Қолдану көрсеткіштері
- бета-талассемиясы ауқымды пациенттерде қан трансфузиясы нәтижесінде темірмен созылмалы қатты қанығуды емдеу
- пациенттердің келесі топтарында дефероксаминмен ем қарсы көрсетілімді немесе талапқа сай емес болатын қан трансфузиясы нәтижесінде темірмен созылмалы қатты қанығуды емдеу:
жиі емес қан трансфузиясы салдарынан темірмен қатты қанығуы болатын ауқымды бета-талассемиясы бар ересек пациенттерде (<7 мл/кг/айына эритроцитарлық масса)
басқа анемиялары бар ересек пациенттерде
- трансфузияға тәуелді емес талассемиялық синдромдары бар пациенттерде дефероксаминмен ем қарсы көрсетілімді немесе талапқа сай емес болатын хелатты емді талап ететін темірмен созылмалы қатты қанығуды емдеу