daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Актобе қаласындағы Синупрет Сиропы 100 Мл | Bionorica AG

Актобе қаласындағы Синупрет Сиропы 100 Мл | Bionorica AG

Басқа сервистер немесе өзіңіз

disadvantage

Тауардың қолжетімділігі мен бағасын кепілдемейді

disadvantage

Тауар тез таусылып қалуы мүмкін

disadvantage

Daribar бонустары жоқ

disadvantage
Тегін

Daribar-дан тапсырыс бергенде

disadvantage

5–15 минут ішінде тауардың қолжетімділігі мен бағасын тексереміз

disadvantage

Жеткізу немесе 24 сағатқа брондау

disadvantage

Daribar-дың бонустары

disadvantage
Сипаттама:

Шие иісі бар, ашық-қоңыр түсті мөлдір тұтқыр сұйықтық. Сақтау үдерісінде бұлыңғырлануы және аздап шөгінді түзілуі мүмкін.

Өндіруші:

Bionorica AG

Өндіруші ел:

Федеративная Республика Германия

Қаптамадағы саны:

1 шт

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

тұтқыр сөліністің түзілуімен қоса жүретін жедел және созылмалы синуситтерде (этмоидиттер, фронтиттер, гаймориттер).

Қарсы көрсеткіштер

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- 2 жасқа дейінгі балалар

Өзара әрекеттесуі

Басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі қазіргі уақытқа дейін белгісіз.

Арнайы ескертулер

Егер сіздің мұрыныңыздан қан кетсе, қызба, қатты ауырсыну, мұрыннан іріңді бөлінулер, көрудің бұзылуы, беттің ортаңғы бөлігінің немесе көздің асимметриясы немесе беттің ұйып қалуы болса, дәрігермен кеңесіңіз, өйткені бұл симптомдар, әдетте, риносинуситтің барлық түрлері үшін маңызды ескерту ретінде қарастырылады және дәрігер-маманның тексеруін және шұғыл емді талап етеді. Егер симптомдар 7-14 күннен артық сақталса, нашарласа немесе мезгіл-мезгіл қайталанса дәрігермен кеңесу қажет.

Гастрит расталған және асқазаны әлсіз пациенттер жағдайында осы дәрілік затты қабылдау кезінде ерекше сақтық сақтау керек. Синупрет® шәрбатын тамақтанудан кейін және бір стакан сумен қабылдаған дұрыс.

1 мл шәрбаттың құрамында 0,0629 мл спирт бар.

Қант диабеті бар науқастар

Аталған препарат құрамында мальтит ерітіндісі бар. Егер сізге қанттың белгілі бір түрлері жақпайтыны белгілі болса, препаратты қабылдар алдында дәрігермен кеңесіңіз.

7,0 мл шәрбат құрамында 5,5 г мальтит ерітіндісі бар, бұл шамамен 0,35 нан бірлігіне (НБ) сай келеді. Энергетикалық құндылығы мальтиттің 2,3 ккал/г құрайды. Мальтит аздап іш жүргізетін әсер беруі мүмкін.

Педиатрияда қолдану

2 жасқа дейінгі балаларда Синупрет шәрбатын қолдануға қатысты тиісті зерттеулер жүргізілген жоқ. Сондықтан препаратты 2 жасқа дейінгі балаларға тағайындамаған дұрыс.

Жүктілік немесе лактация кезеңінде

Синупрет® шәрбатын жүктілік кезеңінде емдеуші дәрігердің пайда және қауіп арақатынасын мұқият бағалағаннан ғана қолдануға болады.

Лактация (емшек емізу) кезеңінде қолдану тәжірибесінің жоқ болуына байланысты препаратты осы кезеңде қолдануға болмайды.

Препараттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препарат ұсынылған дозаларда көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Шығарылу түрі

100 мл препараттан жоғарғы жағында дозалаушы тамызғыш құрылғысы, алғаш ашылуы бақыланатын бұрап жабылатын қақпағы және өлшегіш қалпақшасы бар күңгірт шыны құтыда. Құтыға өздігінен желімденетін заттаңба жапсырылады.

1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге жиналмалы картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

4 жыл

Құтыны ашқаннан кейінгі қолдану кезеңі 6 ай

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Көлемі

100 мл

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыСинупрет сиропы 100 мл дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
3025

-ден

Сіздің үнемдеуіңіз: 841

i

Жақсы іздеудің арқасында пайда:

Орташа баға Актобе:

Daribar-дан тапсырыс бергенде:

Сіздің үнемдеуіңіз:

3866

3025

841

Себетке

Құрамы

Тауар туралы қысқашаНұсқаулықСатып алу мәліметтері

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube