daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Актау қаласындағы Леволет Таблеткалары 500 Мг №10 | Редди'с Лабораторис Лтд

Актау қаласындағы Леволет Таблеткалары 500 Мг №10 | Редди'с Лабораторис Лтд

Басқа сервистер немесе өзіңіз

disadvantage

Тауардың қолжетімділігі мен бағасын кепілдемейді

disadvantage

Тауар тез таусылып қалуы мүмкін

disadvantage

Daribar бонустары жоқ

disadvantage
Тегін

Daribar-дан тапсырыс бергенде

disadvantage

5–15 минут ішінде тауардың қолжетімділігі мен бағасын тексереміз

disadvantage

Жеткізу немесе 24 сағатқа брондау

disadvantage

Daribar-дың бонустары

disadvantage
Сипаттама:

Ақ түсті қабықпен қапталған, екі жақ беті дөңес, бір жағында «RDY» және екінші жағында «279» өрнегі бар пішіні капсула тәрізді таблеткалар (250 мг доза үшін).     Ақ түсті қабықпен қапталған, екі жақ беті дөңес, бір жағында «RDY» және екінші жағында «280» өрнегі бар пішіні капсула тәрізді таблеткалар (500 мг доза үшін).

Халықаралық атауы:

Левофлоксацин

Өндіруші:

Редди'с Лабораторис Лтд

Өндіруші ел:

Республика Индия

Белсенді ингредиент:

Глюкоза-6-фосфат дегидрогеназа тапшылығы бар пациенттер Глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа белсенділігінің жасырын немесе айқын бұзылулары бар пациенттерде бактерияға қарсы хинолонды препараттармен  ем жүргізу кезінде гемолиздік реакцияларға бейімділікті байқауға болады. Сондықтан, осындай пациенттерде левофлоксацин қолдану қажет болса, оларды гемолиздің туындауы тұрғысынан қадағалау керек. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Левофлоксацин негізінен бүйрекпен шығарылатындықтан, бүйрек  жеткіліксіздігі бар пациенттерде левофлоксациннің дозасын түзету керек. Аса жоғары сезімталдық реакциялары Левофлоксацин кейде препараттың бірінші дозасын енгізуден кейін туындайтын аса жоғары сезімталдықтың ауыр немесе өмірге зор қатер төндіретін реакцияларын (мысалы, анафилаксиялық шокқа дейін апаратын ангионевроздық ісіну) туындатуы мүмкін. Пациенттер дереу емдеуді тоқтатып, өз емдеуші дәрігерімен немесе шұғыл тиісті көмек көрсетілуі үшін жедел жәрдем дәрігерімен байланысуы керек. Терінің ауыр жағымсыз реакциялары Левофлоксацинді қолданумен байланысты уытты эпидермальді некролизді (TEN: Лайелл синдромы ретінде белгілі), Стивенс Джонсон синдромын (SJS) және өлімге әкелетін немесе өмірге қауіп төндіретін эозинофилия және жүйелік белгілері (DRESS-синдромы) бар дәрілік реакцияны қоса алғанда, терінің ауыр жағымсыз реакциялары (SCARs) туралы хабарламалар бар. Құрамында левофлоксацин бар препараттарды тағайындағанда пациенттерге терінің ауыр реакцияларының белгілері мен симптомдары туралы хабарлау және олардың жағдайын одан әрі мұқият бақылау керек. Осы реакцияларға нұсқайтын белгілер мен симптомдар пайда болған кезде левофлоксацинді қабылдауды дереу тоқтатып, баламалы емдеуді қарастырған жөн. Егер пациент Стивенс Джонсон синдромы (SJS), Лайелл синдромы (TEN) немесе левофлоксацинді қолдана отырып, эозинофилия және жүйелік белгілері (DRESS-синдромы) бар дәрілік реакция сияқты ауыр реакцияны дамытса, ешқандай жағдайда емдеуді қайта бастауға немесе тағайындауға болмайды. Дисгликемия Барлық хинолондарды қолдану кезіндегідей, әдетте, пероральді гипогликемиялық препараттар (мысалы, глибенкламид) немесе инсулин қолданылатын қатарлас емнен өтетін диабеті бар пациенттерде әрі гипо-, әрі гипергликемияны қоса, қандағы глюкоза құрамы бұзылуының туындауы хабарланды. Гипогликемиялық кома жағдайлары туралы хабарланды. Қант диабетімен ауыратын пациенттерде қандағы глюкоза деңгейін мұқият бақылау ұсынылады. Фотосенсибилизация профилактикасы Левофлоксацинмен қолдану кезінде фотосенсибилизация туындауы хабарланды. Фотосенсибилизация дамуын болдырмау үшін пациенттерге емдеу кезінде және оны тоқтатудан кейін 48 сағат бойы өздерін күшті күн сәулесінің немесе жасанды УК сәулеленудің (мысалы, УК шам, солярий) әсеріне ұшыратпауға кеңес беріледі. К дәруменінің антагонистері қолданылатын емнен өтетін пациенттер Левофлоксацин мен К дәрумені антагонисімен (мысалы, варфарин) біріктірілімі қолданылатын емдеуден өтетін пациенттерде, коагуляциялық сынамалар көрсеткіштерінің артуы (ПУ/ХҚҚ) және/немесе қан кетудің туындауы мүмкін екендіктен, осы препараттарды бір мезгілде қолданғанда коагуляция сынамаларының нәтижелеріне мониторинг өткізу қажет. Психоздық реакциялар Левофлоксацинді қоса, хинолондар қабылдаған пациенттерде психоздық реакциялар туындаған жағдайлар хабарланды. Өте сирек жағдайларда тіпті левофлоксацинді дозасын бір рет қолданудан кейін осындай реакциялар суицидтік ойлардың және пациенттің өзіне қауіп төндіретін мінез-құлықтың пайда болуына дейін үдеді. Осындай реакциялар туындаған жағдайда левофлоксацин қабылдауды тоқтатып, тиісті шаралар қолдану керек. Левофлоксацин психозбен пациенттерге немесе анамнезде психиатриялық аурулар болғанда сақтықпен қолданылу керек. QT аралығының ұзаруы Левофлоксацинді қоса, фторхинолондарды QT аралығы ұзаруының мынадай белгілі қауіп факторлары бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек: - туа біткен QT аралығының ұзару синдромы - QT аралығының ұзаруын туындататын дәрілік заттарды (мысалы, IA және III класының аритмияға қарсы препараттары, трициклды антидепрессанттар, макролидтер, антипсихотиктер) қатарлас қолдану - түзетілмеген электролиттік теңгерімінің бұзылуы (мысалы, гипокалиемия, гипомагниемия) - жүрек аурулары (мысалы, жүрек жеткіліксіздігі, миокард инфарктісі, брадикардия). Егде жастағы пациенттер мен әйелдер QTс аралығының ұзаруын туғызатын препараттарға өте сезімтал болуы мүмкін (түзетілген QT). Демек, левофлоксацинді қоса алғанда, фторхинолондарды пациенттердің осы топтарында сақтықпен қолдану керек. Шеткері нейропатия Хинолондар мен фторхинолондарды қабылдаған пациенттерде парестезияға, гиперестезияға, дизестезияға немесе бұлшықет әлсіздігіне әкелетін сенсорлық немесе сенсорлық-моторлы полиневропатия жағдайлары туралы хабарланды. Ықтимал қайтымсыз жағдайдың өршуіне жол бермеу үшін левофлоксацинмен ем қабылдаған пациенттерге, егер ауырсыну, жану, қышу, ұйқышылдық немесе бұлшықет әлсіздігі сияқты нейропатия белгілері пайда болса, емдеуді жалғастырмас бұрын дәрігермен байланысуды ұсынған жөн. Бауыр мен өт шығару жолдары тарапынан бұзылулар Ең алдымен, ауыр негізгі ауруы, мысалы, сепсис бар пациенттерде левофлоксацинді қолдану кезінде өліммен аяқталатын бауыр жеткіліксіздігіне дейін апаратын бауыр некрозының жағдайлары хабарланды. Пациенттерге анорексия, сарғаю, күңгірт несеп, қышыну немесе іштің ауырсынуы сияқты бауыр ауруының симптомдары мен белгілері білінгенде емдеуді тоқтатуға және емдеуші дәрігермен байланысуға кеңес беру керек. Миастения гравис өршуі Левофлоксацинді қоса, фторхинолондар нейробұлшықеттік бөгеу белсенділігін иеленеді және миастения гравистен зардап шегетін пациенттерде бұлшықет әлсіздігін күшейтуі мүмкін. Өлім жағдайларын және постмаркетингтік бақылау кезеңінде пайда болған өкпені қосалқы жасанды желдету қажеттілігін қоса алғанда, елеулі жағымсыз реакциялар миастения грависпен ауыратын пациенттерде фторхинолондарды қолданумен байланысты болды. Пациентте анамнезінде миастения гравис болған кезде левофлоксацинді қолдану ұсынылмайды. Көрудің бұзылулары Көру бұзылулары пайда болғанда немесе препаратты қабылдаудың көзге әсері байқалғанда дереу офтальмологқа қаралу керек. Суперинфекция Левофлоксацинді қолдану, әсіресе ұзақ уақыт бойы, иммунитеті жоқ микроорганизмдердің шамадан тыс өсуіне әкелуі мүмкін. Емделу кезеңінде асқын инфекция туындағанда тиісті шаралар қабылдау керек. Ұзақ мерзімді, мүгедек және ықтимал қайтымсыз елеулі жағымсыз дәрілік реакциялар Хинолондар мен фторхинолондарды қабылдайтын пациенттерде, жасына қарамастан, ұзақ (айлар немесе жылдар бойы жалғасатын) өте сирек кездесетін жағдайлар, организмнің әртүрлі, кейде көптеген жүйелеріне (тірек-қимыл аппараты, жүйке жүйесі, психикалық бұзылулар және сезім мүшелері) және бұрыннан бар қауіп факторларына әсер ететін дәрі-дәрмектерге мүгедектік және ықтимал қайтымсыз елеулі жағымсыз реакциялар тіркелген. Левофлоксацинді қабылдауды кез келген күрделі жағымсыз реакцияның алғашқы белгілері немесе симптомдары пайда болған кезде дереу тоқтату керек, ал пациенттерге өз емдеуші дәрігерінен кеңес алу ұсынылады. Аортаның аневризмасы және қатпарлануы Эпидемиологиялық зерттеулерде фторхинолондарды қабылдағаннан кейін, әсіресе егде пациенттерде, аортаның аневризмасы және қатпарлану қаупінің жоғарылауы туралы хабарланады. Осының салдарынан қантамырларының кеңеюіне байланысты отбасылық анамнезінде ауруы бар пациенттерге немесе бұрын аортаның аневризмасы және/немесе қатпарлануы диагнозы анықталған пациенттерге немесе аортаның аневризмасы және қатпарлануының (мысалы, Марфан синдромы, қантамырлар Элерс-Данлос синдромы, Такаясу артерииті, түйіндік периартериит, Бехчет ауруы, гипертензия, ацнықталған атеросклероз) пайда болуына бейім басқа қауіп факторлары болған кезде фторхинолондарды пайда мен қауіпті мұқият бағалағаннан кейін және емдеудің басқа әдістерін қарастырғаннан кейін ғана қолдану керек. Іштің, кеуденің немесе арқаның күтпеген ауыруы пайда болған жағдайда, пациентті дереу жедел жәрдем бөлімшесінің дәрігеріне жіберу керек. Жүрек қақпақшаларының регургитациясы/жеткіліксіздігі Қауіп факторлары бар пациенттерде және/немесе жүрек қақпақшаларының регургитациясына/жеткіліксіздігіне бейім жағдайындағы пациенттерде жүрек қақпақшаларының регургитациясы/жеткіліксіздігі. Зертханалық зерттеулер нәтижелеріне әсері Левофлоксацинді қолдану арқылы емделетін пациенттерде несептегі апиындарды анықтауға талдау жалған оң нәтижелер беруі мүмкін. Ерекше әдісті қолдана отырып, апиынға арналған талдау нәтижелерін растау қажет болуы мүмкін. Левофлоксацин Mycobacterium tuberculosis өсуін тежеуі мүмкін, сондықтан туберкулездің бактериологиялық диагностикасының жалған теріс нәтижелерінің себебі болуы мүмкін. Жедел панкреатит Левофлоксацин қабылдаған пациенттерде жедел панкреатит болуы мүмкін. Пациенттерге жедел панкреатиттің тән белгілері туралы хабарлау керек. Жүрек айнуы, әлсіздік, іштің ыңғайсыздығы, іштің өткір ауруы немесе құсу бар пациенттерді дереу дәрігер тексеруі керек. Егер жедел панкреатитке күдік болса, левофлоксацинді қабылдауды тоқтату керек, расталған жағдайда левофлоксацинді қайта қабылдауға болмайды. Анамнезінде панкреатитпен ауыратын пациенттерге сақ болу керек. Жүктілік немесе лактация кезінде Жүктілік Левофлоксацинді жүкті әйелдерде қолдануға болмайды. Бала емізу Леволет препараты бала емізу кезінде әйелдерге қолдануға болмайды. Препараттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді  басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері Кейбір жағымсыз әсерлер, мысалы, естен тану алдындағы жағдай/ бас айналу, ұйқышылдық, көрудің бұзылуы пациенттың зейін қою қабілетін және оның реакцияларының жылдамдығын төмендетуі мүмкін, бұл мұндай қабілеттер ерекше маңызды жағдайларда (мысалы, көлік жүргізу және жұмыс механизмдері кезінде) қауіпті болуы мүмкін.

Белсенді заттың дозасы:

500 мг

Қаптамадағы саны:

10 шт.

Аналогтары

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Ересек пациенттерде келесі инфекцияларды емдеу үшін

- жедел пиелонефрит және несеп шығару жолдарының асқынған инфекциялары

- созылмалы бактериялық простатит

- сібір ойықжарасының өкпелік түрі: жанасудан кейінгі алдын алу мен емдеуде

Төменде аталған инфекциялар үшін левофлоксацин таблеткаларын бактерияға қарсы басқа препараттарды қолдану талапқа сай болмаған жағдайларда ғана қолдану керек.

- жедел бактериялық синусит

- өкпенің созылмалы обструктивті ауруының, оның ішінде созылмалы бронхиттің өршуі

- ауруханадан тыс пневмония

- тері мен жұмсақ тіндердің асқынған инфекциялары

- асқынбаған цистит

Таблеткалар түріндегі Леволет препараты левофлоксацинді вена ішіне енгізе отырып, бастапқы ем жүргізгеннен кейін жақсару байқалған пациенттерде емдеу курсын аяқтау үшін де қолданылуы мүмкін.

Бактерияға қарсы агенттерді тиісті қолдану бойынша ресми нұсқауларды орындау қажет.

Қарсы көрсеткіштер

- левофлоксацинге немесе басқа хинолондарға, сондай-ақ қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдығы бар пациенттер

- эпилепсиясы бар пациенттер

- анамнезінде фторхинолондарды қолданумен байланысты сіңір аурулары бар пациенттер

- ауыр сипатта болмайтын және бактерияға қарсы ем жүргізусіз өтуі мүмкін инфекцияларды (мысалы, ауыз-жұтқыншақ инфекциясын) емдеуде

- бактериялық емес инфекцияларды, мысалы, бактериялық емес (созылмалы) простатитті емдеуде

- саяхатшы диареясын немесе төменгі несеп жолдарының қайталамалы инфекцияларын (қуық шегінен тыс таралмайтын инфекциялар) болдырмау үшін

- егер әдетте ұсынылатын бактерияға қарсы басқа дәрілерді пайдалану мүмкін болмаса, орташа бактериялық инфекцияларды емдеу үшін.

- балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер

- жүктілік және лактация кезеңі

Өзара әрекеттесуі

Басқа дәрілік препараттардың Леволет препаратына әсері

Темір, мырыш тұздары,  құрамында магний немесе алюминий бар антацидтік препараттар, диданозин

Левофлоксациннің сіңуі левофлоксацин препаратымен бір мезгілде темір, мырыш тұздарын, құрамында магний немесе алюминий бар антацидті препараттарды немесе диданозинді (құрамында алюминий немесе магний бар буферлік заттары бар диданозин түрлері ғана) таблеткалар түрінде қолданғанда едәуір төмендейді. Құрамында мырыш бар фторхинолондар мен мультивитаминді препараттарды бір мезгілде қолдану олардың сіңуін төмендетеді. Құрамында темір, мырыш тұздары, құрамында магний немесе алюминий бар антацидті препараттар немесе диданозин (құрамында алюминий немесе магний бар буферлік заттар бар вирусқа қарсы препараттарға ғана қатысы бар) сияқты екі немесе үш валентті катиондары бар препараттарды левофлоксацин таблеткаларын қабылдағанға дейін және одан кейін 2 сағат бұрын қабылдамаған жөн. Кальций тұздары пероральді қабылдағаннан кейін левофлоксациннің сіңуіне ең аз әсер ететіндігі көрсетілген.

Сукральфат

Таблеткалар түріндегі левофлоксацин биожетімділігі оны сукральфатпен бір мезгілде қолданған кезде айтарлықтай төмендейді. Егер пациентке сукральфатты да, левофлоксацинді де қабылдау қажет болса, бәрінен дұрысы - сукральфатты таблеткалар түріндегі левофлоксацин препаратын қабылдаудан кейін 2 сағаттан соң қабылдау.

Теофиллин, фенбуфен немесе сол сияқты қабынуға қарсы стероидты емес препараттар 

Клиникалық зерттеу барысында левофлоксацин мен теофиллиннің фармакокинетикалық өзара әрекеттесуі табылған жоқ. Алайда, хинолондар және теофиллинді, қабынуға қарсы стероидты емес препараттар немесе құрысу дайындығының шегін төмендететін басқа дәрілік заттарды бір мезгілде қолданғанда эпилепсиялық дайындық шегінің едәуір төмендеуін байқауға болады.

Левофлоксациннің концентрациясы тек левофлоксацинді қабылдағанға қарағанда, фенбуфеннің қатысуымен шамамен 13%-ға жоғары болды.

Пробенецид және циметидин

Пробенецид және циметидин левофлоксациннің шығарылуына статистикалық мәнді әсерін көрсетті. Левофлоксациннің бүйректік клиренсі циметидин (24%) және пробенецид (34%) препараттарын қолдану кезінде төмендеді. Бұл екі дәрілік препараттың да левофлоксациннің өзекшелік секрециясын бөгеуге қабілетті екенімен түсіндіріледі. Алайда, зерттеу барысында пайдаланылған дозаларда қолданғанда статистикалық мәнді кинетикалық өзгешеліктерінің клиникалық мәнді болу ықтималдығы аз.

Левофлоксацинді пробенецид пен циметидин сияқты өзекшелік секрецияға әсерін көрсететін препараттармен бірге, әсіресе, бүйрек функциясының бұзылулары бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек.

Басқа маңызды ақпарат

Клиникалық фармакология зерттеулері осы препаратты келесі дәрілік заттар: кальций карбонаты, дигоксин, глибенкламид, ранитидинмен бірге қолданудың левофлоксацин фармакокинетикасына ешқандай клиникалық мәнді әсер етпегенін көрсетті.

Леволет препаратының басқа дәрілік заттарға әсері

Циклоспорин

Левофлоксацинмен бірге қолданғанда циклоспориннің жартылай шығарылу кезеңі 33% - ға ұлғайды.

K дәруменінің антагонистері

Левофлоксацин мен К дәрумені антагонисінің (мысалы, варфарин) біріктірілімін қолдана отырып емделген пациенттерде коагуляциялық сынамалар (ПУ/ХҚҚ) көрсеткіштерінің жоғарылауы және/немесе мүмкін ауыр қан кету жағдайлары туралы хабарланды. Осылайша, К дәруменінің антагонистерін қолдана отырып емделіп жатқан пациенттерде коагуляциялық сынамалар нәтижелеріне мониторинг жүргізу қажет.

QT аралығының ұзаруын тудыратын дәрілік заттар

Левофлоксацинді, басқа фторхинолондар сияқты, QT аралығының ұзаруын тудыратын препараттарды (мысалы, IA және III класының аритмияға қарсы препараттары, трициклді антидепрессанттар, макролидтер, нейролептиктер) қабылдайтын пациенттерде сақтықпен қолдану керек.

Басқа маңызды ақпарат

Фармакокинетикалық өзара әрекеттесу зерттеулерінде левофлоксацин теофиллиннің (CYP1A2 маркерлік субстраты) фармакокинетикасына әсер етпеген, бұл левофлоксациннің CYP1A2 тежегіші емес екенін көрсетеді.

Өзара әрекеттесудің басқа түрлері

Ас ішу

Ас ішумен клиникалық мәнді өзара әрекеттесуі болмады. Осылайша, таблеткалар түріндегі левофлоксацин препаратын ас ішуге байланыссыз қабылдауға болады.

Шығарылу түрі

10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салады.

1 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыЛеволет таблеткалары 500 мг №10 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді

Бағалаулар және пікірлер

Тауар рейтингі
4.30/5
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
10 бағалау
1
star
1
2
star
1
3
star
0
4
star
0
5
star
8
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
3 Марта 2024
Комментарий: Хороший препарат, пользуюсь им уже давно!
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
9 Февраля 2024
Комментарий: Очень хороший антибиотик! Уже на 2-3 день чувствую себя лучше! Раньше брала в аптеке, с 2020 года.
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
19 Декабря 2023
Комментарий: Спасибо фармацевтам.
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
15 Августа 2023
Комментарий: Спасибо магазину за качественное обслуживание и отличный сервис.
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
empty star
empty star
14 Июня 2023
Недостатки: От него тошнит и голова кружится. Еле допила его.
empty star
filled star
empty star
empty star
empty star
empty star
29 Октября 2022
Комментарий: Этот препарат мне не подошёл, вызвал головные боли, головокружение, поднялось давление, поэтому рекомендую только когда сделают пробу на аллергию принимать, принимать хотела по совету врачей, но мне не подошёл, все индивидуально.
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
28 Августа 2022
Достоинства: Отличного действия препарат.
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
13 Июня 2022
Комментарий: Упаковка непонятная, но целая.
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
15 Февраля 2022
Достоинства: О самом товаре не буду писать, так как препарат рецептурный и назначается врачом. Скажу только, что это хороший антибиотик, мне помог.
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
27 Октября 2021
Достоинства: Эффективно помогает при ковиде.

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube