daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Алматы қаласындағы Дюспаталин Капсула Ретард 200 Мг №30 | Майлан Лабораториз САС

Алматы қаласындағы Дюспаталин Капсула Ретард 200 Мг №30 | Майлан Лабораториз САС
Сипаттама:

Ақ түсті корпусы мен қақпақшасы бар, корпусында “245” таңбасы бар, өлшемі №1 қатты желатинді капсулалар. Капсуланың ішіндегісі – ақ немесе ақ дерлік түйіршіктер. Шығарылу түрі және қаптамасы 15 капсуладан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады. 1 немесе 2 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Халықаралық атауы:

Мебеверин

Өндіруші:

Майлан Лабораториз САС

Өндіруші ел:

Франция

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: магний стеараты, метакрил қышқылының сополимері (Eudragit E30D), тальк, гипромеллоза, метакрил және этакрил қышқылының сополимері (Eudragit L30D), глицерол триацетаты, капсула қабығы: желатин, титанның қостотығы (E171), сия құрамы: шеллак, темірдің қара тотығы (Е172), пропиленгликоль, аммиак ерітіндісі (күшті), калий гидроксиді. Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Ақ түсті корпусы мен қақпақшасы бар, корпусында “245” таңбасы бар, өлшемі №1 қатты желатинді капсулалар. Капсуланың ішіндегісі – ақ немесе ақ дерлік түйіршіктер. Шығарылу түрі және қаптамасы 15 капсуладан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады. 1 немесе 2 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Белсенді заттың дозасы:

200 мг

Қаптамадағы саны:

30 шт.
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

- ішек және өт шығару жолдарының функционалдық бұзылыстарымен байланысты ауыру мен жайсыздықты симптоматикалық емдеу.

Қарсы көрсеткіштер

белсенді ингредиентке немесе қосымша мәліметтер бөлімінде тізілген қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Ересектер

200 мг (1 капсула) тәулігіне 2 рет (таңертең және кешке).

Емдеу ұзақтығы

Препаратты 200 мг дозада қабылдаған кезде симптомдарды жеңілдету емдеудің 2-4 аптасы ішінде басталады, тұрақты клиникалық әсерге қол жеткізу үшін емдеу ұзақтығы кемінде 6-8 аптаны құрауы тиіс. Қабылдау ұзақтығы шектелмейді.

Егер бір немесе одан көп дозаны қабылдауды өткізіп алса, келесі капсула тағайындау кестесіне сәйкес қабылданады, өткізіп алған дозаларды қосымша қабылдамау керек.

Енгізу жолы және тәсілі

Капсулалар жеткілікті мөлшерде сумен іше отырып, ішке қабылданады (100 мл-ден кем емес). Капсулаларды шайнамай, бүтіндей жұту керек, өйткені капсуланының сырты босап шығуы ұзаққа созылатын механизмді қамтамасыз етуге арналған.

Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажет шаралар

Симптомдары: артық дозалану жағдайында ОЖЖ қозғыштығының жоғарылауы теориялық тұрғыдан мүмкін. Мебевериннің артық дозалануы жағдайында симптомдар жоқ немесе шамалы болды және, әдетте, тез қайтымды болды. Артық дозаланудың байқалған симптомдары неврологиялық және жүрек-қантамырлық сипатта болды.

Емі: Спецификалық антидоты белгісіз; симптоматикалық емдеу ұсынылады. Асқазанды шаю препараттың бірнеше дозасын қабылдағаннан кейін шамамен бір сағат ішінде уыттану құбылыстары пайда болғанда ғана қажет. Абсорбцияны төмендету бойынша іс-шаралар талап етілмейді.

Препаратты қабылдау бойынша сұрақтар туындаған жағдайда дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне кеңес алу үшін жүгінуді ұсынамыз.

Шығарылу түрі

15 капсуладан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.

1 немесе 2 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамада 5С-ден 25С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамада 5С-ден 25С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыДюспаталин капсула ретард 200 мг №30 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube