Қолдану көрсеткіштері
- артериялық гипертензия
- жүрек, бауыр немесе бүйрек аурулары себепші болған ісіну синдромы, негізінен организмнен калийдің жоғалуын болдырмау қажет жағдайларда
- артериялық гипертензия
- жүрек, бауыр немесе бүйрек аурулары себепші болған ісіну синдромы, негізінен организмнен калийдің жоғалуын болдырмау қажет жағдайларда
- триамтеренге, гидрохлортиазидке, басқа сульфонамидтерге немесе осы препараттың ингредиенттеріне аса жоғары сезімталдық немесе
- гиперкалиемия (қандағы калий деңгейі жоғары)
- анурия
- бүйрек жеткіліксіздігінің ауыр дәрежесі (креатинин клиренсі < 30 мл/мин);
- бауыр жеткіліксіздігінің ауыр дәрежесі (бауырлық кома алды және кома)
- емдеуге резистентті гипокалиемия
- ауыр гипонатриемия
- Калий сақтаушы басқа диуретиктермен және құрамында калий бар басқа өнімдермен бір мезгілде қолдану (әсіресе вена ішіне қолданғанда)
- айқын гипотензия
- жүктілік, лактация кезеңі
- дене салмағы 50 кг-ден азырақ балаларға және жасөспірімдер
- сирек тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, лактаза тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы синдромы (препарат құрамында лактоза моногидраты бар)
Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары
Мына пациенттерге сақтықпен қабылдау керек :
- подаграда – қандағы несеп қышқылының деңгейі жоғарылауы мүмкін;
- бүйрек функциясы төмендеген, креатинин клиренсі төмендеген (30-60 мл/мин) пациенттерге;
- бауыр функциясының бұзылуында
- қант диабетінде - латентті қант диабеті пайда көрініс табуы немесе инсулинге қажеттілік артуы мүмкін;
- фолий қышқылының тапшылығына күдікті пациенттерге (мысалы, бауыр циррозы және алкогольді созылмалы тұтыну жағдайында);
- гиперкалиемия қаупі жоғары болғандықтан құрамында калий бар басқа препараттарды (мысалы, спиронолактон, амилорид) немесе калий препараттарын бір мезгілде пайдаланудан аулақ болу керек. Электролиттердің мөлшеріне, әсіресе пациенттердің мына топтарында: егде жастағы адамдарда, дигиталис препаратын, кортикостероидтар және іш жүргізетін дәрі немесе венаішілік инъекция алатын пациенттерде мезгіл-мезгіл қан талдауын жүргізу қажет.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Басқа гипертензияға қарсы дәрілер
Триампур композитум – Тева басқа гипертензияға қарсы препараттардың әсерін күшейтуі мүмкін.
Амилорид және спиронолактон сияқты Калий сақтаушы басқа диуретиктермен немесе құрамында калий бар препараттармен бір мезгілде қолдану ауыр гиперкалиемияға әкелуі мүмкін. Триампур композитум – Тева АӨФ тежегіштерімен бір мезгілде қабылдау гиперкалиемия қаупін арттырады.
Қабынуға қарсы стероидты емес препараттар
ҚҚСП, әсіресе индометацинді бір мезгілде қабылдау гидрохлоротиазидтің диурездік және гипертензияға қарсы әсерін бәсеңдетуі, тіпті бейім пациенттерде немесе сусыздануы бар пациенттерде жедел бүйрек жеткіліксіздігін туындатуы мүмкін.
Холестирамин
Біріктіріп қабылдау кезінде Триампур композитум – Тева сіңуі бұзылады, бұл фармакологиялық әсердің төмендеуіне әкеледі.
Литий препараттары
Триампур композитум – Тева қоса, диуретиктерді литий препараттарымен бір мезгілде қабылдауға болмайды, өйткені литийдің уыттылығы қаупінің артуы мүмкін.
Жүрек гликозидтері
Триампур композитум – Тева тудырған гипокалиемия немесе гипомагниемия жүрек гликозидтерінің уытты әсеріне (жүрек аритмиясы) әкелуі мүмкін. Қандағы калийді және ЭКГ бақылау керек.
Инсулин және пероральді диабетке қарсы препараттар
Глюкозаға толеранттылығының өзгеруіне байланысты инсулин мен пероральді диабетке қарсы дәрілердің дозасын түзету қажет болуы мүмкін.
Кортикостероидтар және іш жүргізетін дәрілер
Кортикостероидтармен немесе іш жүргізетін дәрілермен бір мезгілде қолдану калийдің тым көп жоғалуына әкелуі мүмкін.
Хлорпропамид
Хлорпропамидпен бір мезгілде қолдану ауыр гипонатриемияның пайда болу қаупіне әкелуі мүмкін.
Подаграға қарсы дәрілер
Гидрохлоротиазид аллопуринолға аса жоғары сезімталдық реакцияларының жиілігін арттыруы мүмкін, бұл несеп қышқылын төмендететін препараттардың тиімділігін төмендетеді.
Кураре - туындылар және ганглио-бөгеуші заттар
Тиазидтер осы препараттарға жауапты күшейте алады.
Ісікке қарсы дәрілер (мысалы, циклофосфамид, метотрексат)
Осы препараттарды тиазидтермен бір мезгілде қолдану олардың бүйрек экскрециясын төмендетуі және олардың миелосупрессиялық әсерін күшейтуі мүмкін.
Антихолинергиялық дәрілер (мысалы, атропин, бипериден)
Тиазидтік диуретиктердің биожетімділігі асқазан-ішек жолдарының моторикасын және асқазанның босау жылдамдығын төмендету арқылы жоғарылауы мүмкін.
D дәрумені
Гидрохлоротиазидпен бір мезгілде қолдану несеппен кальцийдің бөлінуін төмендетуі және қан сарысуындағы кальций мөлшерін жоғарылатуы мүмкін.
Циклоспорин
Гиперурикемия мен подагра симптомдарының жоғарылау қаупі бар.
Оральді антикоагулянттар
Пероральді антикоагуляциялық препараттардың тиімділігі төмендеуі мүмкін, сондықтан дозалау режимін түзету қажет болуы мүмкін.
Триамтеренмен + гидрохлоротиазидпен бір мезгілде қабылданатын келесі заттар гиперкалиемияны туындатуы мүмкін: қан банкісінен алынған қан; тұз мөлшері аз сүт; калий және құрамында калий бар дәрілік препараттар; натрий тұзының орнын алмастырушы ретінде пайдаланылатын калий тұзы.
Арнайы ескертулер
Электролиттер теңгерімінің бұзылуы
Электролиттердің мөлшеріне мерзімді қан талдауын жүргізу қажет. Ұзақ қабылдау кезінде калий концентрациясын емдеу басталғанға дейін және емдеуден кейін 3-4 аптадан соң анықтау керек. Егер калий теңгерімі бұзылмаса, калий концентрациясын анықтауға арналған келесі талдауды 4-6 ай сайын жүргізу керек. Гиперкалиемия (калийдің жоғары концентрациясы) белгілері пайда болған кезде триамтерен + гидрохлоротиазид қабылдауды тоқтату керек. Қан сарысуындағы электролиттерді ерекше қатаң бақылау пациенттердің мынадай топтарында талап етіледі: егде адамдар, дигиталис препаратын, кортикостероидтар және іш жүргізетін дәрі немесе венаішілік инъекциялар алатын пациенттер.
Тиазидтік диуретиктер магнийдің несеппен шығарылу дәрежесін арттыруы мүмкін, гипомагнемияны тудырады (қандағы магний деңгейі төмен).
Тиазидтік диуретиктер кальцийдің шығарылуын азайтып, қандағы кальций деңгейін уақытша жоғарылатуы мүмкін.
Триамтерен сілтілік резервтерді азайтып, метаболизмдік ацидоздың дамуына әкелуі мүмкін.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Тиазидтік диуретиктерді бүйрек функциясы орташа бұзылған пациенттерде сақтықпен қолдану керек. Бүйрек жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі > 30 мл/мин) бар пациенттерде дозаны төмендетеді. Триампур композитум – Тева ауыр бүйрек жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі <30 мл/мин) кезінде тағайындалмайды, өйткені бүйрек функциясының бұзылуын күшейтуі немесе азотемияны тудыруы мүмкін. Сондықтан қандағы мочевина мен креатининді мезгіл-мезгіл бақылау қажет.
Бауыр жеткіліксіздігі
Триампур композитум – Тева, басқа тиазидтік диуретиктер сияқты, бауыр функциясының ауыр бұзылулары немесе бауырдың үдемелі аурулары бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек, өйткені су-электролит теңгеріміндегі аздаған өзгерістер бауыр комасын тудыруы мүмкін.

Дозалау режимі
Препараттың дозасын дәрігер әр пациент үшін жекелей таңдайды.
Ересектер және дене салмағы 50 кг-ден көбірек жасөспірімдер үшін препаратты дозалаудың келесі сызбалары бар:
Артериялық гипертензия
Препараттың бастапқы дозасы таңертең 2 таблетканы және түсте 2 таблетканы құрайды. Басқа гипотензиялық дәрілерді қосымша қабылдағанда немесе ұзақ ем жүргізу үшін күніне 2 таблетка Триампур композитум - Тева (таңертең және түсте 1 таблеткадан) жеткілікті.
Ісіну синдромы (жүрек, бауыр, бүйрек)
Емдеудің бас кезінде таңертең және түсте препаратты 2 таблеткадан тағайындайды. Кейінгі дозаларды дегидратация дәрежесіне байланысты тағайындайды. Демеуші доза – күніне 1 таблетка, оны күн сайын таңертең, немесе күнара 2 таблеткадан (таңертең және түсте 1 таблеткадан) қабылдайды. Қажет болғанда демеуші дозаны күніне 4 таблеткаға дейін (таңертең және түсте 2 таблеткадан) арттыруға болады.
Жүрек жеткіліксіздігін емдеу
Препараттың дозасын пациентті тексеру деректеріне байланысты таңдайды. Әдетте науқастарға таңертең және түсте 1 таблеткадан тағайындайды, қажет болғанда күніне ең жоғары 4 таблетка (таңертең және түсте 2 таблеткадан) береді. Ауыр жүрек декомпенсациясы бар пациенттерде Триампур композитум - Тева препаратының сіңірілуі едәуір шектелуі мүмкін.
Бүйрек функциясы (қан креатинині 1,5-1,8 мг / дл немесе креатинин клиренсі 50-30 мл / мин) нашарлағанда күніне дозаны 1 таблеткадан асырмау керек.
Енгізу жолы және тәсілі
Таблетканы тамақтан кейін, шайнамай және сұйықтықтың аздаған мөлшерімен ішіп қабылдайды. Триампур композитум - Тева препаратымен емдеу кезінде сұйықтықты пайдалануды шектеудің қажеттілігі жоқ.
Ұзақ емделуден кейін Триампур композитум – Тева препаратын күрт тоқтатуға болмайды. Препарат қабылдауды тоқтатуды дозаны біртіндеп төмендете отырып, жүргізу керек.
Емдеу ұзақтығы
Емдеу курсының ұзақтығын дәрігер анықтайды.
Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажет шаралар
Артық дозаланудың симптомдары: несептің шамадан тыс бөлінуі, жүрек айнуы, құсу, әлсіздік, шаршағыштық, сананың шатасуы, қызба, беттің қызаруы, жүйке-бұлшықет қозғыштығының жоғарылауы, жүрек аритмиясы, ЭКГ өзгерістері, артериялық қысымның төмендеуі, комаға әкелетін құрысулар. Бұл симптомдар гиперкалиемия, электролиттердің теңгерімсіздігі, сусыздану және қышқыл-негіз балансының өзгеруінен туындайды.
Емі: асқазанның ішіндегісін дереу босату, асқазанды шаю және абсорбцияны азайту үшін белсендірілген көмір қабылдау. Гипотония туындағанда – жоғалған сұйықтықтың көлемін қалпына келтіру емі және вазопрессорлық дәрілер қолданылады. Су-электролиттік теңгерімді және метаболизмдік теңгерімді бақылау және түзету ұсынылады.
Спецификалық антидоты жоқ.
Тоқтату симптомдары қаупінің болуын нұсқау
Ұзақ емделуден кейін Триампур композитум – Тева препаратын күрт тоқтатуға болмайды. Дозаны біртіндеп төмендете отырып, препаратты тоқтату керек.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша нұсқаулар
Егер сізде Триампур композитум - Тева препаратын қолдану бойынша қандай да бір сұрақтарыңыз болса, оларды емдеуші дәрігермен талқылаңыз.
50 таблеткадан пластмасса қақпақтармен тығындалған шыны құтыларға салады.
1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
25 ◦С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
5 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
25 ◦С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.
-ден