daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Караганде қаласындағы Визанна Таблеткалар 2мг №28 | Байер Веймар ГмбХ и Ко.КГ

Караганде қаласындағы Визанна Таблеткалар 2мг №28 | Байер Веймар ГмбХ и Ко.КГ

Басқа сервистер немесе өзіңіз

disadvantage

Тауардың қолжетімділігі мен бағасын кепілдемейді

disadvantage

Тауар тез таусылып қалуы мүмкін

disadvantage

Daribar бонустары жоқ

disadvantage
Тегін

Daribar-дан тапсырыс бергенде

disadvantage

5–15 минут ішінде тауардың қолжетімділігі мен бағасын тексереміз

disadvantage

Жеткізу немесе 24 сағатқа брондау

disadvantage

Daribar-дың бонустары

disadvantage
Сипаттама:

Дөңгелек пішінді, беті тегіс және шеттері қиғаш, бір жағында «В» өрнегі бар, диаметрі 7 мм, ақ немесе ақ дерлік түсті таблеткалар.

Халықаралық атауы:

Диеногест

Өндіруші:

Байер Веймар ГмбХ и Ко.КГ

Өндіруші ел:

Федеративная Республика Германия

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: лактоза моногидраты, картоп крахмалы, микрокристалды целлюлоза, повидон К25, тальк, кросповидон, магний стеараты

Белсенді заттың дозасы:

2 мг

Дәрілік түрі:

Таблеткалар, 2 мг

Қаптамадағы саны:

28 шт
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

- эндометриозды емдеу

Қарсы көрсеткіштер

Төмендегі, бір бөлігі құрамында тек гестагенді компоненті бар басқа препараттар туралы қолда бар ақпараттың негізінде атап келтірілген аталған жағдайлардың кез келгені бар болса, Визанна® препаратын қолдануға болмайды. Егер осы жағдайлардың қандай да біреуі Визанна® қабылдау аясында дамитын болса, препаратты қолдануды дереу тоқтату керек.

- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- белсенді веналық тромбоэмболиялық бұзылулар

- қазіргі кездегі немесе бұрын болған жүрек және артериялар аурулары (мысалы, миокард инфарктісі, цереброваскулярлық бұзылулар, жүректің ишемиялық ауруы)

- қантамырлық асқынулары бар қант диабеті

- қазіргі кездегі немесе бұрын болған бауырдың ауыр аурулары, бауыр функциясының көрсеткіштері қалпына келгенше

- қазіргі кездегі немесе бұрын болған бауыр ісіктері (қатерлі және қатерсіз)

- жыныс стероидтарына тәуелді анықталған немесе күдік тудыратын қатерлі ісіктер

- генезі түсініксіз қынаптық қан кетулер

- галактозаның тұқым қуалайтын жақпаушылығы, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы.

Өзара әрекеттесуі

Ескертпе: потенциалды өзара әрекеттесулерін анықтау үшін бір мезгілде қолданылатын дәрілік заттардың медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулығымен танысып шығу керек.

Басқа дәрілік заттардың Визанна® препаратына әсері

Ферменттердің (CYP3A изоферментінің) жекелеген индукторлары немесе тежегіштері

Прогестиндер, соның ішінде диеногест, көбінесе ішектің шырышты қабығында және бауырда орныққан P450 3A4 цитохромы жүйесінің (CYP3A4) көмегімен метаболизденеді. Сәйкесінше, CYP3A4 индукторлары немесе тежегіштері гестагенді препараттардың метаболизміне әсер етуі мүмкін. Жыныс гормондары клиренсінің ферменттер индукциясы түрткі болған жоғарылауы Визанна® препаратының емдік әсерінің төмендеуіне алып келуі, сондай-ақ жағымсыз әсерлерді, мысалы, жатырдан қан кету сипатының өзгеруін туғызуы мүмкін.

Жыныс гормондары клиренсінің ферменттердің тежелуіне байланысты төмендеуі диеногест экспозициясын арттыруы мүмкін, бұл жағымсыз әсерлерінің дамуына алып келуі мүмкін.

- Жыныс гормондарының клиренсін арттыратын заттар (ферменттердің индукциясы арқылы тиімділігін төмендету), мысалы:

фенитоин, барбитураттар, примидон, карбамазепин, рифампицин, сондай-ақ окскарбазепин, топирамат, фелбамат, гризеофульвин және құрамында шілтер жапырақты шайқурай бар заттар болуы мүмкін.

Ферменттердің индукциясы, әдетте, емдеу басталғаннан кейін бірнеше күннен соң байқалады, ең жоғарғы индукциясы бірнеше апта ішінде білінеді және содан соң, емдеуді тоқтақаннан кейін 4 аптаға жуық сақталуы мүмкін.

CYP3A4 индукторы рифампициннің әсері постменопауза кезеңіндегі дені сау әйелдерде зерттелді. Рифампицинді құрамында эстрадиол валераты/диеногест бар таблеткалармен бір мезгілде қолданғанда, диеногест пен эстрадиолдың тепе-теңдік концентрациясы мен жүйелі экспозициясының айтарлықтай төмендегені байқалды. Диеногест пен эстрадиолдың тепе-теңдік концентрациясы кезіндегі, AUC (0-24 сағ) шамасы бойынша анықталатын жүйелі экспозициясы, сәйкесінше 83% және 44%-ға төмендеген.

- Жыныс гормондарының клиренсіне вариабельді әсері бар заттар:

Жыныс гормондарымен бірге қолданған кезде АИТВ мен C гепатитін емдеуге арналған көптеген препараттар мен кері транскриптазаның нуклеозидтік емес тежегіштері қан плазмасындағы прогестиндер концентрациясын арттыруы немесе төмендетуі мүмкін. Кей жағдайларда мұндай өзгерістер клиникалық тұрғыдан маңызды болуы мүмкін.

- Жыныс гормондарының клиренсін төмендететін заттар (ферменттер тежегіштері)

Диеногест P450 (CYP) 3A4 цитохромының субстраты болып табылады. Ферменттер тежегіштерімен өзара әрекеттесу мүмкіндігінің клиникалық маңыздылығы белгісіз. 3A4 ферменттерінің (CYP) күшті тежегіштерімен қатарлас қолдану қан плазмасындағы диеногест концентрациясын арттыруы мүмкін.

Кетоконазолдың күшті тежегішін бірге қолданғанда диеногест AUC артуы (0-24 сағ) тепе-теңдік жағдайында 2.9 құрады. Эритромициннің  орташа тежегішін бір мезгілде қабылдаған кезде  диеногест AUC (0-24 сағ) тепе-теңдік жағдайында 1.6-ға артты.

Визаннаның басқа дәрілік препараттарға әсері

In vitro тежелуін зерттеу мәліметтеріне сүйенсек, Визанна® препаратының басқа дәрілік заттардың P450 цитохромы жүйесі ферменттері қатысуымен жүретін метаболизмімен клиникалық маңызды өзара әрекеттесуінің даму ықтималдығы аз.

Тамақ өнімдерімен өзара әрекеттесуі

Майлар құрамы жоғары стандартты тамақ ішу Визанна® препаратының биожетімділігіне әсер етпеген.

Зертханалық тестілер

Прогестагендерді қабылдау кейбір зертханалық зерттеулердің нәтижесіне, оның ішінде бауыр функциясының, қалқанша без, бүйрек үсті безі және бүйректің биохимиялық параметрлеріне, ақуыздардың плазмалық концентрациясына, мысалы, кортикостероидтар мен липидтер/липопротеидтер фракцияларын байланыстырушы глобулиндердің, көмірсу алмасуының параметрлері мен ұю параметрлеріне әсер етуі мүмкін. Өзгерістер әдетте қалыпты мәндер шегінен аспайды.

Артық дозалану

Жедел уыттылыққа жүргізілген зерттеулердің нәтижелері препараттың тәуліктік емдік дозасынан бірнеше есе асатын дозаны кездейсоқ қабылдаған кезде жедел жағымсыз әсерлер болуын көрсетпейді. Диеногестке қарсы арнайы антидот жоқ. Тәулігіне 20-30 мг диеногест дозасының (Визанна® препаратындағы дозадан 10-15 есе артық) 24 апта ішінде жағымдылығы өте жақсы болды.

Шығарылу түрі

14 таблеткадан жасыл түсті ПВХ/ПВДХ және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.

2 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.

Сақтау шарттары

30° С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыВизанна таблеткалар 2мг №28 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading
16650

-ден

Сіздің үнемдеуіңіз: 2118

i

Жақсы іздеудің арқасында пайда:

Орташа баға Караганде:

Daribar-дан тапсырыс бергенде:

Сіздің үнемдеуіңіз:

18768

16650

2118

Себетке

Құрамы

Тауар туралы қысқашаНұсқаулықСатып алу мәліметтері

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube