Қолдану көрсеткіштері
ауруханалық пневмонияда
ауруханадан тыс пневмонияда
Линезолид, егер қоздырғышы белгілі болса немесе оған күдік бар болса, ересектерде грамоң бактериялардан туындаған ауруханадан тыс және ауруханаішілік пневмонияны емдеу үшін қолданылады. Линезолидті тағайындаған кезде микробиологиялық зерттеу нәтижелеріне және грамоң бактериялардың тұрақтылығы жөніндегі ақпаратқа көңіл бөлінуі тиіс. Линезолид грамтеріс микроорганизмдерден туындаған инфекцияларға қатысты белсенді емес. Егер грамтеріс патоген белгілі болса немесе оған күдік бар болса, грамтеріс организмдерге қарсы спецификалық ем бір мезгілде басталуы тиіс.
тері мен жұмсақ тіндердің асқынған инфекцияларында
Линезолидті, егер инфекцияның сезімтал грамоң бактериялардан туындағаны микробиологиялық зерттеулермен анықталған жағдайларда ғана, ересектердегі тері мен жұмсақ тіндердің асқынған инфекцияларын емдеуге қолданады.
Линезолид грамтеріс микроорганизмдерден туындаған инфекцияларға қатысты белсенді емес. Линезолидті инфекция қоздырғышы белгілі тері мен жұмсақ тіннің асқынған инфекциялары бар пациенттерге немесе грамтеріс микроорганизмдердің біріккен инфекцияларында, емдеудің баламалы нұсқалары жоқ болған жағдайда, тағайындаған жөн. Осындай жағдайда грамтеріс микроорганизмдерге қарсы ем бір мезгілде басталуы тиіс.
Линезолидпен емдеу стационар жағдайында және микробиологтан немесе инфекционист дәрігерден кеңес алғаннан кейін жүргізілуі тиіс.