Қарсы көрсеткіштер
препараттың әсер етуші заттарына, дигидропиридиннің басқа туындыларына немесе «Дәрілік препараттың құрамы» бөлімінде аталған қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
бауыр функциясының ауыр бұзылуы, биллиарлы цирроз, холестаз
айқын артериялық гипотензия
жүктіліктің екінші және үшінші семестрі
18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
ІІ типті қант диабеті немесе бүйректің жеткіліксіздігіне (креатинин клиренсі <60 мл/мин/1,73 м2) шалдыққан пациенттерде құрамында алискирен бар препараттармен бір мезгілде қолдану
шок (кардиогенді шокты қоса)
сол жақ қарыншадан шығатын жолдың обструкциясы (мысалы, гипертрофиялық обструктивті кардиомиопатия және айқын аортальді стеноз)
жедел миокард инфарктісінен кейін жүрек функциясының гемодинамикалық тұрғыдан тұрақсыз жеткіліксіздігі