Показания к применению
жедел және созылмалы диареяның симптоматикалық емі үшін
илеостомасы бар науқастарда үлкен дәретті реттеу үшін.
жедел және созылмалы диареяның симптоматикалық емі үшін
илеостомасы бар науқастарда үлкен дәретті реттеу үшін.
- лоперамидке және/немесе препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық
- Имодиум® препаратын бірінші желідегі препарат ретінде пайдалануға болмайды:
• нәжісте қанның пайда болуымен, және жоғары температурамен сипатталатын жедел дизентериясы бар пациенттерде
• спецификалық емес жедел ойық жаралы колиті бар пациенттерде
• сальмонеллаларды, шигеллаларды және кампилобактерияларды қоса, инвазивтік микроорганизмдерден туындаған бактериялық энтероколиті бар пациенттерде
• әсер ету ауқымы кең антибиотиктерді пайдаланумен байланысты жалғанжарғақшалы колиті бар пациенттерде
- ішек бітелуі, мегаколон немесе уытты мегаколон (соның ішінде, ауыр асқынулар қаупінің ықтималдығына байланысты, перистальтикасының бәсеңдеуін болдырмау қажет болған жағдайда)
- 12 жасқа дейінгі балаларға
Құрамында фенилаланин (аспартам) бар, фенилкетонуриясы бар адамдарға қолдануға болмайды.
Іш қатуы, іш кебуі немесе ішектің бітелуі дамыған жағдайда, Имодиум® препаратын қолдануды тез арада тоқтату қажет.
Сақтықпен:
бауыр жеткіліксіздігі кезінде
Клиникаға дейінгі зерттеулердің деректері бойынша, лоперамид P-гликопротеиннің субстраты болып табылады. Лоперамид (16 мг дозада бір рет) пен P-гликопротеин тежегіштері болып табылатын хинидинді немесе ритонавирді бір мезгілде қолданғанда, лоперамидтің қан плазмасындағы концентрациясы 2 – 3 есе жоғарылайды. Лоперамидті ұсынылған дозаларында қолданғанда сипатталған P-гликопротеин тежегіштерімен фармакокинетикалық өзара әрекеттесуінің клиникалық маңыздылығы белгісіз.
Лоперамид (4 мг дозада бір рет) пен CYP3A4 және P-гликопротеин тежегіші итраконазолды бір мезгілде қолдану лоперамидтің плазмалық концентрациясының 3 – 4 есе жоғарылауына алып келеді. Дәл осы зерттеуде CYP2C8 тежегіші гемфиброзилді қолдану, лоперамидтің қан плазмасындағы концентрациясының шамамен 2 есе жоғарылауына алып келген. Итраконазол мен гемфиброзилдың біріктірілімі лоперамидтің қан плазмасындағы ең жоғарғы концентрациясын 4 есе жоғарылатты және қан плазмасындағы жалпы экспозициясын 13 есе жоғарылатты. Бұл жоғарылауы орталық жүйке жүйесіне (ОЖЖ) әсерімен астаспаған, оның функциясы психомоторлық тестілер бойынша бағаланған (яғни, ұйқышылдықты субъективтік тұрғыдан бағалау және сандық символдардың алмасуын тестілеу арқылы).
Лоперамид (16 мг дозада бір рет) пен CYP3A4 және P-гликопротеин тежегіші кетоконазолды бір мезгілде қолдану, лоперамидтің қан плазмасындағы концентрациясының бес есе жоғарылауына алып келген. Бұл жоғарылауы қарашықтың көлемі бойынша бағаланған фармакодинамикалық әсерінің артуымен байланысты болмаған.
Десмопрессинді бір мезгілде ішке қолданғанда, десмопрессиннің қан плазмасындағы концентрациясы 3 есе жоғарылаған, бұл асқазан-ішек жолы моторикасының баяулауынан болуы ықтимал.
Фармакологиялық қасиеттері ұқсас препараттар лоперамидтің әсерлерін күшейтуі мүмкін, ал асқазан-ішек жолы арқылы өту жылдамдығын арттыратын препараттар лоперамидтің әсерлерін азайтуы мүмкін деп күтіледі.
Арнайы ескертулер
Диареяны лоперамидпен емдеу тек симптоматикалық сипатта жүретіндіктен, мүмкін болған жағдайда, диареяның себептерін жоюға бағытталған емді де жүргізу қажет. Ауыр диареясы бар пациенттерде, әсіресе балаларда, сұйықтық пен электролиттердің жоғалтылуы орын алуы мүмкін. Ондай жағдайларда, сәйкесінше орынбасушы ем жүргізу (сұйықтықтар мен электролиттерді қабылдау) қажет.
48 сағат ішінде клиникалық тұрғыдан жақсару болмаған жағдайда, Имодиум препаратын қабылдауды тоқтату қажет. Пациенттер дәрігерге жүгінуі керек.
ЖИТС бар, Имодиум препаратын қабылдап жүрген пациенттер іш кебуінің алғашқы белгілері пайда болған жағдайда емделуді тоқтатуы тиіс. ЖИТС және шығу тегі вирустық пен бактериялық инфекциялық колиті бар, лоперамидпен емделіп жүрген пациенттерде уытты мегаколон қаупінің жоғарылауымен ішек бітелісі туралы жекелеген хабарлар келіп түскен.
Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде фармакокинетикасының деректері жоқ болғанымен, бауыр арқылы алғаш өтуі кезінде метаболизмі төмендейтіндігіне байланысты, ондай науқастарда Имодиум препаратын сақ болып қолдану керек. ОЖЖ уытты зақымдануы белгілерін дер кезінде анықтау мақсатында, бауыр функциясының бұзылуы бар науқастар мұқият қадағалауда болуы тиіс. Бауыр функциясының ауыр бұзылулары бар пациенттерде Имодиум® препаратын дәрігердің қадағалауымен ғана қолдану керек.
Апиынға тәуелділігі бар адамдарда апиындарды алмастырғыш ретінде лоперамидті шамадан тыс пайдалану немесе дұрыс қолданбау жағдайлары сипатталған.
Егер дәрілік зат жарамсыз болып қалса немесе жарамдылық мерзімі өтіп кетсе – оны ағын суларға және көшеге лақтырып тастамаңыз! Дәрілік затты пакетке салыңыз және қоқыс контейнеріне тастаңыз. Бұл шаралар қоршаған ортаны қорғауға көмектеседі!
Имодиум® препаратын ішектің тітіркенуі синдромымен байланысты диареяның жедел көріністерін емдеу үшін, тек, егер Сіздің дәрігеріңіз Сізге бұрын ІТС диагнозын қойған жағдайда ғана қабылдаңыз.
Жүктілік және лактация кезеңі
Қазіргі кезде, лоперамидтің тератогендік немесе эмбриоуытты әсерге ие екендігі туралы деректер жоқ. Басқа препараттармен жағдайдағы сияқты, лоперамидті жүктілік кезінде, әсіресе, бірінші триместрінде қолдану ұсынылмайды.
Лоперамидтің аздаған мөлшері әйелдерде емшек сүтіне өтуі мүмкін, және сондықтан да, Имодиум препаратын бала емізу кезінде қабылдау ұсынылмайды.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Диареяны лоперамидпен емдеген кезде, шаршау, бас айналуы немесе ұйқышылдық туындауы мүмкін. Аталған симптомдар пайда болған жағдайда, пациенттер автомобиль басқарудан және механизмдермен жұмыс жасаудан бас тартуы керек.
Дозалау режимі
Ішке. Таблетканы тілдің үстіне қояды, ол бірнеше секунд ішіне ериді, содан кейін оны сумен ішпей, сілекеймен жұтып жібереді.
Ересектер және 12 жастан асқан балалар:
Жедел диарея: бастапқы дозасы – ересектер үшін 2 таблетка (4 мг) және балалар үшін 1 таблетка (2 мг), нәжіс сұйық болған жағдайда, ары қарай әрбір үлкен дәреттен соң 1 таблеткадан (2 мг) қабылдайды (тәулігіне ең көбі 8 мг дейін).
Созылмалы диарея: бастапқы дозасы – ересектер үшін тәулігіне 2 таблетка (4 мг) және балалар үшін 1 таблетка (2 мг); бұл дозасы, әдетте, ары қарай, үлкен дәретке шығу жиілігі тәулігіне 1-2 ретті құрайтындай етіп жекелей түзетіледі, оған әдетте, тәулігіне 1-ден 4 таблеткаға дейінгі демеуші дозасы арқылы қол жеткізіледі.
Ең жоғарғы тәуліктік дозасы. Жедел және созылмалы диарея кезінде - 4 таблетка (8 мг).
Үлкен дәрет қалыпты жағдайға келгенде немесе 12 сағаттан артық уақыт үлкен дәрет болмаған жағдайда, препаратты тоқтатады.
Егде жастағы пациенттер: дозасын түзету қажет емес.
Бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттер: дозасын түзету қажет емес.
Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер:
Бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттерде фармакокинетикасын арнайы зерттеулер жүргізілген жоқ. Бауыр арқылы «алғашқы» өтуі кезінде метаболизмінің төмендейтіндігіне байланысты, бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттерге Имодиум® препаратын сақ болып пайдалану керек.
Құрғақ жерде 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз!
Түпнұсқалық қаптамасында сақтау керек.
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды
При выборе доставки, вы можете оплатить ваш заказ на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay или Google Pay. При выборе самовывоза вы можете оплатить заказ в определенных аптеках с помощью Kaspi QR, карты или наличными либо на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay, Google Pay.
Доставка осуществляется в городах Алматы, Астане, Шымкенте, Караганде по тарифам служб доставки Яндекс и Choco, а также в другие города Казахстана по тарифам службы доставки Avis или с помощью сервиса Indrive. Все службы доставки, помимо Choco, доступны круглосуточно. Доставка Choco доступна до 01:20 в Алматы, до 00:50 в Астане, до 23:00 в Шымкенте и Караганде.
В соответствии с законодательством, по общему правилу, лекарственные средства и медицинские изделия не подлежат возврату и обмену. Для уточнения информации, обратитесь в нашу службу поддержки.
Бесплатная консультация фармацевта и возможность выбора ближайшей к Вам аптеки. Простая система проверки наличия в аптеках и удобное сравнение цен. Страница продукта содержит подробные справочные материалы и указания по применению.