daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Актау қаласындағы Плавикс Таблеткалары 75 Мг №14 | Хиноин

Актау қаласындағы Плавикс Таблеткалары 75 Мг №14 | Хиноин

Басқа сервистер немесе өзіңіз

disadvantage

Тауардың қолжетімділігі мен бағасын кепілдемейді

disadvantage

Тауар тез таусылып қалуы мүмкін

disadvantage

Daribar бонустары жоқ

disadvantage
Тегін

Daribar-дан тапсырыс бергенде

disadvantage

5–15 минут ішінде тауардың қолжетімділігі мен бағасын тексереміз

disadvantage

Жеткізу немесе 24 сағатқа брондау

disadvantage

Daribar-дың бонустары

disadvantage
Сипаттама:

Дөңгелек пішінді, беті сәл дөңес, бір жағында «75» және екінші жағында «1171» таңбасы бар қызғылт түсті қабықпен қапталған таблеткалар.

Халықаралық атауы:

Клопидогрел

Өндіруші:

Хиноин

Өндіруші ел:

Французская Республика

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар- маннитол, микрокристалды целлюлоза, макрогол 6000, орын басуы төмен гидроксипропилцеллюлоза, гидрогенделген майсана майы, қабықтың құрамы - Опадрай 32 K 14834, II тип** (лактоза моногидраты, гипромеллоза, титанның қостотығы (Е 171), триацетин, темірдің (III) қызыл тотығы (Е172)), карнауб балауызы. Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Дөңгелек пішінді, беті сәл дөңес, бір жағында «75» және екінші жағында «1171» таңбасы бар қызғылт түсті қабықпен қапталған таблеткалар.

Белсенді заттың дозасы:

75 мг

Қаптамадағы саны:

14 шт

Аналогтары

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Атеротромбоз оқиғаларының екінші профилактикасы

- миокард инфарктісінен (бірнеше күннен бастап 35 күннен аз уақытқа дейін), ишемиялық инсульттен (7 күннен бастап 6 айдан аз уақытқа дейін) зардап шегіп жүрген ересек пациенттерге немесе шеткері артериялар ауруы диагностикаланған пациенттерге

- жедел коронарлық синдромнан зардап шегіп жүрген ересек пациенттерге

- ST сегментінің көтерілуінсіз жедел коронарлық синдром (тұрақсыз стенокардия немесе Q тісшесінсіз миокард инфарктісі), оның ішінде тері арқылы коронарлық араласу барысында стент орнатылатын пациенттерге, ацетилсалицил қышқылымен (АСҚ) біріктірілімде;

- ST сегментінің көтерілуімен жедел миокард инфарктісінде тромболитикалық ем көрсетілген дәрі-дәрмекпен емделіп жүрген пациенттерге АСҚ-мен біріктірілімде;

Жүрекшелер фибрилляциясы (жыпылықтағыш аритмия) кезіндегі атеротромбоз және тромбоэмболия оқиғаларының профилактикасы

- тамыр оқиғаларының, ең болмағанда, бір факторы болатын жүрекшелер фибрилляциясы (жыпылықтағыш аритмия) бар және К дәруменінің антагонистерімен (КДА) емдеуге сай келмейтін және қан кету қаупі төмен ересек пациенттерге клопидогрел АСҚ-мен біріктірілімде, инсультті қоса, атеротромбоз және тромбоэмболия оқиғаларын болдырмау үшін қолданылады.

Орташадан жоғары қауіпке дейін транзиторлық ишемиялық шабуылы (ТИШ) немесе кіші ишемиялық инсульті (ИИ) бар пациенттерге ацетилсалицил қышқылымен біріктірілімде

24 сағат ішінде ТИШ немесе ИИ орташадан жоғары қауіпке дейін (ABCD2 ≥4 шкаласы) немесе кіші ИИ (NIHSS ≤3) бар пациенттерге

Қарсы көрсеткіштер

- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- бауыр функциясының ауыр бұзылуы

- пептидтік ойық жарадан қан кету немесе бассүйекішілік қан құйылу сияқты жедел патологиялық қан кету

- балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер

Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары

Қан кету және гематологиялық бұзылулар

Қан кетуді көрсететін клиникалық симптомдар пайда болған кезде емдеу кезінде қан кету және гематологиялық жағымсыз реакциялар қаупіне байланысты дереу қанның жалпы талдауын және/немесе басқа да тиісті талдауларды жүргізу керек.

Сондай-ақ басқа да антитромбоциттік дәрілер сияқты, клопидогрелді жарақаттанумен, хирургиялық немесе басқа патологиялық жай-күйлермен байланысты қан кетудің күшею қаупіне ұшырауы мүмкін пациенттерде, сондай-ақ АСҚ, гепаринмен, IIb/IIIа гликопротеин тежегіштерімен немесе ЦОГ-2 тежегіштерін немесе серотонинді кері қармайтын селективті тежегіштермен (СКҚСТ), қабынуға қарсы стероидты емес дәрілермен (ҚҚСД) немесе пентоксифиллин сияқты қан кету қаупіне қатысы бар басқа дәрілік препараттармен емделіп жүрген пациенттерде сақтықпен қолдану керек. Әсіресе, емдеудің алғашқы апталарында және/немесе жүрекке жасалатын инвазиялық емшаралардан немесе хирургиялық араласудан кейін, жасырын қан кетуді қоса, қан кетудің кез келген белгілерінің бар-жоғы тұрғысынан пациенттерді мұқият бақылап отыру керек. Клопидогрелді пероральді антикоагулянттармен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды, өйткені бұл қан кету қарқынын күшейтуі мүмкін.

Егер пациент элективті хирургиялық араласу алдында тұрса және антитромбоциттік әсер уақытша қажетсіз болса, клопидогрел қабылдауды операциядан 7 күн бұрын тоқтату керек. Кез келген жоспарланған операцияның және кез келген жаңа дәрілік препаратты қабылдау алдында науқастар өзінің клопидогрел қабылдап жүргенін дәрігерлер мен стоматологтарға ескертуі тиіс. Клопидогрел қан кету уақытын ұзартады және қан кету дамуына (әсіресе, асқазан-ішектік және көзішілік) бейімдендіретін патологиялық зақымданулары бар науқастарда абайлап қолданылуы тиіс.

Пациенттерді Плавикс (бір өзін немесе АСҚ-мен біріктірілімде) қабылдау кезінде қан кетуді тоқтату үшін әдеттегіден көп уақыт қажет болуы мүмкін екенінен және егер оларда әдеттен тыс қан кету (орналасуы немесе ұзақтығы бойынша) туындаса, ол жөнінде өз емдеуші дәрігеріне мәлімдеуі керектігінен хабардар еткен дұрыс.

Тромбоздық тромбоцитопениялық пурпура (ТТП)

Плавикс қолданудан кейін өте сирек, ал кейде ұзаққа созылмайтын экспозициядан кейін де тромбоздық тромбоцитопениялық пурпура (ТТП) жағдайлары болды. Ол неврологиялық өзгерістермен, бүйрек дисфункциясымен немесе қызбамен қатар жүретін тромбоцитопениямен және микроангиопатиялық гемолиздік анемиямен сипатталады. ТТП, плазмаферезді қоса, шұғыл емдеуді талап ететін, өлім қаупі зор жай-күй болып табылады.

Жүре пайда болған гемофилия

Клопидогрелді қабылдау жүре пайда болған гемофилияның дамуына әкеледі деп хабарланды. Қан кетумен немесе онсыз ішінара белсендірілген тромбопластин уақытының (ІБТУ) оқшау ұзаруы расталғанда жүре пайда болған гемофилияның даму мүмкіндігін қарастыру керек. Жүре пайда болған гемофилия диагнозы расталған науқастарды емдеуді және олардың жағдайын қадағалауды мамандар атқаруы тиіс; ал клопидогрел қабылдауды тоқтату керек.

Таяуда өткерілген ишемиялық инсульт

Терапияның басталуы

Жедел кіші ИИ немесе орташа қауіптен жоғары қауіпке дейінгі ТИШ бар пациенттерде қосарлы антитромбоциттік емді (клопидогрел және АСҚ) оқиға басталғаннан кейін 24 сағаттан кешіктірмей бастау керек.

Анамнезінде бассүйекішілік (жарақаттамайтын) қан кетумен жедел кіші ИИ немесе орташа қауіптен жоғары қауіпке дейінгі ТИШ бар пациенттерде қысқа мерзімді қосарлы антитромбоциттік терапияның "пайда-қауіп" арақатынасына қатысты деректер жоқ.

Елеулі ИИ бар пациенттерде клопидогрел монотерапиясын оқиғадан кейін алғашқы 7 күннен соң ғана бастау керек.

Елеулі ИИ (NIHSS >4) бар пациенттер
Деректердің болмауына байланысты қосарлы антитромбоциттік терапияны қолдану ұсынылмайды.

Араласу көрсетілген немесе күтілетін пациенттерде таяудағы кіші ИИ немесе даму қаупі орташа немесе жоғары ТИШ

Каротидті эндартерэктомиямен немесе тамырішілік тромбэктомиямен емдеу көрсетілген пациенттерде немесе тромболизис немесе антикоагулянттық терапия күтілетін пациенттерде қосарлы антитромбоциттік терапияны пайдалануды растайтын деректер жоқ. Мұндай жағдайларда қосарлы антитромбоциттік терапия ұсынылмайды.

Р450 2С19 цитохромы (CYP2С19)

Фармакогенетика: CYP2С19 баяу метаболизаторлары болып табылатын пациенттерде клопидогрелдің ұсынылған дозаларында белсенді метаболиттер аз түзіледі, әрі ол тромбоциттер функциясына аз әсер көрсетеді. Науқастарда CYP2С19 генотипін анықтауға арналған тестілер бар.

Клопидогрел CYP2C19 арқасында өз белсенді метаболитіне дейін ішінара метаболизденетіндіктен, осы фермент белсенділігін бәсеңдететін дәрілік препараттарды қолдану, күтілетіндей, клопидогрелдің белсенді метаболиті деңгейлерінің төмендеуіне әкеледі. Қазіргі таңда осы өзара әрекеттесудің клиникалық мәні анықталмады. Алдын ала сақтандыру шарасы ретінде аталған препаратпен бір мезгілде күшті немесе орташа әсер ететін CYP2C19 тежегіштерін пайдалану ұсынылмайды.

CYP2C8 субстраттары: клопидогрелді CYP2C8 субстратымен бір мезгілде қабылдаған кезде сақ болу керек.

Тиенопиридиндер арасындағы айқаспалы реакциялар

Тиенопиридиндер арасындағы айқаспалы реактивтіліктің дамуы жөніндегі хабарламаларға байланысты, пациенттер анамнезінде тиенопиридиндерге (мысалы, клопидогрел, тиклопидин, празугрел) жоғары сезімталдық бар-жоғын тексеру қажет.

Тиенопиридиндер бөртпе, ангионевроздық ісіну немесе тромбоцитопения мен нейтропения тәрізді гематологиялық айқаспалы реакциялар сияқты жеңілден ауыр дәрежеге дейінгі аллергиялық реакциялар дамуына себеп болуы мүмкін. Анамнезінде тиенопиридиндердің біріне аллергиялық реакция және/немесе гематологиялық реакция көрініс берген пациенттерде өзге тиенопиридиндерге осындай немесе басқа реакцияның жоғары даму қаупі болуы мүмкін. Тиенопиридиндерге белгілі аллергиялық реакциясы бар пациенттерде жоғары сезімталдық белгілеріне мониторинг өткізу ұсынылады.

Қосымша заттар

Плавикс® дәрілік препаратының құрамында лактоза бар. Бұл препаратты тұқым қуалайтын галактозаға жақпаушылығы, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдарға қабылдауға болмайды.

Бұл дәрілік препараттың құрамында асқазан бұзылысын мен диарея тудыруы мүмкін гидрогенделген майсана майы бар.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Қан кету қаупін арттыратын дәрілік заттар: ықтималды аддитивтік әсері салдарынан қан кетудің туындау қаупі жоғары болады. Қан кету қаупін арттыратын дәрілік заттармен бір мезгілде қабылдау сақтықпен жүргізілуі тиіс.

Пероральді антикоагулянттар: клопидогрелді пероральді антикоагулянттармен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды, өйткені ондай біріктірілім қан кетуді күшейтуі мүмкін.

Тәулігіне 75 мг клопидогрел қабылдау варфаринмен емді ұзақ уақыт қабылдаған науқастарда S-варфарин фармакокинетикасын немесе халықаралық қалыптасқан қатынасты (ХҚҚ) өзгертпегеніне қарамастан, клопидогрелді варфаринмен бір мезгілде қабылдау, екі препараттың да гемостазға өз бетінше әсер етуіне орай, қан кету қаупін арттырады.

IIb/IIIа гликопротеин тежегіштері: клопидогрелді IIb/IIIа гликопротеин тежегіштерін бір мезгілде алатын науқастарда сақтықпен қолдану керек.

Ацетилсалицил қышқылы (АСҚ): АСҚ клопидогрелден болатын АДФ индукциялаған тромбоциттер агрегациясының бәсеңдеуін өзгертпейді, алайда клопидогрел коллагенмен индукцияланған тромбоциттер агрегациясына АСҚ әсерін күшейтеді. Дегенмен де, тәулік бойына күніне екі рет бір мезгілде 500 мг АСҚ қабылдау клопидогрел қабылдаудан болатын қан кету уақытының елеулі ұзаруын туындатпады. Клопидогрел мен ацетилсалицил қышқылының арасында жоғары қан кету қаупіне апаратын фармакодинамикалық өзара әрекеттесу болуы мүмкін. Демек, осы препараттарды бір мезгілде абайлап қолдану керек. Дегенмен де, клопидогрел мен АСҚ тура бір жылға дейін бірге тағайындалды.

Гепарин: дені сау еріктілердің қатысуымен жүргізілген клиникалық зерттеулерде клопидогрел өзінен кейін гепарин дозасын өзгерту немесе гепариннің коагуляцияға әсерін өзгерту қажеттілігіне әкелмеді. Гепаринді бір мезгілде қолдану клопидогрелден болатын тромбоциттер агрегациясының бәсеңдеуіне ықпал етпеді. Клопидогрел мен гепарин арасында қан кету қаупінің артуына апаратын фармакодинамикалық өзара әрекеттесу болуы мүмкін. Демек, осы препараттарды бір мезгілде қолдану сақтықпен жүзеге асырылуы тиіс.

Тромболитикалық дәрілер: клопидогрелді фибрин-спецификалық және фибрин-спецификалық емес тромболитикалық дәрілермен және гепариндермен бірге қолданудың қауіпсіздігі жедел миокард инфарктісін алған науқастарда зерттелді. Клиникалық мәнді қан кетулердің жиілігі тромболитикалық дәрілер мен гепаринді АСҚ-мен бірге қолданғанда байқалғанға ұқсас болды.

Қабынуға қарсы стероидты емес дәрілер (ҚҚСД): дені сау еріктілердің қатысуымен жүргізілген клиникалық зерттеулерде клопидогрел мен напроксенді бірге қолдану асқазан-ішек жолынан жасырын қан кетуді арттырды. Алайда, басқа ҚҚСД-мен өзара әрекеттесулер бойынша жеткілікті клиникалық зерттеулердің болмауына орай, қазіргі уақытта асқазан-ішектен қан кету қаупінің артуы барлық ҚҚСД үшін тән екені анық емес. Демек, ҚҚСД (оның ішінде ЦОГ-2 тежегіштері) мен клопидогрелді бір мезгілде қолдану сақтануды талап етеді.

СКҚСТ (серотонинді кері қармайтын селективті тежегіштер): СКҚСТ тромбоциттер белсенділенуіне әсер ететіндіктен және қан кету қаупін арттыратындықтан, оларды клопидогрелмен бірге тағайындау сақ болуды талап етеді.

Бір мезгілде жүргізілетін басқа ем

СYР2С19 индукторлары: клопидогрел ішінара CYP2C19 көмегімен өзінің белсенді метаболитіне дейін метаболизденетіндіктен, осы энзим белсенділігін күшейтетін дәрілік заттарды қолдану клопидогрел белсенді метаболитінің дәрілік концентрацияларының жоғарылауына әкеледі деп күтіледі.
Рифампицин CYP2C19-ды күшті индукциялайды, бұл клопидогрел белсенді метаболиті деңгейінің артуына да, тромбоциттер тежелісіне де әкеледі, атап айтқанда, ол қан кету қаупін күшейтуі мүмкін. Алдын ала сақтану шарасы ретінде CYP2C19 күшті индукторларын бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.

CYP2C19 тежегіштері: клопидогрел CYP2C19 арқасында өз белсенді метаболитіне дейін ішінара метаболизденетіндіктен, осы фермент белсенділігін бәсеңдететін дәрілік препараттарды қолдану, күтілетіндей, клопидогрелдің белсенді метаболиті деңгейлерінің төмендеуіне әкеледі. Қазіргі таңда осы өзара әрекеттесудің клиникалық мәні анықталмады. Алдын ала сақтану шарасы ретінде CYP2C19 күшті немесе орташа тежегіштерін бір мезгілде қабылдау ұсынылмайды.

СYР2С19 басатын дәрілік препараттарға омепразол және эзомепразол, флувоксамин, флуоксетин, моклобемид, вориконазол, флуконазол, тиклопидин, карбамазепин және эфавиренз жатады.

Протонды сорғы тежегіштері (ПСТ): клопидогрелмен бір мезгілде немесе екі дәрілік препаратты қабылдау арасындағы 12 сағаттық аралықты сақтай отырып, тәулігіне бір рет 80 мг дозадағы омепразол белсенді метаболиттің экспозициясын 45%-ға (жүктеме доза) және 40%-ға (демеуші доза) төмендетті. Төмендеу тромбоциттер агрегациясы бәсеңдеуінің төмендеуімен 39% (жүктеме доза) және 21% (демеуші доза) мөлшерде байланысты болды. Клопидогрелмен бір мезгілде қабылданған эзомепразол да белсенді метаболиттің экспозициясының төмендеуіне әкеледі деп күтілуде.

Маңызды кардиоваскулярлық оқиғаларда көрініс беретін осы фармакокинетикалық (ФК)/фармакодинамикалық (ФД) өзара әрекеттесулердің клиникалық мәні жөніндегі қарама-қайшы деректер әрі бақыланатын, әрі клиникалық зерттеулерде де ұсынылды. Сақтандыру шарасы ретінде омепразол немесе эзомепразолды клопидогрелмен бір мезгілде қолдануға болмайды. Метаболит экспозициясының аз білінетін төмендеуі пантопразол немесе лансопразол жағдайында байқалды.

Белсенді метаболиттің плазмалық концентрациялары тәулігіне бір рет 80 мг дозадағы пантопразолмен емдеу кезінде 20% (жүктеме доза) және 14% (демеуші доза) төмендеді Бұл тромбоциттер агрегациясының орташа тежелуінің, тиісінше, 15% және 11% төмендеуімен қатар жүрді. Осы нәтижелер клопидогрелді пантопразолмен бірге қолдануға болатынын көрсетеді.

Н2-рецепторларының блокаторлары немесе антацидтер сияқты асқазан қышқылдылығын төмендететін басқа дәрілік заттар клопидогрелдің антитромбоциттік белсенділігін бөгейді деуге дәлелдер жоқ.

Күшейтілген антиретровирустық ем (АРЕ): антиретровирустық ем (АРЕ) алған АИТВ инфекциясын жұқтырған пациенттер тамыр оқиғаларының жоғары қаупіне бейім.

Ритонавирмен немесе кобицистатпен күшейтілген АРЕ алған пациенттерде тромбоциттер тежелісінің едәуір төмендеуі көрсетілді.

Алынған нәтижелердің клиникалық мәні түпкілікті расталмаса да, өздігінен келіп түскен хабарламаларда реканализациядан кейін қайталанған окклюзия жағдайлары байқалған немесе клопидогрелдің жүктеме дозасын қолданғанда тромбоз оқиғаларын бастан өткерген, ритонавирмен күшейтілген АРЕ емін алатын АИТВ инфекциясын жұқтырған пациенттер сипатталды. Клопидогрелді ритонавирмен бір мезгілде қолданғанда тромбоциттерді тежеу көрсеткіштерінің орташа деңгейі төмендеуі мүмкін. Сондықтан клопидогрел күшейтілген АРЕ-мен бір мезгілде тағайындалмау керек.

Басқа дәрілік препараттар: фармакодинамикалық және фармакокинетикалық (ФК) өзара әрекеттесу мүмкіндігін зерттеу мақсатында клопидогрелмен және бір мезгілде тағайындалатын өзге препараттармен басқа клиникалық зерттеулер қатары жүргізілді. Клопидогрел атенололмен немесе нифедипинмен немесе осы заттардың екеуімен де бірге қолданылғанда клиникалық маңызды фармакодинамикалық өзара әрекеттесулер байқалмады. Бір мезгілде фенобарбитал немесе эстроген қолдану клопидогрелдің фармакодинамикалық белсенділігіне елеулі ықпалын тигізбеді. Дигоксин мен теофиллин фармакокинетикасы клопидогрелмен бір мезгілде қолданғанда өзгермеді. Антацидтік дәрілер клопидогрелдің сіңірілу дәрежесін өзгертпеді. CAPRIE зерттеуінің деректеріне сәйкес, CYP2C9 көмегімен метаболизденетін фенитоин мен толбутамидті клопидогрелмен бір мезгілде қауіпсіз қолдануға болады.

Дәрілік заттардың CYP2C8 субстраты: дені сау еріктілерде клопидогрелдің репаглинид әсерін арттыратыны көрсетілген. In vitro зерттеулері, клопидогрел метаболиті – глюкуронидпен CYP2C8 тежелуі арқасында, репаглинид әсерінің артуы орын алатынын көрсетті. Плазмада концентрациясының жоғарылау қаупіне орай, клопидогрел мен алдын ала CYP2C8 метаболизмімен тазартылған дәрілік заттарды (репаглинид, паклитаксел) бір мезгілде қабылдау сақтықпен жүргізілуі тиіс.

Жоғарыда сөз болған препараттардан тыс, клопидогрелдің әдетте атеротромбоз бар пациенттерге тағайындалатын басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуіне зерттеулер жүргізілмеді. Алайда клиникалық сынақтарға қатысқан, клопидогрелмен қатар, ең алуан түрлі препараттар қабылдаған пациенттерге тән клиникалық мәнді қолайсыз өзара әрекеттесулер болмады. Аталған препараттар қатарына диуретиктер, бета-адреноблокаторлар, ангиотензин өзгертуші фермент тежегіштері (АӨФ тежегіштері), кальций антагонистері, холестерин деңгейін төмендетуге арналған препараттар, коронарлық вазодилататорлар,  диабетке қарсы препараттар (оның ішінде инсулин), эпилепсияға қарсы дәрілер, сондай-ақ GPIIb/IIIa-рецепторлар блокаторлары жатады.

Пероральді қолдануға арналған басқа P2Y12 тежегіштерімен болған жағдайдағы сияқты, апиын агонистерін бір мезгілде қабылдау, жорамалды түрде, асқазанның баяу эвакуациясы себебінен клопидогрелдің сіңірілуін баяулатуы және қысқартуы мүмкін. Клиникалық маңыздылығы анықталған жоқ. Морфин немесе басқа апиын агонистерін бір мезгілде қабылдау қажет болатын жедел коронарлық синдром бар пациенттерді емдеу үшін парентеральді енгізуге арналған антитромбоциттік дәрілерді қолдану керек.

Арнайы ескертулер

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерді емдеу тәжірибесі шектеулі. Демек, мұндай пациенттер жағдайында Плавикс® сақтықпен қолданылуы керек.

Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер

Геморрагиялық диатез болуы мүмкін ауырлығы орташа дәрежедегі бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерді емдеу тәжірибесі шектеулі. Демек, мұндай пациенттер жағдайында Плавикс® сақтықпен қолданылуы керек.

Педиатрияда қолдану

Балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде Плавиксті қолданудың қауіпсіздік пен тиімділік анықталмаған.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Жүктілік кезінде клопидогрелдің әсер етуі жөнінде клиникалық деректер болмауына орай, алдын ала сақтану шарасы ретінде жүктілік уақытында клопидогрел қолданбаған дұрыс.

Клопидогрелдің адамның емшек сүтіне өтуі белгісіз. Алдын ала сақтану шарасы ретінде Плавикспен емделу кезінде бала емізуді жалғастыруға болмайды.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Плавикс көлік құралдарын немесе аса қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді немесе мардымсыз әсер етеді.

Өзара әрекеттесуі

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Ересек пациенттер мен егде жастағы пациенттер

Плавикс препаратын бір реттік тәуліктік 75 мг дозада қабылдау керек.

Жедел коронарлық синдромнан зардап шегіп жүрген ересек пациенттерге

- ST сегментінің көтерілуінсіз жедел коронарлық синдром (тұрақсыз стенокардия немесе Q тісшесінсіз миокард инфарктісі): клопидогрелмен емдеуді 300 мг немесе 600 мг бір реттік жүктеме дозасымен бастау керек. 600 мг жүктеме доза тері арқылы коронарлық араласу болжанған кезде 75 жасқа дейінгі пациенттерде қарастырылуы мүмкін. Клопидогрелмен емдеуді тәулігіне бір рет 75 мг дозада жалғастыру керек (ацетилсалицил қышқылымен тәулігіне 75-325 мг дозада). АСҚ өте жоғары дозалары қан кету қаупінің артуымен жүретіндіктен, АСҚ дозасын 100 мг мөлшерінен асырмау ұсынылады. Емдеудің оңтайлы ұзақтығы ресми түрде белгіленбеген. Клиникалық зерттеу деректері препаратты 12 айға дейін қолдануға негіз бола алады, ең жоғары оң әсері 3 ай емделуден соң байқалады.

- ST сегментінің көтерілуімен жедел миокард инфарктісі: клопидогрелді АСҚ және басқа тромболитикалық дәрілермен біріктіріп немесе оларсыз 300 мг жүктеме дозасынан бастап, 75 мг бір реттік тәуліктік дозада қабылдау керек. 75 жастан асқан пациенттерде клопидогрелмен емдеуді жүктеме дозасыз бастаған дұрыс. Біріктірілген емді симптомдар білінгеннен кейін мүмкіндігінше ертерек бастап, кем дегенде, 4 апта бойы жалғастырған жөн. Осы жағдайда клопидогрелдің АСҚ-мен біріктірілімімен 4 аптадан аса емдеудің оң әсері зерттелмеді.

Орташа қауіптен жоғары қауіпке дейінгі ТИШ (ABCD2 ≥4 шкаласы) немесе кіші ИИ (NIHSS ≤3) бар ересек пациенттерге клопидогрелдің 300 мг жүктеме дозасын, содан кейін тәулігіне бір рет 75 мг клопидогрелді және АСҚ (тәулігіне бір рет 75-100 мг) тағайындау керек. Клопидогрелмен және АСҚ емдеуді оқиғадан 24 сағат ішінде бастаған және кейіннен антитромбоциттік монотерапиямен 21 күн бойы жалғастырған жөн.

Жүрекше фибрилляциясы бар пациенттерге клопидогрелді бір реттік тәуліктік 75 мг дозада тағайындау керек. АСҚ қабылдауды (тәулігіне 75-100 мг) клопидогрелмен біріктіріп бастау және жалғастыру керек.

Енгізу жолы және тәсілі

Ішке қабылдауға арналған. Тамақтануға қарамастан қабылдауға болады.

Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажет шаралар

Симптомдары: клопидогрел қабылдаудан кейін артық дозалану қан кету уақытының ұзаруына және кейіннен қан кету асқынуларына әкелуі мүмкін.

Емі: қан кету жағдайында тиісті емдеу қажет болуы мүмкін. Клопидогрелдің фармакологиялық белсенділік антидоты табылмады. Егер қан кету уақытының ұзаруын тез түзету қажет болса, клопидогрел әсерлерін тромбоциттер трансфузиясы тоқтата алады.

Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын жіберіп алған кезде қажетті шаралар

Егер дозаны өткізіп алса:

- дәрі қабылдау әдетте жоспарланған уақыттан кейін 12 сағаттан аз уақыт өтсе: пациенттер дозаны дереу қабылдау керек және осыдан кейін келесі дозаны дәрі қабылдау әдетте жоспарланған уақытта қабылдау керек

- 12 сағаттан көп уақыт өтсе: пациенттер келесі дозаны дәрі қабылдау әдетте жоспарланған уақытта қабылдау керек, бірақ қосарлы дозасын қабылдауға болмайды.

Тоқтату симптомдары қаупінің болуына нұсқау

Дәрігер сізге осыны істеуді айтпағанша емдеуді тоқтатпаңыз. Емдеуді тоқтатпас бұрын емдеуші дәрігеріңізден кеңес алыңыз.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінен кеңес алу үшін жүгіну бойынша ұсынымдар

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінен кеңес алу үшін жүгіну бойынша ұсынымдар

Шығарылу түрі

14 таблеткадан ПВХ/ПВДХ үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.

1 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

30°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

30°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыПлавикс таблеткалары 75 мг №14 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді

Бағалаулар және пікірлер

Тауар рейтингі
4.56/5
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
9 бағалау
1
star
1
2
star
0
3
star
0
4
star
0
5
star
8
empty star
filled star
empty star
empty star
empty star
empty star
27 Марта 2024
Комментарий: Плавикс алмаған дұрыс, тиімсіз. Ко-плавикс жақсырақ, құрамы жақсы және бағасы да қолайлы.
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
7 Сентября 2023
Комментарий: Іске қосу оңай және тиімді. Рақмет.
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
3 Августа 2023
Комментарий: Брала по назначению врача, очень довольна.
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
4 Июня 2023
Достоинства: Очень хорошее лекарство, действительно помогает.
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
25 Октября 2022
Комментарий: Хороший препарат. Только по назначению врача.
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
25 Октября 2022
Достоинства: Качественный, действенный препарат.
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
16 Сентября 2022
Достоинства: Бағасы қолжетімді.
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
29 Июня 2022
Комментарий: Тамаша дәрі.
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
18 Января 2022
Достоинства: Баға бойынша таңдауға ыңғайлы (қай жерде арзан екенін анық көруге болады).

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube