Қолдану көрсеткіштері
- бактериялық және/немесе зеңдік инфекция болғанда немесе олар күдік тудырғанда кортикостероидты емге сезімтал дерматоздарды емдеу.
Крем, әсіресе, экссудаттық кезеңдерді емдеуде қолдануға жарамды.

тері туберкулезі
мерездің терілік түрі
- желшешек
- вирустық этиологиядағы тері инфекциялары (Herpes simplex)
- вакцинадан кейінгі тері реакциялары
- ашық жаралар
- розацеа, периоральді дерматит
- препараттың қандай болмасын компоненттеріне (гентамицинге және/немесе клотримазолға айқаспалы аллергия) жоғары сезімталдық
- окклюзиялық таңғыш астынан қолдануға болмайды
- шырышты қабықтарға, көзге және көз маңындағы теріге жағуға болмайды
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
ТРИАКУТАН® препаратын генитальді немесе анальді аумаққа қолданғанда жұмсақ парафин сияқты қосымша зат бір мезгілде пайдаланылған латекс мүшеқап беріктігінің кемуіне, демек, оның сенімділігінің төмендеуіне әкелуі мүмкін.
Жергілікті қолданғанда клотримазол амфотерицинге және басқа полиенді антибиотиктерге қатысты антагонистік әсер көрсетуі мүмкін.
Арнайы ескертулер
ТРИАКУТАН® кремін қолдану аясында тітіркену немесе сенсибилизация дамыған кезде емдеуді тоқтатып, тиісті емді бастау керек.
Егер ТРИАКУТАН® кремі терінің үлкен аймақтарына қолданылса, әсіресе ұзақ емдеу немесе терінің тұтастығы бұзылса, белсенді заттардың жүйелі сіңуі жоғары болады. Бұл жағдайларда белсенді заттарды жүйелі қолдануға тән жағымсыз әсерлері туындауы мүмкін. Осындай жағдайларда балаларда қолданғанда ерекше сақтық танытуға кеңес беріледі.
ТРИАКУТАН® препаратын аминогликозидті антибиотиктермен бір мезгілде қолданғанда терінің жоғары сіңуі не байланысты кумулятивті уытты әсердің (отоуыттылық, нефроуыттылық) туындау мүмкіндігі туралы есте сақтау керек.
Атап айтқанда, басқа аминогликозидті антибиотиктерге айқаспалы реакция ықтималдығын ескеру керек.
Антибиотиктерді ұзақ уақыт жергілікті қолдану төзімді микрофлораның өсуіне әкелуі мүмкін. Бұл жағдайда, сондай-ақ суперинфекция дамыған кезде тиісті емді бастау керек.
Күшті және өте күшті белсенділік класындағы глюкокортикостероидтарды жоғары дозаларда терінің ауқымды учаскелерінде немесе окклюзиялық таңғыш астында жергілікті қолдану, әсіресе бүйрек үсті безі қыртысы функциясының бәсеңдеуі және метаболикалық бұзылулардың дамуы мүмкіндігін ескере отырып, дәрігердің тұрақты бақылауымен ғана жүзеге асырылуы тиіс.
Препаратты ашық жараларда және терінің тұтастығы бұзылған жағдайда қолданудан аулақ болу керек.
Мүмкіндігінше 2-3 аптаны құрайтын ТРИАКУТАН® препаратын үздіксіз қолдану мерзімінен аспау керек.
Өте күшті, күшті және орташа белсенділік класындағы глюкокортикостероидтарды бетке және жыныс мүшелеріне ерекше сақтықпен және 1 аптадан асырмай қолдану керек.
Көздің айналасында тек белсенділігі төмен глюкокортикостероидтарды ғана қолдануға болады (глаукома дамуы мүмкін).
Кортикостероидтар препарат компоненттерінің кез келгеніне аллергиялық реакция симптомдарын бүркемелеуі мүмкін.
Пациентке осы препаратты тек терінің ағымдағы ауруын емдеу үшін қолданып, препаратты басқа тұлғаларға бермеу керек екенін түсіндіру керек.
Жүйелік және жергілікті әсер ететін кортикостероидтарды (мұрынішілік, ингаляциялық және көзішілік енгізуді қоса) қолдану кезінде көрудің бұзылуы пайда болуы мүмкін. Анық көрмеу немесе көрудің басқа да бұзылулары сияқты симптомдардың дамуы кезінде пациент глюкокортикостероидтарды жүйелі және жергілікті қолдану кезінде бірқатар жағдайларда байқалған катаракта, глаукома немесе орталық серозды хориоретинопатия сияқты сирек ауруды қамтитын көрудің бұзылуының ықтимал себептерін анықтау үшін офтальмологтан тексеруден өтуі керек.
Қосымша заттар
ТРИАКУТАН® препараты құрамында цетостеарил спиртінің болуына байланысты локализацияланған тері реакциясын (мысалы, жанаспалы дерматит) туындатуы мүмкін.
ТРИАКУТАН® препаратының құрамында пропиленгликоль бар және теріні тітіркендіруі мүмкін.
Кремді ашық жаралары немесе терінің ауқымды жарақаттары (мысалы, күйіктер) бар тері учаскелеріне жағуға болмайды.
ТРИАКУТАН® препаратының құрамындағы метилпарабен аллергиялық реакцияларды тудыруы мүмкін (мүмкін баяу типті).
Педиатрияда қолдану
Бұл препаратты 2 жасқа дейінгі балаларда қолдану ұсынылмайды.
Балаларда беткей ауданы мен дене салмағының үлкендігі ересектерге қарағанда үлкен болуына байланысты, балалар жергілікті әсер ететін кез келген ГКС қолданғанда гипоталамус-гипофиз-бүйрек үсті жүйесі (ГГБЖ) функциясын басу қаупі жоғары болады.
Топикалық глюкокортикостероидтар алған балаларда ГГБЖ жүйесі супрессиясы, Кушинг синдромы, желілі өсудің төмендеуі, дене салмағын қосудың баяулауы және бассүйекішілік гипертензия белгіленд. Балалардағы ГГБЖ функциясын басудың симптомдары қан плазмасындағы кортизолдың төмен деңгейін және АКТГ стимуляциясына реакцияның болмауын қамтиды. Бассүйек ішілік қысымның жоғарлауы еңбегінің дүрдиіп шығып кетумен, бастың ауыруымен және көру жүйкесінің екі жақты ісінуімен байқалады.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Жануарларға жүргізілген зерттеулерде кортикостероидтарды жергілікті қолдану тератогендік әсер тудырды. Жүкті әйелдерде оларды қолдану туралы деректер жоқ. Аминогликозидтер плацентарлы бөгет арқылы өтуге қабілетті және шаранаға теріс әсер етуі мүмкін. Аналары жүктілік кезінде аминогликозидтер, оның ішінде гентамицин алған балаларда толық қайтымсыз екі жақты туа біткен кереңдік туралы хабарламалар келіп түсті. Жүктілік кезінде гентамицин мен клотримазолды жергілікті қолдану туралы жеткілікті деректер жоқ. Жануарларға жүргізілген зерттеулерде шарана үшін қандай да бір қауіп байқалған жоқ. ТРИАКУТАН® кремін жүктілік кезінде абсолютті қажеттілік жағдайында ғана қолдану керек. Препаратты терінің кең аумақтарында, көп мөлшерде немесе ұзақ уақыт бойы қолдануға болмайды. Емшек сүтімен гентамицин, клотримазол және топикалық глюкокортикостероидтардың бөлінуі туралы деректер жоқ. Алайда жүйелі әсер ететін кортикостероидтар емшек сүтіне енеді.
ТРИАКУТАН® препаратын емізетін әйелдерге, егер оны сүт бездерінің аймағына қолдану қажет болса, қолдануға болмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препараттың автокөлік пен механизмдерді басқару қабілетіне әсері зерттелмеген.

Дозалау режимі
Жасөспірімдер және ересектер:
ТРИАКУТАН® кремін тәулігіне 2 рет (таңертең және кешке) терінің зақымданған барлық беткейіне жұқа қабаттап жағып, сәл ысқылау керек, осы орайда зақымданған бүкіл аумақ та, оның маңындағы сау тері де қамтылу керек.
Емдеу ұзақтығы клиникалық әсер нәтижелеріне, сондай-ақ клиникалық және микробиологиялық деректерге байланысты.
Табан дерматофитиясында ұзаққа созылатын емдеу курсы қажет болуы мүмкін (2-4 апта).
2-ден 12 жасқа дейінгі балалар:
Препаратты тек зақымданған беткейге жұқа қабатпен жағып, сәл ысқылау керек. Кремді жағулар арасында 6-12 сағаттық аз ғана үзіліс жасап, жеткілікті мөлшерде тәулігіне 2 реттен жиілетпей жаққан жөн. Кремді бетке, мойынға, бас терісіне, гениталий аумағына, ректальді аумаққа және тері қатпарына дәрігердің қадағалауымен жағу керек. Емдеу ұзақтығы 5-7 күнмен шектеледі.
«Айрықша нұсқаулар» және «Балалар жасындағы пациенттерде қолдану» бөлімдерін қараңыз.
Артық дозаланған жағдайда қабылдануы тиіс шаралар
Симптомдары. Жергілікті кортикостероидтарды ұзақ уақыт немесе шектен тыс қолданғанда салдарлы адреналдық жеткіліксіздіктің дамуымен және бүйрек үсті бездері қыртысының қатты белсенділену симптомының, соның ішінде Кушинг синдромының пайда болуымен гипофиздік-адреналдық функцияның бәсеңдеуі болуы мүмкін.
Гентамициннің бір реттік шектен тыс дозасының осындай симптомдарды дамуын индукциялауы мүмкін екенін жоққа шығаруға болмайды. Гентамицинді шектен тыс немесе ұзақ уақыт жергілікті қолдану терінің зақымданған жерінде зеңдердің немесе антибиотикке сезімтал емес микроорганизмдердің шамадан тыс көбеюіне әкелуі мүмкін.
Емі.
Тиісті симптоматикалық ем тағайындалады. Бүйрек үсті бездері қыртысының жедел қатты белсенділену симптомдары әдетте қайтымды. Егер керек болса, электролит теңгеріміне түзету жүргізіледі. Созылмалы уытты әсер ету жағдайында кортикостероидтарды біртіндеп тоқтату ұсынылады. Сезімтал емес микроорганизмдердің артық шамада көбеюінде ТРИАКУТАН® кремімен емдеуді тоқтатып, зеңге қарсы немесе бактерияға қарсы тиісті ем тағайындауға ұсынылады.
Дәрілік препараттың қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алуға жүгіну жөніндегі ұсынымдар
Препаратты қолдану бойынша сұрақтар туындаған жағдайда емдеуші дәрігерге қаралыңыз.
15 г препараттан алюминий сықпаға салынады.
1 сықпадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Түпнұсқалық қаптамасында, 25 °C-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Мұздатып қатыруға болмайды.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында, 25 °C-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Мұздатып қатыруға болмайды.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Біздің сайт сізге сатып алу мүмкіндігін ұсынады “Триакутан кремі 15 г” дәріханаларда . қолжетімді бағамен. Құнын ыңғайлы салыстыру, сондай-ақ дәріханаларда қолжетімділігін тексеру. Тауар туралы ақпарат егжей-тегжейлі нұсқаулар мен қолдану бойынша ұсыныстарды қамтиды.