Состав
100 г препараттың құрамында
белсенді заттар – ксероформ - 3 г, қайың қарамайы - 3 г
қосымша зат – аэросил, күнбағыс майы немесе майсана майы 89 г
100 г препараттың құрамында
белсенді заттар – ксероформ - 3 г, қайың қарамайы - 3 г
қосымша зат – аэросил, күнбағыс майы немесе майсана майы 89 г
– тері және жұмсақ тіндердің инфекция жұқтырмаған, операциядан кейінгі ұзақ жазылмайтын, жарақаттан кейінгі жараларында.
– әсер етуші заттарға немесе қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық
– тері және жұмсақ тіндердің жедел іріңді ауруларында (іріңдейтін фурункул, карбункул, флегмона, абсцесс, гидраденит, лимфаденит, іріңдеген атерома, липома, парапроктит, плевральді қуыс эмпиемасы)
Қолдану кезіндегі қажет болатын сақтық шаралары
Линименттің көзге түсуіне, оны ішке қабылдауға жол бермеу керек. Көзге кездейсоқ түскен жағдайда оны сумен шаю, дереу дәрігерге қаралу керек.
Линиментті жаққаннан кейін қолды препараттың қалдықтарының көзге, мұрынға, ауызға түсуін болдырмау үшін мұқият жуу қажет.
Бальзамдық линименттің құрамына кіретін қайың қарамайы күн сәулесіне сезімталдықты арттырады, сондықтан препаратпен емдеу кезінде күн астында жүруден аулақ болу керек. Препаратты фенолға және оның туындыларына жоғары сезімталдығы бар адамдарға сақтықпен қолдану керек.
Құрамында майсана майы бар, жергілікті қолдану кезінде тері реакциялары болуы мүмкін. Аллергиялық реакциялар туындағанда препаратты қолдану тоқтатылады да, десенсибилизациялаушы ем жүргізіледі.
Линименттің жағымсыз иісі бар және киімде дақ қалдырады.
Дәрілік препараттармен өзара әрекеттесу түрлері
Анықталмаған
Тағаммен және сусындармен өзара әрекеттесу түрлері
Анықталмаған
Арнайы ескертулер
Педиатрияда қолдану
Қолдану қауіпсіздігі мен тиімділігіне қатысты деректер жоқ.
Жүктілік немесе лактация кезінде қолдану
Жүктілік және лактация кезінде тек дәрігердің тағайындауы бойынша, ана үшін пайда мен ұрық/бала үшін ықтимал қауіп арақатысын ескере отырып, қолдануға жол беріледі.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері
Препарат көлік немесе басқа да қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Дозалау режимі
Линимент зақымданған жерге күніне 2 рет жұқа етіп ысқыламай жағады немесе линимент сіңірілген 5-6 қабатты дәке таңғыш таңылады.
Енгізу әдісі және жолы
Препаратты сыртқа қолданады.
Емдеу ұзақтығы
Емдеу ұзақтығын аурудың сипаты мен ағымына қарай емдеуші дәрігер белгілейді.
Шамадан тыс дозалану жағдайында қабылдауға қажетті шаралар
Анықталмаған
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алу үшін хабарласу бойынша ұсынымдар
Дәрілік препаратты қолдану алдында дәрігерге немесе фармацевтке жүгініңіз.
– терінің тітіркенуі мүмкін (ұзақ қолданғанда)
– бөртпе, қышыну, қызару, терінің аллергиялық реакциялары
Қақпақтармен жиынтықтағы дәрілік заттарды қаптауға арналған полимер банкілерде 25 г және 40 г.
Банкілер медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тіліндегі нұсқаулықтың бірге топтық қаптамаға салынады.
Жарықтан қорғалған жерде, 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
5 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
При выборе доставки, вы можете оплатить ваш заказ на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay или Google Pay. При выборе самовывоза вы можете оплатить заказ в определенных аптеках с помощью Kaspi QR, карты или наличными либо на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay, Google Pay.
Доставка осуществляется в городах Алматы, Астане, Шымкенте, Караганде по тарифам служб доставки Яндекс и Choco, а также в другие города Казахстана по тарифам службы доставки Avis или с помощью сервиса Indrive. Все службы доставки, помимо Choco, доступны круглосуточно. Доставка Choco доступна до 01:20 в Алматы, до 00:50 в Астане, до 23:00 в Шымкенте и Караганде.
В соответствии с законодательством, по общему правилу, лекарственные средства и медицинские изделия не подлежат возврату и обмену. Для уточнения информации, обратитесь в нашу службу поддержки.
Бесплатная консультация фармацевта и возможность выбора ближайшей к Вам аптеки. Простая система проверки наличия в аптеках и удобное сравнение цен. Страница продукта содержит подробные справочные материалы и указания по применению.