daribar logo
Каталог
search-icon
Город
Қаз
Аптекам
Консультация

Корзина

Актау қаласындағы Derilife Кремі 50 Г | Уорлд Медицин Илач Сан.ве Тидж

Актау қаласындағы Derilife Кремі 50 Г | Уорлд Медицин Илач Сан.ве Тидж

Другие сервисы или самому

disadvantage

Не гарантируют цену и наличие товара

disadvantage

Товар могут раскупить

disadvantage

Нет бонусов от Daribar

disadvantage
Бесплатно

С заказом в Daribar

disadvantage

Проверим наличие и цену за 5-15 минут

disadvantage

Доставка или бронь на 24 часа

disadvantage

Бонусы от Daribar

disadvantage
Описание:

Ақ немесе ақ дерлік түсті бір текті крем.

Международное наименование:

Клобетазол

Производитель:

Уорлд Медицин Илач Сан.ве Тидж

Страна производитель:

Турецкая Республика

Действующее вещество:

- тиісті ем болмаған жағдайдағы тері инфекциялары - терінің бастапқы вирустық инфекциялары (мысалы, қарапайым герпес, желшешек) - розацеа - жасөспірімдер безеуі (acne vulgaris) - қабынбаған сипаттағы қышыну - перианальді аймақта және гениталий аймағында қышыну - периоральді дерматит - зеңдер немесе бактериялар туындатқан алғашқы инфекцияланған тері зақымдануы - 12 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары Дерилайф препаратын анамнезінде ГКС немесе препараттың қосымша заттарының кез келгеніне жергілікті аса жоғары сезімталдық реакциялары байқалған пациенттерде сақтықпен пайдалану керек. Жергілікті аса жоғары сезімталдық реакциялары негізгі аурудың симптомдарына ұқсас болуы мүмкін. Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі CYP3A4 тежеуі мүмкін дәрілік заттармен (мысалы, ритонавир немесе итраконазол) бірге қолданған кезде ГКС метаболизмінің жылдамдығы төмендейтіні анықталды, бұл олардың жүйелік әсерінің артуымен қатар жүреді. Осындай дәрілік өзара әрекеттесулердің клиникалық маңыздылығының дәрежесі ГКС енгізу дозасы, тәсіліне және CYP3A4 тежегішінің белсенділігіне байланысты. Арнайы ескертулер Клобетазол пропионатты ұсынылғаннан асатын дозаларда ұзақ уақыт қолданғанда остеонекроздық зақымдануы (некроздық фасциитті қоса) және жүйелі иммуносупрессиясы (кейде Капоши саркомасының дамуымен қатар жүрді, зақымданулар қайтымды сипатта болды) бар ауыр инфекциялардың даму жағдайлары туралы хабарланды. Кейбір жағдайларда пациенттер бір мезгілде пероральді/жергілікті қолдануға арналған басқа белсенділігі жоғары кортикостероидтармен немесе иммуносупрессанттармен (мысалы, метотрексат, микофенолат мофетилі) ем қабылдады. Ұзақтығы 4 аптадан астам жергілікті қолдануға арналған кортикостероидтармен емдеу клиникалық тұрғыдан ақталған жағдайда, белсенді кортикостероидтармен емдеуге ауысу туралы мәселені қарастыру керек. Кейбір пациенттерде жергілікті қолдануға арналған ГКС жүйелі сіңірілуінің жоғарылауына байланысты гиперкортицизм (Иценго-Кушинг синдромы) және бүйрек үсті жеткіліксіздігінің дамуымен қатар жүретін гипоталамус-гипофиз-бүйрек үсті жүйесі функциясының бәсеңдеуі (қайтымды сипат) белгілері байқалуы мүмкін. Жоғарыда көрсетілген бұзылулардың қандай да бірі туындаған жағдайларда клобетазол пропионатын қолдануды тоқтату қажет, бұл ретте дәрілік затты қолдану жиілігін біртіндеп төмендету немесе пациентті белсенділігі төмен ГКС емге ауыстыру керек. Препаратты қолдануды күрт тоқтатқан кезде бүйрек үсті безінің жеткіліксіздігі пайда болуы мүмкін. Жергілікті қолдану үшін ГКС пайдалану кезінде жүйелік әсерлердің дамуына байланысты қауіп факторлары: - препараттың белсенділігі мен құрамы; - қолдану ұзақтығы; - тері беткейінің үлкен аймағына қолдану; - терінің жабық жерлеріне қолдану (мысалы, интертригинозды аймақтарда немесе окклюзиялық таңғыштар астына (жаңа туған нәрестелерде жаялық окклюзиялық таңғыш рөлін атқаруы мүмкін)); - мүйізді қабаттың ылғалдану дәрежесінің жоғарылауы; - жұқа терісі бар жерлерде қолдану, мысалы, бет аймағы; - терінің зақымдалған жерлерінде немесе тері бөгетінің тұтастығы бұзылған жағдайларда қолдану. 12 жастан асқан балалар Балаларда препаратпен емдеу курсының ұзақтығы бүйрек үсті безі жеткіліксіздігінің туындау қаупіне байланысты мүмкіндігінше 5 күннен аспауы тиіс. Балалар жергілікті қолдану үшін ГКС пайдалану кезінде атрофиялық өзгерістердің дамуына анағұрлым бейім болады. Балаларда, оның ішінде жас балаларда, ересектермен салыстырғанда, дәрілік заттың пропорционалды түрде көп мөлшерінің жүйелі қан ағымына енуі салдарынан ГКС жергілікті қолданған кезде жүйелі жағымсыз реакциялардың даму қаупі жоғары болуы мүмкін (бұл ересектермен салыстырғанда балаларда тері бөгетінің жетілмегендігі және тері беткейі ауданының дене салмағына арақатынасының үлкен мәні болуына байланысты). Клобетазол пропионатын балаларда қолданған кезде тиісті емдік әсердің дамуын қамтамасыз ететін дәрілік заттың ең аз мөлшерін пайдалану қажет. 12 жасқа дейінгі балалар Препаратты 12 жастан кіші балаларда қолдануға болмайды. Окклюзиялық таңғыштарды пайдалану кезінде инфекцияның пайда болу қаупі Бактериялық инфекциялардың даму қаупі терінің қатпарларында немесе окклюзиялық таңғыштардың астында пайда болатын жылы және ылғалды жағдайларда артады; окклюзиялық таңғышты қолданар алдында терінің беткейін тиісті түрде тазарту керек. Псориазы бар пациенттерде қолдану Псориазы бар пациенттерде жергілікті қолдануға арналған ГКС қолданған кезде сақ болу керек, өйткені кейбір жағдайларда аурудың қайталануы, төзімділіктің дамуы, жайылған пустулезді псориаздың пайда болу қаупі және терінің бөгеттейтін функциясының бұзылуынан туындаған жергілікті немесе жүйелі уытты әсермен байланысты симптомдар туралы хабарланған. Мұндай жағдайларда пациенттер мұқият медициналық бақылауда болуы керек. Қатарлас инфекциялар Терінің қабыну зақымдануын жұқтырған жағдайда тиісті бактерияға қарсы ем жүргізу керек. Инфекция таралған кезде жергілікті қолдануға арналған ГКС пайдалануды тоқтату және бактерияға қарсы дәрілермен тиісті ем жүргізу қажет. Аяқтың созылмалы ойық-жаралары Кейбір жағдайларда жергілікті қолдануға арналған ГКС аяқтың созылмалы ойық жараларының айналасында пайда болатын дерматиттің емі ретінде қолданылады; алайда мұндай емдеу жергілікті аса жоғары сезімталдық реакцияларының және жергілікті инфекциялардың даму қаупінің жоғарылауымен байланысты болуы мүмкін. Беттің аймағына қолдану Кремді бет аймағына жақпаған дұрыс, өйткені бет аймағындағы тері атрофиялық өзгерістердің пайда болуына бейімдірек. Препаратты бет аймағына қолданған кезде емдеу курсының ұзақтығы 5 күннен аспауы тиіс, окклюзиялық таңғыштарды пайдаланбаған жөн. Қабақтың аймағына қолдану Кремді қабақтың аймағына қолданған кезде сақ болу керек және препараттың көзге түсуіне жол бермеу керек, өйткені бірнеше рет қолданған кезде катаракта мен глаукоманың даму қаупі бар. Егер крем көзге түссе, көзді судың көп мөлшерімен шаю керек. Көрудің бұзылуы ГКС жергілікті және жүйелі қолданған кезде көру қабілетінің бұзылуы дамиды деген хабарлар бар. Пациентте көру айқындылығы бұзылған немесе көрудің басқа да бұзылулары дамыған жағдайларда, ол катарактаны, глаукоманы немесе сирек кездесетін ауруларды қоса, мысалы, ГКС жүйелі және жергілікті қолдану кезінде туындағаны туралы хабарланған орталық серозды хориоретинопатияны (CSCR) қоса, олардың ықтимал себептерін анықтау мақсатында офтальмологтан кеңес алу қажет. Қосымша заттар Препарат құрамында теріні тітіркендіруі мүмкін пропиленгликоль бар. Препаратты ашық жараларға қолдануға немесе зақымдалған терінің үлкен жерлеріне (мысалы, күйік) дәрігермен немесе фармацевтпен кеңесусіз жағуға болмайды. Препарат құрамында цетостеарил спирті бар, ол жергілікті тері реакцияларын тудыруы мүмкін (мысалы, жанаспалы дерматит). Препарат құрамында тері реакциясын тудыруы мүмкін макроглицерин гидроксистеараты бар. Препарат құрамында аллергиялық реакциялар тудыруы мүмкін хлорокрезол бар. Жүктілік немесе лактация кезінде Жүктілік кезінде әйелдерде клобетазол пропионатын қолдану туралы деректер шектеулі. Жүктілік кезіндегі әйелдердегі Дерилайф препаратын әйел үшін күтілетін пайда шарана үшін потенциалды қауіптен жоғары болған жағдайларда ғана пайдалану керек, бұл ретте препаратты ең қысқа уақыт кезеңі ішінде ең аз мөлшерде пайдалану қажет. Емшек емізу кезеңінде әйелдерде жергілікті қолдануға арналған ГКС пайдалану қауіпсіздігі анықталған жоқ. ГКС жергілікті қолдану кезінде дәрілік зат емшек сүтінде сандық анықталатын концентрацияда болатын жүйелі әсерге қол жеткізуге бола ма, белгісіз. Емшек емізу кезеңінде әйелдердегі Дерилайф препаратын әйел үшін күтілетін пайда бала үшін потенциалды қауіптен жоғары болған жағдайларда ғана пайдалану керек. Емшек емізу кезеңінде әйелдерде қолданған жағдайда баланың кездейсоқ жұтуын болдырмау үшін кремді сүт бездерінің аймағына жағуға болмайды. Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері Жағымсыз реакциялардың бейінін ескере отырып, клобетазол пропионатын жергілікті қолданған кезде жоғарыда көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыру қабілетіне елеулі теріс әсер етеді деп күтілмейді.

Дозировка активного вещества:

0.5 мг

Лекарственная форма:

Сыртқа қолдануға арналған крем, 0.05%, 50 г

Количество в упаковке:

1 шт.

Аналоги

Инструкция

Показания к применению

Клобетазол жергілікті қолдануға арналған белсенділігі жоғары глюкокортикостероид (ГКС) болып табылады, ол 12 жастан асқан балаларда, ересектерде және ГКС еміне сезімтал дерматоздары бар егде жастағы пациенттерде белсенділігі төмен ГКС тиімсіздігі кезінде қабыну мен терінің қышынуының персистирлеуші симптомдарын қысқа мерзімді емдеу ретінде ғана пайдалануға көрсетілген:

- псориаз (таралған түйіндік псориазды қоспағанда)

- қызыл жалпақ теміреткі

- дискоидты қызыл жегі

- емдеуге жатпайтын дерматоздар

- белсенділігі аздау ГКС қолданғанда тиісті әсер байқалмайтын терінің басқа да аурулары.

Противопоказания

- белсенді затқа немесе препараттың қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- тиісті ем болмаған жағдайдағы тері инфекциялары

- терінің бастапқы вирустық инфекциялары (мысалы, қарапайым герпес, желшешек)

- розацеа

- жасөспірімдер безеуі (acne vulgaris)

- қабынбаған сипаттағы қышыну

- перианальді аймақта және гениталий аймағында қышыну

- периоральді дерматит

- зеңдер немесе бактериялар туындатқан алғашқы инфекцияланған тері зақымдануы

- 12 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары

Дерилайф препаратын анамнезінде ГКС немесе препараттың қосымша заттарының кез келгеніне жергілікті аса жоғары сезімталдық реакциялары байқалған пациенттерде сақтықпен пайдалану керек. Жергілікті аса жоғары сезімталдық реакциялары негізгі аурудың симптомдарына ұқсас болуы мүмкін.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

CYP3A4 тежеуі мүмкін дәрілік заттармен (мысалы, ритонавир немесе итраконазол) бірге қолданған кезде ГКС метаболизмінің жылдамдығы төмендейтіні анықталды, бұл олардың жүйелік әсерінің артуымен қатар жүреді. Осындай дәрілік өзара әрекеттесулердің клиникалық маңыздылығының дәрежесі ГКС енгізу дозасы, тәсіліне және CYP3A4 тежегішінің белсенділігіне байланысты.

Арнайы ескертулер

Клобетазол пропионатты ұсынылғаннан асатын дозаларда ұзақ уақыт қолданғанда остеонекроздық зақымдануы (некроздық фасциитті қоса) және жүйелі иммуносупрессиясы (кейде Капоши саркомасының дамуымен қатар жүрді, зақымданулар қайтымды сипатта болды) бар ауыр инфекциялардың даму жағдайлары туралы хабарланды. Кейбір жағдайларда пациенттер бір мезгілде пероральді/жергілікті қолдануға арналған басқа белсенділігі жоғары кортикостероидтармен немесе иммуносупрессанттармен (мысалы, метотрексат, микофенолат мофетилі) ем қабылдады. Ұзақтығы 4 аптадан астам жергілікті қолдануға арналған кортикостероидтармен емдеу клиникалық тұрғыдан ақталған жағдайда, белсенді кортикостероидтармен емдеуге ауысу туралы мәселені қарастыру керек.

Кейбір пациенттерде жергілікті қолдануға арналған ГКС жүйелі сіңірілуінің жоғарылауына байланысты гиперкортицизм (Иценго-Кушинг синдромы) және бүйрек үсті жеткіліксіздігінің дамуымен қатар жүретін гипоталамус-гипофиз-бүйрек үсті жүйесі функциясының бәсеңдеуі (қайтымды сипат) белгілері байқалуы мүмкін. Жоғарыда көрсетілген бұзылулардың қандай да бірі туындаған жағдайларда клобетазол пропионатын қолдануды тоқтату қажет, бұл ретте дәрілік затты қолдану жиілігін біртіндеп төмендету немесе пациентті белсенділігі төмен ГКС емге ауыстыру керек. Препаратты қолдануды күрт тоқтатқан кезде бүйрек үсті безінің жеткіліксіздігі пайда болуы мүмкін.

Жергілікті қолдану үшін ГКС пайдалану кезінде жүйелік әсерлердің дамуына байланысты қауіп факторлары:

- препараттың белсенділігі мен құрамы;

- қолдану ұзақтығы;

- тері беткейінің үлкен аймағына қолдану;

- терінің жабық жерлеріне қолдану (мысалы, интертригинозды аймақтарда немесе окклюзиялық таңғыштар астына (жаңа туған нәрестелерде жаялық окклюзиялық таңғыш рөлін атқаруы мүмкін));

- мүйізді қабаттың ылғалдану дәрежесінің жоғарылауы;

- жұқа терісі бар жерлерде қолдану, мысалы, бет аймағы;

- терінің зақымдалған жерлерінде немесе тері бөгетінің тұтастығы бұзылған жағдайларда қолдану.

12 жастан асқан балалар

Балаларда препаратпен емдеу курсының ұзақтығы бүйрек үсті безі жеткіліксіздігінің туындау қаупіне байланысты мүмкіндігінше 5 күннен аспауы тиіс.

Балалар жергілікті қолдану үшін ГКС пайдалану кезінде атрофиялық өзгерістердің дамуына анағұрлым бейім болады.

Балаларда, оның ішінде жас балаларда, ересектермен салыстырғанда, дәрілік заттың пропорционалды түрде көп мөлшерінің жүйелі қан ағымына енуі салдарынан ГКС жергілікті қолданған кезде жүйелі жағымсыз реакциялардың даму қаупі жоғары болуы мүмкін (бұл ересектермен салыстырғанда балаларда тері бөгетінің жетілмегендігі және тері беткейі ауданының дене салмағына арақатынасының үлкен мәні болуына байланысты).

Клобетазол пропионатын балаларда қолданған кезде тиісті емдік әсердің дамуын қамтамасыз ететін дәрілік заттың ең аз мөлшерін пайдалану қажет.

12 жасқа дейінгі балалар

Препаратты 12 жастан кіші балаларда қолдануға болмайды.

Окклюзиялық таңғыштарды пайдалану кезінде инфекцияның пайда болу қаупі

Бактериялық инфекциялардың даму қаупі терінің қатпарларында немесе окклюзиялық таңғыштардың астында пайда болатын жылы және ылғалды жағдайларда артады; окклюзиялық таңғышты қолданар алдында терінің беткейін тиісті түрде тазарту керек.

Псориазы бар пациенттерде қолдану

Псориазы бар пациенттерде жергілікті қолдануға арналған ГКС қолданған кезде сақ болу керек, өйткені кейбір жағдайларда аурудың қайталануы, төзімділіктің дамуы, жайылған пустулезді псориаздың пайда болу қаупі және терінің бөгеттейтін функциясының бұзылуынан туындаған жергілікті немесе жүйелі уытты әсермен байланысты симптомдар туралы хабарланған. Мұндай жағдайларда пациенттер мұқият медициналық бақылауда болуы керек.

Қатарлас инфекциялар

Терінің қабыну зақымдануын жұқтырған жағдайда тиісті бактерияға қарсы ем жүргізу керек. Инфекция таралған кезде жергілікті қолдануға арналған ГКС пайдалануды тоқтату және бактерияға қарсы дәрілермен тиісті ем жүргізу қажет.

Аяқтың созылмалы ойық-жаралары

Кейбір жағдайларда жергілікті қолдануға арналған ГКС аяқтың созылмалы ойық жараларының айналасында пайда болатын дерматиттің емі ретінде қолданылады; алайда мұндай емдеу жергілікті аса жоғары сезімталдық реакцияларының және жергілікті инфекциялардың даму қаупінің жоғарылауымен байланысты болуы мүмкін.

Беттің аймағына қолдану

Кремді бет аймағына жақпаған дұрыс, өйткені бет аймағындағы тері атрофиялық өзгерістердің пайда болуына бейімдірек. Препаратты бет аймағына қолданған кезде емдеу курсының ұзақтығы 5 күннен аспауы тиіс, окклюзиялық таңғыштарды пайдаланбаған жөн.

Қабақтың аймағына қолдану

Кремді қабақтың аймағына қолданған кезде сақ болу керек және препараттың көзге түсуіне жол бермеу керек, өйткені бірнеше рет қолданған кезде катаракта мен глаукоманың даму қаупі бар. Егер крем көзге түссе, көзді судың көп мөлшерімен шаю керек.

Көрудің бұзылуы

ГКС жергілікті және жүйелі қолданған кезде көру қабілетінің бұзылуы дамиды деген хабарлар бар. Пациентте көру айқындылығы бұзылған немесе көрудің басқа да бұзылулары дамыған жағдайларда, ол катарактаны, глаукоманы немесе сирек кездесетін ауруларды қоса, мысалы, ГКС жүйелі және жергілікті қолдану кезінде туындағаны туралы хабарланған орталық серозды хориоретинопатияны (CSCR) қоса, олардың ықтимал себептерін анықтау мақсатында офтальмологтан кеңес алу қажет.

Қосымша заттар

Препарат құрамында теріні тітіркендіруі мүмкін пропиленгликоль бар. Препаратты ашық жараларға қолдануға немесе зақымдалған терінің үлкен жерлеріне (мысалы, күйік) дәрігермен немесе фармацевтпен кеңесусіз жағуға болмайды.

Препарат құрамында цетостеарил спирті бар, ол жергілікті тері реакцияларын тудыруы мүмкін (мысалы, жанаспалы дерматит).

Препарат құрамында тері реакциясын тудыруы мүмкін макроглицерин гидроксистеараты бар.

Препарат құрамында аллергиялық реакциялар тудыруы мүмкін хлорокрезол бар.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Жүктілік кезінде әйелдерде клобетазол пропионатын қолдану туралы деректер шектеулі.

Жүктілік кезіндегі әйелдердегі Дерилайф препаратын әйел үшін күтілетін пайда шарана үшін потенциалды қауіптен жоғары болған жағдайларда ғана пайдалану керек, бұл ретте препаратты ең қысқа уақыт кезеңі ішінде ең аз мөлшерде пайдалану қажет.

Емшек емізу кезеңінде әйелдерде жергілікті қолдануға арналған ГКС пайдалану қауіпсіздігі анықталған жоқ.

ГКС жергілікті қолдану кезінде дәрілік зат емшек сүтінде сандық анықталатын концентрацияда болатын жүйелі әсерге қол жеткізуге бола ма, белгісіз. Емшек емізу кезеңінде әйелдердегі Дерилайф препаратын әйел үшін күтілетін пайда бала үшін потенциалды қауіптен жоғары болған жағдайларда ғана пайдалану керек.

Емшек емізу кезеңінде әйелдерде қолданған жағдайда баланың кездейсоқ жұтуын болдырмау үшін кремді сүт бездерінің аймағына жағуға болмайды.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Жағымсыз реакциялардың бейінін ескере отырып, клобетазол пропионатын жергілікті қолданған кезде жоғарыда көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыру қабілетіне елеулі теріс әсер етеді деп күтілмейді.

Взаимодействие

Рекомендации по применению

Дозалану режимі

Крем бүкіл зақымданған беткейді жабу үшін қажетті мөлшерде теріге жұқа қабатпен жағылады, тәулігіне 1-2 рет және мұқият жағады. Қажетті емдік әсерге қол жеткізген кезде (қолайлы жағдайларда жағдайдың жақсаруы бірнеше күн ішінде байқалуы мүмкін) препаратты қолдану жиілігін төмендету немесе белсенді емес дәрілік заттарды пайдалану керек. Әр аппликациядан кейін жұмсартқыш дәріні жағар алдында кремді сіңіру үшін біраз уақыт күту керек.

Аурудың өршуінің алдын алу мақсатында клобетазол пропионатымен бірнеше рет қысқа мерзімді ем курстарын жүргізуге болады.

Ауру симптомдарының емге аса жоғары төзімділігі байқалған жағдайларда, әсіресе гиперкератоз болған кезде, препараттың әсері полиэтилен үлбірден жасалған окклюзиялық таңғышты пайдалану есебінен күшейтілуі мүмкін. Әдетте, түнде окклюзиялық таңғышты қолдану қажетті әсерге жету үшін жеткілікті. Кейіннен, көп жағдайда бұл әсерді окклюзиялық таңғышты қолданбай демеуге болады.

Жағдай нашарлаған немесе жақсару препаратты қолданудың 2-4 аптасы бойы білінбеген жағдайларда емдеуді қайта бағалау және диагнозды қайта қарау қажет.

Кремнің ең көп апта сайынғы дозасы 50 г аспауы керек.

Атопиялық дерматит (экзема)

Аурудың симптомдарын бақылауға қол жеткізген кезде клобетазолмен емдеуді біртіндеп тоқтатып, жұмсартқышпен демеуші ем жүргізу қажет. Клобетазолмен емдеуді күрт тоқтатқан кезде аурудың қайталануы дамуы мүмкін.

Аурудың қайталануы жиі дамитын пациенттер (емдеуге жатпайтын дерматоздар)

Аурудың жедел эпизоды кезінде жергілікті қолдануға арналған ГКС емінің үздіксіз курсынан тиісті әсерге қол жеткізілген жағдайларда дәрілік затты кідіріп пайдалану туралы мәселені қарастыруға болады (тәулігіне бір рет, аптасына 2 рет, окклюзиялық таңғышты пайдаланбай). Бұл еммен аурудың қайталану жиілігі төмендейтіні анықталды.

Препаратты бұрын терінің барлық зақымданған жерлеріне немесе ауру асқынған кезде потенциалды әсер етуі мүмкін тері учаскелеріне жағуды жалғастыру қажет. Препаратты қолданудың осы әдісімен күн сайын жұмсартқышты қолдану қажет. Пациенттің жай-күйіне, сондай-ақ емдеуді жалғастырумен байланысты артықшылықтар мен қауіптерге тұрақты түрде қайта бағалау жүргізу керек.

Пациенттердің ерекше топтары

12 жастан асқан балалар

Егер клобетазол пропионатын емдеу міндетті болып табылмаса, балаларға қолдану ұсынылмайды.

12 жастан асқан балаларда клобетазол пропионаты препаратымен емдеу курсы 5 күннен аспауы тиіс, окклюзиялық таңғыштарды пайдаланбау керек. Балаларда ұзақ қолданудан аулақ болу керек.

Клобетазол пропионатын балаларда қолданған кезде сақ болу керек; тиісті емдік әсердің дамуын қамтамасыз ететін дәрілік заттың ең аз мөлшерін пайдалану қажет.

12 жасқа дейінгі балалар

Препаратты 12 жастан кіші балаларда қолдануға болмайды.

Егде жастағы пациенттер

Препарат жүйелі қан ағымына енетін жағдайларда, егде жастағы пациенттерде оның организмнен шығарылуы төмендеуі мүмкін (мұндай пациенттерде бауыр немесе бүйрек функциясының төмендеуі жиі байқалады). Сондықтан егде жастағы пациенттерде препаратты тиісті клиникалық әсерге қол жеткізу үшін қажетті қысқа уақыт кезеңі ішінде ең аз мөлшерде пайдалану керек.

Бүйрек/бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттер

Препарат жүйелі қан ағымына енген жағдайларда (ұзақ уақыт бойы тері беткейінің үлкен ауданына жағу) бүйрек/бауыр функциясы бұзылған пациенттерде оның метаболизмінің және организмнен шығарылу жылдамдығы төмендеуі мүмкін, соның нәтижесінде жүйелі уытты әсерлердің даму қаупі артуы мүмкін. Сондықтан жоғарыда көрсетілген пациенттерде препаратты тиісті клиникалық әсерге қол жеткізу үшін қажетті қысқа уақыт кезеңі ішінде ең аз мөлшерде пайдалану керек.

Енгізу әдісі және жолы

Препарат тек теріге жағуға арналған.

Крем әсіресе терінің ылғалды немесе дымқыл беткейіне қолдануға жарамды.

Пациенттерге препаратты қолданғаннан кейін қолды жуу ұсынылады (крем қолдың терісіне зақымдалған беткейі ретінде қолданылатын жағдайларды қоспағанда).

Емдеу ұзақтығы

Препаратпен емдеу курсының ұзақтығы 4 аптадан аспауы тиіс; емдеуді жалғастыру қажет болған жағдайларда белсенді емес дәрілік заттарды пайдалану керек.

Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар

Симптомдары

Жергілікті қолданған кезде клобетазол пропионатын жүйелі әсерлердің пайда болуы үшін жеткілікті мөлшерде жүйелі қан ағымына енуі мүмкін. Дәрілік затты жергілікті қолданған кезде жедел артық дозаланудың пайда болу ықтималдығы аз, дегенмен созылмалы артық дозалану немесе тиісінше пайдаланбау жағдайларында гиперкортицизм белгілері дамуы мүмкін.

Емі

Бүйрек үсті безі жеткіліксіздігінің пайда болу қаупіне байланысты клобетазолдың артық дозалануы жағдайында дәрілік затты қолдану жиілігін біртіндеп төмендету немесе пациентті белсенділігі төмен ГКС емге ауыстыру қажет.

Кейіннен емдеуді өңірлік токсикологиялық орталықтың клиникалық көрсетілімдеріне немесе ұсынымдарына (ол болған кезде) сәйкес жүргізген жөн.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша нұсқаулар

Дәрілік препаратты қолдану бойынша сұрақтар пайда болған жағдайда дәрігердің немесе фармацевттің кеңесіне жүгіну керек.

Передозировка

Побочные действия

Жиі

- қышыну, күйдіріп-ашытуды/ауыруды жергілікті сезіну

Жиі емес

- терінің атрофиясы*, стрия*, телеангиэктазия*

Өте сирек

- оппортунистік инфекциялар

- аса жоғары сезімталдық реакциялары, жайылған бөртпе

- гипоталамус-гипофиз-бүйрек үсті жүйесі функциясының бәсеңдеуі: кушингоидтық белгілер (мысалы, ай тәрізді бет, орталық типтегі семіздік), балаларда дене салмағы артуының кідіруі/ өсудің тежелуі, остеопороз, гипергликемия/глюкозурия, артериялық гипертензия, дене салмағының жоғарылауы/семіздік, қандағы эндогендік кортизол деңгейінің төмендеуі, алопеция, шаштың сынғыштығы

- терінің жұқаруы*, терінің әжімденуі*, терінің құрғауы*, тері пигментациясының өзгеруі*, гипертрихоз, аурудың негізгі симптомдарының өршуі, аллергиялық жанаспалы дерматит/дерматит, пустулезді псориаз, эритема, бөртпе, есекжем, акне

- жағу орнындағы тітіркену/ауыру

- катаракта, орталық серозды хориоретинопатия (CSCR), глаукома

Жиілігі белгісіз (қолда бар деректер бойынша бағалау мүмкін емес)

- фолликулит, қанталау, милиарлы түзілімдер

- көру өткірлігінің бұзылуы.

* Гипоталамус-гипофиз-бүйрек үсті жүйесі функциясының бәсеңдеуімен байланысты жергілікті және/немесе жүйелік әсерге қатысты салдарлы болып табылатын жағымсыз тері реакциясы.

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз

«Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

Форма выпуска

50 г препараттан жарғақшамен бекітілген және бұрандалы пластмасса қақпақтармен жабылған алюминий сықпаларға салынады.

1 сықпадан қазақ және орыс тілдеріндегі медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Условия хранения

25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Срок годности

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Вес

50 г

Детали покупки

Оплата

При выборе доставки, вы можете оплатить ваш заказ на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay или Google Pay. При выборе самовывоза вы можете оплатить заказ в определенных аптеках с помощью Kaspi QR, карты или наличными либо на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay, Google Pay.

Доставка

Доставка осуществляется в городах Алматы, Астане, Шымкенте, Караганде по тарифам служб доставки Яндекс и Choco, а также в другие города Казахстана по тарифам службы доставки Avis или с помощью сервиса Indrive. Все службы доставки, помимо Choco, доступны круглосуточно. Доставка Choco доступна до 01:20 в Алматы, до 00:50 в Астане, до 23:00 в Шымкенте и Караганде.

Возврат

В соответствии с законодательством, по общему правилу, лекарственные средства и медицинские изделия не подлежат возврату и обмену. Для уточнения информации, обратитесь в нашу службу поддержки.

...loading

Качество и забота о клиентах на Daribar.kz

На нашем сайте доступна покупкаderilife кремі 50 г онлайн в аптеках города . по конкурентоспособным ценам.

Бесплатная консультация фармацевта и возможность выбора ближайшей к Вам аптеки. Простая система проверки наличия в аптеках и удобное сравнение цен. Страница продукта содержит подробные справочные материалы и указания по применению.

Проверено

Провизор

Каражанова Айгерим

Стаж: 6 лет
ОбразованиеКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Метод проверкиПроверено на соответствие официальной информации NDDA
Действителен до: Май 2025
Не является врачебной рекомедацией, служит как справочная информация

Приложение

Следите за нами

Instagram

TikTok

YouTube