daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Актобе қаласындағы Префикс Бөтелке 250 Мг / 5 Мл 60 Мл | Нобел Илач Санаи ве Тиджарет

Актобе қаласындағы Префикс Бөтелке 250 Мг / 5 Мл 60 Мл | Нобел Илач Санаи ве Тиджарет

Басқа сервистер немесе өзіңіз

disadvantage

Тауардың қолжетімділігі мен бағасын кепілдемейді

disadvantage

Тауар тез таусылып қалуы мүмкін

disadvantage

Daribar бонустары жоқ

disadvantage
Тегін

Daribar-дан тапсырыс бергенде

disadvantage

5–15 минут ішінде тауардың қолжетімділігі мен бағасын тексереміз

disadvantage

Жеткізу немесе 24 сағатқа брондау

disadvantage

Daribar-дың бонустары

disadvantage
Сипаттама:

Өзіне тән иісі бар сарғыш-ақ ұнтақ. Сумен сұйылтқаннан кейін өзіне тән иісі бар сарғыш-ақ түсті біртекті суспензия түзіледі.

Халықаралық атауы:

Цефпрозил

Өндіруші:

Нобел Илач Санаи ве Тиджарет

Өндіруші ел:

Турецкая Республика

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза/натрий карбоксиметилцеллюлозасы (NEO-C11), кросповидон (Коллидон CL-M), макрогол-глицерингидроксистеарат (Cremophor RH 40), сахароза (қант ұнтағы), глицин, аспартам, сусыз лимон қышқылы, коллоидты кремнийдің қостотығы (Аэросил 200), натрий бензоаты, натрий хлориді, банан хош иістендіргіші, бүркемелеуші хош иістендіргіш

Белсенді заттың дозасы:

250 мг/5 мл

Қаптамадағы саны:

1 шт
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

- жоғарғы тыныс алу жолдарының инфекциялары: фарингит, тонзиллит, синусит және ортаңғы отит

- төменгі тыныс алу жолдарының инфекциялары: бронхит және пневмония

- тері мен жұмсақ тіндердің инфекциялары (асқынған және асқынбаған) абсцесс

- жедел циститті қоса, несеп шығару жолдарының асқынбаған жедел инфекциялары

Қоздырғыштың цефпрозилге сезімталдығын бағалау қажет болса, сезімталдыққа тест жүргізу керек.

Қарсы көрсеткіштер

- цефпрозилге немесе басқа цефалоспориндерге және қосымша заттарға жоғары сезімталдық

- фенилкетонурия диагнозымен пациенттер

- 6 айға дейінгі балалар

Өзара әрекеттесуі

Аминогликозидті антибиотиктермен өзара әрекеттесу кезінде нефроуыттылық байқалды.

Пробенецидпен цефпрозилдің қисық астындағы ауданы 2 есе ұлғаяды және цефпрозилдің бүйрек экскрециясы тежеледі.

Цефалоспориндік антибиотиктер несептегі глюкозаға Бенедикт немесе Фелинг реактивімен жалған оң реакция тудыруы мүмкін және глюкозурияға арналған ферменттерге негізделген тестпен тудырмайды. Қандағы глюкоза анықталған кезде феррицианидпен жалған теріс реакция пайда болуы мүмкін.

Қанда цефпрозилдің болуы плазма мен несептегі креатининді сілтілік-пикраттық әдіспен сандық анықтауға әсер етпейді.

Цефпрозил анамнезінде асқазан-ішек аурулары, атап айтқанда колит бар жекелеген пациенттерге сақтықпен тағайындалуы тиіс. Цефалоспориндік антибиотиктермен емдеу кезінде Кумбс реакциясы оң болуы мүмкін.

Арнайы ескертулер

Жүктілік және лактация кезінде

Цефпрозилді қолдану қауіпсіздігі туралы нақты деректер болмағандықтан, ана үшін терапияның болжамды пайдасы шарана үшін потенциалды қауіптен асқан жағдайда ғана препаратты пайдалану ұсынылады

Енгізілген дозаның 0.3%-дан азы емшек сүтімен бөлініп шығады. Емшектегі балаларға әсері белгісіз. Цефпрозилді бала емізетін аналарға тағайындау кезінде сақ болу ұсынылады.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Автомобильді жүргізу кезінде және психомоторлық реакциялардың жылдамдығы мен жоғары зейін қоюды талап ететін басқа да қауіпті іс-шаралармен айналысқан кезде сақ болу керек.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Ересектер мен 12 жастан асқан жасөспірімдер:

жоғарғы тыныс алу жолдарының инфекциялары: әр 24 сағат сайын 500 мг (2 өлшеуіш қасық немесе 10 мл суспензия);

синусит: әр 12 сағат сайын 250 мг (1 өлшеуіш қасық немесе 5 мл суспензия);

төменгі тыныс алу жолдарының инфекциялары: әр 12 сағат сайын 500 мг (2 өлшеуіш қасық немесе 10 мл суспензия);

асқынбаған несеп шығару жолдарының инфекциясы: әр 24 сағат сайын 500 мг (2 өлшеуіш қасық немесе 10 мл суспензия);

тері мен жұмсақ тіндердің инфекциялары:

жеңіл/орташа ауырлық дәрежедегі: бір немесе екі қабылдауға 500 мг (2 өлшеуіш қасық немесе 10 мл суспензия);

ауыр ауырлықпен: әр 12 сағат сайын 500 мг (2 өлшеуіш қасық немесе 10 мл суспензия);

Балалар (6 ай – 12 жас):

Балаларға арналған ең жоғары тәуліктік доза ересектер үшін ұсынылатын ең жоғары тәуліктік дозадан аспауы керек.

- жедел ортаңғы отит кезінде ұсынылатын емдік доза әр 12 сағат сайын дене салмағына 15 мг/кг құрайды.

- тонзиллит және фарингит кезінде ұсынылатын емдік доза әр 24 сағат сайын дене салмағының 20 мг/кг немесе әр 12 сағат сайын дене салмағының 7,5 мг/кг құрайды.

Streptococcus pyogenes туындаған инфекцияны емдеу кезінде препарат кемінде 10 күн қабылдануы тиіс.

Пациенттердің ерекше топтары

Балалар

6 айға дейінгі балаларда препараттың тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған. Басқа цефалоспориндердің жаңа туған нәрестелердегі жинақталуы (осы жас тобындағы препараттардың ұзақ жартылай шығарылу кезеңіне байланысты) көрсетілген.

Егде жастағы пациенттер:

Бүйректің қалыпты жұмысы кезінде егде жастағы адамдар үшін дозаны түзету талап етілмейді

Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер:

Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде дозаны түзету талап етілмейді

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер:

Креатинин клиренсі 30 мл/мин және одан жоғары бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде цефпрозилдің әдеттегі дозасын өзгерту талап етілмейді. Креатинин клиренсі 30 мл/мин төмен пациенттерде қабылдау жиілігі өзгермейді, мұндай пациенттер цефпрозилдің әдеттегі дозалау аралығымен ұсынылатын дозасынан 50 % қабылдауы тиіс. Препарат гемодиализ арқылы организмнен ішінара шығарылатындықтан, гемодиализ алатын пациенттерде цефпрозил диализ кезеңі аяқталғаннан кейін қабылдануы тиіс.

Енгізу жолы және тәсілі

Пероральді. Тамақтану препараттың сіңуіне әсер етпейді.

Суспензия дайындау әдісі

Құрамында ұнтақ бар құтыға белгісіне дейін су қосады және біртекті суспензия алынғанша шайқайды. Әрбір қолданудың алдында суспензияны шайқау керек.

Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажет шаралар

Симптомдары: тәбеттің жоғалуы, диарея, ауыр артық дозаланғанда: жүрек айнуы, құсу, ішек шаншуы, апоплексия, сезімталдықтың төмендеуі және қол мен аяқтағы шаншу сезімі, сондай-ақ бұлшықет түйілуі.

Емі: цефпрозил негізінен бүйрек арқылы шығарылады. Ауыр артық дозалану жағдайында, әсіресе бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде цефпрозилді гемодиализ арқылы шығарады.

Дәрілік препаратты қабылдаудан бұрын дәрігерге немесе фармацевтке хабарласыңыз.

Шығарылу түрі

30.0 г немесе 50.0 г ұнтақтан алғашқы ашылуы бақыланатын бұрандалы полипропилен қақпағымен тығындалған белгісі бар күңгірт шыныдан жасалған құтыларға салынады. Құтыға заттаңба жапсырады.

1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге пластмасса өлшегіш қасықпен жиынтықта картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Дайын суспензияны тоңазытқышта 2°С -ден 8°С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

2 жыл

Суспензияны дайындағаннан кейін сақтау мерзімі 14 күн.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды

Көлемі

60 мл

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыпрефикс бөтелке 250 мг / 5 мл 60 мл дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
2725

-ден

Сіздің үнемдеуіңіз: 69

i

Жақсы іздеудің арқасында пайда:

Орташа баға Актобе:

Daribar-дан тапсырыс бергенде:

Сіздің үнемдеуіңіз:

2794

2725

69

Себетке

Құрамы

Тауар туралы қысқашаНұсқаулықСатып алу мәліметтері

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube