Қолдану көрсеткіштері
АВИПРАКС сезімтал микроорганизмдер әсерінен туындаған келесі жедел инфекцияларды емдеуге арналған:
- созылмалы бронхиттің өршуі
- ауруханадан тыс пневмония
- төменгі несеп шығару жолдарының инфекциясы
- пиелонефрит
- ортаңғы құлақ отиті
- синусит
- фарингит
Цефиксимді қоздырғышы кеңінен қолданылатын басқа антибиотиктерге төзімді болатын инфекциялық ауруларда (белгілі болғанда немесе күдік туындағанда), тиімсіз ем немесе айтарлықтай қауіп төндіретіндігі белгілі болған жағдайда қолдану қажет.
Антибактериялық заттарды дұрыс қолдану туралы ресми нұсқаулықты қарастырған жөн.