daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Караганде қаласындағы Цитофлавин Ампуласы 10 Мл №10 | Полисан ООО НТФФ

Караганде қаласындағы Цитофлавин Ампуласы 10 Мл №10 | Полисан ООО НТФФ

Басқа сервистер немесе өзіңіз

disadvantage

Тауардың қолжетімділігі мен бағасын кепілдемейді

disadvantage

Тауар тез таусылып қалуы мүмкін

disadvantage

Daribar бонустары жоқ

disadvantage
Тегін

Daribar-дан тапсырыс бергенде

disadvantage

5–15 минут ішінде тауардың қолжетімділігі мен бағасын тексереміз

disadvantage

Жеткізу немесе 24 сағатқа брондау

disadvantage

Daribar-дың бонустары

disadvantage
Сипаттама:

Сары түсті мөлдір сұйықтық.

Өндіруші:

Полисан ООО НТФФ

Өндіруші ел:

Российская Федерация

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: меглюмин, натрий гидроксиді, инъекцияға арналған су.

Қаптамадағы саны:

10 шт.

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Ересектерде кешенді емдеуде:

- ми инфарктісі;

- цереброваскулярлық аурулардың салдары (ми инфарктісі, церебральді атеросклероз);

- жедел және созылмалы уланулар, эндотоксикоздар, сананың наркоздан кейінгі бәсеңдеуі кезіндегі уытты және гипоксиялық энцефалопатияда, сондай-ақ жасанды қан айналымын пайдалана отырып кардиохирургиялық операциялар кезінде гипоксиялық энцефалопатияның алдын алу және емдеу үшін, егде жастағы пациенттерде ауқымды хирургиялық араласулардан кейін когнитивті бұзылулардың алдын алу үшін.

Балаларда (оның ішінде гестация мерзімі 28-36 апталық шала туған нәрестелерде) жаңа туған кезеңде кешенді емдеуде:

- церебральді ишемия.

Қарсы көрсеткіштер

- әсер етуші затқа және қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- жүктілік

- бала емізу кезеңі

- қатер шегіндегі жай-күй (орталық гемодинамика тұрақтанғанға дейін) және / немесе артериялық қандағы оттегінің парциальді қысымы 60 мм с.б. төмен түскен кезде (жаңа туған кезеңнен басқа).

Қолданған кездегі қажетті сақтық шаралары

Нефролитиаз, подагра, гиперурикемия кезінде сақтықпен қолдану керек.

Егер Сізде атап көрсетілген аурулардың бірі болса, Цитофлавин® препаратын қабылдар алдында міндетті түрде дәрігермен кеңесіңіз.

Препаратты жаңа туған нәрестелерге (оның ішінде шала туған нәрестелерге) енгізуді тәулігіне кемінде 2 рет (ем басталар алдында да, барысында да) капиллярлық қанның қышқылдық-негіздік жай-күйінің көрсеткіштерін бақылау арқылы жүзеге асыру қажет. Мүмкіндігінше сарысулық лактат пен глюкоза көрсеткіштерін бақылап отыру керек.

Құрамында Цитофлавин бар ерітіндіні енгізу жылдамдығын азайту немесе жаңа туған нәрестелерге (оның ішінде шала туған нәрестелер) инфузияны уақытша тоқтату керек:

– өкпені жасанды желдетудегілерге - ми қан айналымы бұзылуларының дамуымен қауіп төндіретін аралас (респираторлық-метаболизмдік) алкалоз белгілері пайда болған кезде;

-өздігінен тыныс алу сақталғанда және тыныс алу жолдарында тұрақты оң қысым әдісімен респираторлық қолдау (СИПАП) болғанда немесе маска арқылы ауа – оттегі қоспасын алу кезінде - апноэ ұстамаларының пайда болуымен немесе жиілеуімен қауіп төндіретін метаболизмдік алкалоздың зертханалық белгілері пайда болған кезде.

Қант диабетімен ауыратын науқастарда емдеу қандағы глюкоза көрсеткіштерін бақылаумен жүзеге асырылады.

Несептің сары түске қарқынды боялуы мүмкін.

Дәрілік заттың бір ампуласында 8,5 ммоль натрий бар, оны натрий мөлшері төмен диетадағы пациенттерге ескеру қажет.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Янтарь қышқылы, инозин, никотинамид басқа дәрілік заттармен үйлесімді.

Рибофлавин доксициклин, тетрациклин, окситетрациклин, эритромицин және линкомициннің белсенділігін төмендетеді. Стрептомицинмен үйлеспейді.

Флавинокиназа блокадасы есебінен хлорпромазин, имипрамин, амитриптилин рибофлавиннің флавинаденинмононуклеотидке және флавинадениндинуклеотидке қосылуын бұзады және оның несеппен шығарылуын арттырады.

Тиреоидты гормондар рибофлавиннің метаболизмін тездетеді.

Хлорамфениколдың жағымсыз әсерлерін азайтады және алдын алады (гемопоэздің бұзылуы, көру жүйкесінің невриті).

Гемопоэзді көтермелейтін препараттармен, антигипоксанттармен, анаболикалық стероидтермен үйлесімді.

Арнайы ескертулер

Пациенттердің ерекше топтары

Педиатрияда қолдану

Цитофлавинжаңа туған кезеңде балаларды (оның ішінде гестация мерзімі 28-36 апта шала туған нәрестелерді) емдеуде қолдануға болады.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер арасында зерттеулер жүргізілген жоқ. Осыған байланысты препаратты осындай пациенттер қолданған кезде сақ болу ұсынылады.

Алкалозы бар пациенттер

Балаларда (оның ішінде шала туған нәрестелерде) жаңа туған кезеңде алкалоз дамуы мүмкін. Осыған байланысты дозалау режимін және препаратты енгізу жылдамдығын сақтау ұсынылады.

Жүктілік және лактация

Препаратты жүктілік кезінде және бала емізу кезінде пациенттердің осы топтарында клиникалық зерттеулердің болмауына байланысты қолдануға болмайды.

Препараттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Көлік құралдарын басқару және нақты механизмдермен жұмыс істеу кезінде ықтималды жағымсыз әсерлерге (бас айналу, психомоторлы қозу) байланысты сақ болу керек. Көрсетілген жағымсыз әсерлер дамыған кезде көлік құралдарын басқарудан және нақты механизмдермен жұмыс істеуден бас тарту қажет.

Өзара әрекеттесуі

Янтарь қышқылы, инозин, никотинамид басқа дәрілік заттармен үйлесімді.

Рибофлавин доксициклин, тетрациклин, окситетрациклин, эритромицин және линкомициннің белсенділігін төмендетеді. Стрептомицинмен үйлеспейді.

Флавинокиназа блокадасы есебінен хлорпромазин, имипрамин, амитриптилин рибофлавиннің флавинаденинмононуклеотидке және флавинадениндинуклеотидке қосылуын бұзады және оның несеппен шығарылуын арттырады.

Тиреоидты гормондар рибофлавиннің метаболизмін тездетеді.

Хлорамфениколдың жағымсыз әсерлерін азайтады және алдын алады (гемопоэздің бұзылуы, көру жүйкесінің невриті).

Гемопоэзді көтермелейтін препараттармен, антигипоксанттармен, анаболикалық стероидтермен үйлесімді.

Арнайы ескертулер

Пациенттердің ерекше топтары

Педиатрияда қолдану

Цитофлавинжаңа туған кезеңде балаларды (оның ішінде гестация мерзімі 28-36 апта шала туған нәрестелерді) емдеуде қолдануға болады.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер арасында зерттеулер жүргізілген жоқ. Осыған байланысты препаратты осындай пациенттер қолданған кезде сақ болу ұсынылады.

Алкалозы бар пациенттер

Балаларда (оның ішінде шала туған нәрестелерде) жаңа туған кезеңде алкалоз дамуы мүмкін. Осыған байланысты дозалау режимін және препаратты енгізу жылдамдығын сақтау ұсынылады.

Жүктілік және лактация

Препаратты жүктілік кезінде және бала емізу кезінде пациенттердің осы топтарында клиникалық зерттеулердің болмауына байланысты қолдануға болмайды.

Препараттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Көлік құралдарын басқару және нақты механизмдермен жұмыс істеу кезінде ықтималды жағымсыз әсерлерге (бас айналу, психомоторлы қозу) байланысты сақ болу керек. Көрсетілген жағымсыз әсерлер дамыған кезде көлік құралдарын басқарудан және нақты механизмдермен жұмыс істеуден бас тарту қажет.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Ересектерде

Цитофлавин100-200 мл 5-10% декстроза ерітіндісінде немесе 0,9% натрий хлориді ерітіндісінде сұйылта отырып тек вена ішіне тамшылатып қолданылады. Енгізу жылдамдығы 3-4 мл/мин.

1. Ми инфарктісі кезінде препаратты 10 күн бойы 8-12 сағат аралықпен
10 мл көлемінде аурудың дамуы басталғаннан бастап ең ерте мерзімде енгізеді. Ауру ағымының ауыр түрінде бір реттік дозаны 20 мл-ге дейін арттырады.

2. Цереброваскулярлық аурулардың (ми инфарктісі, церебральді атеросклероз) салдарлары кезінде препаратты 10 күн бойы тәулігіне бір рет 10 мл көлемінде енгізеді.

3. Уытты және гипоксиялық энцефалопатия кезінде препаратты 5 күн бойы 8-12 сағат аралықпен тәулігіне екі рет 10 мл көлемінде енгізеді. Коматозды жағдайда-200 мл декстроза ерітіндісінде сұйылта отырып 20 мл көлемінде енгізеді. Наркоздан кейінгі сананың бәсеңдеуі кезінде – бір рет сол дозаларда. Жасанды қан айналымын пайдалана отырып кардиохирургиялық операциялар кезінде гипоксиялық энцефалопатияны емдеуде операциядан 3 күн бұрын, операция жасалған күні және операциядан кейін
3 күн ішінде 200 мл 5% декстроза ерітіндісінде сұйылта отырып 20 мл препараттан енгізеді.

4. Егде жастағы пациенттерде ауқымды хирургиялық араласулардан кейін когнитивті бұзылыстар профилактикасы үшін препаратты натрий хлоридінің 200 мл 0,9% ерітіндісінде сұйылта отырып 20 мл көлемінде енгізеді. Емдеу курсы – сызба бойынша 7 күн: бірінші енгізу – операциядан бір тәулік бұрын; екіншісі – кіріспе наркозды жүзеге асырғаннан кейін интраоперациялық енгізу (операция басталғаннан бастап 30 минут ішінде инфузияның басталуы), содан кейін операциядан кейін
5 күн бойы. Бұдан әрі "Цитофлавинішекте еритін қабықпен қапталған таблеткалар" препаратын 8-10 сағат аралықпен 25 күн бойы тәулігіне 2 рет қолдану 2 таблеткадан қабылдау ұсынылады.

Церебральді ишемиясы бар жаңа туған кезеңдегі балаларда (оның ішінде шала туған нәрестелерде) Цитофлавин® препаратының тәуліктік дозасы
2 мл/кг құрайды. Препараттың есептелген тәуліктік дозасын 5% немесе 10% декстроза ерітіндісінде (кемінде 1:5 арақатынасында) сұйылтқаннан кейін вена ішіне тамшылатып (баяу) енгізеді. Алғашқы енгізу уақыты-туғаннан кейінгі алғашқы 12 сағат. Емдеуді бастаудың ең оңтайлы уақыты - өмірдің алғашқы 2 сағаты. Негізгі емге арналған ерітінділердің есептелген тәуліктік көлеміне, пациенттің гемодинамикасы жай – күйіне және қышқылдық-негіздік жай-күйдің көрсеткіштеріне байланысты препараттың тәулік бойы қан ағымына біркелкі түсуін қамтамасыз ете отырып, 1-ден 4 мл/сағ.дейінгі жылдамдықпен инфузиялық сорғының көмегімен дайындалған ерітіндіні енгізу ұсынылады. Емдеу курсы орта есеппен 5 күнді құрайды.

Енгізу әдісі мен жолы

Вена ішіне тамшылатып.

Артық дозаланған жағдайда қабылдануы тиіс шаралар

Препараттың артық дозалануы туралы мәліметтер жоқ.

Артық дозаланғанда симптоматикалық ем жүргізу керек.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне кеңес алуға жүгіну бойынша ұсынымдар

Егер Сізде осы препаратты қолдану туралы қосымша сұрақтар туындаса, дәрігермен кеңесіңіз.

Шығарылу түрі

Вена ішіне енгізуге арналған ерітінді 10 мл-ден қоңыр шыны ампулаларда. 5 ампуладан ашық немесе жабындық үлбірмен немесе қаптауға арналған алюминий фольгамен терможелімделген полимерлік үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамада; 2 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған. Алғашқы ашылуын бақылау үшін қорапшаның бүйірлік клапандары екі жағынан заттаңбалармен желімделуі немесе терможелімделуі мүмкін.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы.

Жарамдылық мерзімі

2 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы.

Көлемі

10 мл

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыЦитофлавин ампуласы 10 мл №10 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді

Бағалаулар және пікірлер

Тауар рейтингі
4.91/5
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
11 бағалау
1
star
0
2
star
0
3
star
0
4
star
1
5
star
10
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
6 Июля 2023
Комментарий: Всё вовремя, товар не повреждён, все в порядке.
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
14 Апреля 2023
Достоинства: Цена ниже чем в аптеках по городу! Получила очень быстро! Супер! Очень довольна!
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
27 Января 2023
Достоинства: Цена ниже, чем в аптеке. Довольна!
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
23 Января 2023
Достоинства: Хороший препарат, принимаем по назначению врача.
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
19 Января 2023
Комментарий: Лучшее для моих сосудов. Прокапалась 5 дней и значительно стало легче. Я довольна.
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
22 Декабря 2022
Комментарий: Хорошо разжижает кровь. Но больше 4-5 дней не стоит капать. А то кровоточит.
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
16 Декабря 2022
Комментарий: Отличное лекарство.
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
16 Декабря 2022
Комментарий: Спасибо, нашла здесь по хорошей цене. В аптеках не могла найти, но здесь цена как в аптеке.
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
24 Октября 2022
Комментарий: Успокаивающий нервную систему, отличный препарат.
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
26 Июля 2022
Комментарий: Хорошая цена, получил быстро, спасибо.
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
10 Июня 2022
Достоинства: Упаковка целая, срок годности хороший.

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube