратты қабылдағаннан кейін 4 сағаттан бастап) бастапқы парацетамол деңгейін анықтау үшін қан үлгілерін алу керек.
Препаратты пероральді қабылдаған жағдайда асқазанды шаяды, энтеросорбенттерді қабылдау (белсендірілген көмір, гидролиз лигнині), N-ацетилцистеин антидотын енгізу (в/і немесе пероральді), мүмкіндігінше ерте, егер мүмкін болса, препаратты қабылдағаннан кейін 10 сағатқа дейінгі мерзімде жүргізіледі. Симптоматикалық ем де жүргізіледі. Бауыр тестілері емнің басында, содан кейін әр 24 сағат сайын жүргізілуі керек. Көп жағдайда бауыр трансаминазаларының белсенділігі 1-2 апта ішінде қалыпқа келеді. Өте ауыр жағдайларда бауырды ауыстырып салу қажет болуы мүмкін.
Үлкен дозаларда ұзақ қолданғанда гепатоуытты және нефроуытты әсерлері байқалуы мүмкін.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінен кеңес алу бойынша ұсынымдар
Егер Сізге дәрілік препаратты қолдану тәсілі түсініксіз болса, кеңес алу үшін медициналық қызметкерге жүгініңіз.
5 немесе 6 суппозиторийден ақ түсті поливинилхлоридті/полиэтилен үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.
1 (6 суппозиторий үшін) немесе 2 (5 суппозиторий үшін) пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
При выборе доставки, вы можете оплатить ваш заказ на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay или Google Pay. При выборе самовывоза вы можете оплатить заказ в определенных аптеках с помощью Kaspi QR, карты или наличными либо на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay, Google Pay.
Доставка осуществляется в городах Алматы, Астане, Шымкенте, Караганде по тарифам служб доставки Яндекс и Choco, а также в другие города Казахстана по тарифам службы доставки Avis или с помощью сервиса Indrive. Все службы доставки, помимо Choco, доступны круглосуточно. Доставка Choco доступна до 01:20 в Алматы, до 00:50 в Астане, до 23:00 в Шымкенте и Караганде.
В соответствии с законодательством, по общему правилу, лекарственные средства и медицинские изделия не подлежат возврату и обмену. Для уточнения информации, обратитесь в нашу службу поддержки.
Бесплатная консультация фармацевта и возможность выбора ближайшей к Вам аптеки. Простая система проверки наличия в аптеках и удобное сравнение цен. Страница продукта содержит подробные справочные материалы и указания по применению.