Қолдану көрсеткіштері
Көрсетілімдер метронидазолдың паразитке қарсы және бактерияға қарсы белсенділігіне және оның фармакокинетикалық сипаттамаларына негізделген. Көрсетілімдер осы дәрілік препараттың клиникалық зерттеулерін де, оның қазіргі уақытта бар инфекцияға қарсы дәрілік заттар қатарындағы орнын да ескереді.
Көрсетілімдер дәрілік препаратқа сезімтал микроорганизмдерден туындаған инфекциялармен шектеледі:
амебиаз
урогенитальді трихомониаз
спецификалық емес вагинит
лямблиоз
хирургиялық араласулар кезінде анаэробты инфекцияның профилактикасы
инъекциялық емнен ауысқан кезде метронидазолға сезімтал анаэробты микроорганизмдерден туындаған инфекцияларда екінші желінің емі
Бактерияға қарсы дәрілерді тиісінше қолдануға қатысты ресми ұсынымдарды ескеру қажет.