daribar logo
Каталог
search-icon
Город
Қаз
Аптекам
Консультация

Корзина

Актау қаласындағы Микромокс Таблеткалары 400 Мг №15 | Micro Labs Ltd

Актау қаласындағы Микромокс Таблеткалары 400 Мг №15 | Micro Labs Ltd

Другие сервисы или самому

disadvantage

Не гарантируют цену и наличие товара

disadvantage

Товар могут раскупить

disadvantage

Нет бонусов от Daribar

disadvantage
Бесплатно

С заказом в Daribar

disadvantage

Проверим наличие и цену за 5-15 минут

disadvantage

Доставка или бронь на 24 часа

disadvantage

Бонусы от Daribar

disadvantage
Описание:

Қызғылт түсті үлбірлі қабықпен қапталған, капсула сияқты пішінді, екі жағы дөңес, бір жағында «MF» таңбасы бар таблеткалар

Международное наименование:

Моксифлоксацин

Производитель:

Micro Labs Ltd

Страна производитель:

Республика Индия

Действующее вещество:

қосымша заттар: лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза (РН 101 Ависел), натрий кроскармеллозасы (Primellose), тазартылған су, магний стеараты, Опадрай қызғылт 02F540000: гипромеллоза, титанның қостотығы (Е171), макрогол (полиэтиленгликоль 4000), темірдің қызыл тотығы (Е172), темірдің сары тотығы (Е172).

Дозировка активного вещества:

400 мг

Лекарственная форма:

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 400 мг

Количество в упаковке:

15 шт.
...loading

Инструкция

Показания к применению

Микромокс-400 18 жастан асқан пациенттерде препаратқа сезімтал микроорганизмдер әсерінен болған келесі бактериялық инфекцияларды емдеуге қолданылады.

Микромокс-400 әдетте осы инфекцияларды бастапқы емдеу үшін ұсынылатын бактерияға қарсы дәрілерді қолдану қолайсыз деп саналған жағдайларда ғана немесе бастапқы емдеу тиімсіз болған кезде пайдалану керек:

• Жедел бактериялық синусит (талапқа сай диагностикаланған);

• Созылмалы бронхиттің өршуі (талапқа сай диагностикаланған);

• Ауруханадан тыс пневмония, ауыр жағдайларды қоспағанда;

• Кіші жамбас ағзаларының жеңіл немесе орташа ауырлық дәрежесіндегі қабынбалы аурулары (әйелдердің жыныс жолдарының жоғарғы бөліктерінің инфекциялары, сальпингитті және эндометритті қоса), астасқан тубоовариальді немесе жамбастық абсцессіз.

Үлбірлі қабықпен қапталған 400 мг Микромокс-400 таблеткаларын кіші жамбас ағзаларының жеңіл немесе орташа ауырлық дәрежесіндегі қабынбалы ауруларының монотерапиясында пайдалану ұсынылмайды, бірақ моксифлоксациннің Neisseria Gonorrhoeae-ге төзімділігінің жоғарылауына байланысты, Neisseria Gonorrhoeae-нің моксифлоксацинге төзімділігі жоққа шығарылуы мүмкін жағдайларды қоспағанда, сәйкес келетін бактерияға қарсы басқа дәрімен (мысалы, цефалоспоринмен) біріктіріп тағайындау керек.

Үлбірлі қабықпен қапталған 400 мг Микромокс-400 таблеткаларын венаішілік моксифлоксацинмен мынадай көрсетілімдер бойынша бастапқы емдеу кезінде жақсаруы байқалған пациенттерде емдеу курсын аяқтау үшін пайдалануға да болады:

• Ауруханадан тыс пневмония;

• Терінің және жұмсақ тіндердің асқынған инфекциялары.

Үлбірлі қабықпен қапталған 400 мг Микромокс-400 таблеткаларын терінің және жұмсақ тіндердің кез келген типтегі инфекциясында немесе ауруханадан тыс ауыр пневмонияда бастапқы ем үшін пайдаланбау керек.

Бактерияға қарсы препараттарды тиісінше қолдану жөніндегі ресми нұсқауларға көңіл бөлу керек.

Противопоказания

- моксифлоксацинге немесе басқа да хинолондарға, фторхинолондарға, сондай-ақ препараттың қосымша компоненттерінің кез келгеніне белгілі аса жоғары сезімталдық

- анамнезінде хинолондарды қолданумен байланысты сіңір аурулары/зақымданулары бар пациенттер

- QT аралығының туа біткен немесе расталған ұзаруы бар пациенттерге

- электролиттік бұзылыстары, мысалы, емделмеген гипокалиемиясы бар пациенттерге

- клиникалық елеулі брадикардиясы бар пациенттерге

- сол жақ қарыншаның лықсыту фракциясының төмендеуімен клиникалық маңызды жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге

- анамнезінде симптоматикалық аритмиясы бар пациенттерге

- галактоза жақпаушылығы, жалпы лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы синдромы сияқты сирек кездесетін тұқым қуалайтын проблемалары бар пациенттерге.

- бауыр функциясының бұзылуы бар (Чайлд-Пью бойынша С классы) және трансаминазалар деңгейі қалыптың жоғары шегінен 5 есе асатын пациенттерге (шектеулі клиникалық деректерге байланысты).

- Микромокс-400 QT аралығын ұзартатын басқа препараттармен бірге тағайындамау керек

- жүктілік және лактация кезеңі

- балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер

Взаимодействие

QT аралығын ұзартуға моксифлоксациннің және QT аралығын ұзартатын басқа дәрілік препараттардың аддитивті әсерін жоққа шығаруға болмайды, бұл қарыншалық аритмиялардың, соның ішінде «пируэт» типті полиморфты қарыншалық тахикардияның даму қаупінің жоғарылауына әкелуі мүмкін.

Осыған байланысты Микромокс-400-ді төменде келтірілген препараттардың кез келгенімен тағайындауға болмайды:

- IA класының аритмияға қарсы препараттары (мысалы, хинидин, гидрохинидин, дизопирамид);

- III класының аритмияға қарсы препараттары (мысалы, амиодарон, соталол, дофетилид, ибутилид);

- психозға қарсы дәрілер (мысалы, фенотиазиндер, пимозид, сертиндол, галоперидол, сультоприд);

- трициклды антидепрессанттар;

- микробқа қарсы кейбір препараттар: саквинавир, спарфлоксацин, вена ішіне енгізілетін эритромицин, пентамидин, безгекке қарсы дәрілер, атап айтқанда галофантрин;

- кейбір микробқа қарсы препараттар (саквинавир, спарфлоксацин, эритромицин в/і енгізілетін, пентамидин, малярияға қарсы дәрілер, атап айтқанда галофантрин)

- кейбір антигистаминдік препараттар (терфенадин, астемизол, мизоластин);

- басқалар (цизаприд, вена ішіне енгізілетін винкамин, бепридил, дифеманил).

Калий деңгейін төмендетуі мүмкін дәрілік заттарды (мысалы, ілмектік және тиазидтік диуретиктер, іш жүргізгіштер және клизма (жоғары дозаларда), кортикостероидтар, амфотерицин В) немесе клиникалық елеулі брадикардиямен астасатын препараттарды қабылдайтын пациенттерге Микромокс-400 сақтықпен қолдану керек.

Құрамында екі валентті немесе үш валентті катиондар бар препараттарды (мысалы, құрамында магний немесе алюминий бар антацидтер, диданозин таблеткалары, сукральфат және темір немесе мырыш бар дәрілер) және моксифлоксацин қабылдау арасында шамамен 6 сағат үзілісті сақтау керек.

Белсендірілген көмір мен моксифлоксацинді 400 мг дозада ішке бір мезгілде қолдану сіңудің айқын тежелуіне және препараттың жүйелі биожетімділігінің 80%-дан астам төмендеуіне әкелді. Сондықтан бұл екі препаратты бірге пайдалану ұсынылмайды.

Моксифлоксацинді ішке және глибенкламидті бір мезгілде қолдану қан плазмасындағы глибенкламидтің жоғары шекті концентрациясының шамамен 21%-ға төмендеуіне әкеледі. Моксифлоксацин мен глибенкламидтің аталған біріктірілімі гипергликемияның жеңіл әрі транзиторлық түрінің дамуына әкелуі мүмкін. Дегенмен, байқалатын фармакокинетикалық өзгерістер фармакодинамикалық параметрлердің (қандағы глюкоза, инсулин) өзгеруіне әкелмейді. Демек, моксифлоксацин мен глибенкламид арасындағы клиникалық тұрғыдан маңызды әрекеттесулер байқалмайды.

ХҚҚ (халықаралық қалыптасқан қатынас) өзгеруі

Бактерияға қарсы дәрілерді, әсіресе фторхинолондар, макролидтер, тетрациклиндер, ко-тримоксазол және кейбір цефалоспориндерді қабылдаған пациенттерде пероральді антикоагулянт белсенділігі ұлғаюының көптеген жағдайлары туралы хабарланды. Қауіп факторларына инфекциялық және қабыну үдерістері, пациенттің жасы және жалпы жағдайы жатуы мүмкін. Осылайша, ХҚҚ өзгеруінің себебі – инфекция ма немесе емдеу ме, анықтау қиын. Сақтық шаралары ретінде ХҚҚ жиі бақылау жүргізу, және қажет болса пероральді антикоагулянттың дозасын түзету қажет.

Моксифлоксацинді келесі препараттармен бір мезгілде қолданғанда өзара әрекеттесулер жоқ: ранитидин, пробеницид, пероральді контрацептивтік дәрілер, құрамында кальций бар қоспалар, парентеральді қолдануға арналған морфин, теофиллин, циклоспорин немесе итраконазол.

Р450 цитохромы ферменттері қатысуымен метаболизмдік өзара әрекеттесу ықтималдығы аз.

Кортикостериодтар

Егде жастағы пациенттер тобында, бүйрек тарапынан бұзылулары бар пациенттерде және ағзалар трансплантациясы жасалған пациенттерде байламдардың зақымдану қаупі жоғары болуына байланысты, фторхинолондарды кортикостероидтармен бір мезгілде қолданудан аулақ болған жөн, өйткені байламдардың зақымдану қаупі артады.

Тамақ өнімдерімен өзара әрекеттесуі

Тамақ ішумен (сүт өнімдерін қоса) моксифлоксациннің клиникалық елеулі өзара әрекеттесуі байқалмады.

Арнайы ескертулер

Педиатрияда қолдану

Микромокс-400 балаларға және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге қолдануға болмайды. Моксифлоксациннің балалар мен жасөспірімдердегі тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған.

Жүктілік және лактация кезінде

Моксифлоксациннің жүктілік кезіндегі қауіпсіздігі бағаланбады. Ұрпақ өрбіту уыттылығына нұсқайтын мәліметтер бар. Ықтимал қауіп белгісіз. Кейбір фторхинолондарды қабылдаған балаларда сипатталған шеміршек тінінің фторхинолондармен зақымданудың және буындардың қайтымды зақымданудың эксперименттік дәлелденген қаупіне байланысты, моксифлоксацинді жүкті әйелдерге қолдануға болмайды.

Бала емізетін әйелдерде моксифлоксацинді қолдану деректері жоқ. Моксифлоксациннің аз мөлшері сүтпен шығарылатындығын көрсететін деректер бар. Лактация кезеңінде әйелдерде қолдану деректерінің болмауына және шеміршек тінінің фторхинолондармен зақымдану эксперименттік дәлелденген қаупінің болуына байланысты моксифлоксацинмен емдеу кезінде бала емізуге болмайды.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Моксифлоксацинді қоса, фторхинолондар ОЖЖ реакциялары (бас айналу, жедел, уақытша көрмей қалу немесе жедел және қысқа мерзімдік естен тану) салдарынан пациенттің машинаны басқару немесе механизмдермен жұмыс істеу қабілетінің нашарлауына әкелуі мүмкін. Пациенттерге көлік құралын басқару немесе күрделі механизмдермен жұмыс істеу алдында Микромокс-400-ге реакциясын ескеру ұсынылады.

Рекомендации по применению

Дозалау режимі

Микромокс-400 таблеткаларының ұсынылатын дозасы күніне бір рет 400 мг құрайды.

Енгізу әдісі және жолы

Ішке қабылдауға арналған. Үлбірлі қабықпен қапталған Микромокс-400 таблеткаларын ас ішуге байланыссыз, тұтас күйде жұтып, жеткілікті сұйықтық мөлшерімен іше отырып қабылдау керек.

Форма выпуска

Поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 5 таблеткадан салынған.

3 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Условия хранения

Жарықтан қорғалған жерде 30°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Срок годности

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Детали покупки

Оплата

При выборе доставки, вы можете оплатить ваш заказ на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay или Google Pay. При выборе самовывоза вы можете оплатить заказ в определенных аптеках с помощью Kaspi QR, карты или наличными либо на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay, Google Pay.

Доставка

Доставка осуществляется в городах Алматы, Астане, Шымкенте, Караганде по тарифам служб доставки Яндекс и Choco, а также в другие города Казахстана по тарифам службы доставки Avis или с помощью сервиса Indrive. Все службы доставки, помимо Choco, доступны круглосуточно. Доставка Choco доступна до 01:20 в Алматы, до 00:50 в Астане, до 23:00 в Шымкенте и Караганде.

Возврат

В соответствии с законодательством, по общему правилу, лекарственные средства и медицинские изделия не подлежат возврату и обмену. Для уточнения информации, обратитесь в нашу службу поддержки.

...loading

Качество и забота о клиентах на Daribar.kz

На нашем сайте доступна покупкаМикромокс таблеткалары 400 мг №15 онлайн в аптеках города . по конкурентоспособным ценам.

Бесплатная консультация фармацевта и возможность выбора ближайшей к Вам аптеки. Простая система проверки наличия в аптеках и удобное сравнение цен. Страница продукта содержит подробные справочные материалы и указания по применению.

Проверено

Провизор

Каражанова Айгерим

Стаж: 6 лет
ОбразованиеКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Метод проверкиПроверено на соответствие официальной информации NDDA
Действителен до: Май 2025
Не является врачебной рекомедацией, служит как справочная информация
...loading

Приложение

Следите за нами

Instagram

TikTok

YouTube