Показания к применению
Секрецияның бұзылуымен және қақырық шығуының қиындауымен сипатталатын жедел және созылмалы бронх-өкпе ауруларының секретолитикалық терапиясы
Секрецияның бұзылуымен және қақырық шығуының қиындауымен сипатталатын жедел және созылмалы бронх-өкпе ауруларының секретолитикалық терапиясы
әсер етуші затқа немесе препараттың қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
6 жасқа дейінгі балалар
Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары
Амброксол гидрохлоридін қолданғанда көп формалы эритема, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермальді некролиз және жедел жайылған экзантематозды пустулез (ЖЖЭП) сияқты ауыр дерматологиялық реакциялар дамуының кейбір жағдайлары туралы хабарланды. Сондықтан, өршімелі бөртпелердің симптомдары немесе белгілері (кейде күлдіреуік түзілуімен немесе шырыштың зақымдалуымен) пайда болған кезде препаратты дереу тоқтатып, медициналық көмекке жүгінуіңіз керек.
Бронхомоторлы функциялары бұзылған және шырыш секрециясы жоғары пациенттерге (мысалы, бастапқы цилиарлы дискинезияның сирек синдромы кезінде) секрет жинақталу қаупіне байланысты Солфран® таблеткаларын сақтықпен қолдану керек.
Бүйрек жеткіліксіздігі немесе бауырдың ауыр аурулары бар пациенттерге Солфран® дәрігердің кеңесінен кейін ғана қолдануға болады. Солфран® бауырда метаболизденетін және бүйрекпен шығарылатын кез келген белсенді зат сияқты ауыр бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде бауырда метаболиттердің жиналуын туындатуы мүмкін.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Солфран® жөтелге қарсы препараттармен бірге қолданғанда жөтелді басу нәтижесінде шырыштың қауіпті жиналуы туындауы мүмкін, сондықтан препараттарды бір мезгілде қолдану пайда-қауіп арақатынасын мұқият бағалағаннан кейін ғана жүргізілуі тиіс.
Арнайы ескертулер
Лактоза
1 таблетканың құрамында 78 мг лактоза бар, ол ең жоғары ұсынылған тәуліктік дозада 312 мг лактозаны құрайды. Сондықтан, бұл препаратты сирек кездесетін тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферментінің тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар пациенттерге қабылдауға болмайды.
Педиатрияда қолдану
Солфран® препаратын 6 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Жүктілік
Жүктілік кезінде дәрілік препараттарды қолдану кезінде стандартты сақтық шараларын сақтау керек. Атап айтқанда, Солфран® препаратын жүктіліктің I триместрі кезеңінде қолдану ұсынылмайды.
Лактация
Амброксол гидрохлориді емшек сүтімен шығарылады, сондықтан емшек емізу кезеңінде препаратты қабылдау ұсынылмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Деректер жоқ.

Дозалау режимі
6 жастан 12 жасқа дейінгі балалар: ½ таблеткадан күніне 2-3 рет (күніне 2-3 рет 15 мг амброксол гидрохлоридіне баламалы)
Ересектер мен 12 жастан асқан жасөспірімдер: алғашқы 2-3 күн ішінде тәулігіне 3 рет 1 таблетка (30 мг) (күніне 3 рет 30 мг амброксол гидрохлоридіне баламалы), содан кейін күніне 2 рет 1 таблеткадан (күніне 2 рет 30 мг амброксол гидрохлоридіне баламалы).
Қажет болғанда ересектер мен 12 жастан асқан жасөспірімдерде доза күніне 2 рет 2 таблеткаға (60 мг) дейін (күніне 120 мг амброксолға баламалы) ұлғайтылуы мүмкін.
Енгізу жолы және тәсілі
Таблетканы толығымен сұйықтықтың жеткілікті мөлшерімен жұту керек. Солфран® тамақтануға қарамастан қабылдауға болады.
Емдеу ұзақтығы
Солфранды® қолдану ұзақтығы шектелмейді. Алайда, дәрігердің кеңесінсіз препаратты 4-5 күннен артық қолдануға болмайды.
Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажет шаралар
Артық дозаланудың ерекше симптомдары тіркелген жоқ. Кездейсоқ артық дозаланғанда немесе препараттардың араласуында байқалатын симптомдар ұсынылған дозаны қолданғанда туындауы мүмкін жағымсыз әсерлермен сәйкес келеді және симптоматикалық емдеуді талап етуі мүмкін.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша ұсынымдар
Егер Сізде осы препаратты қолдану туралы қосымша сұрақтар туындаса, дәрігермен кеңесіңіз.
10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.
2 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан немесе қораптық картоннан жасалған қорапқа салынған.
Сақтау мерзімі
5 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Түпнұсқа қаптамада, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

При выборе доставки, вы можете оплатить ваш заказ на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay или Google Pay. При выборе самовывоза вы можете оплатить заказ в определенных аптеках с помощью Kaspi QR, карты или наличными либо на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay, Google Pay.
Доставка осуществляется в городах Алматы, Астане, Шымкенте, Караганде по тарифам служб доставки Яндекс и Choco, а также в другие города Казахстана по тарифам службы доставки Avis или с помощью сервиса Indrive. Все службы доставки, помимо Choco, доступны круглосуточно. Доставка Choco доступна до 01:20 в Алматы, до 00:50 в Астане, до 23:00 в Шымкенте и Караганде.
В соответствии с законодательством, по общему правилу, лекарственные средства и медицинские изделия не подлежат возврату и обмену. Для уточнения информации, обратитесь в нашу службу поддержки.
Бесплатная консультация фармацевта и возможность выбора ближайшей к Вам аптеки. Простая система проверки наличия в аптеках и удобное сравнение цен. Страница продукта содержит подробные справочные материалы и указания по применению.