Қолдану көрсеткіштері
Ересектерде детоксикациялық дәрі ретінде:
шығу тегі әр түрлі жедел және созылмалы уыттанулар;
күшті әсер ететін және улы заттармен, оның ішінде, дәрілік
препараттармен және алкогольмен, алкалоидтармен, ауыр металл
тұздарымен жедел улану;
жедел ішек инфекцияларында кешенді ем құрамында;
айқын уыттанумен қатар жүретін іріңді-сепсистік аурулар, кешенді ем
құрамында;
тағамға және дәріге аллергия;
гипербилирубинемия (вирустық гепатиттер) және гиперазотемия
(созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі);
зиянды өндірісте істейтін жұмысшыларға созылмалы уыттану
профилактикасы мақсатында (политропты әсер ететін химиялық
агенттермен кәсіби, ксенобиотиктермен, бір құрамға бірлестірілген
радионуклидтермен, қорғасын, сынап, мышьяк қосылыстарымен, мұнай
өнімдерімен, органикалық еріткіштермен, азот тотықтарымен,
көміртегімен, фторидтермен, ауыр металл тұздарымен уыттануда).