daribar logo
Каталог
search-icon
Город
Қаз
Аптекам
Консультация

Корзина

Актау қаласындағы Сенурикс Дуо Таблеткалары 6 Мг/0,4 Мг №30 | SYNTHON HISPANIA S.L.

Актау қаласындағы Сенурикс Дуо Таблеткалары 6 Мг/0,4 Мг №30 | SYNTHON HISPANIA S.L.

Другие сервисы или самому

disadvantage

Не гарантируют цену и наличие товара

disadvantage

Товар могут раскупить

disadvantage

Нет бонусов от Daribar

disadvantage
Бесплатно

С заказом в Daribar

disadvantage

Проверим наличие и цену за 5-15 минут

disadvantage

Доставка или бронь на 24 часа

disadvantage

Бонусы от Daribar

disadvantage
Описание:

Дөңгелек пішінді екі жақ беті дөңес, бір жағында "T7S" жазуы бар және екінші жағы жазусыз, қызыл түсті үлбірлі қабықпен қапталған (шамамен 9 мм) таблеткалар.

Производитель:

SYNTHON HISPANIA S.L.

Страна производитель:

Испания

Действующее вещество:

Кейбір дәрілік препараттармен бір мезгілде қолдану: Сенурикс Дуоды верапамил, кетоконазол, ритонавир, нелфинавир, итраконазол сияқты препараттармен бір мезгілде сақтықпен қабылдаған жөн. Мұндай жағдайларда Сенурикс Дуодың ең жоғары тәуліктік дозасы (6 мг/0,4 мг) -1 таблетка.

Дозировка активного вещества:

6 мг/0,4 мг

Количество в упаковке:

30 шт

Инструкция

Показания к применению

Дәрілік препарат ересектерде қолдануға арналған:

- монотерапиямен емдеуге тиісті түрде жауап бермейтін еркектерде қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясымен (ҚБҚГ) байланысты толудың орташадан ауыр симптомдарына дейін (несеп шығаруға жедел қысылу, несеп шығару жиілігінің жоғарылауы) және несеп шығару симптомдарын емдеу үшін.

Противопоказания

-әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдығы бар пациенттер

- гемодиализ қабылдайтын пациенттер

- бауырдың ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер

- бүйрек жеткіліксіздігінің ауыр түрі бар пациенттер, олар сондай-ақ күшті P450 (CYP) 3A4 цитохромының күшті тежегішін, мысалы, кетоконазолды қабылдайды

- CYP3A4 күшті тежегішін, мысалы, кетоконазолды қабылдайтын бауыр функциясының бұзылуының орташа түрі бар пациенттер

-асқазан-ішек жолының ауыр аурулары (уытты мегаколонды қоса), миастения гравис немесе тар бұрышты глаукомасы бар пациенттер, сондай-ақ көрсетілген аурулардың даму қаупі бар пациенттер.

- анамнезде ортостатикалық гипотензиясы бар пациенттер.

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

Взаимодействие

Антихолинергиялық қасиеттері бар кез келген дәрілік препараттарды бір мезгілде қабылдау едәуір айқын емдік әсерге және жағымсыз әсерлерге әкелуі мүмкін. Сенурикс Дуо препаратымен емдеуді тоқтатқаннан кейін кез келген антихолинергиялық препаратпен емдеуді бастамас бұрын шамамен бір апта күту қажет. Солифенациннің емдік әсері холинергиялық рецепторлардың агонистерін бір мезгілде қолданғанда төмендеуі мүмкін.

Кетоконазол, ритонавир, нелфинавир және итраконазол сияқты препараттармен бір мезгілде қолдану солифенациннің, тамсулозиннің де әсерінің күшеюіне әкелуі мүмкін болғандықтан, мұндай біріктірілім тағайындалған жағдайда Сенурикс Дуоды сақтықпен қабылдау қажет.

Солифенацин+тамсулозин препаратын верапамилмен бір мезгілде қолданғанда тамсулозиннің әсері күшеюі мүмкін, сондықтан мұндай біріктірілімді қолданғанда сақтық қажет.

Тамсулозинді циметидинмен бір мезгілде қолдану тамсулозиннің әсерінің күшеюін туғызбады, сондықтан осы біріктіруде Сенурикс Дуо бір мезгілде қабылдауға жол беріледі.

Тамсулозинді пароксетинмен бір мезгілде қолдану тамсулозиннің әсерінің күшеюін туғызбады, сондықтан осы біріктіруде Сенурикс Дуо бір мезгілде қабылдауға жол беріледі.

Плазмада солифенацин мен тамсулозин концентрациясын төмендететін (әсерін әлсірететін) басқа препараттармен (мысалы, рифампицин) дәрілік өзара әрекеттесулер болуы мүмкін.

Өзара әрекеттесудің басқа түрлері

Солифенацин

- Солифенацин метоклопрамид және цизаприд сияқты асқазан-ішек жолының моторикасын көтермелейтін дәрілік препараттардың әсерін төмендетуі мүмкін.

-Солифенацинді in-vitro жағдайларында зерттеу көрсеткендей, емдік концентрацияларда солифенацин CYP1A1/2, 2B6, 2C8, 2C9, 2C19, 2D6, 2E1 немесе 3A4 тежемейді. Демек, солифенацин мен осы CYP ферменттерімен метаболизденетін дәрілік препараттар арасында ешқандай өзара әрекеттесу күтілмейді.

- Солифенацинді қабылдау R-варфариннің немесе S-варфариннің әсерін немесе олардың протромбин уақытына әсерін өзгертпеді.

- Солифенацинді қабылдау дигоксиннің әсеріне ықпал еткен жоқ.

Тамсулозин

- Басқа α1-адреноблокаторларды бір мезгілде тағайындау артериялық қысымның айқын төмендеуіне әкелуі мүмкін.

- Зерттеулер диазепам, пропанолол, трихлорметиазид, хлормадинон, амитриптилин, диклофенак, глибенкламид, симвастатин немесе варфарин қолданғанда тамсулозиннің әсеріне ықпалының жоқтығын көрсетті. Тамсулозин диазепам, пропанолол, трихлорметиазид немесе хлормадинон әсеріне ықпал етпейді. Алайда, диклофенак пен варфарин тамсулозиннің шығарылу жылдамдығын арттыруы мүмкін.

- Фуросемидті бір мезгілде қабылдау плазмадағы тамсулозин деңгейінің төмендеуіне әкеледі, бірақ деңгей қалыпты диапазон шегінде қалатындықтан, бір мезгілде қолдануға жол беріледі.

- Тамсулозинді in-vitro жағдайларында зерттеу емдік концентрацияларда тамсулозин CYP1A2, 2C9, 2C19, 2D6, 2Е1 немесе 3A4 тежемейтінін көрсетті. Демек, тамсулозин мен осы CYP ферменттерімен метаболизденетін препараттар арасында ешқандай өзара әрекеттесу күтілмейді.

- Тамсулозинді атенололмен, эналаприлмен немесе теофиллинмен бірге бір мезгілде қолданғанда өзара әрекеттесулер байқалған жоқ.

Специальные указания

Сенурикс Дуо препаратын мынадай бұзылыстары бар пациенттерді емдеуде сақтықпен қолданған жөн:

- бүйрек жеткіліксіздігі

- несеп шығару іркілісінің даму қаупі

- асқазан-ішек жолдарының өткізгіштігінде бұзылуы бар аурулар

- асқазан-ішек жолы моторикасының төмендеу қаупі

- диафрагманың өңеш саңылауының жарығы/гастроэзофагеальді рефлюкс және (немесе) эзофагитті туындатуы немесе өршітуі мүмкін бисфосфонаттар сияқты дәрілік заттарды бір мезгілде қолданғанда

- вегетативтік невропатия.

Пациентті простатаның қатерсіз гиперплазиясы симптомына ұқсас симптомдарды тудыруы мүмкін басқа аурулардың болуын жоққа шығару үшін тексеру керек.

Сенурикс Дуо препаратымен емдеуді бастағанға дейін жиі несеп шығарудың ықтималды басқа да себептерін (жүрек жеткіліксіздігі немесе бүйрек ауруы) анықтау қажет. Несеп шығару жолдарының қабыну аурулары болған кезде тиісті бактерияға қарсы емді бастау керек. QT аралығының ұзару синдромы және қандағы калий деңгейінің төмендеуі сияқты қауіп факторлары бар пациенттерде емдеу кезеңінде QT аралығының ұзаруы және "пируэт"типті қарыншалық тахикардия байқалды.

Солифенацин сукцинаты мен тамсулозин қабылдайтын кейбір пациенттерде тыныс алу жолдарының өткізгіштігінің бұзылуымен ангионевроздық ісінудің дамуы туралы хабарланды. Ангионевроздық ісіну дамыған кезде Сенурикс Дуо қабылдауды тоқтату және оны бұдан былай қабылдамау қажет. Тиісті ем жүргізген жөн және (немесе) тиісті шаралар қабылдау керек.

Тамсулозинмен емдеу кезінде, сондай-ақ басқа α1-адреноблокаторларды қолданғанда жекелеген жағдайларда артериялық қысымның төмендеуі байқалуы мүмкін, ол кейде естен тануға әкеліп соғуы мүмкін. Сенурикс Дуо препаратымен емдеуді бастаған пациенттерге тігінен тұру қалпын (бас айналу, әлсіздік) қабылдаған кезде артериялық қысымның айқын төмендеуінің алғашқы белгілерінде отыру немесе жату және симптомдар жоғалғанша тұрмау қажет екендігі туралы ескерту керек.

Тамсулозин гидрохлоридін қабылдайтын немесе бұрын қабылдаған кейбір пациенттерде катаракта және глаукома бойынша операциялық араласу кезінде босаң нұрлы қабықтың интраоперациялық синдромының дамуы байқалды (тар қарашық синдромының нұсқасы). Операция кезінде немесе операциядан кейінгі кезеңде босаң нұрлы қабықтың интраоперациялық синдромы көздің асқыну қаупін арттыруы мүмкін, сондықтан катаракта немесе глаукоманы хирургиялық емдеуді жоспарлаған пациенттерде Сенурикс Дуо емін бастау ұсынылмайды. Кейбір мәліметтерге сәйкес, катаракта немесе глаукома бойынша операциядан 1-2 апта бұрын Сенурикс Дуо емін тоқтату пайдалы деп саналады, бірақ емді тоқтатудың түпкілікті пайдасы анықталған жоқ. Пациенттерді операцияға дейінгі тексеру кезінде хирург және офтальмолог дәрігер босаң нұрлы қабықтың интраоперациялық синдромына операция жасау кезінде ықтималды дамуды бақылаудың қажетті шараларын қамтамасыз ету үшін катаракта немесе глаукома бойынша операция жоспарланған пациенттің Сенурикс Дуо қабылдап жүргенін немесе қабылдағанын ескеруі керек.

Ықтималды дәрілік өзара әрекеттесулерге байланысты Сенурикс Дуо кетоконазол немесе пароксетин сияқты препараттармен бірге қолданылмауы керек.

Сенурикс Дуо препараты натрийсіз болып табылады, өйткені 1 таблетканың құрамында 1 ммоль-ден (23 мг) аз натрий бар.

Педиатрияда қолдану

Сенурикс Дуо препараты балалар мен жасөспірімдерді емдеу үшін қолданылмайды.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Жүктілік

Солифенацинді немесе тамсулозинді клиникаға дейінгі зерттеу нәтижелері жүктіліктің даму мүмкіндігіне және репродуктивтік функцияға әсерін көрсетпейді.

Тамсулозинмен қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді клиникалық зерттеулерде эякуляцияның бұзылуы байқалды. Тіркеуден кейінгі кезеңде эякуляцияның бұзылуы, ретроградтық эякуляция және эякуляцияның бұзылуы туралы хабарланды. Сенурикс Дуо әйелдерде қолдануға арналмаған.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Сенурикс Дуодың көлік құралдарын басқару немесе механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсеріне зерттеу жүргізілген жоқ, бірақ пациенттерге бас айналу, анық көрмеу, шаршау және сирек жағдайларда ұйқышылдықтың ықтималды дамуы туралы хабарлау керек, бұл көлік құралын басқару қабілетіне немесе механизмдерді пайдалану кезінде теріс әсер етуі мүмкін.

Рекомендации по применению

Дозалау режимі

Ересек ерлер, соның ішінде қарттар

Сенурикс Дуо бір таблеткасы (6 мг/0,4 мг) тамақ ішуге қарамастан, күніне бір рет пероральді қабылданады. Ең жоғары тәуліктік доза- Сенурикс Дуо бір таблеткасы (6 мг/0,4 мг).

Енгізу әдісі мен жолы

Ішке қабылдау үшін. Таблетканы тістемей, шайнамай және ұсақтамай тұтастай жұту керек.

Емдеу ұзақтығы

Емдеу ұзақтығын емдеуші дәрігер анықтайды.

Артық дозаланған жағдайда қабылдануы тиіс шаралар

Симптомдары: солифенацин мен тамсулозинді біріктіріп қабылдаған кезде артық дозалану ауыр антихолинергиялық әсерлерге және қан қысымының айқын төмендеуіне әкелуі мүмкін. Клиникалық зерттеу кезінде кездейсоқ қабылданған ең жоғары доза 126 мг солифенацин сукцинаты және 5,6 мг тамсулозин гидрохлориді болды. Пациент бұл дозаны жақсы көтере алды, 16 күн бойы ауыздың аздап құрғауы байқалды.

Емі: солифенацинмен және тамсулозинмен артық дозаланған жағдайда пациентке белсендірілген көмірмен ем тағайындау керек. Асқазанды шаю, егер артық дозаланғаннан кейін 1 сағат ішінде жасалса, көмектеседі, бірақ құстыру қажет емес.

Басқа антихолинергиялық дәрілерге келетін болсақ, солифенацин компонентінен туындаған артық дозалану симптомдарын келесідей жоюға болады:

- Елестеулер немесе айқын қозу сияқты күрделі орталық антихолинергиялық әсерлерді: физостигмин немесе карбахолмен емдеу.

- Құрысулар немесе айқын қозу: бензодиазепиндермен емдеу.

- Тыныс алу жеткіліксіздігі: өкпені жасанды желдету.

- Тахикардия: қажет болған жағдайда симптоматикалық емдеу. Бета-блокаторларды сақтықпен қолдану керек, өйткені тамсулозинмен бір мезгілде артық дозалану қан қысымын төмендетудің ауыр түрін тудыруы мүмкін.

- Несеп шығарудың іркілуі: катетерлеумен емдеу.

Басқа антимускариндік дәрілер жағдайындағыдай, артық дозалану жағдайында QT аралығын ұзаруының белгілі қаупі бар пациенттерге (мысалы, гипокалиемия, брадикардиясы бар) және QT аралығын ұзартатын дәрілік препараттарды бір мезгілде қабылдайтын пациенттерге, сондай-ақ жүрек аурулары бар пациенттерге (мысалы, миокард ишемиясы, аритмия, іркілісті жүрек жеткіліксіздігі) ерекше назар аудару керек.

Тамсулозинге байланысты артық дозаланғаннан кейін дамуы мүмкін қан қысымының күрт төмендеуімен симптоматикалық ем тағайындалады. Тамсулозинді плазма ақуыздарымен жоғары дәрежеде байланысуына байланысты гемодиализдің пайдасының ықтималдығы аз.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне кеңес алуға жүгіну бойынша ұсынымдар

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінен кеңес алу ұсынылады

Форма выпуска

10 таблеткадан ОРА-Al-PVC алюминий фольгасынан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

3 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған

Срок годности

2 жыл

This document was truncated here because it was created in the Evaluation Mode.

Детали покупки

Оплата

При выборе доставки, вы можете оплатить ваш заказ на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay или Google Pay. При выборе самовывоза вы можете оплатить заказ в определенных аптеках с помощью Kaspi QR, карты или наличными либо на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay, Google Pay.

Доставка

Доставка осуществляется в городах Алматы, Астане, Шымкенте, Караганде по тарифам служб доставки Яндекс и Choco, а также в другие города Казахстана по тарифам службы доставки Avis или с помощью сервиса Indrive. Все службы доставки, помимо Choco, доступны круглосуточно. Доставка Choco доступна до 01:20 в Алматы, до 00:50 в Астане, до 23:00 в Шымкенте и Караганде.

Возврат

В соответствии с законодательством, по общему правилу, лекарственные средства и медицинские изделия не подлежат возврату и обмену. Для уточнения информации, обратитесь в нашу службу поддержки.

...loading

Качество и забота о клиентах на Daribar.kz

На нашем сайте доступна покупкаСенурикс Дуо таблеткалары 6 мг/0,4 мг №30 онлайн в аптеках города . по конкурентоспособным ценам.

Бесплатная консультация фармацевта и возможность выбора ближайшей к Вам аптеки. Простая система проверки наличия в аптеках и удобное сравнение цен. Страница продукта содержит подробные справочные материалы и указания по применению.

Проверено

Провизор

Каражанова Айгерим

Стаж: 6 лет
ОбразованиеКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Метод проверкиПроверено на соответствие официальной информации NDDA
Действителен до: Май 2025
Не является врачебной рекомедацией, служит как справочная информация

Приложение

Следите за нами

Instagram

TikTok

YouTube