daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Актобе қаласындағы Виагра Таблеткалары 50 Мг №1 | Фарева Амбуаз

Актобе қаласындағы Виагра Таблеткалары 50 Мг №1 | Фарева Амбуаз
Сипаттама:

Дөңгелектенген ромб түріндегі, екі жақ беті дөңес, бір жақ бетінде «Pfizer» деген, басқа жақ бетінде «VGR 25» (25мг доза үшін), «VGR 50» (50 мг доза үшін) немесе «VGR 100» (100 мг доза үшін) деп жазылған, үлбірлі қабықпен қапталған көгілдір түсті таблеткалар.

Халықаралық атауы:

Силденафил

Өндіруші:

Фарева Амбуаз

Өндіруші ел:

Франция

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, сусыз кальций гидрофосфаты, натрий кроскармеллозасы, магний стеараты. қабығының құрамы: опадрай көгілдір OY-LS-20921 (гипромеллоза, лактоза, триацетин, титанның қостотығы (Е 171) және индигокармин алюминий лагы (Е132)), опадрай мөлдір YS-2-19114-А (гипромеллоза және триацетин). Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Дөңгелектенген ромб түріндегі, екі жақ беті дөңес, бір жақ бетінде «Pfizer» деген, басқа жақ бетінде «VGR 25» (25мг доза үшін), «VGR 50» (50 мг доза үшін) немесе «VGR 100» (100 мг доза үшін) деп жазылған, үлбірлі қабықпен қапталған көгілдір түсті таблеткалар.

Белсенді заттың дозасы:

50 мг

Дәрілік түрі:

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 25 мг, 50 мг, 100 мг.

Қаптамадағы саны:

1 шт
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Виагра® препаратының құрамында әсер етуші зат — 5 типті фосфодиэстераза (ФДЭ-5) тежегіштері деп аталатын дәрілік препараттар тобына жататын силденафил бар. Препарат жыныс мүшесіндегі қантамырлардың босаңсуына ықпал етеді, бұл сексуалдық қозу кезінде қанның жыныс мүшесіне қарай ағуына мүмкіндік береді. Виагра® Сізге сексуалдық стимуляция жағдайында ғана эрекцияға қол жеткізуге көмектеседі.

Виагра® импотенция ретінде белгілі эректильді дисфункциясы бар ересек еркектерді емдеуге арналған. Бұл еркек жыныстық қатынас жасау үшін жыныс мүшесін жеткілікті дәрежеде қатты, эрекцияланған күйінде ұстап тұра алмайтын немесе сондай күйіне қол жеткізе алмайтын жағдай.

Қарсы көрсеткіштер

әсер етуші затқа немесе «Қосымша мәліметтер» бөлімде атап көрсетілген қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

азот тотығының донаторлары (амилнитрит) болып табылатын препарат-тарды немесе нитраттарды кез келген формада бір мезгілде қабылдау

гуанилатциклаза стимуляторларымен (риоцигуат) бір мезгілде қабылдау

бауырдың ауыр жеткіліксіздігі

көздің торқабығының тұқым қуалайтын дегенерациялық аурулары (мысалы, тұқым қуалайтын пигменттік ретинит (бұл пациенттердің азғантай санында торқабық фосфодиэстеразалары функциясының тұқым қуалайтын бұзылулары))

көру жүйкесінің алдыңғы артерииттік емес ишемиялық нейропатиясының (КЖААЕИШ) салдарынан бір көздің көрмей қалуы, бұл көрініс ФДЭ-5 тежегішін алдында қолдануға қатысты-қатыссыз екеніне қарамастан

артериялық гипотензия (АҚ < 90/50 мм сн. бағ.)

ауыр жүрек-қантамыр аурулары (мысалы, жүректің ауыр жеткіліксіздігі, тұрақсыз стенокардия)

соңғы 6 айда бастан өткерген миокард инфарктісі

соңғы 6 айда бастан өткерген инсульт

сирек тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Лапп лактаза тапшылығы немесе глюкоза және галактоза мальабсорбциясы синдромы бар еркектерге

Тіркелген көрсетілім бойынша препарат балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде және әйелдерде қолдануға арналмаған.

Өзара әрекеттесуі

Егер пациент кез келген басқа препараттарды қабылдап жатса, жақында қабылдаса немесе қабылдауы мүмкін болса, емдеуші дәрігерге немесе фармацевтке хабарлау қажет.

Виагра® препаратының таблеткалары кейбір дәрілік заттармен, әсіресе кеуденің ауыруын емдеу үшін пайдаланылатын дәрілермен өзара әрекеттесе алады. Кезек күттірмейтін жағдай туындағанда емдеуші дәрігерге, фармацевтке немесе медбикеге пациенттің Виагра® препаратын қабылдағаны және ол қашан болғаны туралы хабарлау қажет. Виагра® препаратын емдеуші дәрігердің рұқсатынсыз басқа дәрілік препараттармен қабылдауға болмайды.

Егер пациент нитраттар деп аталатын дәрілік препараттарды қабылдаса, пациентке Виагра® препаратын қабылдауға болмайды, өйткені осы препараттардың біріктірілімі артериялық қысымның қауіпті төмендеуіне әкеп соғуы мүмкін. Барлық жағдайларда пациент стенокардияны (немесе «кеуденің ауыруы») емдеу үшін жиі қолданылатын осы дәрілік препараттардың кез-келгенін қабылдаса, дәрігерге, фармацевтке немесе медбикеге хабарлау қажет.

Егер пациент азот тотығының донорлары ретінде белгілі қандай да бір дәрілік препараттарды, мысалы, амилнитритті («попперс») пайдаланса, Виагра® препаратын қабылдауға болмайды, өйткені осы препараттардың біріктірілімі де артериялық қысымның қауіпті төмендеуіне әкелуі мүмкін.

Егер пациент риоцигуатты қабылдаса, бұл туралы емдеуші дәрігерге немесе фармацевтке хабарлау қажет.

Егер пациент «протеаза тежегіштері» ретінде белгілі, мысалы, АИТВ-ны емдеу үшін қолданылатын дәрілік препараттарды қабылдаса, емдеуші дәрігер пациентке Виагра® препаратының ең төмен дозасымен (25 мг) ем тағайындай алады.

Жоғары артериялық қысымды немесе простатаның кеңеюін емдеу үшін альфа-блокаторларын қабылдаған кейбір пациенттерде бас айналуы немесе естен тану алдындағы күй пайда болуы мүмкін, бұл пациент тез отырғаннан немесе тұрғаннан кейін төмен артериялық қысымнан туындауы мүмкін. Кейбір пациенттерде бұл симптомдар альфа-блокаторлары бар Виагра® препаратын қабылдау кезінде байқалды. Бұл Виагра® препаратын қабылдағаннан кейін 4 сағат ішінде орын алуы ықтимал. Осы симптомдардың туындау ықтималдығын азайту үшін пациент Виагра® препаратын қабылдауды бастар алдында альфа-блокатордың әдеттегі тәуліктік дозасын ұстанған жөн. Емдеуші дәрігер пациентке Виагра® (25 мг) препаратының анағұрлым төмен дозасымен ем тағайындай алады.

Егер сіз жүрек жеткіліксіздігін емдеу үшін пайдаланылатын, құрамында сакубитрил/валсартан бар дәрілерді қабылдап жүрсеңіз, өзіңіздің емдеуші дәрігеріңізге хабарлаңыз.

Тамақпен, сусындармен және алкогольмен өзара әрекеттесуі

Виагра® препаратын тамақпен бірге немесе онсыз қабылдауға болады. Дегенмен, пациент Виагра® препаратының әсері басталу үшін ауыр тағаммен қабылдаған жағдайда көбірек уақыт қажет болуы мүмкін.

Алкогольді тұтыну эрекция қабілетіне уақытша теріс әсер етуі мүмкін. Препаратты қабылдаудан барынша пайда алу үшін Виагра® препаратын қабылдағанға дейін алкогольді ішімдіктердің артық мөлшерін тұтынбау ұсынылады.

Арнайы ескертулер

Қосымша заттарға қатысты айрықша нұсқаулар

Виагра® препаратының құрамында лактоза бар.

Егер бұрын дәрігер пациентте кейбір қанттардың, мысалы, лактоза жақпаушылығы бар екенін хабарлаған болса, Виагра® препаратын қабылдағанға дейін дәрігерге қаралу қажет.

Виагра® препаратының құрамында натрий бар

Бұл дәрілік препараттың құрамында бір реттік дозасыда 1 ммольден аз натрий (23 мг) бар, яғни ол натрийсіз деп есептеледі.

Педиатрияда қолданылуы

Виагра® препаратын 18 жасқа толмаған адамдарға тағайындауға болмайды.

Бүйрек немесе бауыр аурулары бар пациенттерге арналған айрықша ұсынымдар

Егер пациентте бүйрек немесе бауыр проблемалары болса, дәрігерге хабарлау керек. Емдеуші дәрігер пациентке төмен дозаны қолдану туралы шешім қабылдауы мүмкін.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Виагра® препаратын әйелдерге қолдануға болмайды.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Виагра® препараты бас айналуын туындатуы және көру қабілетін бұзуы мүмкін. Автокөлік құралдарын басқару немесе механизмдермен жұмыс істеу алдында пациенттің организмі Виагра® препаратын қабылдауға қандай реакция беретінін біліп алу қажет.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Препаратты әрдайым дәрігер немесе фармацевт ұсынғандай, дәл солай қабылдау керек. Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда дәрігермен немесе фармацевтпен кеңесу керек.

Дозалау режимі

Препараттың ұсынылатын бастапқы дозасы - 50 мг.

Енгізу әдісі мен жолы

Ішке қабылдауға арналған.

Үлбірлі қабықпен қапталған Виагра ® таблеткаларын ұсақталатын пероральді Виагра® таблеткаларымен бірге қабылдамау керек.

Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі

Виагра® препаратын күніне бір реттен жиі қабылдауға болмайды.

Виагра® препаратын пациент жыныстық қатынасқа түсуді жоспарлағанға дейін шамамен бір сағат бұрын қабылдаған жөн. Таблетканы бір стақан сумен іше отырып, тұтастай жұту керек.

Егер Виагра® препаратын қабылдаудың әсері тым күшті немесе тым әлсіз болып көрінсе, емдеуші дәрігерге немесе фармацевтке қаралу қажет.

Емдеу ұзақтығы

Виагра® препараты пациентке сексуалдық стимуляция жағдайында ғана эрекцияға қол жеткізуге көмектеседі. Виагра® препараты әсер ете бастауы үшін қажетті уақыт аралығы әртүрлі адамдарда өзгеше, бірақ әдетте жарты сағаттан бір сағатқа дейін құрайды. Пациент Виагра® препаратының әсері басталу үшін ауыр тағаммен қабылдаған жағдайда көбірек уақыт қажет болуы мүмкін.

Егер Виагра® препараты пациенттің эрекцияға қол жеткізуіне көмектеспесе немесе пациенттің эрекциясы жыныстық қатынасты аяқтау үшін ұзаққа созылмаса, бұл туралы емдеуші дәрігерге хабарлау керек.

Артық дозаланған жағдайда қабылдануы қажет шаралар

Пациент жағымсыз әсерлердің санын және олардың көрініс беру ауырлығын арттыруы мүмкін. Препараттың 100 мг асатын дозалары оның тиімділігін арттырмайды.

Емдеуші дәрігер тағайындағаннан артық таблетка қабылдауға болмайды.

Егер пациент қажет болғаннан көп таблетка қабылдаса, дәрігермен кеңесу керек.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну жөніндегі ұсынымдар

Егер пациентте осы препаратты қолдану жөніндегі қосымша сұрақтар туындаса, дәрігермен, фармацевтпен немесе медбикемен кеңесу қажет.

Шығарылу түрі

1 немесе 4 таблеткадан поливинилхлорид үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

1 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

30 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Ішіндегісін ылғалдан қорғау үшін түпнұсқалық қаптамасында сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

5 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

30 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Ішіндегісін ылғалдан қорғау үшін түпнұсқалық қаптамасында сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыВиагра таблеткалары 50 мг №1 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді

Бағалаулар және пікірлер

Тауар рейтингі
3.40/5
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
5 бағалау
1
star
2
2
star
0
3
star
0
4
star
0
5
star
3
empty star
filled star
empty star
empty star
empty star
empty star
13 Сентября 2023

Комментарий: Никакого результата.

empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
19 Июля 2022

Комментарий: Отличная таблетка.

empty star
filled star
empty star
empty star
empty star
empty star
14 Апреля 2022

Недостатки: Эффект отсутствует.

empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
12 Марта 2022

Достоинства: Влияет через час при приеме натощак.

empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
28 Декабря 2021

Достоинства: Препарат эффективен.

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube