daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Караганде қаласындағы Ондансетрон Ампуласы 2 Мг/мл 4 Мл №10 | Новосибхимфарм ОАО

Караганде қаласындағы Ондансетрон Ампуласы 2 Мг/мл 4 Мл №10 | Новосибхимфарм ОАО

Басқа сервистер немесе өзіңіз

disadvantage

Тауардың қолжетімділігі мен бағасын кепілдемейді

disadvantage

Тауар тез таусылып қалуы мүмкін

disadvantage

Daribar бонустары жоқ

disadvantage
Тегін

Daribar-дан тапсырыс бергенде

disadvantage

5–15 минут ішінде тауардың қолжетімділігі мен бағасын тексереміз

disadvantage

Жеткізу немесе 24 сағатқа брондау

disadvantage

Daribar-дың бонустары

disadvantage

Халықаралық атауы:

Ондансетрон

Өндіруші:

Новосибхимфарм ОАО

Өндіруші ел:

Российская Федерация

Белсенді заттың дозасы:

2 мг/мл

Қаптамадағы саны:

10 шт
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Ересектер:

- цитоуытты химиотерапиядан және сәулемен емдеуден туындаған жүрек

айнуы мен құсуды емдеуде

- операциядан кейінгі жүрек айнуы мен құсудың профилактикасы мен

емінде

Балалар:

- өмірінің 6 айлығынан бастап және одан үлкен балаларда

химиотерапиядан туындаған жүрек айнуы мен құсуды емдеуде

- өмірінің 1 айлығынан бастап және одан үлкен балаларда операциядан

кейінгі жүрек айнуы мен құсудың профилактикасы мен емінде

Қарсы көрсеткіштер

- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары

сезімталдық

- ондансетронды апоморфинмен бір мезгілде қолдану

Сақтық шаралары

5HT3-рецепторларының басқа селективті антагонистеріне аса жоғары сезімталдығы бар пациенттерде аса жоғары сезімталдық реакцияларының пайда болуы туралы хабарламалар бар.

Тыныс алу оқиғаларын емдеу симптоматикалық түрде болуы керек, клиникалық мамандар оларға аса жоғары сезімталдық реакцияларының ізашары ретінде ерекше назар аударуы тиіс.

Ондансетрон QT аралығын дозаға байланысты ұзартады. Сонымен қатар, тіркеуден кейінгі бақылау кезеңінде ондансетронмен ем қабылдаған пациенттерде пируэтті қарыншалық тахикардия туралы хабарламалар келіп түсті. Туа біткен QT аралық синдромы бар пациенттерді ондансетронмен емдеуден аулақ болу керек. Ондансетрон QT ұзартылған интервалы бар немесе электролиттік теңгерім бұзылған, іркілісті жүрек жеткіліксіздігі, брадиаритмиясы бар немесе QT аралығының ұзаруына немесе электролиттік теңгерімнің бұзылуына әкеп соғатын басқа дәрілік препараттарды қабылдайтын пациенттерді қоса, оның ұзару қаупі бар пациенттерге сақтықпен тағайындалуы тиіс.

Ондансетронды енгізер алдында гипокалиемия мен гипомагнемияны түзету қажет.

Ондансетрон алған пациенттерде миокард ишемиясы жағдайлары туралы хабарламалар бар. Кейбір пациенттерде, әсіресе вена ішіне енгізген жағдайда, симптомдар ондансетрон енгізілгеннен кейін бірден пайда болды. Пациенттер миокард ишемиясының белгілері мен симптомдары туралы ескертілуі тиіс (кенеттен кеудедегі ауырсыну, кеуде қуысының қысылу сезімі).

Тіркеуден кейінгі бақылау кезеңінде ондансетронды және басқа да серотонинергиялық препараттарды (серотонинді кері қармаудың селективті тежегіштері және серотонин-норадреналинді кері қармаудың селективті тежегіштерін қоса) бір мезгілде қабылдағаннан кейін серотонин синдромы бар пациенттер туралы (психикалық жай-күйінің өзгеруін, вегетативті жүйке жүйесінің бұзылуын және жүйке-бұлшықет бұзылыстарын қоса алғанда) хабарламалар бар. Егер ондансетронмен және басқа серотонинергиялық препараттармен бір мезгілде емдеу клиникалық тұрғыдан негізделген болса, пациенттің жай-күйін тиісінше бақылауды қамтамасыз ету қажет.

Ондансетрон асқазан ішіндегісінің жуан ішек арқылы өту уақытын арттыратыны белгілі болғандықтан, препаратты енгізгеннен кейін жеделге жуық ішектің бітелу симптомдары бар пациенттердің жай-күйін бақылау қажет.

Аденотонзиллярлы хирургиялық араласымдарын жасатқан пациенттерде ондансетрон көмегімен жүрек айну мен құсудың алдын алу жасырын қан кетуді бүркемелеуі мүмкін. Сондықтан мұндай пациенттер ондансетронды енгізгеннен кейін қадағалануы тиіс.

Қосымша заттар

Өзара әрекеттесуі

Ондансетрон әдетте онымен бірге қолданылатын басқа препараттардың метаболизмін индукциялайтыны немесе тежейтіні туралы мәліметтер жоқ. Арнайы зерттеулер көрсеткендей, ондансетрон алкогольмен, темазепаммен, фуросемидпен, алфентанилмен, трамадолмен, морфинмен, лидокаинмен, тиопенталмен немесе пропофолмен әрекеттеспейді.

Ондансетрон P-450 цитохромының бірнеше бауыр ферменттерімен метаболизденеді: CYP3A4, CYP2D6 және CYP1A2. Ондансетронды метаболиздеуге қабілетті метаболизмдік ферменттердің көптігіне байланысты бір ферменттің белсенділігін тежеу немесе төмендету (мысалы, CYP2D6 генетикалық тапшылығы кезінде) әдетте басқа ферменттермен қалпына келеді, бұл ондансетронның жалпы клиренсінің немесе талап етілетін дозаның болмашы өзгеруіне немесе өзгерістің жоқ болуына әкеледі.

Ондансетронды QT аралығын ұзартуға және/немесе электролиттік теңгерімнің бұзылуына әкелетін препараттармен бірге қабылдаған кезде сақ болу керек.

Ондансетронды QT аралығын ұзартатын препараттармен қолдану QT аралығының қосымша ұзартылуына әкелуі мүмкін. Ондансетронды кардиоуыттылық препараттармен (мысалы, антрациклиндер (доксорубицин, даунорубицин сияқты) немесе трастузумабпен, антибиотиктермен (эритромицин сияқты), зеңге қарсы препараттармен (кетоконазол сияқты), аритмияға қарсы препараттармен (амиодарон сияқты) және бета-блокаторлармен (атенолол немесе тимолол сияқты) бірге қолдану аритмия қаупін арттыруы мүмкін.

Серотонинергиялық препараттар (мысалы, серотонинді кері қармаудың селективті тежегіштері және норадреналин мен серотонинді кері қармаудың селективті тежегіштері): тіркеуден кейінгі бақылау кезеңінде ондансетронды және басқа да серотонинергиялық препараттарды (серотонинді кері қармаудың селективті тежегіштері және серотонин-норадреналинді кері қармаудың селективті тежегіштерін қоса) бір мезгілде қабылдағаннан кейін серотонин синдромы бар пациенттер туралы (психикалық жай-күйінің өзгеруін, вегетативті жүйке жүйесінің бұзылуын және жүйке-бұлшықет бұзылыстарын қоса алғанда) хабарламалар бар.

Апоморфин: терең гипотензия және апоморфин гидрохлоридімен

Арнайы нұсқаулар

Балалар

Ондансетрон қабылдайтын балалар гепатоуытты химиотерапиялық препараттармен бірге бауыр функциясының бұзылу мәніне мұқият бақылануы тиіс.

Химиотерапиядан туындаған жүрек айну мен құсу: мг/кг негізінде дозаны есептеу және 4 сағат аралықпен үш дозаны енгізу кезінде жалпы тәуліктік доза кейіннен ішке қабылдау арқылы 5 мг/м2 бір реттік дозаны енгізу кезіндегіден жоғары болады.

Бала туу жасындағы әйелдер

Бала туу жасындағы әйелдер контрацепцияны қолдану мүмкіндігін қарастыруы тиіс.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Ондансетрон жүктіліктің бірінші триместрінде қабылдаған кезде орофациалды ақаулар дамуын тудырады деп болжанады.Туа біткен жүрек ақауларын эпидемиологиялық зерттеу қарама-қайшылықты нәтижелерді көрсетеді. Репродуктивтік уыттылыққа тікелей немесе жанама зиянды әсерін анықтаған жоқ. Ондансетронды жүктіліктің бірінші триместрінде қолдануға ұсынылмайды.

Ондансетрон сүтіне енетіні туралы деректер бар. Сондықтан, ондансетрон қабылдаған аналарға нәрестелерді емізуге кеңес берілмейді.

Көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету

Ондансетрон көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді немесе болмашы әсер етеді.

Психомоторлы тестілеу кезінде ондансетрон жұмысқа қабілеттіліктің нашарлауына әкелмеді және седативті әсер етпеді. Ондансетронның фармакологиялық қасиеттері негізінде көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне зиянды әсер ету болжанбайды.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Химиотерапиядан және сәулемен емдеуден туындаған жүрек айну және құсу

Ересектер

Көлемі

4 мл

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыОндансетрон ампуласы 2 мг/мл 4 мл №10 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube