daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Актау қаласындағы Невралон Таблеткалары №20 | Ротафарм Лимитед

Актау қаласындағы Невралон Таблеткалары №20 | Ротафарм Лимитед

Басқа сервистер немесе өзіңіз

disadvantage

Тауардың қолжетімділігі мен бағасын кепілдемейді

disadvantage

Тауар тез таусылып қалуы мүмкін

disadvantage

Daribar бонустары жоқ

disadvantage
Тегін

Daribar-дан тапсырыс бергенде

disadvantage

5–15 минут ішінде тауардың қолжетімділігі мен бағасын тексереміз

disadvantage

Жеткізу немесе 24 сағатқа брондау

disadvantage

Daribar-дың бонустары

disadvantage
Сипаттама:

Дөңгелек пішінді, екі беті дөңес, қызғылт түсті ішекте еритін үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.

Өндіруші:

Ротафарм Лимитед

Өндіруші ел:

Турецкая Республика

Белсенді ингредиент:

- L-дигидроксифенилаланинді (L-ДОФА, леводопа) бір мезгілде қолдану; - Лебер ауруы (көру жүйкесінің тұқым қуалайтын атрофиясы) немесе темекі амблиопиясы (препаратты пайдаланған кезде жоғарыда көрсетілген аурулардың одан әрі өршуі байқалуы мүмкін); - бүйрек жеткіліксіздігі; - бауыр жеткіліксіздігі; - жүктілік және бала емізу кезеңі; - 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер Препаратта дәрумендер бар дозалар ұсынылған тәуліктік дозалардан едәуір асып түседі. Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары Пиридоксин гидрохлоридін (B6 дәрумені) неғұрлым жоғары дозаларда немесе ұсынылғаннан әлдеқайда ұзақ уақыт кезеңі ішінде пайдалануға болмайды. Пиридоксинді жоғары дозаларда (300 мг және одан астам) ұзақ уақыт қолданғанда пациенттерде шеткері сенсорлық нейропатия мен нейропатия синдромдарын қоса, жүйке жүйесі тарапынан жағымсыз реакциялар байқалған. Ересектерде шамамен 30 күн бойы тәулігіне 200 мг дозада пиридоксинді қолдану кезінде дәріге тәуелділік және тоқтату синдромы жағдайлары байқалған. Пациенттерге пиридоксинді пайдалану аясында фотосенсибилизация реакцияларының даму қаупі туралы ескертілуі тиіс, олар бөртпе, күлдіреуік және везикулалар сияқты тері симптомдарының пайда болуымен қатар жүруі мүмкін. Препаратты қабылдаған кезде сақ болу керек және терінің ашық жерлеріне ультракүлгін сәулелер әсер етуін болдырмау керек. Препаратты B12 дәруменінің болжамды тапшылығы бар пациенттерге қолданар алдында диагнозды тиісті түрде растау қажет. Фолий қышқылы тапшылығымен байланысты мегалобласттық анемия жағдайында препаратты қабылдау кезінде гематологиялық өзгерістер ішінара түзетілуі мүмкін, бірақ нақты диагноз қою қиын болады. Сонымен қатар, фолий қышқылын қолдану B12 дәруменінің тапшылығын бүркемелеуі мүмкін. Препаратты қабылдаған кезде бейім адамдарда подагра дамуы мүмкін (В12 дәрумені арқылы нуклеин қышқылдары ыдырауының жоғарылауына байланысты). В12 дәруменімен емдеуге терапиялық жауап уремия, инфекциялық аурулар, темір немесе фолий қышқылының тапшылығы кезінде және сүйек кемігі функциясын тежейтін дәрілік заттарды қолданғанда төмендейді. Анамнезінде тиаминнің әсерімен байланысты кәсіби жанаспалы дерматит байқалатын адамдарда препаратты қолданғанда аурудың қайталануы дамуы мүмкін. Аллергиялық реакциялар туындаған жағдайда препаратты қабылдауды тоқтатып, дәрігермен кеңесу керек. Зертханалық зерттеулердің нәтижелеріне әсері Невралонның құрамында пиридоксин, тиамин және цианокобаламин бар, олардың әрқайсысы әртүрлі зертханалық зерттеулердің нәтижелеріне әсер етуі мүмкін: - тиамин мен пиридоксинді қолданғанда Эрлих реагентін пайдалана отырып несептегі уробилиногенді анықтау кезінде жалған-оң нәтижелер байқалуы мүмкін; - тиамин жоғары дозаларда қолданғанда теофиллин (Schack және Waxler спектрофотометриялық әдісі) және қандағы несеп қышқылы (вольфрам қышқылын пайдалану әдісі) концентрациясының көрсеткіштеріне әсер етуі мүмкін; - цианокобаламинді қолданғаннан кейін пернициозды анемиясы бар пациенттердің шамамен 50%-ында қанда болатын ішкі факторға (Касл факторына) антиденелерді анықтау кезінде жалған-оң нәтижелер байқалуы мүмкін. Қосымша заттар Невралонның құрамында бір таблеткада 1 ммоль-ден аз (23 мг) натрий бар, яғни іс жүзінде «құрамында натрий жоқ». Невралонның бір таблеткасында балаларға арналған дәрілік препараттарда қолдануға тыйым салынған 0.45 мг кармин қышқылы (E 120) және 0.027 мг индигокармин алюминий лагы (E 132) бар.

Қаптамадағы саны:

20 шт.
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Қажеттіліктің артуымен, қабылдаудың азаюымен немесе асқазан-ішек жолында (АІЖ) дәрумендер сіңуінің төмендеуіне негізделген B1, B6 және B12 дәрумендерінің тапшылығымен байланысты неврологиялық аурулар мен жай-күйдің профилактикасы және емдеу.

Невралон ересектерде қолдануға арналған.

Қарсы көрсеткіштер

- белсенді заттарға, кобаламиндерге (мысалы, гидроксокобаламин), кобальт немесе препараттың қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық;

- L-дигидроксифенилаланинді (L-ДОФА, леводопа) бір мезгілде қолдану;

- Лебер ауруы (көру жүйкесінің тұқым қуалайтын атрофиясы) немесе темекі амблиопиясы (препаратты пайдаланған кезде жоғарыда көрсетілген аурулардың одан әрі өршуі байқалуы мүмкін);

- бүйрек жеткіліксіздігі;

- бауыр жеткіліксіздігі;

- жүктілік және бала емізу кезеңі;

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

Препаратта дәрумендер бар дозалар ұсынылған тәуліктік дозалардан едәуір асып түседі.

Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары

Пиридоксин гидрохлоридін (B6 дәрумені) неғұрлым жоғары дозаларда немесе ұсынылғаннан әлдеқайда ұзақ уақыт кезеңі ішінде пайдалануға болмайды. Пиридоксинді жоғары дозаларда (300 мг және одан астам) ұзақ уақыт қолданғанда пациенттерде шеткері сенсорлық нейропатия мен нейропатия синдромдарын қоса, жүйке жүйесі тарапынан жағымсыз реакциялар байқалған.

Ересектерде шамамен 30 күн бойы тәулігіне 200 мг дозада пиридоксинді қолдану кезінде дәріге тәуелділік және тоқтату синдромы жағдайлары байқалған.

Пациенттерге пиридоксинді пайдалану аясында фотосенсибилизация реакцияларының даму қаупі туралы ескертілуі тиіс, олар бөртпе, күлдіреуік және везикулалар сияқты тері симптомдарының пайда болуымен қатар жүруі мүмкін. Препаратты қабылдаған кезде сақ болу керек және терінің ашық жерлеріне ультракүлгін сәулелер әсер етуін болдырмау керек.

Препаратты B12 дәруменінің болжамды тапшылығы бар пациенттерге қолданар алдында диагнозды тиісті түрде растау қажет. Фолий қышқылы тапшылығымен байланысты мегалобласттық анемия жағдайында препаратты қабылдау кезінде гематологиялық өзгерістер ішінара түзетілуі мүмкін, бірақ нақты диагноз қою қиын болады. Сонымен қатар, фолий қышқылын қолдану B12 дәруменінің тапшылығын бүркемелеуі мүмкін.

Препаратты қабылдаған кезде бейім адамдарда подагра дамуы мүмкін (В12 дәрумені арқылы нуклеин қышқылдары ыдырауының жоғарылауына байланысты).

В12 дәруменімен емдеуге терапиялық жауап уремия, инфекциялық аурулар, темір немесе фолий қышқылының тапшылығы кезінде және сүйек кемігі функциясын тежейтін дәрілік заттарды қолданғанда төмендейді.

Анамнезінде тиаминнің әсерімен байланысты кәсіби жанаспалы дерматит байқалатын адамдарда препаратты қолданғанда аурудың қайталануы дамуы мүмкін.

Аллергиялық реакциялар туындаған жағдайда препаратты қабылдауды тоқтатып, дәрігермен кеңесу керек.

Зертханалық зерттеулердің нәтижелеріне әсері

Невралонның құрамында пиридоксин, тиамин және цианокобаламин бар, олардың әрқайсысы әртүрлі зертханалық зерттеулердің нәтижелеріне әсер етуі мүмкін:

- тиамин мен пиридоксинді қолданғанда Эрлих реагентін пайдалана отырып несептегі уробилиногенді анықтау кезінде жалған-оң нәтижелер байқалуы мүмкін;

- тиамин жоғары дозаларда қолданғанда теофиллин (Schack және Waxler спектрофотометриялық әдісі) және қандағы несеп қышқылы (вольфрам қышқылын пайдалану әдісі) концентрациясының көрсеткіштеріне әсер етуі мүмкін;

- цианокобаламинді қолданғаннан кейін пернициозды анемиясы бар пациенттердің шамамен 50%-ында қанда болатын ішкі факторға (Касл факторына) антиденелерді анықтау кезінде жалған-оң нәтижелер байқалуы мүмкін.

Қосымша заттар

Невралонның құрамында бір таблеткада 1 ммоль-ден аз (23 мг) натрий бар, яғни іс жүзінде «құрамында натрий жоқ».

Невралонның бір таблеткасында балаларға арналған дәрілік препараттарда қолдануға тыйым салынған 0.45 мг кармин қышқылы (E 120) және 0.027 мг индигокармин алюминий лагы (E 132) бар.

Өзара әрекеттесуі

Тиамин гидрохлориді (В1 дәрумені)

Тиамин миорелаксанттардың әсерін күшейтуі мүмкін.

5-фторурацилмен бір мезгілде қолданғанда тиаминнің әсері азаяды.

Пиридоксин гидрохлориді (B6 дәрумені)

Леводопаны ДОФА-декарбоксилаза тежегішімен (мысалы, карбидопа) біріктірілімде қолданылатын жағдайларды қоспағанда, пиридоксинмен бір мезгілде қолданған кезде леводопаның паркинсон ауруына қарсы әсері оның метаболизмі жылдамдығының артуы салдарынан азаяды (дәрілік зат тиімділігінің төмендеуі).

Пиридоксинмен бірге қолданғанда қан плазмасындағы фенобарбитал мен фенитоин концентрациясы төмендеуі мүмкін.

Пиридоксин амиодаронның фотосенсибилизациялаушы әсерін күшейтуі мүмкін.

Пиридоксинмен біріктірілген кезде алтретаминнің тиімділігі төмендейді, сондықтан осы біріктірілімді пайдаланудан аулақ болу керек.

Кейбір дәрілік заттар пиридоксинмен өзара әрекеттесуі және оның қандағы концентрациясын, соның ішінде пеницилламин, гидралазин, туберкулезге қарсы препараттар (изониазид, циклосерин, этионамид, пиразинамид), пероральді контрацептивтер, иммуносупрессанттар (мысалы, кортикостероидтар) және алкоголь төмендетуі мүмкін.

Цианокобаламин (B12 дәрумені)

Аскорбин қышқылы бар препараттармен бір мезгілде қолданған кезде АІЖ-да B12 дәруменінің сіңірілуі төмендеуі мүмкін; мұны цианокобаламинді аскорбин қышқылын жоғары дозаларда қолданғаннан кейін бір сағат ішінде ішке қабылдаған жағдайларда ескеру керек.

АІЖ-да B12 дәруменінің сіңірілуі аминогликозидті антибиотиктерді (мысалы, неомицин), колхицинді, H2-гистаминді рецепторлар антагонистерін (мысалы, циметидин, ранитидин), протонды помпа тежегіштерін (мысалы, омепразол), аминосалицил қышқылын (ұзақ қолдану), құрысуға қарсы дәрілерді (фенитоин, фенобарбитал, примидон, пиразинамид), метформинді, құрамында калий бар баяу босап шығатын препараттарды қолданғанда, кобальтпен сәулелендіруде және алкогольді шамадан тыс тұтынғанда төмендеуі мүмкін. Мұндай жағдайларда пациенттерде В12 дәруменіне деген қажеттілік артуы мүмкін.

Хлорамфениколды бір мезгілде қолданған кезде қан ретикулоциттері тарапынан B12 дәруменімен емдеуге жауап кейінге қалдырылуы немесе болмауы мүмкін. Пациенттерде жоғарыда көрсетілген біріктірілімді пайдалану қажет болған кезде қан көрсеткіштеріне мұқият мониторинг жүргізген жөн.

Пероральді контрацептивтермен бірге қолданғанда қан сарысуындағы В12 дәруменінің концентрациясы төмендеуі мүмкін.

Арнайы ескертулер

Жүктілік немесе лактация кезінде

Жануарларды зерттеуде В12 дәрумені репродуктивті уыттылыққа ие болды (эмбрионның өлімі, тератогендік және басқа әсерлердің дамуы).

Жүктілік кезеңінде әйелдерде жоғары дозаларда (тәулігіне 100-200 мг-ден астам) қолданған кезде пиридоксин шарананың дамуына теріс әсер етуі мүмкін (проприоцептивті функцияның бұзылуы).

Жүктілік кезеңінде әйелдерде Невралонды қолдануға болмайды.

В1, B6 және В12 дәрумендері емшек сүтімен шығарылады; емшек еміп жүрген балаларға төнетін қауіпті жоққа шығаруға болмайды.

Пиридоксинді емшек сүтімен емізу кезеңінде әйелдерде қолданғанда сүт бездерінің ауыруы және/немесе ұлғаюы байқалуы мүмкін, сондай-ақ емшек сүтінің түзілу процесі бұзылуы мүмкін.

Емшек сүтімен емізу кезінде әйелдерде Невралон қолдануға болмайды.

Фертильділік

Қазіргі уақытта препараттың адамның репродуктивті функциясына теріс әсерін көрсететін деректер жоқ.

Бала туатын жастағы әйелдерге Невралонды қолданған кезде контрацепцияның сенімді әдістерін пайдалану қажет.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препарат автокөлік жүргізу және механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді немесе болмашы әсер етеді. Дегенмен, кейбір пациенттерде препаратты пайдаланған кезде ұйқышылдық пайда болуы мүмкін, мұндай жағдайларда пациенттер автокөлік жүргізбеуі және механизмдерді басқармауы керек.

Шығарылу түрі

10 таблеткадан ПВХ/ПВДХ үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.

2 немесе 5 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сақтау шарттары

Құрғақ жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыНевралон таблеткалары №20 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube