Астане қаласындағы Зодак Тамшылары 20 Мл | Зентива к.с.
Басқа сервистер немесе өзіңіз
Тауардың қолжетімділігі мен бағасын кепілдемейді
Тауар тез таусылып қалуы мүмкін
Daribar бонустары жоқ
Тегін
Daribar-дан тапсырыс бергенде
5–15 минут ішінде тауардың қолжетімділігі мен бағасын тексереміз
Жеткізу немесе 24 сағатқа брондау
Daribar-дың бонустары
Сипаттама:
Мөлдір, түссіз немесе сәл сарғыш ерітінді
Халықаралық атауы:
Цетиризин
Өндіруші:
Зентива к.с.
Өндіруші ел:
Федеративная Республика Германия
Белсенді ингредиент:
- препарат ауыр бүйрек жеткіліксіздігі бар, креатинин клиренсінің мәні кемінде 10 мл/мин құрайтын пациенттерге қолдануға болмайды - 2 жасқа дейінгі балаларға
Белсенді заттың дозасы:
10 мг/мл
Дәрілік түрі:
Тамшылар, 10 мг/мл
Қаптамадағы саны:
1 шт.
...loading
Нұсқаулық
Қолдану көрсеткіштері
ЗОДАК® аллергиялық аурулардың симптомдарын басу үшін ересектер мен 2 жастан асқан балаларда қолдануға арналған:
- маусымдық аллергиялық ринит және конъюнктивитте (полиноз, пішен қызбасы)
- жыл бойы созылатын аллергиялық ринитте
- созылмалы идиопатиялық есекжемде.
Қарсы көрсеткіштер
- белсенді затқа немесе қосымша заттарға, сондай-ақ гидроксизинге немесе пиперазин туындыларына аса жоғары сезімталдық
- препарат ауыр бүйрек жеткіліксіздігі бар, креатинин клиренсінің мәні кемінде 10 мл/мин құрайтын пациенттерге қолдануға болмайды
- 2 жасқа дейінгі балаларға
Сақтық шаралары
Препараттың емдік дозаларын қабылдаған кезде алкогольмен ешқандай клиникалық маңызды өзара әрекеттесулер табылған жоқ (қандағы алкоголь деңгейі 0,5 г/л дейін болғанда). Алайда, егер пациент препаратты қабылдаумен бір мезгілде алкогольтұтынса, сақтық сақтау ұсынылады.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Цетиризиннің фармакокинетикалық және фармакодинамикалық қасиеттеріне, сондай-ақ оның жақсы төзімділігіне байланысты цетиризин әдетте қандай да бір өзара әрекеттесуге кірмейді. «Препарат-препарат» үлгісіндегі өзара іс-қимыл зерттеулерін жүргізу барысында (және ең алдымен псевдоэфедрин немесе теофиллинмен күніне 400 мг дозада өзара іс-қимылды зерттеу барысында) ешқандай фармакодинамикалық немесе статистикалық маңызы бар фармакокинетикалық өзара іс-қимылдар анықталмады.
Тамақтану салдарынан сіңу жылдамдығы төмендегенімен, тамақпен бірге қабылдау кезінде сіңу деңгейі төмендемейді.
Арнайы ескертулер
Несеп шығарудың іркілуіне бейімді факторлардың әсер етуіне ұшыраған пациенттерге ерекше көңіл аудару қажет (мысалы, жұлынның зақымдануы, простата гиперплазиясы), өйткені ЗОДАК® несеп шығарудың іркілу қаупін жоғарылатуы мүмкін.
Эпилепсиясы бар немесе құрысулар пайда болу қаупі бар пациенттерге ерекше назар аудару ұсынылады.
Антигистаминді препараттар, оның ішінде ЗОДАК® аллергиялық тері сынамаларында реакцияны тежейді, сондықтан оларды жүргізер алдында шайып шығару кезеңін (дәрілік зат пайдаланылмайтын кезең) (3 күн) сақтау қажет.
Педиатрияда қолдану
ЗОДАК® препаратын нәрестелер мен 2 жасқа дейінгі балаларға қабылдау ұсынылмайды.
ЗОДАК® құрамында аллергиялық реакциялар тудыруы қабілетті (әдетте кейінге қалдырылған) метилпарагидроксибензоат (1,35 мг/мл) және пропилпарагидроксибензоат (0,15 мг/мл) бар.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Цетиризинді жүктілік кезінде пайдалануға қатысты деректер өте шектеулі. Жануарларды клиникаға дейінгі зерттеу жүктілікке, ұрықтың/шарананың дамуына, босануға немесе босанудан кейінгі дамуға тікелей немесе жанама кері ықпалы анықталмады. Препаратты жүкті әйелдерге тағайындағанда сақ болу керек.
Цетиризин емшек сүтімен шығарылады, оның плазмада өлшенген концентрациясы препаратты қабылдағаннан кейін үлгіні алу уақытына байланысты 25% - 90%-ға жетеді. Осылайша, цетиризинді бала емізетін аналарға тағайындау кезінде сақ болу керек.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Көлік құралын басқару қабілетін, жасырын ұйқышылдықты және конвейердегі жұмыс тиімділігін объективті бағалау ұсынылған 10 мг дозаны қабылдау кезінде қандай да бір маңызды клиникалық әсерлердің дәлелдерін көрсеткен жоқ.
Рөлге отыруға, қауіптілігі зор операцияларға қатысуға немесе станок жабдықтарын басқаруға ниеттенген пациенттер ұсынылатын дозадан асырмаулары керек. Оларға белгілі бір препараттың өздерінің организміне реакциясын есепке алғандары жөн. Сезімтал пациенттерде препаратты алкогольмен немесе ОЖЖ қызметін бәсеңдететін басқа да препараттармен бірге қабылдау концентрация деңгейі мен жұмыс қабілеті деңгейінің барынша байқалатын төмендеуін туындатуы мүмкін.
Өзара әрекеттесуі

Қолдану бойынша ұсыныстар
Дозалау режимі
Ересектер және 12 жастан асқан жасөспірімдер
Күніне бір рет 10 мг (20 тамшы)
Пациенттердің ерекше топтары
Балалар
2-ден 6 жасқа дейінгі балалар
Күніне екі рет 2.5 мг (5 тамшы күніне 2 рет)
6-дан 12 жасқа дейінгі балалар
Күніне екі рет 5 мг (10 тамшы күніне екі рет).
Бүйрек жеткіліксіздігі бар балалар
Дозаны креатинин клиренсінің мәнін, әрбір жеке пациенттің жасын және дене салмағын ескере отырып, жекелей тәртіппен таңдау қажет.
Егде жастағы пациенттер
Қолда бар деректер бүйрек функциясы қалыпты егде жастағы пациенттер шін дозаны қысқарту қажеттігі бар деп пайымдауға негіз бермейді.
Орташа немесе ауыр бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер үшін препараттың тиімділік/қауіпсіздік арақатынасына қатысты деректер жоқ. Емдеудің баламалы әдістерін пайдалану мүмкіндігі болмаған жағдайда, дозалау аралығын бүйрек функциясына байланысты, цетиризиннің негізгі шығарылу жолы бүйрек болып табылатындықтан, жекелей тәртіпте өзгерту қажет.
Төменде берілген кестемен танысыңыз және көрсетілген ақпаратқа сәйкес препараттың дозасын реттеңіз. Осы кестені пайдалану үшін креатинин клиренсін (CLcr) мл/мин-де анықтау қажет. CLcr (мл/мин) мәнін қан сарысуындағы креатинин (мг /л) негізінде келесі формула арқылы анықтауға болады:
Шығарылу түрі
20 мл препараттан мөлдір полиэтиленнен жасалған тамшылатқышпен тығындалған және ақ полиэтиленді ашылуы балалардан қорғалған қақпақпен бұралған мойны бұрандалы, сыйымдылығы 20 мл күңгірт шыны (гидролитикалық класы III) құтыларға салынады.
1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Сақтау шарттары
25 ºС-ден аспайтын температурада.
Құтыны бірінші пайдаланғаннан кейін, құтының ішіндегісін 25 ºС-ден аспайтын температурада 6 ай ішінде пайдалану керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Жарамдылық мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
25 ºС-ден аспайтын температурада.
Құтыны бірінші пайдаланғаннан кейін, құтының ішіндегісін 25 ºС-ден аспайтын температурада 6 ай ішінде пайдалану керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Көлемі
20 мл
Сатып алу мәліметтері
Төлем
Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Қайтару
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
...loading
Daribar.kz сайтында сатып алудың бірегей мүмкіндіктері
Біздің сайт сізге сатып алу мүмкіндігін ұсынады “Зодак тамшылары 20 мл” дәріханаларда . қолжетімді бағамен. Құнын ыңғайлы салыстыру, сондай-ақ дәріханаларда қолжетімділігін тексеру. Тауар туралы ақпарат егжей-тегжейлі нұсқаулар мен қолдану бойынша ұсыныстарды қамтиды.
Тексерілген
Провизор
Каражанова Айгерим
Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес,
анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
Комментарий: Өте жақсы көмектесті. Мен сезонный аллергиямен 3 жыл қиналып келдім. Бұл дәріні ертерек білгендеғой. 4 жастағы және 3 айдан асқан балаларыма да тамаша көмектесті. Келесі жылы қалай болар екен.
Ирина
2 Июня 2024
Комментарий: Спасибо огромное, все доставили очень быстро, спасибо большое. Капли эффективные.
Гульсара
1 Июня 2024
Комментарий: Хорошо упакованы, срок отличный до 2026 года. Спасибо большое!
Айшагүл
22 Мая 2024
Комментарий: Прекрасная упаковка, а препарат решили попробовать впервые. До 6 мес у нас был фенистил, надеюсь это тоже поможет.
Самал
6 Сентября 2023
Комментарий: Благодарю за этот препарат. Зодак нам помогает от аллергии, и мы его пьем всегда.
Гульзира
25 Августа 2023
Комментарий: Жақсы екен, жолдасыма көмектесті бірінші күннен.
Регина
11 Августа 2023
Комментарий: Отличная дозировка.
Алия
11 Июня 2023
Комментарий: Прекрасный препарат.
Наталья
6 Июня 2023
Комментарий: Очень эффективно.
Айнель
21 Мая 2023
Комментарий: Моментально подействовало, огромное спасибо.
Таңшолпан
12 Мая 2023
Комментарий: Замечательное лекарство. Видимый эффект с первого дня. Действительно работает.
Гульнур
5 Декабря 2022
Достоинства: Прекрасные капли.
Жанар
4 Декабря 2022
Комментарий: Үлкендерге арналған Зодак беріп жіберген, мүлде дұрыс емес, алмауға кеңес бермін.
Алия
26 Октября 2022
Достоинства: Замечательные капли, дочке стали полезными.
Риана
24 Октября 2022
Достоинства: Получил в тот же день. Спасибо. Срок годности отличный.
Любовь
30 Июля 2022
Достоинства: Капли просто супер при аллергии!
Галымжан
10 Июля 2022
Достоинства: Эффективен при полинозе.
Вероника
9 Апреля 2022
Достоинства: Хороший антигистаминный препарат для детей, берём по назначению педиатра.