Қолдану көрсеткіштері
B12 Анкерманн® препараты ересектердегі B12 дәрумені тапшылығын емдеуде қолданылады:
- тағам арқылы түсуі жеткіліксіз болғанда, тамақтану теңгерімінің ұзақ уақыт бойы бұзылуы кезінде (мысалы, қатаң вегетариандық диета);
- мальабсорбция синдромының салдарынан (ішкі фактордың жеткіліксіз өндірілуінің салдарынан) оның сіңірілуі бұзылған кезде, асқазан-ішек жолы шырышты қабатының атрофиясы, кейбір дәрілік препараттарды қолдану (мысалы, протонды помпа тежегіштері, Н2-гистаминді рецепторлардың блокаторлары, метформин), мықын ішектің терминалды бөлігінің ауруында (мысалы, целиакияда), соқыр ішек синдромында, гастрэктомия немесе асқазанды шунттау операциясынан кейін;
- гиперхромды мегалобласты макроциттік анемияда, пернициозды анемияда, сонымен қатар макроциттік анемияның басқа түрлерінде.
Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- цианокобаламин немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық;
- темекі шегу немесе алкоголь қолданудың салдарынан туындаған көрудің бұзылуы (темекі-алкогольді амблиопия) немесе пернициозды анемияның салдарынан көру жүйкесінің қабынуы (ретробульбарлы неврит);
- көру жүйкесінің дегенерациясы;
- цианидті уытсыздандыруды талап ететін жай күй (бұл жағдайда кобаламиннің басқа туындыларын қабылдаған жөн).