Караганде қаласындағы Конкор Кор Таблеткалар 2,5 Мг №30 | Merk KGaA&Co Werk Spital
Басқа сервистер немесе өзіңіз
Тауардың қолжетімділігі мен бағасын кепілдемейді
Тауар тез таусылып қалуы мүмкін
Daribar бонустары жоқ
Тегін
Daribar-дан тапсырыс бергенде
5–15 минут ішінде тауардың қолжетімділігі мен бағасын тексереміз
Жеткізу немесе 24 сағатқа брондау
Daribar-дың бонустары
Сипаттама:
Ұзындығы шамамен 7.8 мм, ені шамамен 6.7 мм, қалыңдығы шамамен 2.6 мм жүрек пішіндес, екі беті дөңес, екі жағында сызығы бар, үлбірлі қабықпен қапталған ақ түсті таблеткалар.
Халықаралық атауы:
Бисопролол
Өндіруші:
Merk KGaA&Co Werk Spital
Өндіруші ел:
Федеративная Республика Германия
Белсенді ингредиент:
қосымша заттар: Ядросы: сусыз кальций гидрофосфаты, жүгері крахмалы, ұсақ ұнтақ, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, микрокристалды целлюлоза, кросповидон, магний стеараты Үлбірлі қабықтың құрамы: гипромеллоза 2910/15, макрогол 400, диметикон 100, титанның қостотығы (Е 171) Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Ұзындығы шамамен 7.8 мм, ені шамамен 6.7 мм, қалыңдығы шамамен 2.6 мм жүрек пішіндес, екі беті дөңес, екі жағында сызығы бар, үлбірлі қабықпен қапталған ақ түсті таблеткалар.
Белсенді заттың дозасы:
2,5 мг
Дәрілік түрі:
Үлбірлі қабықпен қапталған 2.5 мг таблеткалар
Қаптамадағы саны:
30 шт.
...loading
Нұсқаулық
Қолдану көрсеткіштері
- сол жақ қарыншаның систолалық функциясы төмендеген тұрақты созылмалы жүрек жеткіліксіздігін емдеу, ангиотензин өзгертетін фермент тежегіштері (АӨФт) мен диуретиктерге және опциональді түрде, жүрек гликозидтеріне қосымша ретінде
Қарсы көрсеткіштер
Конкор® Кор препараты келесі аурулары бар пациенттерде қолдануға қарсы көрсетілген:
бисопрололға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
жүректің жедел жеткіліксіздігі немесе вена ішіне инотропты ем жүргізуді талап ететін жүрек жеткіліксіздігінің декомпенсациясы эпизодтары кезінде
кардиогендік шок
екінші немесе үшінші дәрежелі атриовентрикулярлық блокада
синустық түйін әлсіздігі синдромы
синоатриальді блокада
симптоматикалық брадикардия
симптоматикалық гипотензия
ауыр бронх демікпесі
артериялардың шеткері окклюзиялық зақымдануларының ауыр түрлері немесе Рейно синдромы
емделмеген феохромоцитома
метаболизмдік ацидоз
балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге
Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары
Тұрақты созылмалы жүрек жеткіліксіздігін бисопрололмен емдеуді арнайы титрлеу фазасын жүргізуден бастау қажет.
Бисопрололмен емдеуді, әсіресе жүректің ишемиялық ауруы бар пациенттерде күрт тоқтатпау керек, себебі бұл жүрек қызметінің уақытша нашарлауына әкелуі мүмкін.
Бисопрололмен емдеуді бастау және тоқтату үнемі бақылауды қажет етеді.
Сақтық шаралары

Өзара әрекеттесуі
Басқа препараттарды бір мезгілде қабылдау препараттың тиімділігіне және көтерімділігіне ықпал етуі мүмкін. Егер басқа препаратты қабылданған сәттен тым аз уақыт өтсе, осындай өзара әрекеттесулер орын алуы мүмкін. Егер Сіз қандай да бір басқа препараттар қабылдап жүрсеңіз, тіпті Сізге оларды Сіздің дәрігеріңіз тағайындамаса да, өз емдеуші дәрігеріңізді хабардар етіңіз.
Бір мезгілде қабылдау ұсынылмайды
Верапамил және аз дәрежеде дилтиазем секілді кальций антагонистері, Конкор® Кор препаратымен бір мезгілде қолданғанда жүрек бұлшықетінің жиырылу қабілетінің төмендеуіне әкелуі және атриовентрикулярлық импульстердің берілуін кідіртуі мүмкін. Атап айтқанда, бета-блокаторлармен ем алып жүрген пациенттерге верапамилді вена ішіне енгізу терең гипотензияға және атриовентрикулярлық блокадаға алып келеді.
Аритмияға қарсы 1 класс дәрілері (мысалы, хинидин, дизопирамид, лидокаин, фенитоин; флекаинид, пропафенон) жүрек бұлшықетінің жиырылу қабілетіне және атриовентрикулярлық өткізгіштікке қатысты Конкор® Кор препаратының бәсеңдету әсерін күшейте алады.
Орталықтан әсер ететін гипертензияға қарсы препараттарды (клонидин, метилдопа, моксонидин, рилменидин сияқты) бисопрололмен бір мезгілде қолдану орталық симпатикалық тонустың төмендеуі салдарынан (жүректің жиырылу жиілігі мен жүрек лықсуының төмендеуі, вазодилатация) жүрек жеткіліксіздігін ушықтыруы мүмкін. Кенеттен, әсіресе, бета-блокаторларды тоқтатуға дейін тоқтату «рикошетті» гипертензияның даму қаупін арттыра алады.
Бір мезгілде қабылдаған кезде сақ болу талап етіледі
Дигидропиридин типі бойынша кальций антагонистері (мысалы, фелодипин, амлодипин) Конкор® Кор препаратымен бір мезгілде қолданылғанда гипотензияның даму қаупін арттырады. Жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде қарыншалардың айдау функциясының кейіннен нашарлау қаупін жоққа шығаруға болмайды.
Аритмияға қарсы ІІІ класс препараттары (мысалы, амиодарон) Конкор® Кор препаратының атриовентрикулярлық импульстер өту әсерінің бәсеңдетілуін күшейте алады.
Жергілікті бета-блокаторлардың әсері (мысалы, глаукоманы емдеуге арналған көзге тамызатын дәрі) Конкор® Кор препаратының жүйелік әсерлерімен қосылуы мүмкін.
Парасимпатомиметикалық препараттар Конкор® Кор препаратымен бір мезгілде қолданылғанда атриовентрикулярлық импульстердің өтуін бәсеңдету әсерін күшейтіп, брадикардияның даму қаупін арттыра алады.
Инсулиннің немесе пероральді қолдануға арналған диабетке қарсы препараттардың қантты төмендететін әсері күшеюі мүмкін. Қандағы глюкоза деңгейінің төмендеу белгілері (гипогликемия) бүркемеленуі немесе бәсеңдеуі мүмкін.
Анестезиялайтын препараттар Конкор® Кор препаратының жүрекке бәсеңдету әсер ету қаупін арттырып, гипотензияға әкеп соқтырады.
Жүрек гликозидтері (дигиталис) Конкор® Кор препаратымен бір мезгілде қолданған кезде импульстің өту уақытын ұзартып, осылайша, ЖЖЖ төмендеуіне алып келеді.
Қабынуға қарсы стероидты емес дәрілер (ҚҚСД) Конкор® Кор препаратының гипотензиялық әсерін төмендетуі мүмкін.
Конкор® Кор препаратын және бета-симпатомиметиктерді (мысалы, изопреналин, добутамин) бір мезгілде қолдану екі препараттың да әсерін төмендетуі мүмкін.
Конкор® Кор препаратын бета және альфа-адренорецепторларды белсенділендіретін симпатомиметиктермен (мысалы, норадреналин, адреналин) үйлестіру осы препараттардың альфа-адренорецептор арқылы вазоконстрикторлық әсерлерін күшейтіп, қан қысымының көтерілуіне алып келеді. Осындай өзара әрекеттесулердің селективті емес бета-блокаторларды қолданған кезде болуы ықтимал.
Осындай өзара әрекеттесулердің селективті емес бета-блокаторлар қолданылған кезде болуы ықтимал.
Гипертензияға қарсы дәрілер, гипертензияға қарсы әсері болуы мүмкін басқа да дәрілер (мысалы, трициклды антидепрессанттар, барбитураттар, фенотиазиндер) сияқты, Конкор® Кор препаратының гипотензиялық әсерін күшейтуі мүмкін.
Талқылануы тиіс үйлесімдер
Мефлохин Конкор® Кор препаратымен бір мезгілде қолданылғанда брадикардия қаупін арттыруы мүмкін.
Моноаминооксидаза тежегіштері (В моноаминооксидаза тежегіштерін қоспағанда) бета-блокаторлардың гипотензиялық әсерін күшейтуі мүмкін. Бір мезгілде қолдану гипертензиялық криздің дамуына алып келеді.
Арнайы сақтандырулар
Конкор® Кор препаратын қолдануды титрлеудің міндетті фазасынан бастау қажет.
Пациенттердің ерекше топтары: қазіргі кезде жүрек жеткіліксіздігі және қатарлас I типті инсулинге тәуелді диабеті, бүйрек функциясының ауыр бұзылулары, бауыр функциясының ауыр бұзылулары, рестриктивті кардиомиопатиясы, гемодинамиканы бұзатын туа біткен жүрек аурулары немесе жүрек клапандарының органикалық ақаулары бар пациенттерде Конкор® Кор препаратын қолданудың жеткілікті емдік тәжірибесі жоқ. Сондай-ақ, алғашқы 3 айда жүрек жеткіліксіздігі және миокард инфарктісі бар пациенттерде Конкор® Кор препаратын қолданудың жеткілікті емдік тәжірибесі жоқ.
Жалпы анестезия: жалпы наркоз жасалған пациенттерде, бета-адренергиялық рецепторлардың блокадасы анестезия мен интубация индукциясы кезінде және операциядан кейінгі кезеңде аритмия мен миокард ишемиясының даму жиілігін төмендетеді. Қазіргі уақытта бета-адренергиялық рецепторлардың блокадасын периоперациялық түрде жалғастыру ұсынылады. Анестезиолог-дәрігерді басқа препараттармен өзара әрекеттесу мүмкіндігіне байланысты бета-адренергиялық рецепторлар блокаторларын қабылдау жөнінде міндетті түрде ескерту керек, бұл брадиаритмияның дамуына, рефлекторлы тахикардияның бәсеңдеуіне және қан жоғалтуды рефлекторлы қалпына келтіру қабілетінің төмендеуіне әкелуі мүмкін. Операциялық араласым алдында бета-блокаторлармен емді тоқтату қажеттігі кезінде,оны біртіндеп жүргізу және наркозға дейін 48 сағат бұрын аяқтау керек.
Тыныс алу жүйесі: кардиоселективті (β1) бета-блокаторлар селективті емес бета-блокаторлармен салыстырғанда, өкпенің функциясына аз әсер етуі мүмкін болғанмен, басқа да бета-блокаторлар секілді, егер оларды қолдану үшін шұғыл себептері болмаса, оларды тыныс алу жолдарының обструкциялық ауруларымен пациенттермен қолдануға болмайды.
Егер осындай себептер болса, Конкор® Кор препаратын сақтықпен қолдану керек. Тыныс жолдарының обструкциялық ауруларымен пациенттерде Конкор® Кор препаратымен емдеуді мүмкіндігінше ең төмен дозамен бастау керек.
Одан басқа, пациенттерде жаңа симптомдардың (мысалы, ентігу, дене жүктемесін көтере алмау, жөтел) пайда болуына мұқият мониторинг жүргізілуі керек. Симптомдарды туындатуы мүмкін, бронх демікпесінде немесе басқа да өкпенің созылмалы обструкциялық ауруларында бір мезгілде бронходилатациялайтын препараттарды тағайындау керек.
Демікпесі бар пациенттерде тыныс алу жолдарының кедергісі жоғарылауы мүмкін, сондықтан бета2-стимуляторларының дозасын арттыру қажет болуы мүмкін.
Псориаз: псориазға шалдыққан немесе анамнезінде псориаз бар пациенттер пайда және қауіп арақатынасын мұқият салыстырғаннан кейін ғана бета-блокаторларды (мысалы, бисопролол) қабылдауы керек.
Феохромоцитома: феохромоцитомасы бар пациенттерде Конкор® Корды альфа-рецепторлардың алдыңғы блокадасынан кейін ғана тағайындауға болады.
Тиреотоксикоз: Конкор® Кор препаратымен емдегенде қалқанша без гиперфункциясының симптомдары (тиреотоксикоз) бүркемеленуі мүмкін.
Жүктілік және лактация кезеңі
Жүктілік
Бисопрололдың фармакологиялық әсері жүктілікке және/немесе шаранаға/жаңа туған нәрестеге зиянды әсер етуі мүмкін. Әдетте, бета-адренергиялық рецепторлардың блокаторлары плаценталық қан ағымын төмендетеді, ол бой өсудің баяулауымен, жатырішілік өлім, түсік тастау немесе мерзімінен бұрын ерте босанумен байланысты. Жағымсыз әсерлер (мысалы, гипогликемия және брадикардия) шарана мен жаңа туған нәрестеде пайда болуы мүмкін. Егер бета-адренергиялық рецепторлардың блокаторларымен емдеу қажет болса, бета1-адренорецепторлардың селективті блокаторларын қабылдаған дұрысырақ.
Конкор® Кор препараты тек талассыз қажеттігінде қолданылуы мүмкін. Егер Конкор® Кор препаратымен емдеу қажет болса, жатыр-плаценталық қан ағымы мен шарананың өсуін бақылау керек. Жүктілік немесе шаранаға жағымсыз әсер еткен жағдайда баламалы емдеу әдістері мүмкіндігін қарастыру керек. Босанудан кейін жаңа туған нәрестені мұқият бақылау керек. Гипогликемия және брадикардия симптомдарын әдетте өмірінің алғашқы үш күні ішінде күту керек.
Лактация кезеңі
Бисопрололдың ана сүтіне бөлініп шығуы жөнінде деректер жоқ. Демек, Конкор® Кор препаратын қолдану кезеңінде лактация ұсынылмайды.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Бисопролол көлік жүргізу қабілетіне ықпал етпейді, алайда, пациенттің емдеу үдерісінде препаратқа деген жекелей сезімталдығы белгілі болмайынша, көлікті басқарудан немесе қауіптілігі зор басқа механизмдермен жұмыс жасаудан аулақ бола тұру ұсынылады.
Сондай-ақ емдеуді бастар алдында, емді ауыстырған кезде, сондай-ақ бір мезгілде алкоголь тұтынған кезде ерекше назар аударған жөн.
Арнайы нұсқаулар

Қолдану бойынша ұсыныстар
Дозалану режимі
СЖЖ (созылмалы жүрек жеткіліксіздігі) стандартты емі АӨФт (немесе, АӨФт көтере алмаған жағдайда, ангиотензинге блокатор рецепторлары), бета-блокатор, диуретиктер, қажет болған жағдайда, жүрек гликозидтерінен тұрады. Бисопролмен емдеуді бастағанда пациенттердің жағдайы тұрақты болуы керек (жедел жүрек жеткіліксіздігінсіз). Емдеуші дәрігердің СЖЖ пациенттерді емдеуде тәжірибесі болғаны жөн.
Дозалары
Тұрақты созылмалы жүрек жеткіліксіздігін емдеуді Конкор® Кор препаратымен бастау міндетті түрде арнайы титрлеу фазасын жүргізуді талап етеді.
Конкор® Кор препаратымен созылмалы жүрек жеткіліксіздігін емдеу төмендегі дозаны біртіндеп титрлеу сызбасына сәйкес басталады. Пациенттің тағайындалған дозаны қаншалықты жақсы көтере алуына қарай жекеше дағдылану талап етілуі мүмкін, яғни алдыңғы дозаны жақсы көтере алған жағдайда ғана дозаны арттыруға болады.
Артық дозалану
Симптомдары: артық дозаланған жағдайда (мысалы, 7,5 мг орнына 15 мг тәуліктік дозада) үшінші дәрежедегі атриовентрикулярлық блокада, брадикардия және бас айналуы байқалды. Негізінен бета-блокаторлармен артық дозаланудың анағұрлым жиі кездесетін симптомдары брадикардия, гипотензия, бронх түйілуі, жүректің жедел жеткіліксіздігі мен гипогликемия болып табылады. Бүгінгі күні брадикардия және/немесе гипотензия белгілері бар гипертониямен және/немесе коронарлық жүрек ауруымен ауыратын пациенттерде бисопрололмен артық дозаланудың бірнеше жағдайлары белгілі (ең жоғары дозасы: 2000 мг); артық дозаланудан кейін барлық пациенттер сауығып кетті. Бисопрололдың бір реттік жоғары дозасына сезімталдықтың үлкен жеке құбылмалылығы бар және жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде өте жоғары сезімталдық болуы мүмкін.
Демек, осы пациенттерді Конкор® Кор препаратымен емдеуді міндетті түрде «Қолдану тәсілі және дозалары» бөлімінде берілген сызбаға сәйкес дозаны біртіндеп жоғарылатудан бастау керек.
Емі: артық дозаланған жағдайда Конкор® Кор препаратымен емді тоқтату және демеуші және симптоматикалық ем жүргізу керек. Бисопролол диализ көмегімен шығарылмайтыны жөнінде деректер шектелген. Болжамды фармакологиялық әсерлері және басқа бета-блокаторлар бойынша ұсынымдарға сәйкес клиникалық көрсетілімдер кезінде келесі жалпы шараларды қарастыру керек.
Брадикардия: атропинді вена ішіне енгізу. Егер емге реакция жеткіліксіз болса, изопреналинді немесе оң хронотропты қасиеттері бар басқа препаратты сақтықпен енгізуге болады. Кейбір жағдайларда трансвеналық кардиостимуляторды орнату қажет болуы мүмкін.
Артериялық гипотензия: ерітінділер мен тамыр тарылтатын заттарды вена ішіне енгізуге болады. Сондай-ақ глюкагонды вена ішіне енгізу пайдалы болуы мүмкін.
Атриовентрикулярлық блокада (екінші немесе үшінші дәрежелі): изопреналинді инфузиялық енгізу немесе трансвенозды кардиостимуляторды орнату арқылы пациенттерді мұқият мониторингілеу және ем жүргізу керек.
Жүрек жеткіліксіздігінің ушығуы (жедел): диуретиктерді, инотропты препараттарды, тамыр кеңейтетін дәрілерді вена ішіне енгізу.
Бронхтүйілуі: изопреналин, бета2-симпатомиметиктер және/немесе аминофиллин секілді дәрілер қолданылатын бронходилататорлармен емдеу.
Гипогликемия: глюкозаны вена ішіне енгізу.
Дәрілік препаратты қабылдамас бұрын дәрігердің немесе фармацевттің кеңесіне жүгініңіз.
Шығарылу түрі
30 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады. 1 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Сақтау шарттары
25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сатып алу мәліметтері
Төлем
Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Қайтару
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
...loading
Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық
Біздің сайтта сатып алуға болады “Конкор кор таблеткалар 2,5 мг №30” дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.
Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.
Тексерілген
Провизор
Каражанова Айгерим
Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес,
анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді