daribar logo
Каталог
search-icon
Город
Қаз
Аптекам
Консультация

Корзина

Актау қаласындағы Тенорик Таблеткалары 50/12.5 Мг №28 | Ipca Laboratories Limited

Актау қаласындағы Тенорик Таблеткалары 50/12.5 Мг №28 | Ipca Laboratories Limited

Другие сервисы или самому

disadvantage

Не гарантируют цену и наличие товара

disadvantage

Товар могут раскупить

disadvantage

Нет бонусов от Daribar

disadvantage
Бесплатно

С заказом в Daribar

disadvantage

Проверим наличие и цену за 5-15 минут

disadvantage

Доставка или бронь на 24 часа

disadvantage

Бонусы от Daribar

disadvantage
Описание:

Дөңгелек пішінді, екі беті дөңес, ақ немесе ақ дерлік түсті үлбірлі қабықпен қапталған, бір жағында сызығы бар таблеткалар.

Производитель:

Ipca Laboratories Limited

Страна производитель:

Республика Индия

Действующее вещество:

қосымша заттар: жүгері крахмалы, лактоза, поливинилпирролидон, натрий лаурилсульфаты, тазартылған тальк, кремнийдің коллоидты қостотығы, магний стеараты қабығының құрамы: гидроксипропилметилцеллюлоза, тазартылған тальк, титанның қостотығы (Е171), ақ сұйық парафин, макрогол-400, карнауб балауызы. Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Дөңгелек пішінді, екі беті дөңес, ақ немесе ақ дерлік түсті үлбірлі қабықпен қапталған, бір жағында сызығы бар таблеткалар.

Дозировка активного вещества:

50/12.5 мг

Количество в упаковке:

28 шт
...loading

Инструкция

Показания к применению

Дәрілік препарат ересектерде қолдануға арналған.

- артериялық гипертензияда

Противопоказания

- әсер етуші заттарына немесе қосымша заттарының кез-келгеніне аса жоғары сезімталдық

- айқын брадикардия

- кардиогендік шок, артериялық гипотензия

- шеткері қан айналымының айқын бұзылулары

- жүректің жедел жеткіліксіздігі

- жүректің созылмалы жеткіліксіздігі

- вазоспастикалық стенокардия (Принцметал стенокардиясы)

- II және III дәрежелі AV-блокада, синустық түйін әлсіздігі синдромы

- метаболизмдік ацидоз

- емделмеген феохромоцитома

- бронх демікпесі, обструкциялық бронхит

- қант диабеті

- гипогликемия

- подагра

- миастения

- жедел гепатит

- бүйректің жедел жеткіліксіздігі

- жүктілік және бала емізу кезеңі

- балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер

- тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдар

Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары

Тенорик препаратының құрамына кіретін бета-блокаторға (атенололға) байланысты:

- I дәрежелі атриовентрикулярлық блокадасы бар науқастарға сақтықпен тағайындау қажет

- тиреотоксикоз және гипогликемия құбылысын бүркемелеуі мүмкін

- емдеу аясында клиникалық белгілерімен жүретін брадикардия (жүрек ырғағы минутына 50 соғуға дейін сирейтін) дамыған жағдайда, дозасын азайту немесе препаратты тоқтату керек

- жүректің ишемиялық ауруынан зардап шегіп жүрген науқастарда Тенорик препаратын күрт тоқтатуға болмайды

- шылымқорларда препараттың емдік әсері төмендеуі мүмкін

- егер Атенололды қабылдап жүрген науқастарда наркозбен хирургиялық араласым жүргізу қажет болса, ерекше көңіл бөлу қажет. Препаратты қабылдауды хирургиялық араласымға дейін 48 сағат бұрын тоқтату керек. Анестетик ретінде барынша ең төмен теріс инотропты әсері бар препаратты таңдау керек.

- аллергендерге сезімталдықты арттыруы және ауыр анафилаксиялық реакцияларды туғызуы мүмкін, соған байланысты, десенсибилизациялау емі жүргізіліп жатқан пациенттер препаратты аса сақтықпен қабылдауы тиіс. Ондай пациенттерде адреналиннің аллергиялық реакцияларды емдеу үшін қолданылатын әдеттегі дозаларына реакция болмауы мүмкін

- бронх обструкциясы синдромы бар науқастарға сақтықпен тағайындау керек, Тенорикті қабылдаудың салдарынан бронх өткізгіштігі нашарлаған жағдайда, бета-адреномиметиктермен (мысалы, сальбутамол) ем тағайындайды

- атенололды қолданғанда, көз жасы сұйықтығының бөлінуі азаюы мүмкін, мұның жанаспалы линзаларды пайдаланатын пациенттер үшін маңызы бар.

Тенорик препаратының құрамына кіретін хлорталидонға байланысты:

- гипокалиемия туындауы мүмкін. Калий деңгейін, әсіресе егде жастағы науқастарда, жүрек жеткіліксіздігін емдеу үшін жүрек гликозидтерін қабылдап жүрген науқастарда, теңгерімсіз (калий мөлшері төмен) диетадағы пациенттерде немесе асқазан-ішек жолы бұзылыстарына шағымданған пациенттерде үнемі бақылау жүргізіп отырған дұрыс. Жүрек гликозидтерін қабылдап жүрген науқастарда гипокалиемия жүрек аритмиясына әкеп соқтыруы мүмкін.

- бүйректің айқын жеткіліксіздігі бар науқастарға қатысты сақтық таныту керек;

- глюкозаға толеранттылықтың бұзылуы туындауы мүмкін. Егер хлорталидон қант диабетіне бейімділігі бары белгілі науқастарда қолданылса, сақтық таныту керек

- гиперурикемия туындауы мүмкін. Әдетте қан сарысуындағы несеп қышқылы мөлшерінің аздап жоғарылауы орын алады, алайда, кей жағдайларда несеп қышқылының шығарылуына ықпал ететін дәрілерді қолдану қажет болуы мүмкін.

Взаимодействие

Тенорик препаратын дигидропиридин туындыларымен (нифедипин) бір мезгілде қолдану артериялық гипотензияның дамуы қаупін арттыруы мүмкін, жүректің жасырын жеткіліксіздігі бар пациенттерде қанайналым бұзылуларының белгілері пайда болуы мүмкін.

Бета-адреноблокаторлармен біріктірілген жүрек гликозидтері АV- өткізгіштік уақытын ұзартуы мүмкін.

Бета-адреноблокаторлар клонидинді тоқтатқаннан кейін туындайтын рикошеттік гипертензияны өршітуі мүмкін. Егер дәрілік заттардың екеуі де тағайындалса, бета-адреноблокаторды клонидин қабылдау тоқтатылғанға дейін бірнеше күн бұрын тоқтату керек. Клонидинді бета-адреноблокатормен алмастыру қажет болса, соңғысын клонидинмен емдеуді тоқтатқаннан кейін бірнеше күн өткен соң тағайындау керек.

Бета-адреноблокаторды аритмияға қарсы І класты дәрілермен (дизопирамидпен) бірге сақтықпен тағайындау қажет, өйткені кардиодепрессивтік әсері жинақталуы мүмкін.

Симпатомиметикалық дәрілерді, мысалы, эпинефринді (адреналин), норепинефринді (норадреналин) қатарлас қолдану, бета-адреноблокаторлардың әсерін бейтараптандыруы және АҚ едәуір жоғарылауына алып келуі мүмкін.

Салицилаттар және ҚҚСД (ибупрофен, индометацин), эстрогендер бета- адреноблокаторлардың гипотензиялық әсерін төмендетуі, ал салицилаттарды жоғары дозада қолданғанда салицилаттардың ОЖЖ-ға уытты әсері күшеюі мүмкін.

Құрамында литий бар препараттарды диуретиктермен бірге қолданбаған дұрыс, өйткені олар литийдің бүйректік клиренсін төмендетуі мүмкін.

Бета-адреноблокаторларды жалпы анестезияға арналған дәрілермен бірге қолдану артериялық гипотензияның даму қаупінің жоғарылауына және екі препараттың теріс инотропты әсерінің бірігуіне алып келуі мүмкін (ең төменгі теріс инотропты әсері бар анестетикті пайдаланған жөн). Кураре тәрізді миорелаксанттардың әсері де күшеюі мүмкін.

Тенорик препаратын MAO тежегіштерімен бірге қолданған кезде АҚ жоғарылауы мүмкін (мұндай біріктіріліміне жол бермеу керек).

Тенорик препаратын АӨФ тежегіштерімен (каптоприл, эналаприл) бір мезгілде қолданғанда, емнің басында гипертензияға қарсы әсері күрт күшеюі мүмкін.

Тенорик препаратын глюкокортикостероидтармен, В амфотерицинмен, фуросемидпен бірге қолданғанда, калийдің шығарылуы күшеюі мүмкін.

Тенорикпен бірге қолданғанда инсулин мен пероральді гипогликемиялық дәрілердің әсері азаюы мүмкін (қандағы глюкоза деңгейін бақылау керек).

Трициклдық антидепрессанттар, барбитураттар, фенотиазиндер, диуретиктер, вазодилататорлар және гипертензияға қарсы басқа да дәрілер Тенориктің гипертензияға қарсы әсерін күшейтуі мүмкін.

Бета-адреноблокаторларды теріс инотропты әсер беретін, мысалы верапамил, дилтиазем сияқты кальций өзекшелерінің блокаторларымен қолдану, әсіресе миокардтың жиырылу қабілеті төмендеген және/немесе синотриальді немесе АV өткізгіштігі бұзылған пациенттерде, аталған әсерінің күшеюіне алып келуі мүмкін, бұл ауыр артериялық гипотензияға, айқын брадикардияға және жүрек жеткіліксіздігіне себеп болуы мүмкін (бета-адреноблокатор тоқтатылғаннан кейінгі 48 сағат ішінде кальций өзекшелерінің блокаторын в/і ішіне қолданбаған дұрыс).

Тенорикті резерпинмен, клонидинмен, гуанфацинмен бір мезгілде тағайындағанда, айқын брадикардия туындауы мүмкін.

Арнайы ескертулер

Лактоза

Препараттың құрамында лактоза бар, тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдарға қолдануға болмайды.

Педиатрияда қолданылуы

Балаларда қолдану ұсынылмайды. Балалардағы қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Дәрілік затты жүктілік немесе бала емізу кезінде қолданбау керек.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Тенорик препаратын қолдану, әдетте, автокөлік жүргізу және механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді. Дегенмен, көлік құралын басқару мүмкіндігі туралы мәселені препараттың жекелей жағымдылығын бағалағаннан кейін шешу керек.

Рекомендации по применению

Дозалау режимі

Дозалау режимі атенололға есептеліп берілген.

Тенорик препаратының ересектерге арналған орташа дозасы - 100 мг; бастапқы дозасы тәулігіне бір рет 50 мг құрайды.

Әдетте, препаратты 100 мг атенололға сәйкес келетін дозада қолдану жақсы клиникалық нәтиже береді. Дозасының ары қарай арттырылуы АҚ одан әрі төмендеуіне алып келмейді, немесе оны болар-болмас төмендетеді. Қажет болған жағдайда, гипертензияға қарсы қосымша дәріні тағайындауға болады.

Бүйрек функциясының бұзылулары жағдайында препаратты қабылдау жиілігін азайту керек. Тенорикті ұзақ уақыт қабылдағаннан кейін, препаратты тоқтатуды біртіндеп жүргізу керек.

Балалар

Тенорик препаратын балаларда қолдану ұсынылмайды. Балалардағы қауіпсіздігі пен тиімділігі анықталмаған.

Егде жастағы пациенттер

Егде жастағы адамдарға препаратты төменірек дозаларда тағайындау керек.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер

Бүйрек функциясының бұзылулары жағдайында препаратты қабылдау жиілігін азайту керек.

Енгізу әдісі және жолы

Ішке қолданылады.

Емделу ұзақтығы

Тенорикті ұзақ уақыт қабылдағаннан кейін препаратты тоқтатуды біртіндеп жүргізу керек.

Артық дозаланған жағдайда қолданылуы қажет шаралар

Симптомдары: ауыр брадикардия, артериялық гипотензия, жүректің жедел жеткіліксіздігі, бронх түйілуі, құрысулар, ұйқышылдық.

Емі: симптоматикасына қарай асқазанды шаю, белсендірілген көмір мен іш жүргізетін дәрілерді қолдану, артериялық гипотензия мен шок кезінде - плазма немесе плазма алмастырғыштарды енгізу, бронх түйілуі кезінде - бронходилататорларды қолдану, елеулі диурез кезінде - сұйықтық пен электролиттерді енгізу. Гемодиализ немесе гемоперфузия жүргізуге болады.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіруі үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну ұсынылады

ДП стандартты қолдану кезінде көрініс табатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдануы керек шаралар

Жиі

- брадикардия

- аяқ-қолдың мұздауы

- асқазан-ішек бұзылыстары (хлорталидонмен байланысты жүрек айнуын қоса)

- шаршау

- гиперурикемия, гипонатриемия (хлорталидонды қабылдаумен байланысты), гипокалиемия, глюкозаға толеранттылықтың бұзылуы

Жиі емес

- ұйқы бұзылулары

- трансаминазалар деңгейінің жоғарылауы

Сирек

- пурпура, тромбоцитопения, лейкопения (хлорталидонмен байланысты)

- көңіл-күйдің өзгеруі, түнгі шым-шытырықтар, бағдарсыздық, психоздар және елестеулер

- бас айналуы, бас ауыруы, парестезия

- көздің құрғауы, көру қабілетінің бұзылулары

- жүрек жеткіліксіздігінің күшеюі, жүрек блокадасының преципитациясы

- ортостатикалық гипотензия (естен танумен қатар жүруі мүмкін), Рейно ауруы бар сезімтал пациенттерде, егер бұрыннан бар болса, мезгіл-мезгіл ақсаңдауы арта түсуі мүмкін

- бронх түйілуі (бронх демікпесі бар немесе анамнезінде бронх түйілуі болғаны көрсетілген пациенттерде)

- ауыздың құрғауы

- бауырішілік холестазбен жүретін гепатоуыттылық, панкреатит (хлорталидонмен байланысты)

- алопеция, псориаз тәрізді реакциялар, псориаздың өршуі, тері бөртпесі

- потенция төмендеуі

Өте сирек

- ANA (антиядролық антиденелердің) көбейгені байқалған, алайда мұның клиникалық маңыздылығы айқын емес

Белгісіз (қолда бар деректердің негізінде бағалау мүмкін емес)

- іш қатуы

- ангионевроздық ісіну мен есекжемді қоса, аса жоғары сезімталдық реакциялары

- жүйелі қызыл жегі синдромы

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған жағдайда медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе тікелей, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық мәліметтер базасына хабарласу керек:

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды сараптау Ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

Форма выпуска

Поливинилиденхлорид үлбір мен алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 14 таблеткадан салынады.

Пішінді ұяшықты 2 қаптама медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Условия хранения

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25ºС -ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Срок годности

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25ºС -ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Детали покупки

Оплата

При выборе доставки, вы можете оплатить ваш заказ на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay или Google Pay. При выборе самовывоза вы можете оплатить заказ в определенных аптеках с помощью Kaspi QR, карты или наличными либо на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay, Google Pay.

Доставка

Доставка осуществляется в городах Алматы, Астане, Шымкенте, Караганде по тарифам служб доставки Яндекс и Choco, а также в другие города Казахстана по тарифам службы доставки Avis или с помощью сервиса Indrive. Все службы доставки, помимо Choco, доступны круглосуточно. Доставка Choco доступна до 01:20 в Алматы, до 00:50 в Астане, до 23:00 в Шымкенте и Караганде.

Возврат

В соответствии с законодательством, по общему правилу, лекарственные средства и медицинские изделия не подлежат возврату и обмену. Для уточнения информации, обратитесь в нашу службу поддержки.

...loading

Качество и забота о клиентах на Daribar.kz

На нашем сайте доступна покупкатенорик таблеткалары 50/12.5 мг №28 онлайн в аптеках города . по конкурентоспособным ценам.

Бесплатная консультация фармацевта и возможность выбора ближайшей к Вам аптеки. Простая система проверки наличия в аптеках и удобное сравнение цен. Страница продукта содержит подробные справочные материалы и указания по применению.

Проверено

Провизор

Каражанова Айгерим

Стаж: 6 лет
ОбразованиеКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Метод проверкиПроверено на соответствие официальной информации NDDA
Действителен до: Май 2025
Не является врачебной рекомедацией, служит как справочная информация

Приложение

Следите за нами

Instagram

TikTok

YouTube