daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Караганде қаласындағы Мистинин DF Ерітіндісі 0,01% 100 Мл | Досфарм ТОО

Караганде қаласындағы Мистинин DF Ерітіндісі 0,01% 100 Мл | Досфарм ТОО
Сипаттама:

Сілкігенде көбіктенетін түссіз мөлдір сұйықтық.

Өндіруші:

Досфарм ТОО

Өндіруші ел:

Республика Казахстан

Белсенді заттың дозасы:

0,01%

Қаптамадағы саны:

1 шт
...loading

Нұсқаулық

Құрамы

1 л ерітіндінің құрамында:

белсенді зат: белсенді зат: бензилдиметил [3-(миристоиламин)пропил] аммоний хлориді моногидраты (сусыз затқа шаққанда) – 0.1 г

қосымша заттар: тазартылған су

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Сілкігенде көбіктенетін түссіз мөлдір сұйықтық.

Қолдану көрсеткіштері

Кешенді ем құрамында профилактикасы және емдеу:

- хирургия және травматологияда іріңді жаралар, тірек-қимыл аппаратының іріңді-қабыну үдерістері

- акушерлік және гинекологияда босанудан кейінгі жарақаттар, іріңдеген бұтаралық аймақ және қынап жаралары, босанудан кейінгі инфекциялар, қабыну аурулары (вульвовагинит, эндометрит)

- комбустиологияда II және IIIA дәрежедегі беткейлік және терең күйік, күйік жараларын дерматопластикаға дайындау

- дерматологияда пиодермия және тері мен шырышты қабықтардың дерматомикозы, кандидозы, табан микозы

- венерологияда соз, хламидиоз, трихомониаз, генитальді герпес, генитальді кандидоз

- урологияда негізі спецификалық және спецификалық емес уретриттер және уретропростатиттер (хламидиоз, трихомониаз, гонорея)

- оториноларингологияда жедел және созылмалы отит, гайморит, тонзиллит, ларингит

- стоматологияда стоматит, гингивит, пародонтит, периодонтит және алмалы-салмалы протездерді гигиеналық өңдеу

Қарсы көрсеткіштер

- белсенді затқа немесе препараттың қосымша заттарына жоғары сезімталдық

Сақтық шаралары

Препарат ішке қабылдауға арналмаған.

Бала жасы

Балаларда клиникалық қолдану тәжірибесі шектеулі.

Жүктілік және лактация

Препаратты жүктілік және лактация кезеңінде тағайындау қажет болғанда ана үшін күтілетін пайдасы мен шаранаға төнетін ықтимал қаупін бағалау керек.

Дәрілік препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Жағымсыз әсерлерін ескере отырып, автокөлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару кезінде сақ болу қажет.

Өзара әрекеттесуі

Антибиотиктермен бір мезгілде қолданғанда соңғыларға микроорганизмдер төзімділігінің төмендеуі байқалған.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Хирургия, травматология, комбустиология. Профилактикалық және емдік мақсатта жара мен күйіктің беткейін суландырады, жараларды және жыланкөздерді жұмсақ тампондайды, препаратқа малынған дәке тампондарды бекітеді. Емдік емшара тәулігіне 2-3 рет 3-5 күн бойы қайталанады. Жаралар мен қуыстарға тәуліктік шығыны 1 л препарат болатын белсенді дренаждау әдісінің тиімділігі жоғары.

Акушерлік-гинекология. Босанудан кейінгі инфекция профилактикасы мақсатында қынаптық суландыру түрінде босануға дейін (5-7 күн), босанғанда әрбір қынаптық зерттеуден кейін және босанудан кейінгі кезеңде 50 мл препараттан препаратпен суландырған тампон түрінде 2 сағ. экспозициямен 5 күн бойы қолданылады.

Кесарь тілігін жасау арқылы босандыру кезінде тікелей операция алдында қынапты, операция кезінде – жатыр қуысы мен ондағы кесілген жерді өңдейді, ал операциядан кейінгі кезеңде препаратпен суландырған тампонды 2 сағ. экспозициямен 5 күн бойы қынапқа енгізеді. Қабыну ауруларын емдеу препаратқа малынған тампондарды қынап ішіне енгізу, сондай-ақ дәрілік электрофорез әдісімен 2 апта бойы курспен жүргізіледі.

Венерология. Препарат венерологиялық аурулар профилактикасы үшін, егер ол жыныстық актіден соң 2 сағаттан кешіктірмей қолданса ғана, тиімді. Құтының ішіндегісін урологиялық аппликатордың көмегімен несеп шығару өзегіне 2-3 минутқа енгізу керек: еркектерге (2-3 мл), әйелдерге (1-2 мл) және қынапқа (5-10 мл). Санның ішкі беткейлері терісін, қасағаны, жыныс мүшелерін өңдеу керек. Емшарадан кейін 2 сағат ішінде дәретке баруға болмайды.

Әйелдерге қынапты суландыру үшін МИСТИНИН-DF 50 мл-ден гофрланған құтыда арнайы құрылғымен жиынтықта шығарылады. Қолданар алдында дайын ерітіндімен құтының қалпақшасын арнайы құрылғыға ауыстырып, қынапқа енгізу және құтының түбін басып, 5-10 мл ерітіндіні 2-3 минут бүрку керек.

Урология. Уретриттер мен уретропростатиттерді кешенді емдеуде 2-3 мл препаратты уретраға бүркуді күніне 1-2 рет, курсты – 10 күн жүргізеді.

Оториноларингология. Іріңді гаймориттерде – пункция кезінде жоғарғы жақ сүйек қойнауы препараттың жеткілікті мөлшерімен шайылады. Тонзиллит, фарингит және ларингитті тамақты тәулігіне 3-4 рет шайып емдейді. Препарат мөлшері бір шаюға 10-15 мл.

Стоматология. Стоматит, гингивит, пародонтит кезінде ауыз қуысын шаю ұсынылады, 10-15 мл препарат тәулігіне 3-4 рет.

Шығарылу түрі

10 мл, 50 мл, 100 мл препараттан бұрандалы полимер қалпақшасы бар полиэтилен тамшылатқыш-құтыда, сондай-ақ 50 мл қосымша арнайы қондырмасымен бұрандалы қақпағы бар полиэтиленді гофрленген құтыда (резеңке бүріккіш).

Әр құтыға қағаздан заттаңба жазылған немесе өздігінен жабысатын заттаңбалар жапсырылады және медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге хром-эрзацтан жасалған картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

25º С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сақтау шарттары

25º С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Көлемі

100 мл

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыМистинин DF ерітіндісі 0,01% 100 мл дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube