daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Астане қаласындағы Ингаляцияға Арналған Вентолин Ерітіндісі 5 Мг/мл 20 Мл | Глаксо Вэллком Продакшн

Астане қаласындағы Ингаляцияға Арналған Вентолин Ерітіндісі 5 Мг/мл 20 Мл | Глаксо Вэллком Продакшн

Басқа сервистер немесе өзіңіз

disadvantage

Тауардың қолжетімділігі мен бағасын кепілдемейді

disadvantage

Тауар тез таусылып қалуы мүмкін

disadvantage

Daribar бонустары жоқ

disadvantage
Тегін

Daribar-дан тапсырыс бергенде

disadvantage

5–15 минут ішінде тауардың қолжетімділігі мен бағасын тексереміз

disadvantage

Жеткізу немесе 24 сағатқа брондау

disadvantage

Daribar-дың бонустары

disadvantage

Халықаралық атауы:

Сальбутамол

Өндіруші:

Глаксо Вэллком Продакшн

Өндіруші ел:

Великобритания

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: бензалконий хлоридінің ерітіндісі, сұйылтылған күкірт қышқылы, тазартылған су. Сыртқы түрінің иісінің, дәмінің сипаттамасы Түссізден ашық сары түске дейінгі мөлдір сұйықтық.

Белсенді заттың дозасы:

5 мг/мл

Қаптамадағы саны:

1 шт.
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Кешенді терапияның бөлігі ретінде:

- әдеттегі терапияға жауап бермейтін созылмалы бронхоспазмды жеңілдету үшін;

- ауыр бронх демікпесінің ұстамаларын жеңілдету үшін

Бронходилататорлар бронх демікпесі терапиясының жалғыз ғана немесе негізгі компоненті болмауы керек. Егер демікпесі бар пациент сальбутамолмен терапияға жауап бермесе, симптомдарды бақылауға қол жеткізу және демеу үшін ингаляциялық ГКС-ті қолдануға кеңес беріледі.

Сальбутамол терапиясына жауаптың жеткіліксіз болуы шұғыл медициналық араласымға/терапияға берілген белгі болуы мүмкін.

Қарсы көрсеткіштер

- препарат құрамына кіретін кез келген компонентке жоғары сезімталдық

Вена ішіне енгізуге арналмаған сальбутамолдың шығарылған түрлері мезгілінен бұрын босану және түсік тастау қаупін болдырмау үшін қолданылмауы тиіс.

Қолданған кездегі қажетті сақтандыру шаралары

Егер сізде осы бөлімде аталған жағдайлар болса, препаратты қолданар алдында дәрігермен кеңесу керек.

Вентолин® дем алатын ерітіндіні тек ауыз арқылы ингаляциялау үшін қолдану керек. Вентолин® дем алатын ерітіндісін респиратор немесе небулайзер арқылы тек дәрігердің мұқият бақылауымен қолданылады. Вентолин® дем алатын ерітіндісі вена ішіне енгізуге немесе ішке қабылдауға арналмаған.

Бронходилататорлар ауыр немесе тұрақсыз демікпесі бар пациенттер үшін жалғыз немесе негізгі ем болмауы керек. Ауыр бронх демікпесі жүйелі түрде медициналық тексерістен өтуді, соның ішінде өкпе функциясын тексеруді қажет етеді, өйткені осы пациенттерде ауыр ұстамалар және тіпті өлім қаупі бар. Дәрігерлер бұл пациенттерге ингаляциялық кортикостероидтардың және/немесе пероральді кортикостероидтардың ұсынылатын ең жоғары дозасын қолдану мүмкіндігін қарастыруы керек.

Үйде ем қабылдап жүрген пациенттерде Вентолин® дем алатын ерітіндінің тиімділігі төмендесе, оларға медициналық көмекке жүгіну қажеттілігі туралы ескерту керек. Артық дозаланумен байланысты жанама әсерлер болуы мүмкін болғандықтан, дозаны немесе енгізу жиілігін тек дәрігердің кеңесі бойынша арттыру керек.

Вентолин® дем алатын ерітіндісін қолданатын пациенттер симптомдарды жеңілдету үшін қысқа әсер ететін ингаляциялық бронходилататорлардың басқа дәрілік түрлерін де қабылдауы мүмкін.

Симптомдарды жеңілдету үшін бронходилататорларды, атап айтқанда қысқа әсер ететін ингаляциялық β2-агонистерді қолдануды арттыру бронх демікпе бақылауының нашарлағанын көрсетеді. Егер қысқа әсер ететін бронходилататорлық емнің тиімділігі төмендесе немесе әдеттегіден көп ингаляция қажет болса, пациентке медициналық көмекке жүгіну туралы нұсқау беру керек. Бұл жағдайда пациентті тексеріп, қабынуға қарсы терапияны күшейту қажеттілігін ескеру керек.

Бронх демікпесінің ауыр өршуін әдеттегідей емдеу керек.

Симпатомиметриялық препараттарды, оның ішінде салбутамолды қолданғанда жүрек-қантамырлық әсерлер байқалуы мүмкін. Сальбутамолды қолдануға байланысты миокард ишемиясының сирек жағдайлары туралы постмаркетингтік зерттеулер мен жарияланған әдебиеттердің деректері бар. Сальбутамол қабылдайтын қатарлас ауыр жүрек ауруы бар пациенттерде кеуде қуысының ауыруы немесе жүрек ауруының нашарлауының басқа белгілері байқалса, медициналық көмекке жүгіну керектігі туралы ескерту керек. Ентігу және кеуде ауыруы сияқты белгілерді бағалауға көңіл аударған жөн, өйткені олар тыныс алудан немесе жүректен шығу мүмкін.

Бұрын басқа симпатомиметиктердің жоғары дозаларын қабылдаған пациенттерге сақтықпен қолдану керек.

Потенциалды ауыр гипокалиемия, негізінен парентеральді енгізілген және небулайзер арқылы енгізілген болса β2-агонистік терапияның нәтижесі болуы мүмкін. Жедел ауыр бронх демікпе кезінде ерекше сақтық танытқан жөн, өйткені бұл әсер гипоксия және ксантин туындыларымен, стероидтармен және диуретиктермен бір мезгілде емдегенде күшеюі мүмкін. Мұндай жағдайларда қан сарысуындағы калий деңгейін бақылау керек.

Басқа да β-адренорецепторлардың агонистері сияқты, сальбутамол қандағы глюкоза деңгейінің жоғарылауы сияқты қайтымды метаболизмдік өзгерістерді тудыруы мүмкін. Қант диабетімен ауыратын науқастар қандағы глюкоза деңгейінің жоғарылауын өтей алмауы туралы және кетоацидоздың дамуы мүмкіндігі туралы хабарланды. Кортикостероидтарды бір мезгілде қолдану бұл әсерді күшейту мүмкін.

Негізінен бронх демікпесінің өршуін емдеген пациенттерде қысқа әсер ететін жоғары емдік дозаларындағы венаішілік және небулайзерлік бета-агонистер лактоацидозды тудыруы мүмкін. Лактат деңгейінің жоғарылауы ентігуге және компенсаторлық гипервентиляцияға әкелу мүмкін, бұл демікпе емінің сәтсіздігінің белгісі ретінде қате түсіндірілуі және бета-агонистік терапияның жеткіліксіз күшейтілуіне әкелуі мүмкін, сондықтан қан сарысуындағы лактат деңгейінің жоғарлауын және метаболизмдік ацидоздың дамуын бақылау пациенттерге ұсынылады.

Небулайзер арқылы сальбутамол мен ипатропий бромидінің біріктірілімін қабылдаған паципенттерде жабық бұрышты жедел глаукоманың аздаған жағдайлары хабарланды. Сондықтан бүркілетін сальбутамолмен бүркілетін антихолинергиялық препараттармен біріктірілімін сақтықпен қолдану керек. Пациенттерге дұрыс қолдану туралы нұсқау беру керек және ерітінді немесе аэрозоль көзге түспеуі керек екенін ескерту керек. Тиреотоксикозбен ауыратын пациенттерге салбутамолды сақтықпен тағайындау керек.

Вентолин® дем алатын ерітіндісінің құрамында әр доза бірлігінде 0,1 мг/мл бензалконий хлориді бар. Бензалконий хлориді, әсіресе демікпесі бар пациенттерде бронх түйілуін тудыруы мүмкін.

Басқа ингаляциялық терапиядағы сияқты, препаратты қабылдағаннан кейін сырылдың бірден күшеюімен парадоксальді бронх түйілуі туындауы мүмкін. Мұны баламалы дәрілік препаратпен немесе басқа жылдам әсер ететін ингаляциялық бронходилататормен дереу емдеу керек. Вентолин® дем алатын ерітіндіні қолдануды дереу тоқтату керек, пациенттің жағдайын бағалау керек және қажет болған жағдайда тұрақты қолдану үшін басқа тез әсер ететін бронходилататорды тағайындау керек.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Вентолин® дем алатын ерітінді препаратын және, пропранолол сияқты, β-адренонорецепторлардың селективті емес блокаторларын бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Вентолин® дем алатын ерітіндісі тек ингаляциялық қолдануға арналған, оны қолайлы небулайзердің көмегімен дәрігердің басшылығымен ауыз арқылы жұту керек. Вентолин® дем алатын ерітінді инъекция үшін немесе ішке қабылдауға арналмаған. Вентолин® дем алатын ерітіндісін мезгіл-мезгіл немесе үздіксіз енгізу үшін пайдалануы мүмкін. Сальбутамолдың әсер ету ұзақтығы пациенттердің көпшілігінде 4-тен 6 сағатқа дейін созылады.

Дозалау режимі

Мерзімді енгізу

Ересектер

Вентолин® дем алатын ерітіндіні 0,5-1,0 мл мөлшерінде (2,5-5,0 мг сальбутамолға сәйкес келеді) 2,0-2,5 мл жалпы көлем алынғанша инъекцияға арналған стерильді физиологиялық ерітіндімен сұйылтады. Алынған ерітіндіні небулайзердің көмегімен аэрозоль түзілуі бітпегенше ингаляциялайды. Дұрыс бағытталған небулайзерді пайдаланғанда процедура ұзақтығы 10 минутқа жуықты құрайды.

Мерзімді енгізу үшін сұйылтылмаған Вентолин® дем алатын ерітіндісін пайдалануға болады. Бұл үшін Вентолин® дем алатын ерітіндісінің 2,0 мл препаратын (10,0 мг сальбутамолға сәйкес келеді) небулайзерге енгізеді де, пациент бронходилатация басталғанша шашыратылған ерітіндіні ингаляциялайды. Бұған, әдетте, 3-тен 5 минутқа дейін уақыт кетеді.

Кейбір ересек пациенттерге сальбутамолдың көбірек дозасы (10 мг-ға дейін) қажет болуы мүмкін, ол үшін сұйылтылмаған препаратты аэрозольдің түзілуі бітпегенше небулайзер арқылы ингаляциялайды.

Балалар

Мерзімді қабылдаудың дәл осындай режимі балаларға да қолданылуы мүмкін. 12 жасқа дейінгі балалар үшін ең аз бастапқы доза стерильді физиологиялық ерітіндімен 2-2,5 мл сұйылтылған 0,5 мл (2,5 мг сальбутамолға баламалы) құрайды. Дегенмен, кейбір балалар (18 айдан асқан) салбутамолдың 5 мг-ге дейін жоғары дозаларын қажет етуі мүмкін. Мерзімді қабылдауды күніне төрт ретке дейін қайталауға болады.

12 жастағы және одан асқан балалар. Дозалау режимі ересектердегідей.

18 айға дейінгі балалар. 18 айға дейінгі балаларға небулайзер көмегімен Вентолин® дем алатын ерітіндісін енгізудің тиімділігі анықталмаған. Өтпелі гипоксемияның даму мүмкіндігіне байланысты оксигенотерапияның мүмкіндігін қарастыру керек.

Басқа дәрілік түрлері 4 жасқа дейінгі балаларға қолдануға қолайлырақ болуы мүмкін.

Үздіксіз енгізу

Вентолин® дем алатын ерітіндісін 1 мл-де сальбутамолдың 50-100 мг концентрациясы алынғанша сұйылтады. Бұл үшін 1-2 мл препаратты небулайзер арқылы аэрозоль түрінде 100 мл түпкілікті көлем алынғанша стерильді физиологиялық ерітіндімен сұйылтады. Әдеттегі енгізу жылдамдығы сағатына 1-2 мг құрайды.

Енгізу әдісі мен жолы

Вентолин® дем алатын ерітіндісі тек ингаляциялық қолдануға арналған, оны қолайлы небулайзердің көмегімен дәрігердің басшылығымен ауыз арқылы жұту керек.

Артық дозаланған жағдайда қабылдануы тиіс шаралар

Симптомдары: сальбутамолдың артық дозалануының көптеген симптомдары бета-агонистердің өтпелі жағымсыз реакциялары болып табылады, оның ішінде тахикардия, тремор, аса жоғары белсенділік және гипокалиемия, лактоацидозды қоса метаболизмдік әсерлер.

Емі: қан сарысуындағы калий деңгейін, лактат деңгейін бақылау және метаболизмдік ацидоздың кейінгі дамуын (әсіресе тахипноэ болған кезде немесе нашарлаған кезде бронх түйілуінің басылуына қарамастан) бақылау.

Вентолин® дем алатын ерітіндісін үздіксіз енгізу кезінде артық дозаланудың кез келген белгілері әдетте препаратты енгізуді тоқтатқанда жойылады, қажет болған жағдайда симптоматикалық терапия жүргізеді.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі нұсқаулар

Шығарылу түрі

20 мл ерітінді пластик қалпақшамен жабылған мөлдір емес шыны құтыға құйылған.

1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл

Ашқаннан кейін құтының ішіндегісін 28 күн бойы қолдану керек.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Көлемі

20 мл

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сатып алудың бірегей мүмкіндіктері

Біздің сайт сізге сатып алу мүмкіндігін ұсынадыингаляцияға арналған Вентолин ерітіндісі 5 мг/мл 20 млдәріханаларда . қолжетімді бағамен. Құнын ыңғайлы салыстыру, сондай-ақ дәріханаларда қолжетімділігін тексеру. Тауар туралы ақпарат егжей-тегжейлі нұсқаулар мен қолдану бойынша ұсыныстарды қамтиды.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube