daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Астане қаласындағы Натрий Сульфацил Көз Тамшылары 20% 5 Мл | Медоптик ТОО

Астане қаласындағы Натрий Сульфацил Көз Тамшылары 20% 5 Мл | Медоптик ТОО

Басқа сервистер немесе өзіңіз

disadvantage

Тауардың қолжетімділігі мен бағасын кепілдемейді

disadvantage

Тауар тез таусылып қалуы мүмкін

disadvantage

Daribar бонустары жоқ

disadvantage
Тегін

Daribar-дан тапсырыс бергенде

disadvantage

5–15 минут ішінде тауардың қолжетімділігі мен бағасын тексереміз

disadvantage

Жеткізу немесе 24 сағатқа брондау

disadvantage

Daribar-дың бонустары

disadvantage
Сипаттама:

Түссіз, мөлдір немесе сәл сарғыш сұйықтық

Халықаралық атауы:

Сульфацетамид

Өндіруші:

Медоптик ТОО

Өндіруші ел:

Республика Казахстан

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: натрий тиосульфаты, инъекцияға арналған су

Белсенді заттың дозасы:

20%

Қаптамадағы саны:

1 шт

Аналогтары

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Сульфацетамидке сезімтал микроорганизмдерден туындаған көз ауруларын кешенді емдеуде:

мөлдір қабықтың, тамырлы қабық алдыңғы бөлігінің және көз жасы ағатын жолдарының іріңді ойық жаралары

инфекциялық конъюнктивит

блефариттер.

Қарсы көрсеткіштер

сульфацетамидке және препараттың қосымша заттарына жоғары сезімталдық

- 2 айға дейінгі балалар (көзге тамызатын дәрі, 20%)

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер (көзге тамызатын дәрі, 30%)

Қолданған кездегі қажетті сақтандыру шаралары

Сульфаниламидтерге сирек кездесетін ауыр реакциялар тіркелді, оларға Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермальді некролиз, бауырдың шұғыл дамитын некрозы, агранулоцитоз, апластикалық анемия және басқа да патологиялық қан өзгерістері кірді.

Сенсибилизация енгізу әдісіне қарамастан сульфаниламидтер қайта тағайындалған кезде пайда болуы мүмкін. Аса жоғары сезімталдық реакциялары сульфаниламидтерге анамнезінде аса жоғары сезімталдық болмаған адамдарда да тіркелді. Аса жоғары сезімталдықтың, тері бөртпесінің немесе басқа ауыр реакциялардың алғашқы белгілерінде бұл препаратты қолдануды тоқтату керек.

Жергілікті бактерияға қарсы препараттарды ұзақ уақыт қолдану патогендердің, соның ішінде зеңдердің шамадан тыс өсуіне, сондай-ақ бактериялардың сульфаниламидтерге сезімталдығының дамуына әкелуі мүмкін. Сульфаниламидтердің тиімділігі іріңді экссудатта парааминобензой қышқылының жоғары концентрациясы болған кезде төмендейді. Сенсибилизация сульфаниламидтерді қайта тағайындағанда немесе әртүрлі сульфаниламидтер арасындағы айқас сезімталдық нәтижесінде пайда болуы мүмкін.

Жоғары cезімталдықтың алғашқы белгілерінде, іріңді бөліністердің артуы немесе қабынудың немесе ауырсынудың жоғарылауы кезінде пациент препаратты қолдануды тоқтатып, дәрігерге қаралуы керек.

Тамызу кезінде тамшылатқыш-құты ұшының басқа заттармен немесе беткейлермен жанаспауын қадағалау керек. Тамызғаннан кейін құты-тамшылатқышты қақпақпен тығыз жабылады!

Басқа дәрілік препараттармен  өзара әрекеттесуі

Прокаин, тетракаин, новокаин, дикаин, анестезин және гентамицинмен бірге қолдану бактериостатикалық әcерін төмендетеді. ПАСҚ, салицилаттар, дифенин сульфацилдің уыттылығын күшейтеді. Тікелей әсер етпейтін антикоагулянттармен қолданғанда соңғыларының спецификалық белсенділігі артады. Күміс тұздарымен үйлесімсіз. Хлорамфениколмен бір мезгілде қолдану соңғысының жағымсыз әсерінің даму қаупін арттырады. Cульфацил натрийді мырыш сульфатымен бірге қолданғанда ерітіндінің шөгуі болуы мүмкін.

Арнайы ескертулер

Жүктілік немесе лактация кезінде

Сульфаниламидті препараттарды офтальмологиялық қолдануға қатысты зерттеулер жүргізілген жоқ. Бұл препаратты жүктілік кезінде, егер болжанатын пайдасы шаранаға төнетін зор қауіптен артық болатын жағдайларда ғана қолданылады.

Сульфаниламидтерді жүйелі түрде енгізу, аналары лактация кезеңінде сульфаниламидтерді қабылдайтын жаңа туған нәрестелерде ядролық сарғаюға әкелуі мүмкін. Жаңа туған нәрестелерде ядролық сарғаюдың даму мүмкіндігіне байланысты бала емізетін әйелдерге көзге тамызатын дәрі түрінде сульфаниламидтерді тағайындау туралы шешім қауіп/пайда арақатынасын ескере отырып қабылдануы керек.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Көлік құралын немесе ықтимал қауіпті механизмдерді басқару кезінде препараттың жағымсыз әсерлерін ескере отырып, сақтықпен қолдану қажет.

Тамызудан кейін көздің бұлыңғырлануы дамыған жағдайда анық көру қалпына келгенше көлік құралдарын басқарудан және жоғары зейін қоюды және психомоторлық реакциялар шапшаңдығын талап ететін аса қауіпті қызмет түрлерімен шұғылданудан тартына тұру қажет.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Конъюнктива қалтасына тамызады: ересектерге күніне әр 2-3 сағат сайын 30% ерітіндінің 1-2 тамшысы.

2 айдан 2 жасқа дейінгі балаларға күніне 4 рет 20% ерітіндінің 1 тамшысы, 2 жастан бастап күніне әр 4 сағат сайын 20% ерітіндінің 2 тамшысы. Доза жай-күйдің жақсаруына қарай күніне 3-4 ретке дейін азайтылады.

Емдеу курсы 7-10 күн.

Енгізу әдісі мен жолы

Жергілікті қолдану үшін

Емдеу ұзақтығы

Емдеу курсын дәрігер аурудың сипаты мен ауырлығына байланысты анықтайды. Орташа алғанда, курстың ұзақтығы 7-10 күн.

Артық дозаланған жағдайда қабылдануы тиіс шаралар

Препаратты жиі қолданған кезде қабақтың қызаруы, қышынуы, ісінуі, көздің шырышты қабығының айтарлықтай тітіркенуі мүмкін.

Емі: Бұл жағдайда Сульфацил ерітіндісімен емдеу аз концентрацияда жалғасады, қажет болған жағдайда препарат тоқтатылады және симптоматикалық ем тағайындалады.

Дәрілік препараттың қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алуға жүгіну жөніндегі ұсынымдар

Дәрілік препараттың қолдану тәсілін түсіну үшін  медициналық қызметкердің кеңесіне жүгіну ұсынылады

Шығарылу түрі

5 мл-ден алғашқы ашылуы бақыланатын қақпақтармен герметикалық тығындалған полиэтиленнен жасалған тамшылатқыш құтыларда.

Құтыға өздігінен жабысатын қағаз заттаңба жабыстырылады.

1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге қораптық картоннан жасалған қорапшаға салынады (4 бөлім) МЕМСТ 7933-89.

100, 20 немесе 10 қорапшадан картон қорапқа салынады.

Немесе 20, 100 немесе 500 құтыдан (қорапшаға салмай) медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтармен бірге құтылар санына қарай қораптық картоннан жасалған қорапқа салынады (4 бөлім) МЕМСТ 7933-89.

Топтық және тасымалдау ыдысы МЕМСТ 17768-90 Е сәйкес.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 15 °С-ден  25 °С-ге дейінгі температурада.

Қаптаманы ашқан соң – 4 аптадан көп емес.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Көлемі

5 мл

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

Daribar.kz сайтында сатып алудың бірегей мүмкіндіктері

Біздің сайт сізге сатып алу мүмкіндігін ұсынадынатрий сульфацил көз тамшылары 20% 5 млдәріханаларда . қолжетімді бағамен. Құнын ыңғайлы салыстыру, сондай-ақ дәріханаларда қолжетімділігін тексеру. Тауар туралы ақпарат егжей-тегжейлі нұсқаулар мен қолдану бойынша ұсыныстарды қамтиды.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube