Показания к применению
- созылмалы ашық бұрышты глаукомасы немесе көзішілік гипертензиясы бар ересектерде жоғары көзішілік қысымды төмендету үшін (монотерапия түрінде немесе бета-адреноблокаторлармен емдеуге қосымша).
- созылмалы ашық бұрышты глаукомасы немесе көзішілік гипертензиясы бар ересектерде жоғары көзішілік қысымды төмендету үшін (монотерапия түрінде немесе бета-адреноблокаторлармен емдеуге қосымша).
- белсенді заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- анамнезінде емдеуді тоқтатуға әкелген бензалконий хлоридіне жағымсыз реакциялар.
Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары
Көзге зақым келтірмеу және ерітіндінің микробтық ластануын болдырмау үшін тамшылатқыш құты ұштығының көзбен немесе көз айналасындағы аймақпен жанасуын болдырмау керек.
Препаратты простагландиндердің басқа аналогтарымен бірге қолданатын пациенттер көзішілік қысымның өзгеруін анықтау үшін бақылауда болуы тиіс.
Пациенттерді емдеуді бастағанға дейін простагландиндермен байланысты периорбитопатияның (ПБП) және көздің нұрлы қабығы пигментациясының күшеюі мүмкіндігі туралы хабардар ету керек. Осы өзгерістердің кейбіреулері қайтымсыз болуы және тек бір көзді емдеу кезінде көру аймағының нашарлауына әкелуі мүмкін.
Күн сайын Биматопрост-Фарматен препаратының ерітіндісімен жанасатын тері учаскелерінде шаштың өсу потенциалы бар. Сондықтан нұсқаулыққа сәйкес Биматопрост-Фарматен препаратын қолдану және оның бетпен немесе терінің басқа жерлерімен жанасуын болдырмау маңызды.
Биматопростты қолдану тыныс алу функциясы бұзылған пациенттерде зерттелмеген. Демікпемен немесе өкпенің созылмалы обструктивті ауруымен (ӨСОА) ауыратын пациенттерді емдеу туралы шектеулі ақпарат болған кезде, тіркеуден кейінгі тәжірибеде демікпенің өршуі, ентігу және ӨСОА, сондай-ақ демікпенің жаңа жағдайлары туралы есептер бар. Бұл симптомдардың жиілігі белгісіз. ӨСОА, демікпе немесе басқа себептерге байланысты тыныс алу функциясының бұзылулары бар пациенттерге препаратты сақтықпен қолдану керек.
Биматопростты қолдану 1-ші дәрежеге қарағанда күрделірек жүрек блокадасы бар немесе бақыланбайтын іркілісті жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде зерттелмеген. Биматопрост 0.3 мг/мл көзге тамызатын дәрісін қолданғанда брадикардия немесе артериялық гипотензия жағдайлары туралы спонтанды хабарламалар саны шектеулі.
Жүрек жиырылу жиілігі төмен немесе төмен артериялық қысымға бейім пациенттерге Биматопрост-Фарматенді сақтықпен қолдану керек.
Препараттың дәрілік өзара әрекеттесуіне арнайы зерттеулер жүргізілген жоқ.
Өзара әрекеттесудің дамуы күтілмейді, өйткені биматопрост 0.3 мг / мл көзге тамызатын дәрісін тамызғаннан кейін оның жүйелік концентрациясы өте төмен (0.2 нг/мл-ден аз) болып табылады. Биматопрост кез келген көптеген ферменттермен және жолдармен биотрансформацияға ұшырайды; клиникаға дейінгі зерттеулерде дәрілік препараттарды метаболиздейтін бауыр ферменттеріне әсері байқалмады.
3 мл көзге тамызатын дәрі ерітіндісі алғашқы ашылуы бақыланатын қалпақшалармен жабылған полиэтилен тамшылатқыш-құтыларда.
1 тамшылатқыш құтыдан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапта.
25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Бұл препарат арнайы сақтау шарттарын қажет етпейді.
30 ай.
Құтыны алғаш ашқаннан кейінгі сақтау мерзімі – 4 апта.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
При выборе доставки, вы можете оплатить ваш заказ на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay или Google Pay. При выборе самовывоза вы можете оплатить заказ в определенных аптеках с помощью Kaspi QR, карты или наличными либо на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay, Google Pay.
Доставка осуществляется в городах Алматы, Астане, Шымкенте, Караганде по тарифам служб доставки Яндекс и Choco, а также в другие города Казахстана по тарифам службы доставки Avis или с помощью сервиса Indrive. Все службы доставки, помимо Choco, доступны круглосуточно. Доставка Choco доступна до 01:20 в Алматы, до 00:50 в Астане, до 23:00 в Шымкенте и Караганде.
В соответствии с законодательством, по общему правилу, лекарственные средства и медицинские изделия не подлежат возврату и обмену. Для уточнения информации, обратитесь в нашу службу поддержки.
Бесплатная консультация фармацевта и возможность выбора ближайшей к Вам аптеки. Простая система проверки наличия в аптеках и удобное сравнение цен. Страница продукта содержит подробные справочные материалы и указания по применению.