Құрамы
100 мл ерітіндінің құрамында
белсенді зат - 7.5 г-нан 11.0 г-ға дейін сутегі асқын тотығы
(бастапқы препараттағы сутегі асқын тотығының нақты құрамына байланысты),
қосымша заттар: натрий бензоаты, тазартылған су.

- беткейлік ластанған жараларды алғашқы өңдеу, жараны іріңнен тазалауда
- стоматит, баспа, гинекологиялық аурулар кезінде шырышты қабықтарды өңдеу үшін
- беткейлік жаралардан капиллярлық қан кетуді, мұрыннан қан кетуді тоқтатуда
Препараттың компоненттеріне жоғары сезімталдылық.
Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары
Қуыстарды шаю үшін қолданылмайды. Окклюзиялық таңғыштардың астына пайдалану ұсынылмайды. Препарат жарыққа және жылуда тұрақсыз.
Басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Сутегі асқын тотығының ерітіндісі сiлтiлi ортада, металл тұздары,күрделі радикалдар, кейбір оксиданттар болғанда ыдырайды және белсенділігін жоғалтады.

Ерітіндінің көзге түсуіне жол бермеу керек.
Педиатрияда қолдану
Қарсы көрсетілімдер жоқ.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Препаратты жүктілік және бала емізу кезеңінде қолдануға қарсы көрсетілімдер жоқ.
Дәрілік заттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат көлікті немесе басқа қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Енгізу әдісі және жолы
Жараларды өңдеу үшін ерітіндіні терінің зақымданған жеріне жағады.
Ауыз қуысы мен жұтқыншақты шаю, шырышты қабыққа жағу үшін сутегі асқын тотығының бір ас қасығын бір стақан суда ерітеді.
Зақымданған жердің аппликациясы үшін сутегі асқын тотығының ерітіндісінде суланған дәке немесе мақта тампонмен өңдейді.
Емдеу ұзақтығы қол жеткізген әсерге байланысты.
Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар
Препаратты қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес қолданғанда артық дозалануы екіталай.
Симптомдары: жоғарғы тыныс жолдарының тітіркенуі (күйік, ларинго - бронхоспазм), кездейсоқ ішке қабылдағанда-асқазан-ішек жолдарының шырышты қабығының тітіркенуі, гемолиз, гемоглобулинурия, өлім дозасы -3 г.
Емі: асқазанды 0.5% натрий тиосульфатының ерітіндісімен, натрий гидрокарбонатының ерітіндісімен, 300 мл-ге дейін вена ішіне 30% натрий тиосульфатымен шаю
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі кеңестер
Препаратты дәрігердің кеңесінсіз ұзақ уақыт қолдану ұсынылмайды.
Дәрілік препаратты стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар
- жараны өңдеу кезінде күйдіру сезімі
- аллергиялық реакциялар

25 мл, 40 мл, 100 мл-ден полиэтилен тығынмен және бұрандалы қақпақ немесе нығыздағыш элементі бар полиэтилен қақпақпен тығындалған бұрандалы мойнымен шынымассадан жасалған құтыда немесе дәрілік заттарға арналған бұрандалы қақпағы бар полиэтилен құтыда.
Құтыларға өздігінен желімделетін заттаңбаларды немесе заттаңбалық немесе жазба қағазынан жасалған заттаңбаларды желімдейді.
Құтылар медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тіліндегі нұсқаулықтардың сәйкес санымен орама қағаздан жасалған бумаларға немесе қораптық картоннан жасалған қорапқа немесе жылу ұстағыш полиэтилен үлбірге немесе гофрланған картоннан жасалған жәшікке салынады.
Жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Біздің сайт сізге сатып алу мүмкіндігін ұсынады “сутегі асқын тотығы 3% шыны 25 мл” дәріханаларда . қолжетімді бағамен. Құнын ыңғайлы салыстыру, сондай-ақ дәріханаларда қолжетімділігін тексеру. Тауар туралы ақпарат егжей-тегжейлі нұсқаулар мен қолдану бойынша ұсыныстарды қамтиды.